Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физиология кафедрасы. № 12 сабаққа таратылатын материал





№ 12 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Сыртқытыныс алу физиологиясы. Тыныс алудың реттелуі. Тынысалу көлемдері.

 

№ 1 жұмыс. «Сулы» және «құрғақ» спирометр көмегімен спирометрия орындау.

(Под. ред. А.Н. Агаджаняна, А.В. Коробкова, М.: Высшая школа 1983с. 100-102).

Спирометрдің мундштугын спирттенген мақтамен сүртеді. Тәжірибеге алынған максималды дем алғаннан кейін максималды терең демді спирометрге шығарады. Сприометр шкаласында өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды. Егер өкпенің тіршілік сыйымдылығын бірнеше рет өлшеп, орта шамасын тапса, нәтиженің дәлдігі жоғарылайды. Бірнеше рет өлшегенде спирометр шкаласының шығыс күйін әрқашан орнатып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндірінен бұранданы алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшем шкаласын бұрап қояды.

Тәжірибедегі адамды тұрған және отырған күйінде, сонымен қатар физикалық күш әсерінен кейін өкпенің тірегінің сыйымдылығын анықтауға болады. Өлшем нәтижесінің арасындағы айырмашылықты белгілейді.

Өкпе көлемін өлшеу үшін спирометрді үш жолды шүлмек арқылы тетікті зат және еріндікпен қосу. Мұрны қысылған жағдайдағы сынақтағы адам еріндік және тетік арқылы дем алады. Алғашында үш жолды шүлмекті арнай дем шығаратын ауаның атмосфераға шығарылуын қамасыз ететіндей ораналастырады. Тыныс алу әрекетінің санын санайды. Спирометрге дем шығараған санын спирометр көрсеткішіне бөліп, ауаның тыныс алу көлемін табады.

Сынақтағы адамның қордағы дем шығарыс көлемін табу үшін тыныштық жағдайдағы дем шығарысын максимальды түрде спирометрге дем шығаруын сұрайды. Спирометр шкаласы арқылы қордағы тыныс шығару көлемін анықтайды. Бұл өлшеуді бірнеше рет қайталап, орташа шамасын табады.

Тыныс алудың қордағы көлемін 2 түрлі тәсілмен анықтауға болады: спирометрмен есептеу және өлшеу. Оны есептеу үшін өкпенің тіршілік сыйымдылығының шамасының тыныс алу және ауаның қордағы көлемін алу керек. Спирометрмен тыныс алудың қордағы көлемін өлшегенде оған белгілі бір мөлшерде ауа жинайды. Сынақтағы адам тыныш дем алудан кейін спирометрден максимальды тыныс алады. Спирометрдегі алғашқы ауа көлемі мен терең тыныс алудан кейінгі көлемінің арасындағы айырмашылық тыныс алудың қордағы көлеміне сәйкес келеді. Ауаның қалдықты көлемін анықтауда әлі де тура тәсілдер ойластырылмаған. Сондықтан жанама әдістерді қолданады. Олар әртүрлі қағидаларнегізінде құрылуы мүмкін. Бұл мақсаттар үшін мысалы, плетизмографияны, оксигемометрияны және индикаторлы газдарды өлшеу концентрациясы (гелий, азот) қолданылады. Өкпенің тіршілік сыйымдылық шамасына байланысты қалыпты жағдайда қалдықтық көлем 25-30% құрайды деп саналады.

 

№ 2 жұмыс. Спирография. Өкпенің өмірлік сыйымдылығын және оны құрайтын компененттерді анықтау.

Жұмыс мазмұны: Спирографтың көмегімен «Спиро-2» аурудың тыныс алу көлемін тыныштық және физикалық ауыртпалықтан кейінгі велоэршометрде анықтау.

1. Тыныс алу көлемі-бұл дем алғанда және дем шығарғандағы әр тыныс алу цикліндегі ауа көлемі

2. Дем алудың қорлық көлемі- бұл кәдімгі дәм алғаннан кейінгі, максимальді дем алғандағы ауа көлемі.

3. Дем шығарудың қорлық көлемі – бұл кәдімгі шығарған-нан кейінгі максимальді дем шығарғандағы ауа көлемі.

4. Өкпенің өмірлік сыйымдылығы- бұл өкпеден шығатын максимальді терең дем шығарғандағы ауа саны мен максимальді терең дем алғандағы және максимальді дем шығарғаннан кейінгі өкпеде қалған ауаның саны.

5. Тыныштыққа тыныс қозғалысының жиілігі -1минутта 12-16 ға тең.

6. Минуттық тыныс алу көлемі- тыныс қозғалысының минуттық жиілігі тыныс алу көлемі туындысы ретінде анықталады.

№ 3 жұмыс Қалыпты жағдайда және физикалық күш түскеннен кейін тыныс алу жиілігін анықтау.

Жұмысқа қажетті заттар: Ритмоспирометр, велоэргометр

Жұмыс барысы: Тыныс алу жиілігі ритмоспирометр арқылы өлшенеді. Ритмоспирометрге тыныс алудың қайта түзушісін қосып, «0» потенциметрді орналастырады. Электр жүйесі тумбілерін іске қосып, құралды 10мин ішінде қыздырады. Тыныс алудың түзушісін маңдайға датчик еріндер деңгейінде болатын жағдайда қою керек. Қайта түзушіні текстильді құлып арқылы бекітеді. 2-3 минут өткеннен индикатор тыныс алу жиілігіне сәйкес келетін биіктікке ауытқуы керек. «0» қалпына келгеннен кейін құралда велоэргометрдегі физикалық ауыртпалықтан кейін (1кг салмаққа 1вт) тыныс алу жиілігін өлшеу керек.

Жұмыс өңделуіне ұсыныстар: Зерттеулердің протоколын өңдеңіз. Физикалық ауырпалық кезінде және қалпына келу уақыты кезінде тыныс алу жиілігі биіктігінің өзгерісін белгілеңіз. Өкпелік желдетудің себебін физикалық ауыртпалық кезінде түсіндіріңіз.

 

№4 жұмыс. Атмосфералық қысымның төмендеген кезіндегі тыныс алудың реттелуі.

Тыныс алу жиілігі саналғаннан кейін егеуқұйрықты Камов насосының астына орналыстырады және жаймен ауаны шығара бастайды. Тыныс алу жиілігі өзгерісін және ритмін, тереңдігін бақылайды.

Қорытыныды.

№5 жұмыс. Тыныс алуды тоқтату арқылы анықталатын функционалды талдама.

Жай тыныс алу жағдайында дем шығару және дем алу кезінде максимальды тынысты ұстап тұру уақытын анықтаймыз. Зерттелуші 3 – 4 минут бойы қалыпты тыныс алады, содан соң қалыпты тыныс алудан кейін терең тыныс алады немесе терең тыныс шығарады және демді мүмкіндігінше ұзақ уақыт ұстап тұрады.Секундомерді қолдану арқылы демді ұстап тұрған уақыттан қайта қалпына келу кезінің уақытын анықтайды.Екі жағдайда да демді максималды ұстап тұру уақытын анықтау үшін үш тәжірибиенің өлшемдерін қолданады және орташа статистикалық мәнін алады. Қалыпты тыныс алу

форсировкасында (өкпені жасанды желдендіргеннен кейін) демді максимальді ұстап тұру уақытын анықтайды. Зерттелуші 1-2 минут бойы біршама терең мөлшерде тыныс алады(жиілікпен емес), содан соң максимальды тыныс шығармай немесе тыныс алмай тұрады.Алынған үш шаманың орташа мәнін қолдану арқылы әр кезеңде демді максисальді ұстап тұру мөлшерін анықтайды.Егер спирографияның диаграммалық лентасының қоөғалыс жылдамдығы белгілі болса максимальды дем ұстап уақытын жазу және спирограммады анықтау қажет.

Қорытынды:

№6 жұмыс. Тыныс алуға әсер ететін қоршаған орта факторлары.

Егеуқұйрықты 100 градус суы бар эскираторға орналастырады. Содан кейін мұзы бар эскираторға салады. Тыныс алу жиілігі өзгерісі, ритмі, тереңдігін бақылайды.

Қорытынды.

№7 жұмыс. ГУМ 2 газоанализатордың қөмегімен дем шығару ауасында СО2 мөлшерін анықтау. СО2 құрамын анықтау оптикалық – акустикалық газанолизатормен жүргізіледі. Көмір қышқыл газының инфрақызыл радиациясының жұтылуының таңдаулы сатыларының өлшемінің әрекет потенциалына негізделген. Әрекет ету принципінің негізін инфрақызыл радиация негізін екі нихрохромды сәулелендіргіш қызметін атқарады. Радиация негізі иілген металл айнаға бейнеленеді де, оған екі оптикалық канал түседі. Жиілігі секундына 5 рет болатын синхронды электр айналдырғышты айналдыру арқылы екі ток та бір уақытта обтюратормен жабылады. Радиацияның сол канал ағымы жұмыс камерасына өтеді және өлшем камерасының целиндрлік сәуле қабылдағыштың сол жағына түседі. Радиацияның оң канал ағымы өлшем камерасының оң цилиндрлік сәуле қабылдағышыны өтеді. Барлық сәуле қаюылдағыш цилиндрлер шағылыстырушыдан периодты түрде түсетін инфрақызыл сәулелерді жұтатын көмірқышқыл газымен толтырылған. Бұл жұту периодты қызуды шақырады және сәулеқабылдағыш қысымының периодты пульсациясына сәйкес сәулеқабылдағыш (жиілігі 25 гц) газдың салқындауын тудырады. Сәулеқабылдағыштар радиация ағымы түсетін,айырмашылығы жұмыс камерасындағы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты болатын, сәулеқабылдағыш цилиндрді бөлетін мембранана конденцаторының микрафонына вмантирленген өлшем камерасымен байланысты. Ауыспалық қысым айырмашылығы конденсатор микрофоны арқылы ауыспалы жоғарлатқышта түзіледі және тіркегішке, жазғыш приборға түседі.

Қорытынды:

№8 жұмыс. Сызбанұсқа

Өкпе көлемдері (ДО, РОВд, РОВ, ООЛ, МОД) және көлем (ОЕЛ, ЖЕЛ, ФОЕ)

 

өкпенің өмірлік көлемі
Дем шығарудың резервтік көлемі
Тыныс алу көлемі
Дем алу резервтік көлем
өлі кеңістік көлемі
Қалдық көлем
Терең дем шығару
Терең дем алу

 

Диафраммалық дем
демнің тоқтауы
тежелген дем  
тежелген дем
өзгеріссіз дем(қалыпты)

 

Оттектің парциальді қысымы

Қабырға аралық бұлшықеттерге
Диафрагмаға
Варолиев көпірі
Тыныс алу орталығы (инспираторлық орталық)
Шығу орталығы (Экспиратолдық орталық)
Апиейстикалық орталық
Пневмотоксикалық орталық
тыныс алу орталығының сткутурасы

Тыныс алу бұлшықеттерінің қозғалтқыш нейрондары


Асқазан ішек жолдарының бөліп шығару қызметтері
Потобөлім
Эритропоэз
Гемоглобиннің оттегіге сәйкестігі
Эритроциттердің мөлшері
Қанның оттекті көлемі
Соғу көлемі
Жүрек соғуының жиілігі
Қанның буферлік құрамы
Гемоглобиннің мөлшері
Қан ағысының жылдамдығы
Гормональды регуляция
Тыныс алу орталығы
Тамырлардың хеморецепторлары

Бүйректің бөліп шығару қызметі


Тақырып бойынша мәселе есептер:

№1жұмыс.

Жұлынның травмасы әсерінен кеуделік демалу бұзылды, бірақ диафрогмальді демалу сақталды. Бұл травма қандай локализация әсерініен болды?

№2 жұмыс. Зерттелуші СО2 қосылысы көбейген ауамен демалғанында оның дем алу жиілігі қалай өзгереді?

№3 жұмыс. Қандай МОД, егер ЖЕЛ – 4100мл, Ровд – 2000мл, РОвыд – 1700мл, ЧД – 18 рет минутына?

№4жұмыс. Адамда жабық кеңістікте гиперкапния көрініс берді. Бұл жағдай демалу жиіліг мен өкпелегі газ алмасуға қалай әсер етеді?

№5 жұмыс. 6000м биіктікте авария кесірінен пассажирлік ұшақ салоны разгермитизацияға ұшырайды. Осы биіктікте, ауа қысымы 355 мм.рт.ст кезінде пассажирлердің тыныс алу жиілігі қалай өзгереді?

№6 жұмыс. Науқас көмірқышқыл газбен уланғанда өзин әлсіз және тез шаршағанын сезінеді. Осындай өзгерістердің механизмі қандай және осы кезде қан құрамындағы оттек көлемі қаншаға өзгереді?

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Қалыпты физиология кафедрасы

 

№ 12 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып:

Тыныс алу және қан айналым бойынша қорытынды сабақ.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

 

 

 

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

 

 

Астана 2013ж.

 

1.Тақырып: Тыныс алу және қан айналым бойынша қорытынды сабақ.

1. Мақсаты: Тыныс алудың негізгі этаптарын оқу,тыныс алу рефлексі механизмін ұғу;тыныс алу жүйесінің тұрақты принципін түсіндіру,гемоглбиннің қисық диссоциациясын құрастыра білу.

2. Оқу мақсаты: тыныс алу жүйесінің тұрақты принципін түсіндіру,гемоглбиннің қисық диссоциациясын құрастыра білу.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жүрек қызметінің реттелу жолдары. Жүрек қызметін реттелуінің жүйкелік механизмі. Қанайналымның гуморалды реттелуі;
  2. Тістер мен ауыз қуысының шырышты қабаты тітіркенгенде жүрек қызметінің рефлекстік өзгерісі.
  3. Қан тамырларының морфофункционалды жіктелісі. Қан тамырлары бойымен қанның жылжуын қамтамасыз ететін факторлар және гемодинамика параметрлері;
  4. Бет-жақ аймағы мен ауыз қуысы тіндерін қанмен қамтамасыз ету жүйесі.
  5. Қан қысымы,оның өлшемін тереңдететін факторлар.Ауыз қуысының әр түрлі манипуляциясында қан қысымының өзгеру себептері.
  6. Қан қысымын анықтау тәсілдері. Артериялық қан қысымының қисық сызығы. Қан ағу жылдамдығы. Артериялық пульс. Вена тамырымен қанның қозғалысы, веналық пульс.
  7. Микроциркуляция. Тіндердегі және ауыз қуысы мүшелеріндегі (периодонта, тіс пульпасы) микроциркуляция ерекшеліктері.
  8. Ауыз қуысының шырышты қабатының капиллярларын зерттеу тәсілдері: капилляроскопия, капиллярография.
  9. Тамырлар тонусының рефлекстік реттелуі. Тамыр қозғалтқыш орталық.
  10. Тамырлар тонусының нервтік-гуморалдық және рефлекстік реттелуі.
  11. Қанайналу процесінің организм үшін маңызы;
  12. Жүрек және оның гемодинамикалық қызметі;
  13. Жүректік кезіңдер және оның фазалық құрылымы;
  14. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері.Қозу, әрекет потенциал генерациясы ерекшелігі.Экстрасистолалық жүрек автоматиясының градиенті;
  15. Жүрек қызметін зерттеу әдістері.Жоғарғы және жүректік соғулар, олардың пайда болуы, таралуы және анықтау әдістері;
  16. Жүрек тонының пайда болу механизмдері, тыңдау орындары;
  17. Жүрек қызметінің электрлік көрінісі.ЭКГ.ЭКГ физиологиялық маңызы.Электрокардиограмма қалыпты жағдайда.
  18. Тыныс алу, оның маңызы мен кезеңдері.
  19. Сыртқы тыныс алу механизмі. Дем алу мен дем шығару биомеханикасы. Плевралық қуыстағы қысым, оның негізі мен сыртқы дем алудағы ролі.
  20. Анатомиялық және функционалдық өлі кеңістік.
  21. Өкпе көлемдері. Оны анықтау әдістері.
  22. Өкпедегі газдардың алмасуы. Оттегінің қанмен тасымалдануы. Оксигемоглобиннің диссоциация сызығы, оның сипаты. Қанның оттегіне сыйымдылығы. Көмірқышқыл газының қанмен тасымалдануы.
  23. Ұлпадағы газ алмасуы.
  24. Тыныс орталығы. Тыныстың өзіндік реттелісі (Геринг-Брейер рефлексі). Тыныс алудың гуморальды реттелуі.
  25. Сөйлеу қалыптасу кезіндегі ауыз қуысы мен танысалу мүшелерінің ролі.
  26. .Шайнау, жұту және демалудың өз ара байланысы.
  1. Білім берудің және оқытудың әдістері

1. Ритмокардиоэнцефалоскопта жүректегі биоэлектрлік құбылыстарды тіркеу

2. Жүректің шекарасын анықтау.

3. Жоғарғы соғуды анықтау

3. Жүректің аускультациясы.

4. ЭКГ-дегі жазба және сараптама

5. Тәжірибеден экстрасистолаларды алу.

6. Жүректің өтпелі жүйелерінің сараптамасы (Станниустың тәжірибесі).

7. Кесте мен сызбанұсқаның сызбасы: Жүрек жасушасының ЭКГ, ПД

8. Жүректік рефлекстер

9. Артериальдық пульстің пальпациясы және оның сипаттамасы

10. Пульсотахометрдің көмегімен артериальдық пульсті тіркеу, сфигмограмманың сараптамасы

11. Реография

12. Адамдағы артериальдық қысымды анықтау

13. Жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметтік сынамасы

14. Құрғақ және сулы спирометрдің көмегімен спирометрия

15. Спирография. Өкпенің өмірлік көлемін және оның құрамындағы компоненттерін анықтау

16. Қалыпты және физикалық жүктемеден кейінгі тыныс алу жиілігін анықтау

17. Төменгі атмосфералық қысым жағдайындағы тыныс алудың регуляциясы

18. Тыныс алудағы тежелуімен қызметтік сынама.

19. Қоршаған орта факторларының тыныс алуға әсері.

20. Газоанализатор ГУМ-2-нің көмегімен шығарылған ауа құрамындағы СО2-ні зерттеу

 

Дебиет

Қазақ тілінде

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  1. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

 

 

Қосымша:

1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

 

7. Бақылау

Билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Date: 2015-12-13; view: 1836; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию