Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жарақаттық сипаттағы зақымданулар
Бала жастағы ауыздың шырышты қабықшасының жедел механикалық зақымданулары өткір заттардың,соққылардың,тістеудің,зиянды әдеттердің нәтижесінде дамиды.Жиі жарақат себебі ауызға түрлі заттарды салу (ойыншықтар, қарындаштар,үшкір заттар) болып табылады. Көбінесе жарақаттар бұзылған тістердің өткір қырлары,немесе жалғыз уақытынан бұрын жарған тіс әсерінен болуы мүмкін(астынғы жақ тістері). Зақымдалу аймағында шырышты қабықшаның жарақаттық гиперемиясы,ісіну,эпителии десквамациясы немесе некрозы, эрозия,жаралар дамиды. Жарақаттық зақымдалудың пайда болуы арнайы емес қабыну нәтижесінде өте қатты ауырсынумен және ісінумен өтеді.Ауырсыну жұтынған кезде,сөйлеген кезде күшейеді.Дене қызуы жоғарлауы,регионарлы лимфадениттің белгілерінің пайда болуы,баланың жалпы жағдайының нашарлауы, жылағыштық, ұйқысының бұзылуы мүмкін. Зақымдалу орнында гематома, эрозия не түрлі тереңдіктегі,өлшемдегі жара пайда болады.Жараның екіншілік инфицирленуі ұзақ жазылмайтын жараның дамуына әкеледі.Жара айналасында шырышты қабықшаның өзіндік қабатының шектелген қабынуы және инфильтрациясы пайда болады. Инфицирленбеген жара мүмкіндігінше тез эпителиленеді.Зақымдалу аймағы және регионарлы лимфа түйіндерін пальпацияласа ауырсынады.Жарақаттық жаралар сілекей бөлінуінің күшейуіне әкеледі. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабықшасының жедел жарақаттық зақымдануының диагностикасы көп қиындық әкелмейді,аурудың анамнезінен-ақ жарақат себебін біле аламыз. Тек,бірқатар жағдайларда жекеленген емес,ауыз қуысының шырышты қабықшасының,тістердің,жақтардың комбинирленген жарақаты болуы мүмкін.Бұл жағдай жарақат дәрежесін анықтау үшін қосымша зерттеу әдістерін қажет етеді. Ауыз қуысының шырышты қабықшасының жедел механикалық зақымдануларының емі жарадан жарақаттаушы затты не оның бөлігін алып тастаудан,көрсеткіштер болған жағдайда антисептикалық өңдеуден кейінгі тігуден тұрады.Жараға тігіс салудың қажеттігі болмаған жағдайда антисептикалық ерітінділермен(фурациллин,этоний,этакридин лактаты,0.5 % сутегі асқын тотығы,калий перманганаты,дәрілік шөп қайнатпалары:шалфей,түймедақ,зверобой,чай,танин) тәулігіне бірнеше рет шаю тағайындалады.Асты ұнтақ тағам түрінде қабылдаған жөн.Ас қабылдар алдында жергілікті антисептиктерге және анестетиктерге батырылған тығын қою керек.Жараның жазылуын және эпителииленуін жылдамдату мақсатында кератопластикалық заттардан(шырғанақ майы,А витамині) аппликация жасалынады.Ауыз қуысының шырышты қабықшасының үлкен тыртықты жарақаты жазылып кеткеннен кейінде бет –жақ-тіс аймағындағы өсіп келе жатқан тіндердің деформацияларының алдын алуы үшін сәбиді диспансеризациялауды талап етеді. Бала жастағы ауыз қуысының шырышты қабықшасының, жұмсақ тіндерінің созылмалы механикалық жарақаттары жедел түріне қарағанда жиі кездеседі. Мұндай зақымданулар себебіне: сүт тістердің ауысуының дұрыс дамымауында тістің өткір қырларымен не түбірлерімен ауыз шырышты қабықшасын ұзақ уақыт зақымдау,ортодонтиялық препараттармен бұрыс констрикциялау,зиянды әдеттердің(тіл,ерін,ұртты тістердің арасына қысу,тістеп алу) болуы,қатты таңдайға жұқа жабысқыш заттарды жапсыру(шемішке қабығы,ойыншық бөлшектері және т.б) жатады. Көкжөтел, бронхит кезіндегі тоқтаусыз жөтел ұстамалары тіл тілшесінің астыңғы тістермен жарақатталуына әкеледі.Кей жағдайларда жарақаттар бір топ тістердің болмауынан,не тістеу аппаратының ақаулары нәтижесінде дамиды. Созылмалы жарақаттану кезіндегі жаралар айналасындағы тіндердің гиперемиясымен,ісінуімен,шырыш асты қабаттың инфильтрациясымен,грануляциялық тін дамуына бейімділігімен,пролиферативті көріністерімен сипатталады.Ал,кей жағдайларда арнайы емес қабыну,қалыпты жағдайда эпителии кератинизациясы жүрмейтін аймақтардағы эпителиидің мүйізделуімен көрінеді. Созылмалы механикалық жарақаттанудың клиникалық көрінісі декубитальды эрозиялармен немесе қызыл иек,ұрт,ерін,тілдердің,тілше,қатты таңдайдың неауыз қуысының басқа бөлімдерінің жараларымен көрінеді.Субьективті тұрғыда ауырсыну болмауы мүмкін.Кей жағдайларда бала мазасызданып,тамақ ішуден бас тартуы мүмкін.Жара инфицирленуі нәтижесіндегі процесс өршуі жара айналасындағы тіндердің ісінуімен және регионарлы лимфа түйіндерінің ауырсынғыштығымен жүреді.Баланың жалпы жағдайы зардап шекпейді,дене қызуы,ұйқысы қалыпты болады. Жарақаттық эрозиялардың және жаралардың формасы зақымдаушы зат формасына байланысты түрлі болады,тереңдіктеріде,мөлшерлеріде әртүрлі болып келеді;жара шеті көтеріңкі,аздап гиперемиялы,ісіңкі болады.Жара түбі ақшыл сары жабындымен жабылады.Жара және оның айналасындағы лимфа түйіндері пальпациялағанда ауырсынады.Шырышты қабықшаны үнемі тістеу жұмсақ лейкоплакия типі бойынша созылмалы қабынумен сипатталады. Ерін,ұрт,тілдің ісіңкіреген шырышты қабықшасында тістердің тістесу сызығы бойымен ауырсынбайтын ақшыл не батпақ-сұр түсті гиперплазияланған жолақтар пайда болады.Олар оңай алынады,орны қанталап тұрады.Көбіне мұндай өзгерістер мектеп оқушыларының және бала бақшаның ересек топтарындағы балалардың ауыз қуысын профилактикалық қарау кезінде байқалады. 1 жасқа дейінгі сәбілердің ауыз қуысының шырышты қабықшасының созылмалы механикалық жарақаттануларының клиникалық формаларының ішінде жаңа туған сәбилердің афталарының(Беднар) орны ерекше.Мұндай афталар әлсіреген,салмағы аз,ауыр аурулармен ауырған,ұзыншақ,қатты резеңке емізіктерді көп қолданатын жасанды тамақтанудағы 1айға дейінгі нәрестелерде дамиды.Трофикасы нашар,шала туған нәрестелердің ауыз қуысының эпителии жабындысы жарақаттық реакцияларға шыдамсыз келеді.Жұмсақ таңдайдың қатты таңдайға ауысар жерінде шеттері анық,формасы дөңгелек не сопақша жаралар пайда болады(қанат тәрізді өсіндінің,ілмектің проекциясында).Эрозияланған жара түбі сары-сұр жабындымен жабылады,айналасында қабыну сақинасы түзіледі.Жара ауырсынғыштығына байланысты нәресте тамақтанудан қашады. Бала жастағы ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің созылмалы механикалық жарақаттануларының диагностикасы қиынырақ.Анамнездік мәліметтерді толығымен жинау және аурудың обьективті белгілеріне мән бере зерттеу дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.Ішкі аурулардың декомпенсирленген жағдайындағы трофикалық бұзылыстары кезіндегі спецификалық сипаттағы (туберкулез,сифилис,СПИД) ұзақ уақыт бойы жазылмайтын субьективті және обьективті белгілері ұқсас жаралармен дифференциалды диагностика жүргізуіміз қажет. Диагнозды нақтылау мақсатында жара ішіндегісін цитологиялық зерттеу,бөліндіні бактериологиялық зерттеу секілді арнайы тәсілдер қолданылады. Date: 2015-12-12; view: 1422; Нарушение авторских прав |