Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер





1,2-тенар флегмонасын ашу; 3-алақанның терең кеңістігін ашу. Пунктирмен алақанның терең кеңістігі көрсетілген.

U - тәрізді флегмона қол ұшының іріңді қабынуының ең ауыр түрі болып есептеледі. Бірінші немесе бесінші саусақтардың асқынған тендовагиниттерінде, іріңді қабыну білезік және шынтақ синовиалды қынаптары арқылы бір - біріне таралғанда дамиды. Интоксикация салдарынан науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, әлсіздік мазалайды. Қол ұшы қатты ісінеді, бозарады, қол тигізбей ауырады, қимылы шектеледі. Саусақтар жартылай бүгілген, оларды пассивті түрде жазу әрекеті ауырсыну сезімін күшейте түседі. Пальпация кезінде ең қатты ауырсыну бірінші, бесінші саусақтарды бүгетін сіңірлерінде және алақанның проксималды (жоғарғы) бөлігінің проекцияларында анықталады. Флегмонаның бұл түрінде іріңдік Пирогов – Парон, алақан ортасы, тенар, гипотенар және алақан сыртының кеңістіктеріне таралуы ықтимал. Емі-дер кезінде диагноз қою, іріңдіктерді тіліп ашып, дренаждау. Қол ұшының сыртқы бетінің теріасты және фасцияасты флегмоналары көбінесе тікелей жаралануында немесе алақан іріңдіктерінің асқынуында дамиды. Қабыну ошағында ауырсыну, ісіну, жергілікті температураның көтерілуі байқалады.

Қол ұшының (саусақ, алақан, алақан сырты) іріңді процестерін анатомия-топографиялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу: қабынудың серозды-инфильтративті кезеңінде спиртпен компресс салу, трипсин, химотрипсинмен электрофорез жасау, УЖЖ – терапия. Қабыну ошағына көктамыр арқылы регионарлы тәсілмен антибиотиктерді енгізумен қатар, жалпы антибиотикотерапия жүргізеді. Қабынған жердің қатты солқылдатып ауырсынуы жедел операцияны қажет етеді. Қол ұшына операция жасау үшін оның анатомиялық ерекшеліктерін, әсіресе алақандағы n. medianus тармақтарының орналасуын мұқият ескерген жөн, себебі аталған нерв тармақтары зақымдалса, үлкен саусақтың функциясы істен шығады. Нервтің алақандағы проекциясы, тенар және алақан орта кеңістігінің арасындағы тері қатпарының проксималды бөлігіне келеді. Алақанда үш бағытта 3-пунктир сызық жүргізсек, олардың қиылысының ортасында нервтің ең маңызды тармағы орналасады, осы зона өте қауіпті деп есептеледі 64-сурет.

Қол ұшында жеңіл операциялар Лукашевич –Оберст тәсілімен жергілікті жансыздандыру арқылы жасалса, асқынған іріңдіктерде венаішілік наркоз беріледі. Қол ұшының операцияларында көз операцияларына қолданатын құралдарды пайдаланған жөн. Қол ұшында іріңдіктердің таралуына байланысты сызық тәріздес, бір немесе екі жақты тіліктер жасалып, солар арқылы жаралар силикон түтікшелермен дренаждалып, іріңді қуыстар антисептиктер, протеолиттік ферменттермен жуылса, жара жылдам тазарып, тез арада жазылады.

Сурет 64. Ортанғы нервтің бұлшықеттік тармақтарының топографиясы.

 

VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.

Остеомиелит -сүйектің қабы, компактты (қатты)бөлігі, кемігі және майының полиэтиологиялық іріңді қабынуы. Аурудың қоздырғыштары көбінесе, стафилококтар болып табылады. Басқа микрофлора (стрептококк, пневмококк, энтеробактериялар немесе олардың ассоциациясы) сирек кездеседі. Сүйек остеомиелитін арнайы микробтар да тудыруы мүмкін (туберкулез таяқшасы, бозғылт спирохета, актиномицеттер т. б.) Ағзадағы әртүрлі іріңді ошақтардан (фурункул, карбункул, флегмона, абсцесс, тілме, т. б.) микроорганизмдер қан арқылы сүйекке түсіп, өздеріне қолайлы жағдайда қабыну тудырады.

Жедел гематогенді остеомиелит көбінесе ұл балалардың жілік сүйектерінде дамиды (сан, балтыр, иық). Остеомиелиттің дамуына төменде аталған факторлар әсер етеді:

1-Балалардың жілік сүйектерінің диафиздерінде (сүйек денесі) қан тамырлары магистралды түрде қалыптасса, метафиз бен, эпифизінде капиллярлар иректеліп келеді, оларда микробтар колониясы түзіліп, қабыну тудыруы мүмкін (Бобров – Лексердің эмболиялық теориясы бойынша).

2-Балалардың иммундық жүйесінің толық дамып жетілмеуі және ағзасының сенсибилизацияға, аллергияға бейімділігі (С.М. Дерижановтың аллергиялық теориясы).

3-Жас өспірімдердің жиі жарақаттануы, әртүрлі инфекцияға төзімсіздігі.

Остеомиелиттің гематогенді емес түрлерінде сүйекке инфекция сыртқы ортадан ашық сынықтарда түсіп, қабыну тудырады. Тамырларда қан ағымы баяулап, тромбтар түзілісі орын алып, сүйекті некрозға ұшыратады. Гематогенді остеомиелиттен айырмашылығы қабыну сүйектің кез келген қабатынан бастала береді. Біріншілік секвестрлер (өліеттенген сүйек бөліктері) сүйектің тікелей фрагменттеніп, үгітіліп сынуында, екіншілік секвестрлер остеомиелит процесінде пайда болады.

Гематогенді остеомиелит сүйек майы, кемігінің серозды қабынуынан басталып (ісіну, қызару, серозды экссудат түзілу), ары қарай іріңді инфильтрация түзіліп, флегмона дамиды. Осы кезеңде қабынған сүйек (остит) тамырларында тромбтар түзілсе, сүйектің некроздануы және оның ыдырап, бөлшектенуі (секвестрленуі) мүмкін. Секвестрлер кортикалды, тоталды және орталықты болып келеді.1,5- 3 апта мерзімінде остеондар (Гаверс каналдары) арқылы іріңді процесс сыртқа қарай өтіп, оның жұмсақ қабатын қамтиды. Периостит дамып, сүйек қабының астында абсцесс түзіледі, тек осы мерзімде рентген зерттеуінде жедел остеомиелиттің периосталды белгілері анықтала бастайды. Сүйек қабы шірісе, ірің айналасындағы жұмсақ тіндерге жайылады. Қабыну параоссалді және тері асты флегмонасына жалғасып, теріні тесіп шықса, іріңді жыланкөзге әкеліп соғады (fistula). Сүйекте қабыну процестері мен қатар пролиферация қоса жүргендіктен, қабыну шеттерінде грануляция түзіліп, секвестрлер сыртында 1-2 ай аралығында секвестралды қорапша қалыптасады. Секвестралды қапшықпен жыланкөздің пайда болуы (1-2 ай аралығында) қабынудың созылмалы түріне ауысуының белгісі болып табылады.

Остеомиелиттік ошақтың қалыптасу схемасы 65-суретте көрсетілген.

Date: 2015-12-12; view: 615; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию