Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет 46. Тромбофлебит
Сау венада тромбтардың пайда болуы флеботромбоз деп аталады. Тромбофлебиттің этиологиясы, патогенезі. Көктамырға инфекция тікелей гематогенді немесе айналасындағы қабыну ошақтарынан (абсцесс, флегмона, остеомиелитте) жанасу арқылы және лимфогенді жолдармен түседі. Венаның асептикалық қабынуы тамырішілік катетерлерді ұзақ мерзім қолдануда кездеседі. Тромбофлебиттің дамуына көптеген факторлар әсер етеді: 1 – венада қан ағымының баяулауы; 2 – қан құрамының өзгерістері; 3 - тамырдың зақымдануы; 4 – адам ағзасындағы нейротрофикалық және эндокринді өзгерістер, аллергиялық реакциялар; 5 – инфекция. Көктамырлардың варикозды кеңеюі, геморрой, ісіктер, іш қуысына жасалатын көлемді операциялар, көктамырларды ұзақ мерзімді катетерлеу және көк тамырларға жоғары концентрациялы дәрілер енгізу жиі тромбофлебитпен асқынады. Қабыну кезінде көктамырдың ішкі қабатының (эндотелийдің) зақымдануы, қан ұю процестерінің белсенденуімен шектелмейді. Фибринолиз ингибиторларының, гепарин, фибринолиз белсендіргіштерінің синтезі төмендеп, гиперкоагуляция орын алады. Венада қабыну процесі ішінен басталса, эндофлебит, сыртынан басталса, перифлебит, барлық қабаттарын қамтыса, панфлебит дамиды. Эндофлебитте эндотелиалды қабат полиморфты – ядролық лейкоциттермен инфильтрацияланады, осы араға тромбтар түзіледі, тамырдың сыртқы қабатында өзгеріс болмайды. Перифлебитте венаның сыртқы қабаты қабынады және vasa vasorum (венаның тамырлары) тромбозданады. Панфлебит – тамырдың барлық қабатыныңқабынуы. Егер де іріңді тромбофлебитте – тромбтар менвенаның қабаттарында микробтар колониясы анықталса, инфекцияның жан жаққа таралып, сепсиспен асқыну қауіптілігі жоғарылайды.Тромбофлебит тамыр, оның ішіндегі тромб, тамыр мен нервтерді қоршайтын дәнекер тіндердің склероздануымен аяқталады. Тамыр қабырғасын жартылай қамтыған тромбофлебитте көк тамырдың өзегі емдеу нәтижесінде толық қалпына келсе, тамырды толық бітейтін тромбофлебиттер венаның облитерациясы немесе өзегінің жартылай ашылуымен аяқталады. Тромбофлебит ағымына байланысты: 1. жедел, созылмалы; 2. локализациясы бойынша: беткейлі, терең; 3. қабыну түріне келсек: іріңді, іріңді емес деп бөлінеді. Тромбофлебит көбінесе 90%-дан жоғары аяқ, жамбас қуысы, тік ішек веналарында жиі дамиды. Қол, ми, ішек веналарында, қақпалы венада сирек кездеседі. Әйел адамдар ерлерге қарағанда жиі ауырады. Клиникалық көріністері. Терең веналардың жедел қабынуларында, алғашқы күндерде науқастың аяғы қатты ауырады, ісінеді, аяқтың терісі кернеліп бозарады, кейде цианозданады, дене қызуы 39-40ºС дейін көтеріліп, науқасты қатты мазалайды. Ауырған аяқ сау аяққа қарағанда суық болып келеді. Іріңді тромбофлебитте қабынған тамырдың бойында пайда болған абсцестер аяқ флегмонасына әкелуі мүмкін. Кейбір ауруларда жедел тромбофлебит созылмалы түріне ауысып, қабыну 10 күннен 3 айға дейін жалғасады. Беткейлі орналасқан аяқ тромбофлебитінде қабынған веналардың бойында аздап ауырсыну, дене қызуы 37,5 – 38°С көтеріліп, бара-бара төмендеп, қалпына келеді. Ауырған аяқ біраз ісінеді, қабынған, тромб түзілген веналар бойында тері қызарады, кейінірек абайлап пальпациялағанда осы тұстарда қатаю, инфильтрация анықталады. Беткейлі тромбофлебит көбінесе үлкен тері асты венасында дамиды. Аяқтың терең және беткейлі созылмалы тромбофлебиттері бірнеше айдан 1 жылға дейін созылып, қайталанып жиі рецидив береді. Созылмалы тромбофлебиттердің түріне көшпелі (миграциялы) тромбофлебитті жатқызуға болады. Көбінесе қол аяқтың беткейлі веналарында дамиды. Кенеттен қол-аяқтардың веналарында ауыратын түйіндер пайда болып, сол жердің терісі қызарып, ісінеді, тез арада қабыну кері қайтып, басқа тамырларда дамиды. Дене қызуы субфебрилді. Ауру жылдар бойы созылып, қайталанып отырады, көбінесе ер адамдарда кездеседі, бұл сырқаттың тағы бір ерекшелігі веналармен коса артерияларды да қамтиды, сондықтан тромбофлебиттің бұл түрін облитерациялық тромбоангииттер тобына жатқызады. Флеботромбоздар -көбінесе үлкен операциялардан кейін, қимылсыз жатқан науқастардың аяқ веналарында тромбтың түзілуі. Флеботромбоз тромбоэмболиямен жиі асқынады. Тромбоэмболияның алдын алу үшін күрделі, ауыр операциялардан кейін науқастарға міндетті түрде антикоагулянттар тағайындалып, оларды ерте қимылдатып, мүмкіндік болса ерте тұрғызған жөн. Аяқтарында варикозы бар аурулардың аяғын операциядан кейін эластикалық бинтпен орап, Беллер шинасында көтеріп ұстаса, ауырсыну азайып, ісік тез қайтады. Емі – консервативті және оперативті. Консервативті ем тромбофлебиттің жедел түрінде – аяқты көтеріп ұстап, қимылын шектеу, дене қызуы көтеріліп, аяқ қатты ауырғанда антибиотиктер, ацетилсалицил қышқылы, бутадион, реопирин тағайындалады. Қан ұюын төмендету, жаңадан тромбтар түзілмес үшін антикоагулянттар – венорутон, троксевазин, гирудин, натрий цитраты, гепарин, фенилин, пелентан қолданады. Гепарин, венорутон, троксевазин майлы таңғыштарын жергілікті қолдануға да болады. Гепарин мен новокаин блокадалары жасалады. Антикоагулянттармен емдегенде коагулограмманы бақылау қажет: Протромбиннің индексі қалыпты жағдайда 75-100% болса, тромбофлебитте 117-127% - дейін көтеріледі. Антикоагулянттармен емдегенде бұл көрсеткіш 30%-дан төмен түссе, танаудан, жатырдан, зәр шығару жолдарынан қан кету орын алады. Антикоагулянттарды туберкулездің ашық түрінде, бүйрек, бауыр ауруларында, геморрагиялық диатездерде қолдануға тыйым салынады. Физиопроцедуралық ем – ультракүлгін сәулесі, солюкс лампасы, инфрақызыл сәулелік лампа, УЖЖ, дәрілермен электрофорез тромбофлебиттің созылмалы түрінде, қабыну қайта бастағанда жүргізіледі. Тікелей тромбтарды ерітетін препараттар ретінде, аурудың бастапқы кезеңінде фибринолизин, стрептокиназа, урокиназа, трипсин, химотрипсин қолданады. Іріңді тромбофлебитте көктамырды тіліп ашып, санациялағаннан кейін тампондап, іріңді жаралар сияқты емдейді. Операция дер кезінде жасалмаса, іріңді тромбофлебит сепсиспен асқынуы мүмкін. Жоғары өрлемелі іріңді тромбофлебитте көктамыр тромбтан жоғары, қабыну жоқ жерінен байланады. Беткейлі үлкен тері асты венасының терең сан венасына құйылатын жеріне жақын орналасқан тромбтардың тромбоэмболиямен асқынуы өте жоғары. Варикозды кеңейген, тромбофлебитпен асқынған аяқ веналарына венэктомия операциялары жасалынады. VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
Саусақ тіндерінің қабынулары панариций деп аталады. Емхана хирургтарының қабылдауында болатын аурулардың 15-30% және уақытша жұмысқа жарамсыз амбулаториялық хирургиялық аурулардың 8 – 10% - ын панариций және қол абсцесі, флегмонасы құрайды. Науқастардың денсаулығына зиян келтіруімен қатар, бұл ауруларды емдеу көптеген материалдық қаржыны талап етеді. Этиология, патогенезі. Қабынуды қөбінесе стафилококтар тудырады. Инфекция қолдың микрожарақаттары арқылы түсіп, қабынуға әкеледі. Жараға түскен бөгде заттар қабынуға ықпал етеді. Инфекция түскен жерде тіндер қабынып, инфильтрацияланады, түзілген серозды сұйықтық іріңдейді. Классификациясы. Қабынудың дамуы, таралуы қолдың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, сондықтан көптеген классификацияларда анатомиялық принциптер сақталған. Панариций келесі түрлерге бөлінеді: 1. тері; 2. теріасты; 3. сүйек; 4. буын; 5. сіңір (тендовагинит); 6. паронихия; 7. тырнақасты; 8. пандактилит (саусақтың барлық тіндерінің қабынуы). Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы 47-суретте көрсетілген. Саусақтар мен алақан және алақан сыртының анатомиялық құрылымы олардың атқаратын функцияларына сай, өте күрделі болып келеді: 1)әрбір саусақты 4 артерия қанмен қоректендіріп, 4 нерв иннервациялайды. 2) алақан сыртының терісі жұмсақ, созылмалы, жеңіл жиырылады. Теріасты майы жұқа, алақанмен тығыз байланысты лимфа тамырларына бай. Сол себептен алақан іріңдіктерінде қолдың, саусақтардың сыртында ісіну ауқымды болады. Бұл ерекшелікті білмеген дәрігер іріңді қолдың сыртынан іздейді; 3) алақан терісі тығыз, эпидермисі қалың, астындағы алақан апоневрозымен жабысқандықтан қимылы шектелген. Шаш фолликулалары және май бездері жоқ, тер бездері жақсы дамыған; 4) алақан терісін астындағы апоневрозбен, сүйектердің қабығымен, сіңір қынаптарымен байланыстыратын көптеген, жіп тәріздес дәнекер тіндердің бойымен инфекция тез арада тереңге тарайды. Date: 2015-12-12; view: 678; Нарушение авторских прав |