Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 74. Гарре остеомиелиті





Негізгі емі антибиотиктер тағайындау (линкомицин, фузидин, пенициллиндер тобы), трипсинмен электрофорез жүргізу, физиотерапиялық ем-УЖЖ. Көптеген ұсақ остеомиелиттік ошақтар болса операциялық жолмен санацияланады.

Альбуминозды Оллье остеомиелиті –қоздырғыштары стафилококк, стрептококк. Қабынудың клиникалық көріністері айқын емес, қабыну ошағында жұмсақ тіндердің аздаған инфильтрациясы, терісінде болар болмас гиперемия болуы мүмкін. Гематогенді созылмалы остеомиелиттің бұл түрінің ерекшелігі қабыну ошағында ақуызға немесе муцинға бай серозды сұйықтық түзіледі, ірің болмайды. Сырқаттың патогенезі толық дәлелденбеген, аурудың туындауын қоздырғыштардың төмен вируленттілігімен, науқастың иммундық қабілетінің жоғары болуымен түсіндіріледі, қабыну процесі серозды кезеңнен ары қарай дамымайды. Кейбір жағдайларда қабыну сүйек деструкциясы (секвестрация) және іріңдеумен асқынады. Емі – операция жасап қабыну ошағын жою.

Созылмалыостеомиелиттердің біріншілік түрлерінен басқа атипиялық остеомиелиттер кездеседі. Остеомиелит дамымай тұрып ұзақ уақыт антибиотиктерді қабылдаған науқастарда атипиялық, антибиотикалық остеомиелит дамиды. Сүйекте ұсақ остеомиелиттік ошақтармен қатар остеопороз, остеосклероз пайда болады. Ағымы баяу, ауырсыну, қызару болмайды, аздап лейкоцитоз, ЭТЖ өседі. Грипп, скарлатина, сүзек, паратиф ауруларынан кейін созылмалы гематогенді остеомиелит дамуы мүмкін, атипиялық остеомиелиттің бұл түрлерін тиффозды инфекциялардан кейінгі остеомиелит деп атайды. Аурудың қоздырғыштары қарапайым іріңдіктерді тудыратын микрофлора. Емі – созылмалы гематогенді остеомиелиттің еміне сәйкес. Остеомиелиттің фиброзды түрі –қабынудан кейін сүйек майы склерозданып, бара - бара сүйекке айналады. Ісік тәріздес, біріншілік созылмалы остеомиелит – сирек кездеседі. Сүйек айналасындағы жұмсақ тіндер ісік сияқты қатайып, сүйекпен жабысып, науқасты түн мерзімінде ауырып мазалайды. Қатайған жерде қабыну белгілері, секвестрлер, жыланкөздер болмайды. Рентгендік көрінісі остеогенді саркомаға ұқсас келеді. Нақтылы диагноз биопсия, микробиологиялық зерттеулер, динамикалық бақылау (3 – 4 ай) арқылы қойылады.



Гематогенді емес остеомиелиттердіңбірнеше түрлері кездеседі: 1) сүйекке инфекция айналасындағы қабынған тіндерден таралғанда; 2) ашық сынықтарда; 3) оқ тиген жараларда. Бұл остеомиелиттер көбінесе теріге жақын жатқан сүйектерде жиі кездеседі. Мысалы аяқтың тізеден төмен бөлігінде тілменің флегмонозды қабынуында балтырдың үлкен жілігінде остеомиелит дамуы мұмкін. Саусақтардың сүйек панарицийі (остеомиелиті) теріасты панарицийінің, ал бас сүйегінің остеомиелиті бас терісінің іріңді қабынуларының асқынуы болып келеді. Ашық сынықтардың инфицирленген жараларына дер кезінде дұрыс біріншілік хирургиялық тазарту жүргізілмесе жарақаттық остеомиелит дамиды. Рентгенограммада сол аяқтың ортан жілігінің остемиелиті
көрсетілген (75-сурет).






Date: 2015-12-12; view: 422; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию