Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физиология кафедрасы. № 11 сабаққа таратылатын материал





№ 11 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Жүрек әрекетінің реттелуі. Гемодинамикалық өлшемдері. Микроциркуляция.

 

№ 1-жұмыс. ЖҮРЕК РЕФЛЕКСТЕРІ.

Жұмыс мақсаты: Кейбір рецепторлық аймақтардың қозуы симпатикалық және кезеген жүйке орталықтары арқылы жүректің қызметіне әсер етеді. Бұл әсер баяу және әлсіз немесе шапшаң және күшті жүрек жиырылуымен көрінеді.

Данини-Ашнердің көз –жүректік рефлексі.

Әдістеме: Жұмыс адамға жүргізіледі. Отырған күйде 1 минут ішінде қан тамыр соғысы арқылы жүрек жиырылу санын санаймыз. Содан кейін қан тамыр соғысын көз алмасына саусақпен басу арқылы 15-20 секунд аралығында санаймыз, содан соң тез саусағымызды түсіреміз. Қан тамыр соғысының тәжірибеден 5 минуттан кейін санаймыз. Жүрек жиырылу жиілігінің өзгерістер сипаттамасын тіркеу. Тәжірибені электрокардиограммада тіркеу арқылы анықтауға болады.

Синокаротидті аймақтың барорецепторлық рефлексі.

Әдістеме: Жұмыс адамға жүргізіледі.Зерттелуші шалқасынан жатып толығымен денесін бос ұстайды.Мойынның көкірек-бұғаналық - сосцевидтәрізді бұлшық етінің алдыңғы жағына жалпы ұйқы артериясынан қан тамыр соғысын табамыз. Қалқаншалық шеміршектің жоғарғы шекарасына қарай бұталанған ұйқы артериясы мен каротидті синус орналасады. 2 секундта артерияны омыртқаға тығыз қысамыз.Ұйқы артериясын қысқанға дейін және қысқаннан кейін тамыр соғысының жиілігін санаймыз. Бір уақытты ұйқы артериясының екеуін де қысуға болмайды.Бұл тәжірибені электрокардиограмма арқылы тіркеуге болады.

Геринг- Брейер рефлексі.

Әдістеме: Афференттік талшықтар өкпенің механорецепторларынан жүректің жұмысын реттейтін орталық- сопақша миға барады...Баруы кезеген жүйкеде жабырқаңқылықты туғызады және жүректің қызметін тездетеді. Шығуы- кезеген жүйкенің тітіркенуін тудырып жүректің қызметін бәсеңдетеді.

ЭКГ-ні екінші тіркелімде немесе қалыпты жағдайдағы тыныстың тамыр соғыс жиілігін санайды. Содан кейін терең тыныс алып, тынысты өзінде ұстап, ЭКГ- да тіркейді. Дем шығарудың максималды биіктігінде ЭКГ-да тіркеуді қайталайды. Интервалдар ұзақтылығын (P-T; Q-T; T-P; R-R) немесе қан тамыр соғысының жиілігін бағалайды.

Әрбір рефлекстің орындалуына байланысты жұмыс нәтижесі мен қорытындысын жазу.

№ 2-жұмыс. Артериалық пульсты сипап-сезу мен оның сипаттамасы.

Жұмыстың барысы: Тамырларды сипап-сезу-тамыр соғуының зерттеу тәсілдерінің негізгісі болып табылады. Тамырдың соғуын білезік артериясында зерттейді, өйткені бұл артерия беткейде және ішкі білезік бұлшықетінің сіңірі мен білезік сүйегінің біз тәрізді өсіндінің арасында жақсы сезіледі. Тамырдың соғуын сипап-сезгенде зерттеуші оң қол саусақтарымен білезік буын аймағында I-саусақ сырт жағында, қалған саусақтары алдыңғы бетіндей етіп орналастыру қажет. Артерияны сезініп,оны астындағы орналасқан сүйекке қысу керек.

Саусақтар астындағы тамыр соғуының толқыны кеңей-ген артерия ретінде сезіледі. Білезік артериясындағы тамыр соғысы бірдей емес болуы мүмкін, сондықтан да зерттеу алдында 2 қолдың да білезік артериясындағы тамыр соғысын біруақытта сипап-сезген жөн. Тамыр соғысын зерттеуге дейін артерияны сипап-сезгенде тамыр қабырғасының жағдайы бағаланады. Бұл үшін оң қолдың саусақтары орналасқан жерден жоғары артерияны сол қолдың II-және III- саусақтарымен қысады. Тамыр соғысы тоқтағаннан кейін оң қолдың саусақтарының астында артерия қабырғасы сезіле бастайды. Қалыпты жағдайда артерия жіңішке серпімді түтікше түрінде сезіледі. Тамыр соғысының келесі қасиеттері: ырғағы, жиілігі, кернеулігі, қанға толуы, шамасы мен түрі анықталады.

№3 жұмыс Пусьсатахометр көмегімен артериальдык қысым тіркеу және сфигмограмның анализі

Тамырлардың пульстік тербелісі сфигмограф аппаратында сфигмограм қисығы түрінде болады. Арнайы датчиктер көмегімен механикалық тербелістер артериялар қабылдайтын және электрлік сигналға айналып, күшейіп тіркеледі. Бұл сигналдарды қабылдаушы және тіркеуші ретінде – эл-вр.

Қалыпты сфигмограмма дені сау адамда орталық та, перифериялық та сфигмограмм өте улкен шарыктаушы тізе тәрізді сигналды ажыратады, бұл сигнал ктакротта (жүректің дисталосымен сәйкес келуі) перифериялық сфигмограмма біріншісі екіншісінен анығырақ -ұсақ қосымша тісшелерді тіркейді. Бұл тісшелер дикротикалық (алынған және кері қайтатын қанның жабылу кезеңіне сәйкес келуі) деп аталады. Ірі артерияларының ұсақ атерияларға бұтақтанған жерінде орталық және перифериялық толқындардың интерференциясынан перифериялық қан тамырларда дикротикалық тісшелер пайда болады.

Жерсіндірілген пульсотахометр өрімді іске қосып 3 мин жылытады. Оған қажетті күшейткіштерді, пульс өлшеу шекті шкаласын орнатып, тұрақтандырады.

Зерттелушінің қолы жүректен төмен әрекетсіз қалыпта үстелде тұруы қажет. Зерттелушінің тырнақтық фалангысына «саусақтық датчикті» тырнағы лампаға, ал қарсы жағы – фотоқарсылыққа қаратып бекітуіміз керек. Пульстің жиілігін зерттелушінің қалыпты жағдайында өлшейміз. Зерттелушінің терең дем алып – шығаруын сұрап, әр терең дем алған және терең дем шығарған кездеріндегі пульс жиілігінің өзгерісін белгілейміз. Зерттелушінң қолын алдына түзу созуын сурап, 20 рет 30 с бойы отырып тұрғызамыз. Физикалық ауырлықтан кейін 3-5 мин аралығында жүрек соғысының жиілігін өлшеп отырамыз.

«РЕОГРАФ» ҚҰРЫЛҒЫСЫНДАҒЫ СФИГМОГРАММА АНАЛИЗІ

Мақсаты: Жүрек жұмысынан пайда болатын, пульстік толқын формасы бойынша түсінік беру, артерялдық пульсті тіркеу және анализдеу.

Әдістеме: ұйқы артериясының қасына теріүстілік датчикті орнату. Жылдамдығы 50 мм/с болатын лентаайнымалы механизмді қосу. 30с аралығында пульсті жазып алу, 1 минут ішіндегі ЧСС-ТІ ӨЛШЕУ.

Хаттаманы толтыру:

1) Сфигмограммада алынған үзіндіні дәптерге жабыстырыңыз;

2) Пульстік толқынның компаненттерін белгілеп, өлшеңіз: а) систоликалық көрсеткіштің жоғарлауының созылу уақыты – анакротаның басы мен ВФГ-ның ең биік нүктесі арасындағы аралық; ә) бүгілу периодының созылу уақыты – анакрота мен инцизура арасындағы аралық; б) карикротаның созылу уақыты (диастолаланың төмендеуі) – инцизура мен катакротаның соңы арасындағы аралық.

3) Алынған өлшемдер бойынша жүрек циклының созылу фазалары туралы қортынды жазыңыз.

 

№ 4-жұмыс. Реография

Реография тәсілі- гемодирамиканың зерттеу тәсілдерінен салыс-тырмалы қарапайымдылығымен; қолдануға қарсы көрсеткіштің болмауымен; жеткілікті түрде

сенімді әрі алынған нәтижелердің нақты екенділігімен ерекшелінеді. Жүрек, қан-тамырлар жүйесінің әртүрлі жағдайларында яғни атеросклероз кезінде, васкулиттің гипер және гипотониялық синдромдарында және т.б.гемодинамиканы зерттеуге; сонымен бірге қан айналымының жағдайы туралы сызықтық ақпарат алуға реография әдісі мүмкіндік етеді.

Жұмыстың барысы: Реограф РПГ -2-02 және жермен

ұштастыруды тоқ жүйесіне қосады. Құралдың алдыңғы бетіндегі басқару жүйелерін келесі деңгецде тұрғызады:

0,1 Ом-іске қосу 1К -қосу 100 Ом- қосу

0, 5 Ом-істен шығару 2К-сөндіру 200 Ом-сөндіру Құралды электр жүйесіне қосады. Алдымен алғашқы кали-бровкалық белгілер жазылады. Электродтарды жобада көрсетілгендей етіп орналастырады. Т және Т аралығында орналасқан дене бөлімінде жоғарғы жиіліктегі тоқ анықталады. Ал Р және Р аралығында кедергінің өзгеруі қанның ағуы мен қайта оралуында байқалады. Сол сәтте жеке кедергі электрлік сигналға айналып ЭКГ-4-02 құралында тіркеледі. Өкпенің жоғарғы дәрежеде желдетілде бастапқыда тіркелген реограмманы жазуға болады.

Реограмманы контурлық әдіспен талдау

Дұрыс тіркелген реограмма өз түрімен толқындар қисығының, тамырдың соғуы және жүрек қызметінің әрбір кезеңдеріне сәйкес келеді. Сондықтан реограммалық бірге ЭКГ-ны тіркеу қажет.

Көрсеткіштер:

1.Ас-систолалық толқын амплитудасы.

Ас (Ом)=Ac (мм) / K(мм)×0,1

Мұнда

1.Ac (мм) – изолиниядан реограмманың ең жоғарғы дейінгі аралық;

K (мм) – колибровканың жоғарылығы 0,1-колибровканың тұрақты белгісі;

2. Ад (Oм)-диастолалық тоқынның амплитудасын өлшеу Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер артериялық жәнетвеналық қан ағыстарының көрсеткіштері туралы ақпарат береді.

3. T-қан айдау кезеңі (сек) немесе реограмманың басынан ең жоғарғы нүктеге дейінгі аралық.

4.V- қан ағысының жылдамдығы (Oм / сек)

V=Ac (Ом) / Т (сек);

 

№ 5 жұмыс. Адамның артериалық қысымды өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: Адамның артериялық қысымын анықтаудың тікелей емес әдістерімен танысу..

Әдістеме: Рив- Роччидің пальпаторлық әдісі.

Артериялық қысымды өлшеу үшін сфигмоманометрқолданады. Зерттеушінің жалаңаш шынтағына, иықты тығыз қамтып, бірақ талшықтарды қыспауы тиіс етіп, манжетті қою керек. Бір қолмен тамыр соғысын сәулелі артерияны пальпациялау, екіншісімен резеңке баллонмен манжетке ауаны айдамалайды. Манжеттегі қысымды манометрдің көрсеткіші бойынша анықтайды. Манжеттің ішінде максималды қысымнан асатын қысым тудырады (пульстің жойылуына дейін), кең қалпақшаның бұрандамасын бұрай отырып, ауаны жүйеден шығарып қысымды төмендетеді.

Н.С. Коротковтың аускультативті әдісі.

Шынтақ ойығының жоғарырақ жалаңаш иыққа манжетті қояды. Шынтақтың ойығында иықтын артериясын тауып, оған фонендоскопты қоямыз. Манжетте, пульс жойылатын максималды қысымнан жоғары болатын қысым тудырады да, бұрандамалық қалпақшаны бұрай отырып, манжеттен ауаны шығарады. Стетоскоп немесе фонендоскоппен шынтақ ойығынның иықтық артериясынан тонын тыңдайды. Тонның жойылу уақыты систололық қысымға сәйкес келеді. Манжетте қысымды төмендете отырып одан сайын өсетін тонды естиді, ал содан соң келе-келе кемуін естиді. Тондардың пайда болу уақыты диастоллалық өысымға сәйкес келеді. Өлшеуді үш рет қайталап, минималды көрсеткішті алады.

Қысымды Рив- Роччи әдісі мен Коротков әдісімен өлшеп нәтижелерін хаттамаға жазыңыз.

 

Кесте. Жүрек жиырылуының жиілігі мен артериялдық қысымының жастық өзгерістері.

Жасы, жылы Артериялдық қысым мм сын.бағ. 1 минутта жүрек жиырылу жиілігі
әйел еркек
10-20 115/75 118/75 90-60
20-30 116/78 120/76 60-65
30-40 125/80 124/80 65-68
40-50 140/88 127/82 68-72
50-60 155/90 135/85 72-80
60-70 160/92 145/87 80-84

 

№6 жұмыс ЖҮРЕК- ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ СЫНАЛУЫ.

Жұмыс мақсаты: Қан айналымы функционалды жүйесінің күйінің бағасы мен зерттеу әдістерімен танысу. Функционалды сынаулар сау адамның жүрек- қан тамыр жүйесінің резервті және бейімделуші мүмкіншіліктерін (еңбек,спорт физиологиясы) және диагностика процесінде жүрек- қан тамыр жүйесінің тұйық жетіспеушілігін анықтайды.

Ортостатикалық сынау.

Әдістеме: Зерттелуші 2-3 минут көлденең күйінде жайбарақат жатады. 15 секунд ішінде оның қан тамыр соғысын санап, алынған санды 4-ке көбейтеді(1 минуттағы қан тамыр соғысы).Кротков әдісімен артериялық қысымды анықтайды. Иықтан сфигмамонометр манжетінің шншпей тұрып, зерттелушіден ақырын тұруын сұрайды. Оның бұл күйінде қан тамыр соғысын санайды (15 секунд ішінде және оны 4-ке көбейтеді) және артериялық қысымды анықтайды. Сынау қалыпты деп есептеледі, егер 10 мм сын.бағ.- нан жоғарыласа, ал минималді өзгермейді немесе 5-7 мм сын.бағ.- нан төмендесе. Жағымды белгілер деп қан тамыр соғысы қысымының үлкеюі саналады (систолалық және дистолалық қысымның айырмашылығы). Жұмыс нәтижесін хаттамаға жазып, қорытындысына баға беру.

 

Date: 2015-12-13; view: 890; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию