Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физиология кафедрасы





№ 8 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Қан құрамы, қасиеттері. Қанның формалық элементтері.

Қанның қорғаныс қасиеттері

 

№1-жұмыс. Қан түйіршіктерін санау.

Қан сұйық бөлігінен тұрады- плазьадан және пішіндік элеметтерден: эритроциттер, лейкоциттер, тромбациттер. Пішіндік элементтер қанның шамамен 45 %-ін құрайды.Ал қалған көлемінің 55 % -ті плазманы құрайды. Пішіндік элементтердің санын 1 мкл-де санау қабылданған. Саусақтан алынған қандағы пішіндік элементтерді санау үшін қанды арнайы ерітінділерде жасушалардың санауға тиімді қажетті концентрацияны құру үшін арнайы ерітінділерді араластырады. Сонан соң микроскоппен пішіндік элементтердің санын санайды. Миланжер ампула тәрізді кеңейтіндісі бар пипетка болып табылады. Ампулада қанды дұрыс араластыру үшін шыны мойыншақ бар. Капилярда екі белгі көрсетілген: 0,5 және 1. Үшінші белгі ампуланың кеңейтіндісінен тұрады; Миланжерда эритроциттермен тромбациттер үшін 101, ал лейкоциттер үшін 11. Ампуланың көлемі капилярдың көлемінен неше есе үлкен екенін соңғы белгі көрсетеді қанды араластыру үшін және эритроциттерді санау үшін натрий хлоридінің 3 проценттік гипертоникалық ерітінді қолданылады.Лейкоциттерді санау үшін 5 проценттік сірке қышқылын қолданады.Қышқыл пішіндік элементтердің қабықшасын бұзады, ал бояу ядроның ақ жасушаларын бояйды. Осының салдарынан эритроциттер көрінбейтін және лейкоциттерді санау үшін тосқауыл түрге келеді.

Есептеуіш камера қалың заттық шыны болып табылады, оның ортаңғы бөлігінде 4 арықшасы болады осылардың араларында 3 жіңішке пластинка түзіледі; Ортаңғы пластинка бүйір пластинкалардан 0,1 мм-ге төменірек және көлденең арықшалармен қақ ортасынан бөлінген. Арықшалардың екі жағынан тор орналасқан. Бүйір пластинкаларының биіктігі орташа биіктіктен 0,1 мм-ге үлкен болғандықтан, солардың үстіне жотқыш шыны қойған кезде тордың үстіне тереңдігі 0,1 мм камера түзіледі. Гаряев торы 225 үлкен квадраттардан тұрады (15* 15).Әр бір үшінші квадрат қосымша көлденең және бойлық линиялар мен 16 кішкене квадраттарға бөлінген. Ондай торда кішкентай квадраттарға бөлінген үлкен квадраттардың саны 25. Кішкентай квадраттың жағы 1,20 мм, ауданы 400 мм квадрат, көлемі 1/4000 м куб.

Эритроциттерді санау;

Жұмыс үшін қажет: Микроскоп, Горяевтің санау камерасы, эриротциттер және лейкоциттер үшін меланжерлер, скорификатор, араластырғыш сұйықтар үшін екі табақша, мақта, 3 процент натрий хлоридінің ерітіндісі.

Жұмыс барысы:

Эритроциттер үшін толтырылған меланжерді алады да соңдарын үшінші және бірінші саусақтармен қысып бір минут шайқайды. Қанды араластырған соң жәнге сыртқа 1 – 2 тамшы шығарған соң алдын ала жапқыш шынымен тығыз жабылған камера торына кішкене тамшыны жібереді. Ерітіндінің артығы арықшаларға ағады. Егер тамшы тым үлкен болса сұйықтық камерасының бүйір пластинкаларына тиюі мүмкін және қабаттың биіктігі 0,1 мм. көп болады. Ондай жағдайда камераны дистелденген сумен жуу қажет. Марлімен құрғата сүртеді және қайта толтырылады. Араластырған қанды тағы бір рет араластырған жөн. Камераны талтырған соң оны микроскоп астына қояды. Егер пішіндік элементер бір қалыпты орналасса санауға кіріседі. Эритроциттерді санау, оларды үлкейту қажет (окуляр * 7, объектив * 40)

Қанағаттандырылған жауап алу үшін, эритроциттерді, бес үлкен квадратта санау қажет және олар тордың әр түрлі жерлерінде орналасуы қажет. Мысалы: диоганалі бойынша. Адымен қағаз бетіне бес ү.лкен квадрат салуға кеңес беріледі және оларды 16 бөлікке бөліп, осы бөліктердің әр біреуіне табылған эритроцит санын квадратқа жазу керек. Кішкене квадраттардың шекарасында орналасқан жасушалардың санын екі рет есептемеу“ Егоровтың ережесін қолданады. Осы квадратқа қатысты, квадраттың ішінде және оның сол және жоғарғы шекераларында орналасқан эритроциттер саналады. Осы квадраттың төменгі және оның шекераларында орналасқан эритроциттер саналмайды. ”Сөйтіп, 5 үлкен квадраттарда орналасқан эритроциттердің санын есептеген соң (5 үлкен квадрат- 8 үлкен квадратқа тең), кішкентай квадраттағы эритроцит санының орташа арифметикалық санын табады. Кішкентай квадраттың үстінде орналасқан камера бөлігінің көлемі 1/4000 мл. куб екенін біле отырып біз табылған санды 4000- ға көбейтеміз. Сөйтіп, 1 мкл араластырған эритроцит санын табамыз. Сол санды 200 ге көбейте отырып біз 1 мкл таза қандағы эритроцит санын табамыз.Эритроциттердің санын табудың формуласы мынадай: Х= а * 400*200/80; мұндағы Х – ізделінген эритроцит саны, а- 80 кішкентай квадраттағы эритроцит саны.

Жұмысты бейнелеуге арналған ұсыныстар. 1 мкл зерттелген қандағы эрироцит санын жазыңдар.

Есептеуіш камераның жұмысының принципн түсіндіру және қандағы пішінді элементтердің санын табуға арналған формуланы түсіндіріңдер.

№2-жұмыс. Лейкоцитарлық формуланы санау.

Жұмыстың мақсаты: Лейкоцитарлық формуламен есептеудің әдістемен танысу.

Әдістеме: Дайындалып қойылғанРомановский-Гимзаәдісімен боялған қан жағындысын микроскоптың үстеліне орнатып, иммерсионды майдың тамшысын тамшылаймыз. Майдың тамшысына иммерсионды объективті (90) түсіреміз. Гранулоциттер жағымдының шеттерінде, лимфоциттер – шеттен алшақтау орналасады. Сондықтан лейкоциттерді есептеу жағындының шетінен, препараттың көлденең ұзын қабырғаларынан, жағындының бастапқы бөлігі мен соңына жақын бөлігінде басталады. Әр лейкоциттің түрін анықтап, алдын ала дайындалып қойған гемограмманың кестесіне жазу (немесе есептеуіш машинаның сәйкес лейкоцит түрінің аты бар пернесіне басу). Лейкоциттердің жалпы санынан 100-ге тең жасушаларды санап, онда табылған әр лейкоциттердің түрінің саны олардың қандағы пайыздық үлесіне тең келеді.

Адамда қалыпты жағдайда қанның лейкоцитарлық формуласы.

ГРАНУЛОЦИТТЕР АГРАНУЛОЦИТТЕР
Базофильдік Эозинофильдік Нейтрофильдік Лимфоциттер Моноциттер  
Метамиелоциттер Таяқшаядрлық Сегментоядрлық
0-1% 1-5% 0-1 1-5% 47-72% 19-37% 3-11%

Жұмыс нәтижелерін қорытындылау.

 

№3-жұмыс. Сали әдісі бойынша қандағы гемоглабин санын анықтау.

Гемоглобин – эритроциттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл күрделі хромпротент, глобин және гем ақуыздарынан тұрады, гемнан қанның түсі байланысты. Геннің құрамына 1 темір атомы кіреді, бұл атом гемоглобиннің оттегімен байлданысқа түсуін қамтамассыз етеді. Салли гемометрі штатив болып табылады, оның артқы қабырғасы ақ шыныдан жасалынған. Штативке диаметрі бірдей үш пробирка қойылған. Екі шеткі пробиркалар жабылған, оның құрамында гематин хлоридінің ерітіндісі бар; орташасы градиурленеген. Сөліның біреуі зерттеулер үшін арналған. Приборға көлемі 20 мл куб пипетка және шыны таяқша ұсынылады. Гемотин хлоридінің стандарт ерітіндісі 167 г/л –ге сәйкес.

Жұмыс үшін қажет: Салли гемометрі, мақта; пипетка, скорификатор, 0,1 хлорсутекті қышқылының ерітіндісі, спирт, эфир, йод, дистелденген су. Бұл жұмыс адамға жасалынады.

Жұмыс барысы: орталық пробиркаға 0,1 п хлор сутекті қышқыл ерітіндісін белгіге дейін құяды. Пипеткамен саусақтан 20 мл куб қан алынады да, саусақтың ұшы мақтамен сүртіледі. Қышқылдың жоғарғы қабаты боялмай қалатындай етіп, сол мезетте қанды пробирканың түбіне үрлейді.

Пробиркадан пипетканы алмай, оны қышқылмен шаяды. Содан соң пробиркадағы сұйықтықты саусақпен пробирканың түбін ұра араластырады да 5-10 минут штативке қояды. Бұл уақыт гемоглобиннің тұз қышқылы гемотиніне толық айналуы қажет. Содан соң пробиркадағы сұйықтыққа тамшылатып, алынған ерітіндінің түсі стеандартық түсімен бірдей болғанша, дистілденген суды қосады. Алынған ерітіндінің деңгейіндегі саны зерттелген қандағы гемоглабиннің болуын көрсетеді.

Жұмысты бейнелеуге арналған ұсыныстар: Қандағы гемоглабин мөлшерін анықтаудың принципін түсіндіріңдер.

№4-жұмыс.Плазманың және пішіндік элементтердің қатынасының көлемін анықтау (гематокрит).

Қанның плазмасының және пішіндік элементтердің қатынасының көлемі процент есебімен гематокрит деп аталады.

Жұмыс үшін қажет: центрифуга, гематокриттік капилярлар, натрий цитратының кристалшалары,қан.

Жұмыс барысы: саусақты теседі. Шыққан қан тамшысына пинцетпен натрий цитратының 2-3 кристалшаларын апарады.

Цинтрифуга капилярына қанды жинайды және насадкада бекітеді. Капилярға ауаның көпіршіктері түспеу керек. Саусақтың тесілген жеріне сулы тампон қояды. Капилярды жабадыда, 60-70 айналыс минуты жылдамдықпен цинтрифугалауды бастайды.

Жұмыстың безендірілуіне ұсыныстар: Пішіндік элементтердің бағанның ұзындығын анықтаңдар.

 

№5-жұмыс. Эритроциттердің осмостық резистингтілігін анықтау.

Жұмыс үшін қажет: приборлары бар штатив, пипетка, натрий хлордың 0,9 % тен- 0,1% ке шейін ерітіндісі және цитратты қан.

Жұмыс барысы: приборларды бірінен соң бірін нөмерлейді және штативке орналастырады.Әр пробиркаға пипеткамен 3 мл- ден натрий хлорид 1-0,9 %,2-0,85 тен 0,1 % ке дейін ерітіндісі. Пипетканың көмегімен әр пробиркаға 2 тамшыдан цитратты қанды қосады. Бес минуттан кейін гемолиздің бар, жоқтығын қарайды.

Жұмыстың безендірілуіне ұсыныстар:

Натрий хлорид ерітіндісін қандай концентрациясында минимальды жэәне максимальды осмостық резистенттілігінің болуын анықтау.

№6-жұмыс. Панченков бойынша эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау.

Қозғалыс кезінде қан тұрақты суспензия болып табылады. Шыны ыдысқа салғанда эритроциттер өздерінің ауырылығына байланысады шөгеді. Жұмыс үшін қажет: Панченков приборы сағат шынысы, стерильді скарификатор, мақта, 5% - тік натрий цитратының ерітіндісі, спирт, эфир, йод. Осы жұмыс адамға жасалынады.

Жұмыс барысы: Р белгісіне дейін 50 мл деңгейінде цитрат натрийді копилярға жанаиды да, сағат шынысына үрлейді. Сонан соң осы копилярға екі рет адамның саусағынан К белгісіне дейін қан жинайды. Қанның екі порциясын сағат шынысына жібереді, ондағы натрий цитратымен араластырады.Осы жолмен алынған сағат шыныдағы ¼ қатынасындағы қан мен натрий цитратының қосылысы О белгісіне дейін копилярға жинайды және капилярды штативке салады. 1 Ссағаттан кейін мм есебі бойынша капилярдағы плазманың биіктігін қарайды. Соның шамасы эритроциттің шөгу жылдамдығы болып табылады.

Жұмыс безендірілуіне ұсыныс:

Алынған нәтижелерге баға беріңдер.

№7-жұмыс. Түрлі- түсті көрсеткішті (ТТК) есептеу.

ТТК есептеу үшін, %- шағып, қандағы Нв санын эритроциттің алғашқы 3 санына бөледі және табылған шаманы 5-ке көбейтеді. ТТК мұндай есептеу тәсілі, кәдімгі жағдайда, (Нв шамасы 100% және 1мл3 қандағы эритроциттер болғанда) ТТК сәйкестігі үшін қажет.

ТТК › 1 болғанда (гиперхромазия) немесе ‹ 1 (гипохромазия) анықталады. ТТК есептеу үшін, бастапқы жұмыстарда анықталған шамаларды қолданады: қандағы Нв- % -шамасы және 1 мл3 қандағы эритроциттің алғашқы 3 саны қолданылады. Анықталған шамаларды келесі формула ТТК = (Hb×5):эритроциттерге бойынша есептейді.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар:

Формула бойынша ТТК есептеңіз және қалыпты жағдаймен салыстыра отырып, оны бағалаңыз.

Номограмма бойынша түрлі- түсті көрсеткішті анықтау.

Номограмма 3 шкаланы құрайды: А шкаласында ТТК шамасы, Б шкаласында Сали бойынша Нв %-тік шамасы және В шкаласында мл. қандағы эритроцит санын көрсетеді.

Алдыңғы жұмыстарда анықталған нәтижелер бойынша А және Б шкалаларының нүктесін тіке қосады. Эритроцит және гемоглобиннің анықталған шамалары бойынша ТТК шкаласы және тіке сызықтың қиылысқан нүктесі бойынша ТТК шамасын сипаттайды.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар:

Б және В шкалаларындағы нақты шамалар бойынша нүктені табыңыз, оны А шкаласының қиылысқан жеріне дейінгі тіке сызықпен қосыңыз және ТТК шамасын жазыңыз.

Тақырып бойынша ситуациялық есептер: Қан құрамы, қызметтерін зерттеу тәсілдері. Қанның қорғаныс қасиеттері

 

№8-жұмыс ҚАННЫҢ АҒУ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: фильтрленген қағаз, сызғыш, секундомер.

Жұмыс барысы: саусақты теседі. Қан тамшысын мақтамен сүртеді және әрбір 30 сек. сайын фильтрленген қағаздың әрбір секторына қан тамшысының дағын қалдыра отырып, саусақты басады.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қанның ағу уақытын анықтаңыз.

 

№9-жұмыс ҚАННЫҢ ҰЮ АУҚЫТЫН АНЫҚТАУ

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: парафинделінген шыны, шыны таяқша, секундомер.

Жұмыс барысы: Саусақты, үлкен қан тамшысы шығатындай етіп, терең теседі. Шыны таяқшамен қан тамшысын парафинделінген шыныға салады. Құм сағатын қолдана отырып, әрбір 30 сек. сайын тамшы бойынша шыны ілмекпен жүргізеді. Ілмекке фибрин жіпшесі іленгенге дейінгі уақытты белгілейді. Фибрин жіпшесі іленген уақыт қанның ұю уақыты болып табылады.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Зерттеу нәтижелерін жазыңыз, қан ұю үрдісіндегі фибриногеннің ролін түсіндіріңіз.

 

№10-жұмыс Резус-фактор және қан топтарды анықтау

Адамда белгілі қан топтары.

Жұмыстың мақсаты: Қан топтарын анықтау әдістемесімен танысу.

Әдістеме: Ақ тарелкаға бірінші, екінші, үшінші топтың бір тамшы сыворотканы тамшылаймыз. Содан соң дайындалған қанды сыворотканың барлық тамшыларына заттық шынының таза ұшымен кезек-кезек алмастырамыз. Сыворотканың тамшысы қанның тамшысынан көбірек болуы тиіс. Агглютинация реакциясы 1-5 минуттан кейін жүреді және агглютинация кезінде тамшы мөлдір болып, ал эритроциттер түйіршіктер ретінде бір-біріне жабысады.

Сыворотканың барлық тамшыларда агглютинацияның болмағандығы зерттелетін эритроциттерде агглютиногендердің болмауын, яғни I-ші топ эритроциттердің қасиеттерін білдіреді.

Егер I-ші және II-ші топтардың құрамында альфа-бетта және альфа-агглютининдерді бар болатын сывороткаларында агглютинация жүрсе онда зерттелген қан эритрациттерінің құрамында А-агглютиногеннің болғаны, яғни II-ші топқа жатады.

Егер I-ші және II-ші топтардың құрамында альфа-бетта және бетта агглютининдері бар болатын сывороткаларында агглютинация жүрсе, онда зерттелетін қан III-ші топқа жатады, яғни эриторциттерінің құрамында В-агглютиногеннің болғаны. Егер агглютинация барлық үш сыворотка тамшыларында жүрсе, онда зерттелетін қан IV-ші топқа жатады, яғни эритроциттердің құрамында А және В-агглютиногендер болғаны.

Жұмыс нәтижелерін қортындылаймыз.

 

ҚАННЫҢ РЕЗУС-ФАКТОРЫН АНЫҚТАУ.

Жұмыс мақсаты: Резус-факторды анықтаудағы әдістемемен танысу.

Әдістеме: Ақ тарелкаға стандартты сыворотка мен зерттелетін қанның тамшыларын тамшылаймыз. 5 минуттан кейін агглютинацияның бар-жоқтығын анықтаймыз. Егер оң реакция жүрген кезінде ерітінде кішкентай жапалақтар тәрізді пайда болады, ал теріс реакция болса, құрамында гемогеннің болуы.

Жұмыс нәтижелерін қорытындылаймыз.

№11-жұмыс Тромбоэластограмманы талдау.

Жұмысты бейнелеуге қажет: тромбоэласторраф, стерильді скарифатор, арнайы капилляр, мақта, спирт, йод.

Жұмыс барысы: қанды (m= 0,025 мм3) тромбоэлостографтың кюветіне салып, құралды қосамызда тромбоэлостограмманың жазбасын жасаймыз.

Жұмыстың дайындалу нұсқаулары. Дайын болған қисыққа ұюдың пайда болу уақытымен максимальды серпінділігін белгілендер.

 

 

№ 12 жұмыс: Кесте және сызбанұсқа салу.

Ескертпе. Тромбоэластограмма қан ұю жүйесі мен фибринолиз жағдайының өзгерістерін көрсетеді.

Сурет 45. Сали гемометрі мен капилляр.

Сурет 42. Қанның пішінді элементтеріне арналған меланжерлер(а) және меланжерге қан алу(б).

1 – эритроциттерге арналған меланжер; 2 – лейкоциттерге арналған меланжер.

Сурет 43. Горяев есептеуіш камерасы. а-жоғарыдан көрініс, б-бүйірінен, в-Горяев торшасы.

Сурет 25. Қан ұюдың кезеңдері мен фазалары.

 

 

Ситуациялық есептерді шешу: Қан құрамы, қасиеттері. Қанның формалық элементтері.

Қанның қорғаныс қасиеттері.

№ 1 есеп

Қанның келесі анализдерін қарастырыңыз және өзіңіздің тұжырымыңызды жасаңыз:

сыбағалы салмақ – 1,080; жалпы белок – 7-8 %; қант – 200 мг/%; билирубин – 0,5 мг/%; РН – 7,4

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Қанның жалпы анализі қандай мақсатпен жүргізіледі?
  2. Берілген көрсеткіштерді қалыпты жағдаймен салыстырыңыз. Қалаптылық деген не? Есепте аталған көрсеткіштер үшін формула жазыңыз.
  3. Есептегі берілгендерді қалыпты жағдайдаймен салыстырыңыз. Ауытқуды анықтаңыз.
  4. Қан көрсеткіштерін тұрақтандыртын және есепте берілген шамалар бойынша олардың ауытқу тегершіктерін түсіндіріңіз.

2 есеп

Егер адам салмағы 80кг., ал қанның гематокриттік көрсеткіші 40% болса, онда адам плазмасы мен қан түйіршіктері нешеге (литрде) тең екендігін есептеңіз. Қанның жалпы көлемі қалыпты жағдайға сәйкес пе?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Гематокрит туралы түсінік
  2. Қалыпты жағдайдағы гематокрит мөлшері
  3. Гематокритті зерттеу тәсілдері
  4. Зерттелушідегі қан салмағын анықтаңыз және гематокритті санаңыз

№ 3 есеп

Науқаста ұзақ ашығудан кейін, ісік пайда болған. Осы ісіктің физиологиялық тегершігі қандай? Ісікті қандай жедел және емдік шаралар төмендетеді?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Ісік туралы түсінік
  2. Ұлпаға сұйықтықтың түсу жолдары
  3. Сүзу қысымының түзілу тегершіктері
  4. Плазмалық ақуыздардың онкотикалық қысымы туралы түсінік
  5. Гипопротеинемия туралы түсінік. Плазма ақуыздарының түзілу орны. Тағамдану жағдайына байланысты түзілу тәуелділігі
  6. Қан плазмасы ақуыздық жетіспеушіліктің орнын толтыру тәсілдері (энтеральді және парентеральді)

№ 4 - есеп

Ашығумен ұзақ уақыт бойы емделу кезінде қалыпты жағдайға қатысты қан плазмасының альбуминдері төмендейді және глобулиндері артады. Осы кезде эритроциттің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) қалай өзгереді?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. ЭТЖ туралы түсінік
  2. ЭТЖ- қамтамасыз ететін факторлар
  3. Қалыпты және ашығу кезіндегі қан плазмасы ақуыздарының динамикасы
  4. Қалыпты және ашығу кезіндегі қан плазмасы ақуыздарының маңызы

№ 5- есеп

Лабораториялық үстелде, концентрациясы белгісіз натрий хлор ерітіндісі құйылған колбалар орналасқан. Оның біреуіне 0,9% NaCI, ал келесісіне 0,2 % NaCI ерітіндісі құйылғандығы белгілі. Адам қанының тамшысын қолдана отырып, әрбір пробиркадағы NaCI концентрациясын қалай анықтауға болады?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Изо-, гипо-, гиперосмия туралы түсінік
  2. Физиологиялық ерітінділер
  3. Эритроциттің осмостық тұрақтылығы
  4. Гемолиз түрлері

№ 6 есеп

Алдыңызда қанның жалпы екі анализі: екі науқаста да түрлі-түсті көрсеткішті есептеңіз және тұжырым жасаңыз.

а) эритроцит – 4,5х1012/л, Hв – 149 г/л;

б) эритроцит – 2,7х1012/л, Hв – 74 г/л; Есепті шешу алгоритмі:

  1. ТТК (түрлі-түсті көрсеткіш) туралы түсінік
  2. ТТК анықтау және есептеу тәсілдері
  3. ТТК қалыпты шамасы. Ол нені білдіреді? Физиологиялық маңызы.
  4. 1 және 2 – наукастардағы ТТК қалыпты жағдаймен салыстырыңыз
  5. 1 және 2 - жағдайдағы қанның түзілуі мен пайда болу қызметінің ерекшеліктерін талдаңыз

№ 7- есеп

Жоғарғы таулы аудандағы тұрғындар қанының лабораториялық анализі кезінде, осы тұрғындар мен осы аймаққа жаңа көшіп келген тұрғындардың эритроциті мен гемоглобин санының жоғарылағандығы анықталды. Екі жағдайда да пайда болған эритроцитоздың тегершігі бірдей ме? Тұжырымды дәлелдеу үшін, қанның қандай қосымша анализін жүргізу қажет?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Эритрон жүйесіндегі реттеліс (жүйке-рефлекторлық және гуморальдық) тегершігі
  2. Гипоксия түсінігі, оның эритропоэзге әсері
  3. Гемоглобин және қанның оттегілік сыйымдылығы
  4. Шеткі қандағы эритроцит санының тұрақты және жедел өзгеру жолдары
  5. Эритроциттің пісіп жетілу кезеңін анықтауға арналған қан жағындысын алу қажеттілігі

№ 8- есеп

Альпинисте 2500м биіктікте эритроцит саны 6х1012 / л. дейін жоғарылағандығы анықталды. Бұл немен байланысты?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Эритрон жүйесіндегі реттеліс (жүйке-рефлекторлық және гуморальдық) тегершігі
  2. Гипоксия түсінігі, оның эритропоэзге әсері
  3. Гемоглобин және қанның оттегілік сыйымдылығы
  4. Шеткі қандағы эритроцит санының тұрақты және жедел өзгеру жолдары
  5. Эритроциттің пісіп жетілу кезеңін анықтауға арналған қан жағындысын алу қажеттілігі

 

№ 9- есеп

Асқазанның басым бөлігін кесу операциясынан бірнеше уақыт өткеннен кейін, қанда эритроцит және гемоглобин саны төмендеді. Осы жағдай неге негізделген?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Анемия туралы түсінік
  2. Анемияны анықтаудағы түрлі-түсті көрсеткіштің мәні
  3. Эритропоэздің реттелісі
  4. Эритропоэз реттелісіндегі Каслдың ішкі факторының маңызы

№ 10 есеп

Берілгені: Шеткі қанда эритроцит мөлшері 7х1012 / л. Түсті көрсеткіш 0,9. Гематокриттік көрсеткіш 40% сары суы және 60% қан түйіршіктері. 4 айлық емізулі ананың саусағынан қан алынды. Келтірілген көрсеткіштерді бағалаңыз.

Есепті шешу алгоритмі:

1.Есепте берілген көрсеткіштерді қалыпты жағдаймен салыстырыңыз. Ерекшеліктерін табыңыз, қан жүйесінің жағдайы бойынша бағалаңыз.

 

 

№ 11 есеп

Адамды өлтіру жүргізілді. Күдікті пәтерінің еденінде қою-қызыл дақтар табылған. Бұл бояу емес, қан екендігін қалай дәлелдеуге болады?

Есепті шешу алгоритмі:

1.Қанның түсі гемоглобин арқылы анықталады.

2.Нв-ге деген сандық реакциялар (спектральді, Тейхманның тұз-қышқылды гематин кристалдары)

3.Осы тәсілдің қағидалық негізін қарастырып, мүмкіндігінше тәсілді талдаңыз

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Қалыпты физиология кафедрасы

 

№ 9 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып: Қан және ІСБ физиологиясы

.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

 

 

 

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

 

 

Астана 2013ж.

 

1.Тақырып: Қан және ІСБ физиологиясы.

2.Мақсаты: Қанның негізгі физико-химиялық қасиеттерін оқу, қанның қатты және жұмсақ константаларын айыра білу. Қан жүйесіндегі гемостаз және қанұю механизмін үйрену, қан жүйесіндегі қорғаныш механизм функцияларын үйрену.

3. Оқу мақсаты: Қан жүйесіндегі гемостаз және қан ұю механизмін үйрену, қан жүйесіндегі қорғаныш механизм функцияларын үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қан, оның қасиеті, қызметі, құрамы.

1. Қандағы негізгі физиологиялық тұрақты көрсеткіштер, оларды сақтау механизмі.

2. Қанның формалы элементтері (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) және олардың маңызы. Лейкограмма.

3. Гемоглобиннің түрлері және оның қосылыстары, олардың физиологиялық маңызы.

4. Қанның түсті көрсеткі, маңызы.

5. Эритроциттердің тұну жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар. Гемолиз, оның түрлері.

6. Эритроциттердің осмостықтөзімділігі.

7. Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы және оның фазалары. Фибринолиз.

8. Ұйытуға қарсы қан жүйелері.

9. Тіс жұлғанда қан ұюы бұзылысындағы асқынулар

10. Ауыз қуысындағы операция кезіндегі қан ұюы бұзылысынтарымен

11. науқастардың қан тоқтатуы және алдыналу шараларының физиологиялық негізі

12. Қан топтары. Қанның резустігі. Қан құю негіздері.

13. Эндокриндік жүйе, оның маңызы мен жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмі мен оның жолдары.

14. Гипофиз гормондары, оның организмдегі ролі. Гипоталамо-гипофизлық жүйесінің эндокриндік бездерінің қызметін реттеуге қатысуы. Гипофиз гормондарының тіс-жақ жүйесіне әсері.

15. Эпифиз. Қалқанша безі. Олардың сөліністік қызметі және басқа бездермен байланысы.

16. Қалқанша және қалқанша серік бездерінің физиологиясы, оның тіс тініндегі минерал алмасуды реттеудегі ролі.

17. Ұйқы безінің эндокриндк қызметі және оның зат алмасуын реттеуге қатысуы.

18. Бүйрек үсті бездерінің физиологиясы. Оның қыртысты және милы қабатының организм қызметін реттеудегі маңызы, тіс-жақ жүйесіне әсері.

19. Гипоталамо-гипофизарлық-адренал жүйесінің организмнің бейімделу реакциясына қатысуы.

20. Жыныс бездері. Ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары.

21. Тіндік гормондар. Сілекей бездерінің инкреторлық қызметі.

  1. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Қанның формалық элементтердің санауы (эритроцит, лейкоцит).

2. Лейкоцитарлық формуланы санау.

3. Сали әдісі бойынша қанда гемоглобин мөлшерін анықтау

4. Гематокрит анықтау

5. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау

6. Панченков бойынша эритроциттердің туну жылдамдығын анықтау.

7. Түрлі-түсті көрсеткішті санау.

8. Қанның ағу уақытын анықтау.

9. Қанның ұю уақытын анықтау.

10. Резус фактор және қан топтпрды анықтау.

11. Тромбоэластограмманы талдау.

Дебиет

Қазақ тілінде

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

6. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

12. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

13. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

 

7. Бақылау Билет бойынша жазбаша бақылау.

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Қалыпты физиология кафедрасы

 

№ 10 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып: Жүрек әрекетінің физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістері. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

 

 

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

 

Астана 2013ж.

 

 

1.Тақырып: Жүрек әрекетінің физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістері. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері.

2.Мақсаты: Жүрек бұлшықетінің негізгі физиологиялық қасиеттерін үйрену, жүрек

бұлшықетінің автоматты механизмін және артериальды қысымның тіркелуін түсіндіру,қан

жолдарының таралу механизмдерін түсіндіру.

3. Оқу мақсаты:

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қанайналу процесінің организм үшін маңызы;

  1. Жүрек және оның гемодинамикалық қызметі;
  2. Жүректік кезіңдер және оның фазалық құрылымы;
  3. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері.Қозу, әрекет потенциал генерациясы ерекшелігі.Экстрасистолалық жүрек автоматиясының градиенті;
  4. Жүрек қызметін зерттеу әдістері.Жоғарғы және жүректік соғулар, олардың пайда болуы, таралуы және анықтау әдістері;
  5. Жүрек тонының пайда болу механизмдері, тыңдау орындары;
  6. Жүрек қызметінің электрлік көрінісі.ЭКГ.ЭКГ физиологиялық маңызы.Электрокардиограмма қалыпты жағдайда.

 

5.Білім берудің және оқытудың әдістері таратылатын материалды мұғалімнен алу мінднтті(электронды вариант немесе қағазға басылған түрде).

1.Жүректегі биоэлектрлік құбылыстарды ритмокардиоэнцефалоскопта тіркеу.(№1 суретті қарау);

2.Жүрек шекараларын анықтау;

3.жоғарғы соққыны анықтау;

4.жүрек аускультациясы;

5.ЭКГ жазуы және анализі;

6.Тәжірибие барысында алған экстрасистола;

7. Жүректің өткізгіш жүйесінің анализі(Станниус тәжірибесі);

8. Кесте және схема салу: ЭКГ, ПД жүрек торлары.

 

Дебиет

Қазақ тілінде

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

 

7. Бақылау

Билет бойынша жазбаша бақылау.

АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Date: 2015-12-13; view: 2432; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию