Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балалардың жедел инфекциялық аурулар кезінде ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануы





Дифтерия таңдай бадамша бездерінің,жұтқыншақ шырышты қабықшасының,жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталады,процесс қызыл иектерге де таралуы мүмкін.1-5 жастағы балалар ауырады. Клиникасы жедел басталады,баланың жалпы жағдайы нашарлап,дене қызуы 38 градус С дейін жоғарлайды.Тамағындағы ауырсынуға байланысты жұтына алмайды,жұмсақ таңдай,таңдай доғалары жәнебадамша бездер гиперемияланып,қатты ісінеді. 1-2 тәуліктен кейін жұтқыншақ ақ-сұр жабындымен толық жабылады,жабындыны алған кезде асты қанталап тұрады.Жабынды фибриннен,лейкоциттерден,эпителиден тұрады,сондықтан кейде түсі тотықты не кір-сұр түсті болады.Мұндай өзгерістер қызылиектеде жүріп жатады. Ауыздағы бөртпелер жақасты және мойын лимфа түйіндерінің айқын лимфаденитімен бірге қосарланады.

Дифтерияның ажырату диагностикасын белгілері ұқсас қан ауруларымен,қызылшамен,скарлатинамен,баспамен жүргізеді.

Жел шешектің инкубациялық кезеңі 2-5аптаны құрайды, 1-8 жастағы балалар ауырады.Ауру әлсіздікпен,терілік бөртпелермен,дене қызуының 38 градус С жоғарлауымен өтеді.ЖШ-те ауыз қуысының шырышты қабықшасында жеңіл гиперемия фонында көпіршіктердің,түрлі бөртпенің,ауырсынатын эрозиялардың пайда болуы тән.Бұлар ас қабылдауды қиындатады.

Инфекциялық мононуклеозда(Филатов ауруы). Инкубациялық кезең 1-2 аптаға созылады.Баланың бірден жалпы жағдайы нашарлап,дене ыстығы жоғарылайды,жақ асты,мойын,шүйде лимфа түйіндері ұлғаяды,баспа пайда болады.Бауыры және көкбауыры ұлғаяды.Ауыз қуысының шырышты қабықшасы ісінген,гиперемияланған,афталар,эрозиялар пайда болып,геморрагиялармен көрінеді.Ауру 7-10 күнге созылып,лейкоцитозбен(20-25*10 тоғыз литр),лимфоцитозбен(60-70%), моноцитозбен, ЭТЖ жылдамдауымен сипатталады.

Инфекциялық мононуклеозды баспа,дифтериямен ажырату диагностикасын жүргізеді.

Корь. Этиологиясы. Ауру қоздырғышы-РНК-құрамды,парамиксовирустар тобына жататын фильтрленетін вирус. Ауа-тамшылы жолмен жұғады. Инкубациялық кезеңі 7-14 күн.

Эпидемиологиясы: 6 айдан 4 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Клиникасы: Аурудың басқа симптомдары болмаған кезде,яғни продромальды кезеңінде ауыз қуысында бөртпелер пайда болады.

Клиникалық көрінісі қызба,жоғары тыныс алу жолдарының катарымен,терідегі макуло-папулезді бөртпемен,коньюктивитпен, ауыз қуысындағы өзгерістермен сипатталады.

Терілік бөртпелердің шығуына 1 -2 күн қалғанда қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында түсті дұрыс емес формадағы дақ-қызылшлық энантема пайда болады. 1 -2 күннен соң олар бір-бірімен қосылады.

Эпителидің беткі қабаттарының дегенерациясы және некрозы салдарынан Филатов-Коплик дақтары шығады.Ол тері бетінен көтеріліңкі орналасқан,ақ-сары түсті,шеттері ашық қызыл шеттікпен көмкерілген аймақ.Тампонмен сүрткенде кетпейді. И.О.Новик оларды «әк шашырандысы» деп сипаттайды.Жиі олар жоғары жақтың үлкен азу тістердің тұсындағы ұрт шырышты қабықшасында орналасады.Ұзақтығы 2-3 күнге созылады,теріде бөртпелер пайда болғанда жоғалады,бірақ ұртта гиперемия сақталып қалады.Жалпы жағдайы нашарлаған кезде,интоксикация күшейген жағдайда жараны стоматит,жақ остеомилиті,басқа сүйектер остеомиелиті дамуы мүмкін. Ауыз қуысы санацияланбаған науқастарда асқынулар дамуы мүмкін.Қызылша кезінде ағза реактивтілігі,инфекцияға қарсыласу қабілеті төмендейді,сондықтан балаларда созылмалы герпетикалық инфекцияның өршуіне әкеледі.

ОГС,скарлатина,РГС,молочницамен ажырату диагностикасын жүргізеді.

Емі: ОГС,РГС алдын алу үшін аппликация түрінде вирусқа қарсы препарпттарды қолдану,ауыз қуысының гигиенасын қамтамасыз ету,еріндегі жарылуларда кератопластикалық препараттармен емдеу көрсетілген.

Желшешек. Этиологиясы:ауру қоздырғышы фильтрленетін вирус.Жұғу жолы-ауа тамшылы.

Эпидемиологиясы: Инкубациялық кезеңі 10-12 күннен, 6 айдан 10 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Клиникасы: ауру жедел басталады,дене қызуы 37-38 градус С дейін жоғарылайды,теріге дақты-везикулярлы бөртпе шығады.Ауыз қуысы,еріннің шырышты қабықшасында дақ,папула,кейін көпіршік пайда болады,оларды жарып тастаса беті фиброзды жабындымен жабылған эрозиялар қалады.Еріннің қызыл етінде қабыршақтар түзіледі.Желшешектегі бөртпе полиморфты сипатта: дақ,көпіршік,папула,эрозия.Бұл элементтер қатты және жұмсақ таңдайда,тілде,ұрт,ерін,тамақтың шырышты қабатында,жұтқыншақ,қабақта,коньюктивада,жыныс еріндерінде шығуы мүмкін.Эрозиялар тыртықсыз жазылады.Кей балаларда жақ асты лимфа түйіндерінің лимфадениті дамиды,ол пальпацияланғанда аздап ауырсынады.

Емі: жергілікті 1.ауырсынуды басатын препараттар

2.антисептикалық өңдеу

3.вирусқа қарсы

4.кератопластика

5.ауыз қуысының гигиенасы

Скарлатина. Этиологиясы: ауру қоздырғышы- А тобының гемолиикалық стрептокогының серологиялық типтері.

Тамшылы контактілі жолмен жұғады. Инкубациялық кезең 3-7 күн.

Эпидемиологиясы: 2 жастан -6-7 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Шағымдары: 39-40 градус С дене қызуының жоғарлауына,тамағындағы ауырсынуға,тәбет төмендеуіне,аузының құрғауына.

Клиникасы: Аурудың бастапқы кезінде жоғары температура фонында тіл жабындымен жабылады.Тілдегі бұл өзгерістердің үлкен диагностикалық маңызы бар,аурудың жасырын формаларында ауыз қуысындағы өзгерістер айқын болады. 3-4 күні жабынды жіп тәрізді емізікшелермен қоса түсіп қалады,тіл беті тегістеліп,жалаңаштанады,саңырауқұлақ тәрізді емізікшелер қалады,мұны»малина» тәрізді тіл деп атайды.Жұмсақ таңдай,бадамша бездер шырышты қабықшасы қызарады,гиперемия ошағы шектелген 2 тәулікте гиперемияланған ошақта ұсақ нүктелі энантеме пайда болады,кейін олар ұрт,қызылиек шырышты қабықшасына таралып,3-4 күні теріде пайда болады.

Емі: Симптоматикалық. Эпителидің жоғары десквамациясымен күресу,шырышты қабықша құрғауында,қыжылдауында- антисептикалық шаю,ауырсынуды басатын,кератопластикалық заттар көрсетілген.

Ауыз қуысын гигиеналық күту,жарақаттаушы және инфицирлеуші факторлардан аулақ болу (кариозды қуыстарды дентимен жабу).

 

 

Date: 2015-12-12; view: 1058; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию