Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шағын және орта бизнес түсінігі





Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы мәні, ролі Шағын бизнес – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономикада “кәсіпкерлік” түсінігі ХҮІІІ ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипатталады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ол меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады. Отызыншы жылдардың өзінде американдық ғалымдар А.Берли мен Г.Минз, меншікке бақылау орнату мүмкіндігінің бірнеше түрлерін ұсынды: 1.Толық меншік арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бір адамның немесе азын аулақ топтың қолында болғанда жүргізілетін бақылау. Мұндай компанияда меншік пен басқару бір адамның қол астына шоғырланады. 2. Көпшілік акция арқылы бақылау. Мұндай жағдайда шығарылған акцияларға меншік үлесі 51% болады, алайда ірі компанияларда бұл сирек кездесетін жағдай. 3. Бірлесіп бағыну тетігі арқылы бақылау. Көпшілік акцияларға бір корпорация иелік ету пирамида көрінісін алады да, өз кезегінде басқа компаниялар акциясының бақылау пакетіне ие болу, соңғысына да бақылау жасау мүмкін болады, мұндай жайлар бірнеше рет қайталануы ықтимал. 4. Акцияның өз бөлігіне бақылау. Бақылаудың бұл түрін жеке адам немесе азын – аулақ топ корпорацияда өктемдік жүргізетін жеткілікті акция процентіне иелік етеді. 5. Басқару тарапынан бақылау. Ол жеке бір адамның меншігі көзге ілінгісіз жағдайда орын алады. Мұндай жағдайда менеджмент меншіктегі үлесі аз болса да қысым көрсете алатын күшке айналады. А.Берли мен М.Минз өз қорытындыларында мынаған сүйенеді. Бақылаусыз байлыққа меншік, меншік иелігінсіз байлыққа бақылау жасаумен пара – пар, корпоративті дамудың логикалық нәтижесі болып табылады. Сонымен, меншік пен кәсіпкерлік арасында қатты бағыныштылық болмағанымен кәсіпкерлікті дамытудың шарттары туралы сұрақ туындайды. Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек. Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жай тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұнын өзі экономиканың қажетті рыноктың құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан – жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік – экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім –кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, капиталсыз, ең басты реттеуші – құн заңынсыз, қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды. Төртінші шарты жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көп түрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі. Қазіргі әлемде дәрежесі мен сипаты бойынша әр қилы өндіргіш күштердің, таңғажайып қабысуын байқауға болады. Қоғамдық, жалпы мемлекеттік мақсатқа пайдаланатын өндіргіш күштер бар, сонымен қатар ұжымдық, топтық және жеке дара мақсатта қолданатын өндіргіш күштер де бар. Осыған сәйкес меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формалары даму алады. Осының негізінде аралас типтегі рыноктық экономиканы құрайтын көп субъектілі нақты экономикалық қатынастар орын алды. Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі ғана емес.


 







Date: 2016-01-20; view: 2089; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию