Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы
1 – тырнақ астында; 2 – паронихия; 3,4 паронихияның тырнақ астына таралуы; 5 – тері панарицийі; 6 – теріасты панарицийі; 7 – қос тюйме тәріздес тері асты панарицийі; 8 – сіңір панарицийі; 9 – буын панарицийі; 10 – сүйек панарицийі; 11 – тырнақ фалангасының сүйек панарицийі; 12 – пандактилит.
Осы аталған байламдар тері асты майын шектеп, ұяшықтарға бөліп, қабынудың жоғары не төмен жайылуын тежейді; 5) алақанның үшбұрышталып келетін беткейлі және терең орналасқан фасциялары оны үш құрылымға бөледі: Тенар деп аталатын латералды бөлігінде бірінші саусақтың бұлшықеттері, медиалды бөлігінде (гипотенарда) бесінші саусақтың бұлшықеттері орналасқан. Алақанның ортаңғы бөлігінде саусақтарды бүгетін сіңірлердің астында және бетінде майлы клетчакалар түзілген. Осы май қабаттарының ішінде беткейлі және терең артериалды доғалары мен саусақтардың нервтері жатады. Алақан ортасындағы іріңдіктер Пироговтың майлы кеңістігіне және алақанның 2 – 4 – саусақтарының сыртына таралуы мүмкін. 6) саусақтардың, қолдың әрбір сіңірлері, қан тамырлары, нерв талшықтары жеке-жеке синовиалды қынаптармен көмкерілген. Сіңірлердің синовиалды қынаптарында экссудат түзілсе, қан тамырлары қысылып, сіңірлердің некрозына әкеледі, тек қана дер кезінде қынапты тіліп ашып, сіңірледі сақтап қалуға болады. 7) екінші, үшінші, төртінші саусақтардың сіңір қынаптары жеке-жеке, аталған саусақтардың алақанмен қосылған тұсынан тұйық басталып, саусақ ұштарына дейін жалғасады. Білезік және шынтақ синовиалды қынаптарымен байланысы жоқ. Бірінші саусақ сіңірінің қынабы алақанның білезік қынабына, ал бесінші саусақтікі шынтақ қынабына қосылып, бұлар өрлей келе квадратты пронатор бұлшықетінің бетінде жатқан Пирогов - Парон майлы клетчаткалы кеңістігінде аяқталады, 48-суретте көрсетілгендей.
Date: 2015-12-12; view: 601; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|