Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оғамдық-экономикалық жүйелердің модельдері





Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе – бұл қоғамның белгіленген тұтастықты, қоғамның экономикалық құрылымын бейнелеуші өзара байланысты экономикалық элементтер жиынтығы; өндіріс туралы жинақталатын қатынас бірлігі, бөлу, айырбастау мен тұтыну, экономикалық игілік. Экономикалық жүйе — бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Қазіргі әлемдік экономикада нарықтық экономиканың 7 моде- лін ерекше бөліп қарастырады.

1. Американдық немесе либералды модель. Оның ерекшелік- тері: - мемлекеттік меншіктің үлесі аз; - экономикадағы мемлекеттің реттеуші рөлі төмен; - ірі бизнестің жан-жақты дамуы; - бай мен кедей адамдардың өмір сүру деңгейіндегі үлкен алшақтық; - жалақы мөлшеріндегі үлкен алшақтық; - кедей халық топтарының өмір сүру жағдайларының орташа болуы.

2. Жапондық модель. Жапондық модельдін ерекшеліктері: - ұлттық экономиканың негізгі даму бағыттарына мемлекеттік араласудың деңгейі жоғары; - экономиканы тұрақтандыру мен тиімділігін жоғарылату үшін 30 жылға арналған стратегиялық жоспар, қорғаныс күштерін дамы- ту және күшейту үшін 5 жылдық жоспар қолданылады; 12 - ортақ мүдделерге сай бірігу, басқару мен шешім қабылдауға жұмысшыларды қатыстыру механизмдері іске қосылған; - фирмаларда өмір бойы жұмысқа қабылдау кеңінен тараған; - жалақы деңгейіндегі айырмашылық шамалы; - модель әлеуметтік бағдарланған. Мемлекет әлеуметтік теңсіз- дікпен күрес жүргізеді, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің, еңбекке жарамсыз азаматтардың әлеуметтік құқықтарының қорғалуын қадағалайды; - жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті кор- порациялар мен бірлестіктерге де жүктелген.

3. Неміс моделі. Ол өзінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны бойынша жапон моделіне жақын. Неміс моделінін ерекшеліктері: - мемлекеттің экономикаға әсері үлкен, әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде оның орны ерекше. Германиядағы әлеуметтік міндеттемелердің елеулі бөлігін мемлекет өз мойнына алады: тегін медицина, білім беру және т.б.; - XX ғасырдың 70 жылдары Германия ең алғашқылардың бірі болып, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді таргеттеу (жос- парлау) қағидасын енгізді. Әлеуметтік әріптестік қағидасы жүзеге асырылды. Осы бойынша кәсіпорын жұмысшылары мен меншік иесі тең құқықты әріптес болып табылады.

4. Швед моделі. Швед моделін социализмнің екінші үлгісі деп те атайды. Швед елі өмір сүру деңгейі мен азаматтардың құқық- тарын қамтамасыз етудің жоғары денгейімен ерекшеленеді. Мем- лекет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен табыс- тарды қайта бөлуде белсенді қызмет етеді. Бұл модельдің ерекшеліктері: - әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика; - мүлік теңсіздігі өте төмен; - халықтың қорғансыз топтарына көмек жоғары.

5. Француз моделі. Модель американдық және неміс экономи- касының ерекшеліктерін қамтиды. Мұнда, мемлекеттің реттеуші рөлі жоғары. Францияда 1947 жылдан бастап 5 жылдық индика- тивті жоспарлау жүзеге аса бастады. Мемлекеттік жоспарлаудың ерекше үлгісі ретінде франциялық жүйе нәтижелі болып табылады. Модельдің өзіне тән ерекшелігі: - халық шаруашылығында мемлекеттік кәсіпкерліктің үлесі ауқымды; 13 - капиталдың қорлану үдерісіне мемлекеттің кеңінен араласуы.


6.Оңтүстік Кореялық модель. Оңтүстік Корея өз экономика- сын дамыту үдерісінде осы модельді колдану арқылы қысқа мерзім ішінде экономикасы нашар елден индустриалды дамыған елге айналды. Модельдің ерекшелігі - мұнда мемлекеттің экономиканы реттеудегі рөлі басым. Ол келесі тетіктер арқылы жүзеге асыры- лады: - экономикалық дамуды жоспарлау. Бес жылдық жоспарларды қабылдау, ірі нвестициялық жобаларды қолдау, оларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру; - ұзақ уақыт бойы қаржы-несиелік сферада мемлекеттің моно- полиялық үстемдігі. 80 жылдардан кейін ғана жеке банктік- несиелік институттар пайда болды. Мұндай саясат қаржы-валюта ресурстарын бір орталыққа шоғырландырып, оларды басым сала- ларға тиімді жұмсауға мүмкіндік берді; - отандық өндірушілерді қолдау мақсатында экспорттық опера- цияларды ынталандыру, импортты шектеу. Бағаны тұрақтандыру қорлары құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

7.Қытай моделі. Қытай экономикасын реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. Шаруашылық жүргізу жүйесін өзгерту үшін шаруа қожалықтары отбасы деңгейінде құрылды. Жер 15-30 жылға жалға берілді. Шаруа қожалықтары өндірген өнімнің бір бөлігі салыққа, екінші бөлігі жергілікті билік органдарының қорына берілді, қалғаны мемлекетке жоғары бағамен немесе нарықта сатылды.







Date: 2016-01-20; view: 1696; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию