Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып № 8 Балалардағы ерін мен тіл аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі
2. Мақсаты: Студенттерге балалардағы ерін мен тіл ауруларының клиникасы, диагностикасы, емі бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту 3. Дәрістің тезисі: 1. - десквамативті глоссит (географиялық тіл), - қары (шашты) тіл, - қатпарлы тіл, - ромб тәрізді глоссит, - тілдің неврогенді ауруларын ажыратады. Десквамитивті глоссит (географиялық тіл- glossitis desguamatica) Бұл тілдің өзіндік пластинкасының қабынулы-дисторфиялық ауруы.Ол тілдің арқасының және бүйір қабырғаларының сыртқы сипатының өзгерістерімен сипатталады.Эпителии мүйізденуінің ошақты бұзылыстарымен және тіл емізікшелерінің дистрофиялық өзгерістерімен көрінеді. Этиологиясы: Жиі десквамативті глоссит асқазан-ішек жолының (АІЖ) аурулары кезінде кездеседі.Оның дамуының себептері болып: - эндокринді-вегетативті бұзылыстар, - инфекциялық аурулар, - коллагеноздар Десквамативті глоссит экссудативті диатездің бір көрінісі болуы мүмкін.Ауру дамуында тұқым қуалаушы фактордың да алатын орны зор. Клиникасы: ДГ-ті,аурудың субьективті әсерлері болмағандықтан,оны ауыз қуысының кездейсоқ қарау кезінде.Тек кей жағдайларда ғана тілдегі қыжылдау сезіміне,парестезияларға шағымдар болуы мүмкін(ауыз қуысын гигиеналық күтудің жеткіліксіздігінде,көп мөлшерде саңырауқұлақтар басып кетсе,микробтық тепе-теңдік бұзылған кезде). Эпителии десквамациясы Бұл тілде түрлі формадағы,мөлшердегі,қызыл түсті ұяшықтардың пайда болуы.Десквамация ошақтар сақина,жартылай сақина формаларында болады.Саңырауқұлақ тәрізді емізікшелер қалыңдап ұлғаяды.Зақымдану ошағының айналасында мөлшерлі кератоз байқалады,ол үнемі ақ жолақ түзіп отырады. Тіл бетінің өзгерістері тұрақты емес.Десквамация ошақтары үздіксіз кеңейіп,ал бұрын десквамацияланған ошақтарды қайтадан жіп тәрізді емізікшелер басады.Көбінесе ошақтар ұлғайып бір-біріне қосылып кетеді,тіл бетінің біршама мөлшерін алуы мүмкін.Жаңа эпителиленген ошақ орнында не оған жақын жерде қайта десквамативті ошақ түзілуі мүмкін,ол бірнеше күнге созылып қайтадан эпителиленеді. Патологиялық зерттеу кезінде: Десквамация ошағындағы эпителии жұқаруы анықталады,ал ошақ айналасында паракератоз,аз мөлшерде гиперкератоз байқалады.Эпителии астындағы дәнекер тінде қабыну инфильтрациясы айқын емес. Ажырату диагностикасы: - лейкоплакиядан - қызыл жалпақ теміреткеден - екіншілік сифилистен - жүйелі қызыл жегіден. Емі: жергілікті емді қажет етпейді.Ауыз қуысын санациялау,аз сілтілі ерітінділермен шаю,түрлі тітіркендіргіштерден аулақ болып, ауыз қуысына жақсы гигиеналық күтім жасау. Қыжылдау сезімі кезінде тілге цитраль ерітіндісінен, 5-10 % анестезинінің Е витаминінің майлы ерітіндісінен,0,1 % Na мефенаминаты қоспасынан аппликация тағайындалады.Гипосенсибилиздеуші терапия көрсетілген қажет жағдайларда соматикалық ауруларды емдеу үшін басқа да мамандар кеңесі ұсынылады. Хейлит- (cheilitis; грекше cheilitos ерін+-itis)- ерін терісінің және қызыл етінің;шырышты қабықшасының қабынуы.Өздігінен дамитын – өзіндік хейлитті және басқа аурулар кезінде дамитын симтоматикалық Хейлитті ажыратады.Мысалы,гиповитаминозда Хейлиттің көбірек таралған формалары: эксфолиативті,гландулярлы,контактілі-аллергиялық,метеорологиялық,кандидозды,экзематозды,еріннің созылмалы жарылуы,Манганоттидің абразивті преканкрозды хейлиті. Эксфолиативті хейлит- еріннің қызыл етінің толығымен созылмалы қабынуы.Жиі төменгі ерін зақымданады.Этиологиясы толығымен зерттелмеген.Көбінесе еріндерін жиі жалайтын,не тістейтін әдеттері бар адамдарда,тиреотоксикозбен ауыратын науқастарда кездеседі.Мүмкін болатын ауру себептеріне иммунды бұзылыстарды,аллергияны,генетикалық факторларды жатқызады. ЭХ-тің құрғақ және экссудативті формаларын ажыратады.Құрғақ формасы кезінде еріннің қызыл етінде дамудың түрлі кезеңдеріндегі жартылай мөлдір қабыршақтар болады.Қабыршақтар ортасынан тығыз бекіп,ал шеттері көтеріліп тұрады.Қабыршақ пайда болғаннан кейін 5-7 күннен соң оңай бөлініп,олардың орнында ашық қызыл ойылыңқы орын қалады.Науқастарда ерін құрғақтығы,тамақтану кезіндегі зақымдану аймағындағы қыжылдау сезімі мазалайды.Қабыршақтарды жұлып алса,эрозиялар пайда болады. Экссудативті формасы ісінуімен,гиперемиясымен сипатталады.Ерін қызыл етінде ірілеу іріңді қабыршақ пайда болады.Қабыршақты алып тастаса,ерін беті қызарып,дымқылданып жалаңаштанады.Науқастар тамақ қабылдаған кездегі қыжыл сезімінен,ауырсынудан қиналады.Кейде хейлит бір түрден,екінші түріне ауысады. Ауру ағымы- созылыңқы. Диагностика үрдістің типті локализациясына,өзіндік клиникалық көрінісіне негізделеді. ЭХ құрғақ формасын метеорологиялық және контактілі-аллергиялық хейлиттен,қызыл жалпақ теміреткеден,қызыл жегіден ажыратады.Ал,экссудативті формасын көп формалы экссудативті эритемадан,дәрілік аллергиядан,көпіршіктен,қызыл жалпақ теміреткінің эрозивті-жаралы формасынан ажыратады. Емі: аз эффективті. Нейролептиктер(тиоридозин) немесе транквилизаторлар(хлозепид,сибазон және т.б) тағайындайды.Психотерапия курсын жүргізеді.Тиреотоксикозбен ауыратын науқастар эндокринологтан арнайы ем қабылдайды.Құрғақ формасы кезінде индифферентті майларды,кремдерді,гигиеналық помадаларды жағады. Белгілі эффект рентгенотерапиядан кейін(Букки сәулелерінен) байқалады.Экссудативті формасы кезінде қабыршақтарды алдын-ала алып тастау рентгенотерапия әсерін жоғарлатады. Рентгенотерапия курстарының арасында инфильтративті новокаиндық блокада жүргізеді (5 мл 0.25 % новокаин ерітіндісін қатпар ауысатын жеріне енгізу).Инемен емдеудің де оң әсері бар.Жас адамдарда ауру ағымы жеңілірек өтіп, өздігінен сауығуы да мүмкін. Ал,қарт адамдарда хейлит нашар емделеді,көбінесе симптоматикалық сипатта болады. Гландулярлы хейлит: Жас адамдарда еріннің шырышты қабатындағы және ауысатын аймағындағы кіші сілекей бездерінің туа пайда болған ақаулары салдарынан дамиды(біріншілік гландулярлы хейлит).Егде жастағы адамдарда кіші сілекей бездерінің гиперплпзиясына және гиперфункциясына әкелетін бірқатар аурулардың (қызыл жегі,қызыл жалпақ теміреткі) салдарынан дамиды(екіншілік хейлит).Біріншілік гландулярлы хейлитте сілекей бездерінің саңылауы кеңейіп,ерінді теріс айналдырғанда сілекей тамшысы бөлінеді,ол «шық» тәрізді болады. Жиі саңылау аймағында гиперкератоз сақинасы байқалады,кейде мүйізделу кең аймақта жүреді. Екіншілік гландулярлы хейлитте еріннің қызыл еті және шырышты қабықшасы гиперемияланады,ісінеді,ауысу аймағында сілекей бездерінің кеңейген өзектері байқалады,одан мөлдір сілекей тамшысы бөлінеді,екіншілік инфекция қосылса,»ірің» бөлінеді. Емі: сілекей бездерін алып тастау не электрокогуляция жүргізу.Екіншілік гландулярлы хейлитте емдік шаралар негізгі ауруға бағытталады.Болжамы қолайлы,алайда малигнизациға айналу жағдайлары тіркелген. Контактілі аллергиялық хейлит химиялық агент әсерінен дамиды,баяу типті аллергиялық реакциямен көрінеді.Жиі ерінге арналған далаптарды көп қолданатын әйел адамдарда дамиды.Сонымен қатар:тіс пастасы компоненттері,тіс протездерінің пластмассасы ауру себебі болып табылуы мүмкін. Патологиялық процесс ерін қызыл локализацияланады,бірақ кей жағдайда шырышты қабықшаға,теріге жайылуы мүмкін.Клиникасы бір бөлігінің не толығымен ісінуімен,гиперемиямен,қабыршақ,қотыр түзілуімен,эрозиялар түзілуімен,жарылуымен сипатталады. Науқастар қышуға және қыжылдау сезіміне шағымданады.Диагноз анамнез мәліметтеріне, аурудың клиникалық көрінісі негізінде қойылады.Осы негізге сүйеніп контактілі аллергиялық хейлитті эксфолиативті хейлиттен,метеорологиялық хейлиттен ажыратамыз. Емі: алдымен этиологиялық фактор әсерін жою қажет.Антигистаминді препараттарды(супрастин,тавегил және т.б),жергілікті глюкокортикоидты майларды(фторокорт,флуцинар және т.б) тәулігіне 5-6 реттен аппликация түрінде тағайындайды. Болжамы:қолайлы.
Date: 2015-12-12; view: 2137; Нарушение авторских прав |