Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурак Жекешелендіру жеке сектордың даму факторы ретінде
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады. Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылушылық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі. Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіпорындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады. Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді. Реформаны өткізудің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді: 1. жаппай жекешелендіру; 2. шағын жекешелендіру; 3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру. Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған. Екінші кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда. Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар: - жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді; - ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы); - мемлекеттік - меншік пен оның халқының меншігін үкімет басқарады. Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады
Жекешелендірудің мақсаты: - өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру; - мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату. Халықаралық практика көрсеткендей жекешелендірудің ек варианты бар: - «қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу. - «жұмсақ» вариантты жекешелендірудің ақырындап жүргізу.
Date: 2016-01-20; view: 1291; Нарушение авторских прав |