Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет Мемлекет қоғамдық өмірді ұйымдастыру нысаны ретінде





Мемлекет қоғамдық өмірді ұйымдастыру нысаны ретінде

1. Мемлекет биліктік қызметтің пайда болуы мен қалыптасу нәтижесі ретіндегі қоғам өмірінің саяси ұйымдастырылу нысаны болып табылады. Мемлекеттің негізгі белгілері, бұл:

1) Жиынтығында күштеудің ерекше аппаратына ие болушы мекемелер мен органдардың ерекше жүйесінің болуы;

2) Мемлекеттік механизм қызметінің тәртібі мен құрылымын анықтаушы мемлекет белгілейтін мінез-құлықтың міндетті ережесінің болуы;

3) Мемлекеттік билік жүзеге асырылатын белгіленген аумақтың болуы.

Мемлекет жоғары билікке ие және де ол мыналармен анықталады:

- биліктің әмбебаптығы;

- биліктің өкілеттілігі;

- заң, құқық, егемендік монополиясымен.

Мемлекет – бұл қоғамдық даму нәтижесі, қоғамның саяси және әлеуметтік ұйымдастырылуының бір уақытта қалыптасуы; ол қоғамның құрылуымен бірге тайпа көсемінің билік нысанымен бірге пайда болған. Қоғамның бұлайша құрылу үдерісі ортақ мүдделермен біріктірілген адамдар жиынтығының туындауын қамтыды; қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы мен дамуы; жеке меншіктің пайда болуы; қоғам мүшелерінің дифференциациясы мен сыныптардың құрылуы; басқару және бақылау органдарымен бірге саясат және биліктің пайда болуы.

Мемлекет эволюциясының бірнеше негізгі кезеңін атап көрсетуге болады:

1. Мемлекеттің қалыптасуының ерте кезеңі, бұл кезде мемлекет екі негізгі қызмет – еркін адамдар қауымдастығында жалпы істерді жүзеге асыру және қаналған адамдарға қысым жасау қызметтерін атқарды.

2. Күшті деспоттық монархиялық билігі мен билік ету және иемдену қатынастарының басымдығына ие орта ғасырлардағы және жаңа уақыт басындағы (16ғ.) мемлекет.

3. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дайындау кезеңі, мұнда халық саяси үдерістердің қатысушысы бола отырып, мемлекеттік билікпен келісімдік қатынасқа түсті.

4. Мемлекеттің эволюциясының заманауи кезеңі, ол федеративтік және конфедеративтік үдерістердің кеңеюімен айқындалады.

Мемлекеттің өз типологиясы бар, олардың түрлерін сыныптауға болады. Сыныптау негізіне түрлі белгілер алынады:

Билік етуші күштердің сыныптық табиғаты (құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекет);

Билік ету нысаны (монархиялық, республикалық мемлекет, президенттік немесе парламенттік республика);

Саяси ұйымдастырылу құрылымы (унитарлық мемлекет, федеративтік, конфедеративтік мемлекет);

Саяси режим (демократиялық, авторитарлық, диктаторлық, либералдық мемлекет).

Мемлекеттің жалпы тарихы белгілері мыналар:

Қандай да бір сыныптық негізде билік етуші күштердің міндетті түрде қалыптасуы;

Саяси жүйенің, орталық және өңірлік билік құрылымдарының болуы;

Сыртқы саяси қызметтерді жүзеге асыру;

Ел алдындағы бірқатар міндеттемелердің болуы, атап айтқанда ішкі бейбітшілік пен тәртіпті қолдау, билік жүзеге асырылатын аумақты қорғау, сыныптық, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды реттеу; бірқатар монопольды құқықтардың болуы.

Қоғамның экономикалық және рухани өмірінің күрделенуімен бірге, саясаттың нысаны мен бағыттарының өсуімен байланысты мемлекеттің қоғамдық рөлі кез келген режимдегі және билік ету типіндегі елдерде тұрақты түрде дамиды.

Сонымен бірге, 20 ғ. басында жекелеген елдің емес, адамзаттың жалпы істерін шешуге тиіс мемлекеттердің интерұлттану идеясы пайда болды.

Дүниежүзілік соғыстар, деканонизация, халықаралық еңбек бөлінісі мен оның кооперациясының белсенуі, ғаламдық мәселелердің пайда болуы әлемді жалпы басқару қажеттілігін дәлелдеді. Алайда ол басқаруды ұйымдастыратын әлемдік билік әзірге жоқ. Бұл қызметті жекелеген түрде мемлекеттер одағы жүзеге асыруда, мысалы Еуроодақ.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 1083; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию