Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Көрнекі материал: презентация, слайдтар. 1.Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста
Дебиет негізгі: 1.Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640с. 2.Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744с. 3. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615с.
қосымша: 1.Стоматология детского возраста. Под редакцией Т.Ф.Виноградовой. – М., Медицина, 1987. – 526 с. 2. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф.Т.Ф.Виноградовой. Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003. 3. Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических заболеваний у детей. – Алматы, 2007. – 99с. 4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям. -М., 2007.- 214с. 5.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев. 2007- 815с. 5. Абылкаирова Г.С. Абралина Ш.Ш. «ОСКЕ бойынша бала жасындағы стоматологиядан бағалау әдісі». Оқу -әдістемелік нусқау 14. 04.2008 ж. (хаттама № 6), 6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 1. Берднар афтасының клиникалық симптомдары. 2. Ауыз қуысы шырышты қабатының химиялық зақымданулардың емдеу принциптері 3. Ауыз қуысы шырышты қабатының скарлатина ауруда болатын өзгерістер. 4. Ауыз қуысы шырышты қабатының қызылша ауруда болатын өзгерістер. 5. Ауыз қуысы шырышты қабатының желшешек ауруда болатын өзгерістер ДӘРІСТІК КЕШЕН: Тақырып № 7 Балалардағы ауыз қуысы сілемейлі қабығының аллергиялық аурулары. Дәрі–дәрмектік стоматит. Қайталанбалы афталар. Клиникасы, емі. Көп түрлі экссудативті эритема. Стивенс–Джонсон синдромы. Лайелл синдромы. Клиникасы, емі. 2. Мақсаты: Студенттерге балалардағы ауыз қуысы сілемейлі қабығының аллергиялық аурулары. Дәрі–дәрмектік стоматит. Қайталанбалы афталар. Клиникасы, емі. Көп түрлі экссудативті эритема. Стивенс–Джонсон синдромы. Лайелл синдромы. Клиникасы, емі.теориялық білімін қалыптастыру және бекіту. 3. Дәрістің тезисі – Көпформалы экссудативті эритема- жедел басталатын,жылдар бойы созылатын кең таралған ауру.5 жастан жоғары балаларда,жастарда,орта жастағы адамдарда кездеседі. Көпформалы экссудативті эритема (КЭЭ)- инфекциялық аллергиялық генездегі өзіндік жеке ауру не бірқатар медикаментозды препараттарды көтермеген жағдайдағы(антибиотиктер,сульфаниламидті препараттар, аспирин және т.б) токсикодермияның бір көрінісі болуы мүмкін. КЭЭ 2 формасын ажыратады: 1.Инфекциялы- аллергиялық; 2. Токсико- аллергиялық. КЭЭ инфекциялық аллргиялық формасы суық мезгілде ағзаның жалпы жағдайы төмендеген кезде жедел басталады.Көп жағдайда КЭЭ дамуына баспа себеп болады. Қалтырау,жалпы әлсіздік,делсалдық пайда болады.Дене қызуы 38-39 градус С не одан жоғары болады.Балалар басының ауруына,көз алмаларындағы,бұлшықет,буындарындағы ауырсынуға шағымданады.Тамақ ауруы мүмкін. 1-2 күннен соң теріде диаметрі 1-2 см,ісіңкіреген,ортасы көкшіл- қоңыр жарылған көпіршік тәрізді шеттері өте айқын дақ пайда болады.Бөртпелер алақанның және табанның сыртына,шынтақтың сыртқы бетіне,шынтақ,тізе буындарының жазғыш беттеріне шығады. Терілік элементтердің шығуы өте қатты қышумен сипатталады.Бөртпелер шыққан соң 2-3 күн өткен соң жалпы көріністер біртіндеп азаяды,тек кей балаларда температура және делсалдық 2-3 апта бойы сақталуы мүмкін. Ағымының ауырлығы негізінен СОПР- дің зақымдалуымен байланысты ауыз қуысында КЭЭ шырышты қабықшаның бірден жайылмалы гиперемиясымен және ісінуімен немесе шектелген ісінген эритемамен басталады.Олардың фонында 1-2 күн өткен соң субэпителиалды көпіршіктер пайда болады,олар 2-3 күннен соң жарылып,орнында қатты ауырсынатын эрозия пайда болады.Эрозиялар бір- бірімен қосылып үлкен эрозияланған бөліктер түзеді,оның бетін сары-сұр жабынды басады,жабындыны алса,орны қанайды. Эрозиялар екіншілік инфицирленуі мүмкін.СОПР зақымдалуы өте қатты ауырсынумен жүреді.Еріннің қызыл етінде эрозиялар қанды қабыршақтармен жабылады,жақ асты лимфа түйіндерінің лимфадениті дамиды.Никольскии симптомы теріс.СОПР кезінде бөртпелердің кетуі 3-5 аптаға созылады.Қанда лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Инфекциялық аллергиялық КЭЭ ұзақ рецидивті ағымға ие. Көктем- күз мезгілдерінде өршиді. Токсико аллергиялық КЭЭ бала дәрілік-аллергенмен контактіде болған кезде рецидив береді.Бөртпелі жайылмалы сипатта болуы мүмкін.Барлық науқастарда шырышты қабықша зақымдалады. КЭЭ токсико-аллергиялық формасына мезгілдік рецидивтер тән емес.Оның дамуы жалпы симптомдармен бірге жүреді.Оның пайда болуының және рецидивтер жиілігі науқастың дәрілік аллергенмен контактіде болуына байланысты.Зақымдалу ауырлығы және рецидивтер ағымының ұзақтығы ағзаның иммундық жағдайына байланысты. Стивенс-Джонсон синдромы теріде және шырышты қабықшада генерализденген көпіршікті бөртпелердің болуымен сипатталатын,жедел дамитын токсико- аллергиялық ауру(басқаша аты жедел шырышты-терілік-көздік синдром). Көктем-күз мезгілдерінде жасөспірімдер,мектеп жасындағы,сирек мектепке дейінгі балалар ауырады. Стивенс-Джонсон синдромы «улы» агент енгізілуіне ағзаның гиперергиялық реакциямен жауап беруі. Ауру жоғары температурамен(уру жоғары температурамен(39-40 С) басталады,ол баяу төмендейді,3-4 апта бойы субфебрильді деңгейде сақталады.Бөртпелер бір уақытта шырышты қабықшада және теріде пайда болады.Ауыз қуысының,ерін,тілдің шырышты қабықшасы ісінеді,көпіршіктенеді,эрозиялар мен жараларға толы болады.Ерін қанды-іріңді қабыршақтармен жабылады.Көз коньюктивасы да зақымдалады,онда да көпіршіктер,эрозиялар болуы мүмкін.Қабақ терісі ісініп,қабыршақтанады.Кератит және панофтальмит ауыр жағдайларда соқырлыққа әкеледі.Гениталиндік шырышты қабаты ісініп,онда,полиморфты бөртпелер пайда болады,жиі Мұрыннан қан кетеді.Асқазан-ішек жолының бұзылыстары айқын көрінеді.Теріде-қызыл түсті ісінген дақ,ірі көпіршіктер болады.Олардың диаметрі қызыл түсті ісінген дақ,ірі көпіршіктер болады.Олардың диаметрі 3-5 см не одан үлкен болып,дененің үлкен аумағын алуы мүмкін.Никольскии симптомы «оң» болады.КЭЭ ауыр формасында жалаңаштанған эрозиялы тері беті екіншілік инфицирленеді.Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған,ауырсынады.Перифериялық қанда:лейкоцитоз,лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы,ЭТЖ гипидамуы байқалады,алайда бұл өзгерістер болмауы мүмкін. Лайелл синдромы: КЭЭ ең ауыр формасының бірі- Лайелл синдромы,не оны эпидермальды токсикалық некролиз деп атайды.Ауру жедел басталып тез өршді.Науқастың жағдайы өте ауыр болады,терісінде ірі эритематозды дақтар және көпіршіктер пайда болады.Эпидермис тері бетінен ажырай бастайды нәтижесінде,тері жабындысы жалаңаштанып,үлкен эрозиялы беткейлер түзеді.СОПР,көз,асқазан-ішек жолы,жыныс ағзалары,ішкі ағзалар,ЛОР ағзалары зақымдалады. Никольскии симптомы оң болады.КЭЭ диагнозын нақтылау үшін бактериалды аллергендермен тері-аллергиялық сынамалар жүргізеді,гистаминді сынамасын,лейкоцитолиз реакциясын жүргізеді.Нейтрофильдердің зақымдалу көрсеткіштерін анықтайды. Ажырату диагностикасы.КЭЭ-ны қызыл жалпақ теміреткеден,шынайы көпіршіктен,Дюринг дерматитінен,ОГС ауыр формасынан,медикаментозды стоматиттен ажырату керек. КЭЭ-лы балалардың емі комплексты,Этиопатогенетикалық тұрғыда болуы керек.Жалпы емі десенсибилиздеуші препараттардан,антибиотикотерапиядан,витаминотерапиядан,кальции препараттарынан,қабынуға қарсы препараттардан,кортикостероидтардан,иммуномодуляторлардан тұрады.Арнайы емдәм тағайындалады.Жылы сұйықтар көп ішкізіледі. Жергілікті емі: Ауырсынуды басатын заттар,протеолитикалық ферменттер ерітінділері,антисептикалық препараттар,кортикостероидты майлар,кератопластикалық заттар қолданылады.Ауыз қуысының гигиенасын сақтау қажет. Date: 2015-12-12; view: 1173; Нарушение авторских прав |