Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы





1 – тері астында; 2 – интрамаммарлы; 3 – ретромаммарлы; 4 – галактофорит.

Клиникалық көріністері, диагноз қою. Маститтің бастапқы кезеңінде дұрыс диагноз қойылып, тиісті ем жүргізілсе, қабыну тоқтап, кері қайтуы әбден мүмкін. Жедел маститті лактостаздан ажырата білу өте маңызды. Лактостазда екі омырау бірдей сүтке толып, керіп ауырады, пальпация ауырсынусыз, сүт жеңіл сауылады, омырау сүттен босағаннан кейін керіп ауырғаны басылады. Қанның анализдерінде өзгерістер байқалмайды.

Жедел серозды маститте науқас аяқ астынан қалтырап тоңады, дене қызуы күрт жоғарлап, терлейді, әлсірейді, қабынған омырау қатты ауырады, ісінеді, пальпациялағанда ауырсыну күшейе түседі, шектелмеген инфильтрат анықталады. Сүтті сауғаннан кейін де жағдайы жеңілдемейді. Қанның анализінде лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі.

Жедел инфильтративті маститте қабынудың клиникалық көріністері ауырлай түседі, дене қызуы 38 – 39°С дейін жоғарылайды, пальпациялағанда шекарасы айқын инфильтрат анықталады. Микроскопиялық зерттеуде сүт құрамында көптеген лейкоциттер кездеседі, қандағы сілтілі фосфатазаның белсенденуіне байланысты сүттің қышқылдығы жоғарылайды.


Флегмонозды, абсцесті маститтерде қабынудың жалпы және жергілікті белгілері күшейе түседі. Дене қызуы үнемі жоғары немесе тәулігіне бірнеше рет жоғарылап, күрт төмендеп (гектикалық температура), науқасты қатты әлсіретеді. Бездің инфильтрациясы, гиперемиясы үлкейіп, инфильтраттың ортасы жұмсарады, флюктуация (бүлкілдеу) симптомы анықталады. 39-суретте флегмонозды маститтің көрінісі.







Date: 2015-12-12; view: 595; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию