Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физиология кафедрасы. №10 сабаққа таратылатын материал





№10 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Жүрек әрекетінің физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістері

Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері

Жұмыс №1 Жүректің биоэлектрлік құбылысын ритмоэнцефаласкопта тіркеу

(№1 тәжірибелік сабаққа қараңыз)

Жұмыс №2 Жүректің шекарасын анықтау

Перкусси әдісімен жүрек және қантамырлар шоғырының үлкендігін,орналасуын, конфигурациясын анықтайды.Жүректің оң жақ шеті мен қантамырлар шоғыры венаның жоғарғы төмен бөлігінен 3 қабырғаның жоғарғы шетіне, оң жақ жүрекшенің төменгі жағына дейін орналасқан. Сол жақ контур аорта доғасының сол жақ бөлігінен, кейін өкпе бөлігімен, 3 қабырға деңгейінде – сол жақ жүрекшенің құлақшасымен, ал астынан сол жақ қарыншаның жіңішке сызығынан құралады.. Алдыңғы бетін оң жақ қарынша құрайды.Перкуссия кезінде жүректің ауасыз мүшесі жаңылған дыбыс береді.Ол жан жағынан өкпемен қоршалса да, дыбыс абсолютті және салыстырмалы болады. Салыстырмалы дыбыс кеуде жасушасының алдыңғы проекциялық беткейі болады және жүректің шынайы шекарасына сәйкес келеді.Абсолютті - өкпемен қоршалмаған жүректің алдыңғы беткейі.Перкуссияны науқастың тік және көлденең жағдайында жүргізуге болады; осыған байланысты жүректің дыбыс мөлшері тік жағдайда көлденең жағдайға қарағанда аз екенін ескеру қажет.Бұл жүректің қозғалғыштығымен және диафрагма жағдайының орын ауыстыруымен байланысты.

Қорытынды:

Жұмыс №3 Жоғарғы тербелісі анықтау

Қалыпты жағдайда 5-ші қабырғааралықта, 1-1,5см сол жақ бұғанаорта сызығының ішіне қарай орналасқан.Жоғарғы тербелісті басқан жағдайда, оның ауданын, биіктігін, резистенттілігін анықтайды.

Жоғарғы тербелістің ауданы кеуде жасушасының зақымдануының тууымен түсіндіріледі; қалыпты жағдайдағы диаметрі 1-2см. Егер жоғарғы тербеліс 2см-ден көп ауданды алса, шашыраңқы, ал аз болса шектелген деп аталады.

Жоғарғы тербелістің биіктігі деп жүректің жоғарғы бөлігінде кеуде жасушасы амплитудасының өзгеруін атайды.Биіктігі бойынша жоғарғы және төменгі деп ажыратады.Бұл қасиет оның ауданында бір бағытта өзгереді.Сонымен қатар, жоғарғы тербелістің биіктігі жүретің жиырылу күшіне тәуелді.Физикалық ауыртпалық, қобалжу, тиреотоксикоза кезінде жүректің жиырылуы күщейгенде, жоғарғы тербелістің биіктігі өседі.

Жоғарғы тербелістің күші жүректің басатын саусақтарға түсіретін қысымы.Алдыңғы екі қасиет сияқты тербелістің күші кеуде жасушасының қалыңдығына тәуелді және жүрек үстінің саусақтарға жақын орналасуы, ең бастысы – сол жақ қарыншаның жиырылу күшіне тәуелді.Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы кезінде күшейтілген жоғарғы тербеліс бақыланады, концентрациялық гипертрофия кезінде тербелістің күші ауданының өсуінсіз артуы мүмкін.

Жоғарғы тербелістің резистенттілігі пальпация кезінде жүрек бұлшықетінің тығыздығы жайлы ақпарат береді. Гипертрофия кезінде сол жақ қарыншаның бұлшықетінің тығыздығы едәуір өседі және сонда жоғарғы тербелістің резистенттілігі жайлы айтады. Сонымен, сол жақ қарыншаның гипертрофиясына тән: шашыраңқылық, жоғары, күшейтілген,резистентті жоғары тербеліс.

Қорытынды: алынған нәтижені жазу.

 

Жұмыс №4 Жүректің дыбысын тыңдау (жүректің аускультациясы)

Аускультацияның ережесі:
1.Көп жағдайда жүрек стетоскоп пен фонендоскоп көмегімен тыңдалады.

2.Тыныштықтың сақталуы.

3.Дем алу және шығару кезінде аускультация жүргізу.

4.Жүрек клапандарын жиіліктің төмендеуі кезінде тыңдау.

Аускультацияның реттілігі: Жүрек клапандарының аускультациясы кезінде жиіліктің төмендеуіне байланысты белгілі реттілікті сақтау керек:

1.Митральды клапанды жүрек үстінде тыңдайды, яғни 5-ші қабырғааралықтың 0,5-1 см ішінде.

2.Үшжармалы клапан – жүректің төменгі ұшы, кеуденің семсер тәріздіөсіндісі негізінде.

3.Өкпе тармағының клапанының жақсы естілетін жері оның проекциясына, яғни кеудеден сол жағындағы 2-ші қабарғааралықпен байланысты болып келеді.

4.Аорта клапандары кеуденің оң жақ 2-ші қабырғааралығында жақсы естіледі,кеуде қабырғасының алдыңғы жағына аорта жақын орналасады. Сонымен қатар, ІІІ-ІV қабырға байланысқан жерінде(аускультацияның V нүктесі- Боткин-Эрб нүктесі деп аталады).

5.Осы нүктелерде өзгерістер анықталғанда, жүректің барлық ауданын мұқият тыңдау керек.

Қорытынды:

Жұмыс №5 ЭКГ-де жазу

Тыныштық кезіндегі тыныс алуды ЭКГ-да жазуға болады. Ең алдымен ЭКГ-да стандартты әкелу кезіндегі (av L, av R, av F), содан кейін аяқтағы әкетуді клиникалық шарт бойынша тіркейді, ал қалқа мен сол жақ қарыншаның нақты топографиясын береді. Қорытындысында миокардтың электрлік қасиеті 3Х стандартты әкету аяқ-қолдан бастап тіркеледі.

Әрбір әкетуде ырғақтың 3-4 комплексі жазылады.

ЭКГ- зерттеудің өткізу тәртібі: тіркеу науқастың жатқан күйінде жүргізіледі. Науқас беліне дейін шешінуі тиіс, тобық бөлімінде киім болмауы қажет. Тобықтың ішкі жағына және де білектің төменгі жақтың 3-ші бөліміне резиналы лента арқылы 4 пластинкалы электрод, ал кеуде бөліміне кеуделік электрод қойылады. Электродтың астына 5-10 % натрий хлоридіне малынған тампон қойылуы қажет. Әр бір мүшеге орналасқан электродқа электрокардиографтан келетін арнайы маркерленген сым тіркеледі: оң қол-қызыл түс, сол қол-сары, сол аяқ- жасыл, оң аяқ-қара, кеуделік электрод-ақ болады.

ЭКГ жасар алдында калибровка жүргізіледі: 1 МВ кернеу бергенде, прибордың стрелкасы 10мм ауытқиды, бұл үшін бұранданың тармақтарының қалыпты жағдайы «0» электрокардиографтың жұмысын реттейді және калибрлі милливольтті тіркейді.

ЭКГ анализі.

ЭКГ жазылуы 50мм/с 1мм қағаз лентасында 0,02с, 5мм-0,1с сәйкес келеді. ЭКГ тістерінің ұзақтығы мен интервалы стандартты тармақталуда жүреді. Р тісшесінің ұзақтығын санап тіркейді, интервал РQ, QRS тісшесі, QTRR:

Жүректін жиырлу жиілігін интервалдың ұзақтылығы мен жүректің циклдарын салыстыру арқылы бағалаймыз. Егер тіркелген интервалдар ұзақтығы +-15%-тен аспаса ырғақтылық әрдайым қалыпты болады. Қалған жағдайларда ырғақтылық бұрыс болады.

2. Жүректің жиырылу саны анықталады. Дұрыс ырғақтылық жағдайында осы формула орындалады ЧСС = 60/ RR бұл ьжағдайда 60-минуттағы секунт саны, RR- интервал ұзақтылығы,секунтпен берілген.

3. Қозу аймағын анықтау. Егер науқаста синустық ырғақтылық болса онда 2-ші стандартты тармақталуда Р тісшесі әрдайым бір тармақты бір текті және тұрақты тіркеледі.

4. Жүректің электрлік осьін анықтау. Жүректің қалыпты электрлік осьінің тісшелерінің амплитудасы осындай: RII>RI>RIII және де 3-ші тармақталуда av L тісшелері R және S бір-бірімен шамамен тең. Жүректің горизантальді электрлік осьінде жоғарғы R тісшелері Iav L-де, терең S II RII>RI>RIII тіркеледі.Вертикальді жағдайда жоғарғы R тісшелері III fvF-те, терең S Iav LRIII>RII>RI тармақтарында тіркеледі. Өткізгіш функциялардын аныкталуы қалыпты жағдайдағы интервалдардың салыстырмалылығы мен тісшелердің ұзақтылығына байланысты.

Қалыпты белгілері: Р тісшесі 0,1 с, PQ интервалы 0,12-0,18, QRS тісше 0,06-0,1с. Тісшелермен интервалдардың ұзақтығының ұлғайуы өткізгіш функциясының ақауын көрсетеді(блокада).

 

Жұмыс №6 Экстрасистоланы экспериментте алу

Егер салыстырмалы рефрактерлі кезеңінде кезектен тыс тітіркендіргішпен әсер еткенде жүрек кезектен тыс жиырылуымен жауап беруі мүмкін. Бұл құбылыс экстрасистола деп аталады.

Жұмыс барысы. Бақаны қимылсыздандырып, оны кардиографияға дайындайды. Жіңішке сыммен бір клемді серфинаға жалғайды, ал екінші клемін сыммен тегіс электродқа жалғайды, яғни жатқан бақаның үстіне жүрегінің сол мезетте жиырылуын жазып алады. Қолайлы электростимуляциялық тоқ кернеуін таңдап алады. Жазу барысында жүректің жиырылуына бір тітіркендіру жібергендей жүректің циклдық фазалары мыналар: қарыншаның басындағы және ортасындағы жиырылуы жоғарырақ қарыншаның жиырылуы ортасында оның босаңсуы және диастома.

Стимуляторға «ырғақтық тітір кендірудің» режимін қояды және жүректің әр түрлі стимулятордағы жиырылуын тіркейді.

Қорытынды:

Жұмыс №7 Жүректің өткізу жүйесінің анализі (Станниус тәсілі)

Жұмыс барысы: Бақаның қаны бойында жүрместен етіп жансыздандырады. Екі қолқа доғасын бір лигатурмен байлайды, сосын жоғарғы жағынан таңды. Жүректің жиырылуын минутына өлшейді. Жүректі келесі дорсалді мағына аударып, синус шекарасын табады. Веноз синусына, синус арасынағы және қалқаны таңады (І лигатура станиуса). Синусының жиілігі бұдан өзгермейді, ал қарынша мен жүрекше жұмысы тоқтайды. Вена синусының тек жиырылуы санын есептейді. Сосын бірінші лигатура жүрекше мен қарыншаның жиырылауы болмаса өздігінен қайта қалпына келтіреді немесе екінші таңуды жүрекше мен қарыншаны бөліп тұратын жирігіге жасайды (станниустың ІІ лигатурасы). Осы кезде вена синусы мен қарынша жиырылады жиілігі біріншіге қарағанда ширек болады. 3 таңуды жасайды. (станниустың ІІІ лигатурасы). Ол кезде төменнен қарыншаның бір бөлігі бөліп алады, сонда жиырылуы тоқтайды.

Қорытынды:

 

 

Жұмыс №8.

Сызбанұсқа мен таблицаларды салып алу: жүрек жасушаларының ӘП

 
 

 

 


 

 

Сурет 7.6. Автоматты ритмнің шынайы жүруіндегі әрекет потенциалының дамуы.

Диастола кезінде спонтанды деполяризация мембраналық потенцталды критикалық деңгейге дейін төмендетеді және әрекет потенциалын тудырады.

Сурет 7.7 Әрекет потенциалының шынайы(а) және латентты(б) жүруіндегі автоматты ритмнің дамуы.

Баяу диастолалық деполяризацияның шынайы жүру ритмінің жылдамдығы латенттіге қарағанда көп.

Сурет 7.8 Жұмыс істеуші миокард жасушасының әрекет потенциалы.

Деполяризацияның тез дамуы және жалғастырушы реполяризация.Баяу реполяризация(плато) шапшаң реполяризацияға ауысады.

49.сурет. жүрек бұлшықетінің жиырылуы мен созылуының қатынасы(Старлинг заңы)

50.сурет. Қарыншаның миокардының құрылымының ұйымдасуы: 1-деполяризация фазасы;

2-реполяризацияның бастапқы шапшаң фазасы;3-баяу реполяризацияның фазасы(плато фазасы); 4- шапшаң реполяризацияның соңғы фазасы;5-абсолютті рефрактерлік фаза; 6-салыстырмалы рефрактерлік фаза; 7-супернормальды қозу фазасы.

51.сурет.экстрасистола: А-сызбалық көрініс: І жиырылу ІІ қозу(жүрек циклының әртүрлі фазаларына келтірілген қоздырғыштар стрелкменал үшбұрышпен синустық өрімнен шығатын импульс көрсетілген; Б қисық жиырылу.

45сурет. бақа жүрек бөлігінің автоматты дәрежесін шығару:

Б- І лигатураны қою В -ІІІ лигатураны қою

60.сурет.жүрек шекарасы.

61.сурет.жүрек соғысының тыңдау нүктелерінің проекциясы.

 

 

62 сурет.Электрокардиография(классикалық биполярлы бөлімдер).А - Жүрек биотогының күш сызықтарының денеде таралуы; Б - үш стандарттық бөлімде(І,ІІ,ІІІ) әртүрлі амплитудалы R ЭКГ(Эйтховен үшбұрышы) тісшелерінің сызбасы; В- жүрек осінің орналасуына байланысты ЭКГ ның өзгеруі; Г- қисық ЭКГ.

 

Date: 2015-12-13; view: 875; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию