Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Остеомиелиттің жіктелуі





Этиологиясына байланысты: 1. арнайы емес; 2. арнайы. Инфекция түсу жолдарына байланысты: 1. гематогенді; 2. гематогенді емес: а) жарақаттық; б) оқ тиген; в) жанасу арқылы. Клиникалық ағымына қарай: 1. гематогенді: а) жедел (токсикалық, септикопиемиялық, жергілікті түрлері); б) біріншілік созылмалы; в) екішілік созылмалы; 2. гематогенді емес: а) жедел; б) созылмалы.

Жедел гематогенді остеомиелит ағымына, ауырлығына, таралуына, тағы да басқа клиникалық көріністеріне қарай: токсикалық, септикопиемиялық және жергілікті деп ажыратылады. Токсикалық түрін көбінесе найзағай тәріздес деп атайды. Басталуы тез, өте ауыр түрде өтеді, бірнеше тәулікте науқасты өлімге әкеледі. Жергілікті патологиялық өзгерістер дамып үлгермейді. Септикопиемиялық түрінде ауру басталысымен тез арада бірнеше сүйектерде іріңді деструктивті ошақтар дамиды және осы сәттерде ішкі паренхиматозды мүшелерде (бауыр, бүйрек, көкбауыр, өкпе) абсцестер түзіліп, науқастың жағдайын төмендете түседі. Бактериемияның салдарынан сүйектерде жаңа іріңдіктер қалыптасады, түбінде сырқаттанған адамды өлімге әкеледі. Жергілікті түрі басқаларына қарағанда жеңіл, интоксикация аз, сүйекте бір ғана деструкциялы ошақ қалыптасады, жергілікті өзгерістер басым келеді. Бұл түрі көбінесе созылмалы түріне ауысады.

Гематогенді остеомиелиттің клиникалық көріністері: науқас аяқ астынан қол-аяқтың ірі буындарының қатты солқылдатып, шыдатпай ауырсынуына шағымданады, ауырған қол аяқты қозғалта алмайды, жалпы жағдайы төмендейді, дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, басы қатты ауырып, тамаққа көңілі соқпайды. Жасөспірім балалар, әсіресе ұлдар 3-5 есе жиі ауырады. Анамнезін сұрастырғанда балаларға суық тигенін, құлап жарақаттанғанын, іріңді инфекциямен ауырғанын анықтауға болады. Науқасты қарап тексергенде, оларда жалпы іріңді интоксикацияның белгілері байқалады: әлсіздік, адинамия, бозаруы, суық тер басуы, тыныс алуының жиілеуі, 110-120-ға дейінгі тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, систолалық шулардың естілуі, пальпацияда - бауыр, көкбауырдың үлкеюі. Науқастың жүрегі айнып құсады, іші кебеді, бүйрек тұсы керіп ауырады, Пастернацкий симптомы оң болады. Бірінші тәуліктерде науқастың ауырған аяғы бүгіңкі болады, пассивті, активті қимылдары шектеледі. Патологиялық ошақты анықтау үшін сүйек үстінен перкуссия жасау, аяқтың бойы мен өкшеден пальпациялауда қай метаэпифизде ауырсыну анықталса, сол арадан іріңдікті іздеу қажет. Біраз уақыттан кейін аяқтың ауырған жерінің жұмсақ тіндері қатайып, инфильтрацияланып ісінеді, терісі қызарады, жергілікті қызу көтеріледі. Асқынған гематогенді остеомиелитте флегмонаның жергілікті белгілері айқындалады: терінің ісінуі, қызаруы, флюктуация, кей кезде іріңдік өзі жарылып, сыртқа шығып, жыланкөз пайда болады, ал процестің өте ауыр түрлерінде 3 – 4 апта ішінде аяқтағы қабыну ошағында патологиялық қозғалыс анықталса, ол сүйектің патологиялық сынығының белгісі дегенді білдіреді. Іріңді ошақ жақын орналасқан буынға тараса, іріңді артрит дамиды: буын ісінеді, пішіні өзгереді, флюктуация анықталады, қимылы шектеледі, диагностикалық пункцияда ірің алынады. Диагностикалық қиындықтар жұмсақ тіндердің қабынуына дейін туындайды, диагнозды анықтау үшін ауырсыну анықталған жерден сүйекке арнайы инемен метафиз тұсынан пункция (остеоперфорация) жасалады. Ірің немесе фибрин аралас қанды сарысу анықталса, остеомиелиттің белгісі деп білеміз. Пункция кезінде сүйек ішіндегі қысымды анықтаған жөн: қалыпты жағдайда -50 мм су бағанасы бойынша, остеомиелитте - 300-400-ге дейін көтеріледі. Гематогенді остеомиелитте қан анализінде лейкоцитоз 20000-ға дейін көтеріледі, құрамында нейтрофил жасушалары басым болады, эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі, гемоглобин төмендеп, белоктардың альбумин фракциясы азайып, глобулиндердің альфа – 1, альфа – 2 фракциялары өсіп диспротеинемия туындайды. Зәр анализінде белоктар, лейкоциттер, цилиндрлер пайда болады. Септикопиемиялық остеомиелит түрінде бактериурия орын алуы ықтимал. Гематогенді остеомиелитте рентгенограммада патологиялық өзгерістер 10-14 - күндерден кейін ғана айқындалады. Ерте 2-3 тәулік арасында диагноз қою күрделі зерттеулерді қажет етеді: 1. Радионуклеидті сцинтиграфия-радиоизотоптық препаратарды көктамыр арқылы енгізгенде олардың патологиялық ошақта түзілуін анықтайды. 2. Қабыну ошағында температураның көтерілуін арнайы приборлармен (тепловизор) тексеру.


Гематогенді остеомиелитті ревматизм, сүйек туберкулезі және сүзек ауруларынан дифференциалды диагнотика жүргізу арқылы ажыратады. Ревматизм бірнеше ұсақ буындарды қамтиды, остеомиелитте бір буын зақымдалады. Ревматизмде буында тек қана серозды сұйықтық түзілсе, остеомиелитте ірің болады. Ревматизмде буындардың эпифизы қабынады, остеомиелитте қабыну метафизге жайылады. Сүйек туберкулезінде аяқ бұлшық еттері атрофияға ұшырайды, сүйекте остеопороз орын алады, остеомиелитте остеопороз бен қатар қуыстар пайда болады.

Гематогенді остеомиелиттекешенді ем жүргізіледі. Консервативті ем - антибиотиктер тағайындалады көбінесе линкомицин, морфоциклин, фузидин, т.б. остеотропты түрлері. Пассивті иммундық терапияны (гипериммунды антистафилококты плазма, стафилококк гамма-глобулині); белсенді иммунотерапия (стафилококк анатоксині, бактериофаг); арнайы емес иммундық препараттар: продигиозан, лизоцим, метилурацил және т.б; Десенсибилизациялық дәрілерді қолданады. Дезинтоксикациялық инфузиялық терапия міндетті түрде кешенді емге кіреді - гемодез, реополиглюкин, белокты қан алмастырушы сұйықтықтар, қан, плазма құю. Остеомиелиттік қабыну ошағы үстінен жұмсақ тіндерді тіліп, сүйекті бірнеше жерінен бұрғымен тесіп, түтікше дренаждар енгізіп, сүйек қуысын антисептиктер – (хлоргексидин, фурациллин, диоксидин, риванол) ерітінділерімен 7-10 күн жуып тазалау (66,67-суреттер) оптималды хирургиялық ем болып есептеледі.

Сурет 66. Остеомиелиттік қабыну ошағы үстінен жұмсақ тіндерді тіліп, сүйекті бірнеше жерінен бұрғымен тесіп, түтікше дренаждар енгізіп, антисептиктермен жуып тазалау.







Date: 2015-12-12; view: 610; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию