Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қажетті мемлекеттік шарттармен қамтамасыздандыру
Елде отандық шағын және орта кәсіпкерлік үшiн кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік үшiн ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды. Шағын кәсіпкерлік үлгі экономикалық даму үшін негізгі фактор және экономикалық өсудің шегі болып табылады. Бұл шағын өндірістік кәсіпкерлікті былайша түсіндіреді: - бәсекелі ортаны қалыптастыру; - нарықтарды отандық тауарлар және қызмет көрсетулермен толық қамтамасыз етуге қабілеттенеді; - салық салынатын базаны кеңейтудің нәтижесінде бюджетті толықтыруға ықпал етеді; - тұрақты қоғамның негізі ретінде орта класты қалыптастырудың көзі болып табылады; - жұмыспен қамтылу және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге бейімделеді. Жоғарыда аталған шағын өндірістік кәсіпкерліктің ерекшеліктеріне сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті тиімді және икемді әдістерін табуы қажет. Белсенді мемлекеттік қолдау ауылдық кәсіпкерліктің тұрақты дамуына ынталандырады. Қазақстанда соңғы кездері шағын кәсіпкерлікті дамыту мынадай негізгі себептер бойынша көкейтесті қажеттіліктерден тұрады: - біріншіден, қала және ауылдық баламасыз алмасуы және еңбекке ақының төмен болуынан ауыл тұрғындары жеке шаруашылықтарды дамытуға белсенді араласты. Елді жеке қосалқы және шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің жартысын өндіреді. Бірақта жеке сектор өзінің өнімдерін өткізуде қажетті тәжірибелерді білмейді. Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлердің техникалық қызмет көрсетуде күрделі техника және құрал-жабдықтарды пайдалана алмауы және өндірістің қазіргі жетілген технологияларын енгізуде қажеттіліктері артты. Өнімді өткізу және бұл қызметтерді көрсету шағын кәсіпкерлік құрылымдарының ауыл шаруашылық кооперативтері, акционерлік қоғам және серіктестіктер түріндегі қызметтерінің жүйесі болуы мүмкін; - екіншіден, ауылда ауыл шаруашылық өнімдердің қысқаруынан жұмыссыздар саны артуда. Жұмыссыздықтың саны бюджеттік мекемелерден қысқарғандармен және ауылды жерлерге қоныстанған алыс шетелден келген оралмандармен артып отыр. Ауылда жұмыссыздықты азайтудың басты себебі – шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады; - үшіншіден, жеке кәсіпкерліктің ең негізгі бағытының бірі, ауылдық қолөнерді ояту болып табылады, ал мемлекет дамытуды өз қолына алуы қажет. Қолөнерді дамыту әлеуметтік-экономикалық кедейліктің орнын толтыруға, экономиканы қайта құруға негізделеді. Қолөнер экономикалық дағдарыс кезінде экономикалық өсудің бастамасы бола алады және қоғамда орта кластың алғашқы капиталдарын жинақтауға қабілеттенеді. Неміс экономистері дәлелдегендей, қолөнершілік Германияның соғыстан кейінгі дағдарыстан шығуының бірден-бір себебі болып табылады. Қолөнер класын қалыптастыру халықтың салт-дәстүрін жаңғыртуы мүмкін, жаңа жұмыс орындары ашылады, адамдардың басым бөлігі нарықты экономиканың шарттарына бейімделе түседі; - төртіншіден, ауылда тұрмыстық қызмет көрсетудің қалыс қалуы, ауылда тұтыну кооперативтерінің дүкендері жабылды, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету салалары өздерінің қызметтерін тоқтатты. Бұл да шағын кәсіпкерлік қызметтерінің аса маңызды жүйесі. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың күрделі жүйелерін талдаудың негізінде біз мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың кәсіпкерлікті қолдау жүйесіндегі өзара байланыстарын байқаймыз. Бұл жүйеде мемлекет рөлінің үйлестіруші, бақылаушы, делдал және кепілдік ретінде басымдау екенін көруге болады. Әлемдік тәжірибеде көрсетілгендей, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бір жағынан басқарушы және екінші бір жағынан қамтамасыз етуші процесімен анықталады. Басқарушы процесі шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін енгізеді, тұрақтылықтың, тиімділіктің және реттеушіліктің арнасын құқықты ортаны қалыптастыруда, әкімшілік-ұйымдастырушылық тәсілдері және бақылауды шешуді қамтиды. Қамтамасыз ету процесі шағын бизнес субъектісіне материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстардың, сонымен қатар мемлекеттік тапсырыстарды жеткізілуінен тұрады. Кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға қатысты мемлекеттің саясаты, біздің ойымызша мынадай болуы қажет, шағын кәсіпкерлікті әкімшілік басқарудың тиімді мемлекеттік жүйесін құру, ол кәсіпкерлер үшін тиімді, қолайлы шарттарды құрауы қажет. Басқарудың тиімді жетістіктеріне жету мақсатында шағын кәсіпкерлікті басқарудың көп деңгейлі жүйесін құру көзделеді және ол барлық негізгі республикалық, аймақтық (облыстық), жергілікті (аудандық) деңгейлерді қамтуы қажет. Бұл жалпы мемлекеттік деңгейде өте үлкен ұйымдық күшейтуді қажет етеді және келесі негізгі бағыттар бойынша топталады: - қаржы-несиелік және инвестициялық саясат; - шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру; - кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау; - нормативті құқықтық базаны жетілдіру; - қоғамда кәсіпкерлік ахуалды құру. Кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік қызметтердің алғашқы бағыттары – қаржы-несиелік және инвестициялық саясат. Бұл бағыт бастапқы сипаттама болып саналады. Мемлекеттік кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдауы біршама шығыстар жұмсауын талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүкіндігі шектеулі екендігі белгілі. Осы кезеңде ресурстарды пайдаланудың қайтарымды механизміне өту қажетті және маңызды болады. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта кәсіпкерлік бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.
Date: 2016-01-20; view: 1462; Нарушение авторских прав |