Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы





Радиоизотопты сцинтиграфия тәсілімен кез келген сүйектің қабыну процестерін анықтауға және остеомиелитті сүйектің қатерлі ісігінен ажыратуға болады. Радиофармпрепарат ретінде технеций немесе галлий пирофосфатын пайдаланады. Бұл тәсілдің ұтымды жағы сүйек қабынуын алғашқы күндерінен бастап көрсететіні. 70-суретте (сцинтиграмма) радиофармпрепараттың оң жақ ортан жіліктің қабыну ошағында түзілгені көрінеді.

Сурет 70. Ортан жіліктердің сцинтиграммасы. Радиофармпрепарат оң жақ ортан жіліктің қабыну ошағында жиналған.

Сүйектердің ұсақ секвестрлерін, қабыну ошақтарын, айналасындаға тіндердің өзгерістерін анықтауда компьютерлік томографияның маңызы өте зор. Созылмалы остеомиелитпен ауырған науқастардың арнайы және арнайы емес иммундық статусын анықтап, жарадағы патогенді микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығы тексеріледі. Антибиотикограммада көбінесе стафилококтар және грам теріс микрофлораның монокультурасы немесе олардың көптеген антибиотиктерге төзімді ассоциациясы анықталады. Созылмалы остеомиелитте науқастардың стафилококк анатоксинінің титрі, арнайы емес иммунобиологиялық реактивтілігінің көрсеткіштері - комплемент титрі, фагоцитарлық белсенділігі т. б. төмендейді. Созылмалы гематогенді остеомиелиттің комплексті емінің ең негізгісірадикалды операция – некрэктомия (секвестрэктомия). Операцияның мақсаты сүйекті, айналасындағы жұмсақ тіндерді өліеттерден, іріңнен толық тазарту, іріңді жыланкөздерді сылып алып тастау. Санацияланған сүйек куыстарын науқастың өз бұлшықеті, сүйегі, шеміршегі, терісі немесе консервіленген сүйек, шеміршекпен тығындап, пластика жасау. 71-суретте созылмалы гематогенді остеомиелитте сүйек қуысын бұлшықетпен пластикалау көрсетілген.

Сурет 71. Созылмалы гематогенді остеомиелитте сүйек қуысын бұлшықетпен пластикалау. а - сүйек қуысын санациялап, пластикаға дайындау; б - пластикаға бұлшықетті мобилизациялау; в - бұлшықет сүйек қуысына салынып тігілуі; г - пластикаланған бұлшықеттің бетін сүйек қабымен, бұлшықеттермен жабу.


72-суретте сүйек қуыстарын санациялау тәсілдері көрсетілген.







Date: 2015-12-12; view: 605; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию