Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көрнекі материал: презентация, слайдтар





Дебиет

негізгі:

1.Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 б.

2.Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744 б.

3. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 б.

 

қосымша:

1.Стоматология детского возраста. Под редакцией Т.Ф.Виноградовой. – М., Медицина, 1987. – 526 б.

2. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф.Т.Ф.Виноградовой. Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003.

3. Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических заболеваний у детей. – Алматы, 2007. – 99 б.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям. -М., 2007.- 214 б.

5.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев. 2007- 815 б.

5. Абылкаирова Г.С. Абралина Ш.Ш. «ОСКЕ бойынша бала жасындағы стоматологиядан бағалау әдісі». Оқу -әдістемелік нусқау 14. 04.2008 ж. (хаттама № 6),

 

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Десквамативті глосситтің этиологиясы.

2. Десквамативті глосситтің негізгі клиникалық симптомы.

3. Десквамативті глосситтің емдеу принциптері.

4. Эксфолиативті хейлиттің негізгі клиникалық симптомы

5. Контактілі аллергиялық хейлиттің емдеу принциптері.

 

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

Тақырып № 9 Балалардың жарақаттануының себептері, алдын алу шаралары. Балалар тістерінің жарақаттары. Бет сүйектері мен жұмсақ тіндерінің жарақаттары. Клиникасы, диагностикасы, емі.

2. Мақсаты: Студенттерге балалардың жарақаттануының себептері, алдын алу шаралары. Балалар тістерінің жарақаттары. Бет сүйектері мен жұмсақ тіндерінің жарақаттары. Клиникасы, диагностикасы, емі бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту

3. Дәрістің тезисі:

Тістердің жарақаты – бұл тістің, оны қоршаған тіннің анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы немесе тістің тіс қатарындағы тұрған орнының өзгеруі. Бірмезетте әсер етуші себептердің әсерінен болған жедел және ұзақ уақыт тіске үлкен күштің әсерінен болған созылмалы жарақаттарды ажыратады.

ММСИ Балалар стоматологиясы кафедрасымен жасалған балалар тістерінің жедел жарақатының жіктемесін ажыратады:

1. Тістің соғылуы (тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен немесе зақымдануынсыз).

2. Тістің шығуы

· Толық емес (тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен немесе зақымдануынсыз).

· Енгізілген (тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен немесе зақымдануынсыз).

· Толық

3. Сыну

· Тістің сауытының сынуы: а) эмаль аймағында; б) эмаль және дентин аймағында тіс қуысының ашылуымен немесе ашылуынсыз

· Тіс мойнының сынуы а) тіс түбінен төмен – қызыл иек қалтасының, тіс түбінен жоғары – қызыл иек қалтасының

· Тіс түбірінің сынуы, улпаның жыртылуымен немесе жыртылуынсыз, сынықтардың: көлденең, ұзыннан, қиғаш, жарықшақтық ығысуымен немесе ығысуынсыз а) мойын аймағының, б) ортаңғы аймақтың, в)жоғарғы аймақтың.

4. Жарақаттың бірлескен түрі

5. Тістің ұрық жапырақшасының жарақаты

 

Тістердің жарақатының клиникалық суреті әртүрлі. Әртүрлі болуы жарақаттық зақымдалудың сипатына, балалардың жасына байланысты тістердің құрылымына (қалыптаспаған түбір, өсу аймағының болуы және т.б.) байланысты.

Әрбір жарақат алған балаға клиникалық және қосымша зерттеулер жүргізу керек. Ондай зерттеулерге: жалпы қарау, пальпация, перкуссия, сонымен қатар құралмен қарау – тіс рентгенографиясы, электроодонтометриялық зерттеулер.


Клиникалық қарау кезінде сынудың деңгейін, тістің ығысуын, альвеоланың сынуын, тістің боялуын, окклюзияның бұзылуын, қоршаған тіндердің зақымдануын анықтау қажет.

Авторлар тістің жарақаты бар баланың барлық реабилитация кезеңін 3 кезеңге бөледі:

1. кезең – баланың дәрігерге алғаш қаралу кезінен оған біріншілік мамандандырылған медициналық көмек көрсетілгенге дейінгі біріншілік қаралу кезеңі

2. кезең – анамнез жинаудан, жарақаттың себебін анықтаудан, осыған қоса клиникалық сауығуға дейінгі мамандандырылған емделуден басталатын мамандандырылған медициналық көмек.

3. кезең – жарақаттанған тістердің функциясын қалыптастыру және емін аяқтау, диспансерлік бақылау.

1 – ші кезеңде тісінің жарақаты бар бала (жұмсақ тіндердің және жақсүйектің зақымдануынсыз және бас миының шайқалуынсыз) балалар стоматологтарынан ем алады.

2 – ші кезеңде тісінің жарақаты бар балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі, ол келесілерден тұрады:

· медициналық құжаттарды толтыру

  • анамнез жинау
  • клиникалық зерттеу әдістерін жүргізу (қарау, пальпация, перкуссия)
  • арнайы зерттеу әдістерін жүргізу
  • рентгенологиялық зерттеуді жүргізу
  • электроодонтометриялық зерттеулер жүргізу
  • диагнозды қою
  • арнайы ем жүргізу

 

Жарақаттанған тісті емдеу әдісін тандаған кезде Т.Ф.Виноградов және оның әріптестері 8 класқа бөлінетін ДДҰ бойынша тұрақты тістердің жарақаттарының жіктемесін қолдануды ұсынады.

Класс 1. Шамалы құрылымдық зақымдануы бар (эмальдің жарығы) тістің соғылуы.

1Түр. Түбірдің өсуінің аяқатлмауымен тістің соғылуы

Бұл кезде жарықтар эмаль-дентин шекарасына дейін жетпейді немесе мүлдем болмайды. Бірінші дәрежелі тістің шайқалуы болуы мүмкін, тісті қоршаған тін зақымданбаған. Осындай жарақаттары бар балаларға бірінші аптада тамақты тістеуге болмайды. Бала диспансерлік бақылауға алынады, пульпаның өміршендігі және түбірдің қалыптасуының интенсивтілігі тексеріліп отырады. Патологиялық өзгерістер пайда болатын болса (қозғалыс көлемінің ұлғаюы, тістің түсінің өзгеруі, ауырсынуы) консервативті ем жүргізіледі.

2Түр. Түбірдің ұшының қалыптаспауымен тістің соғылуы.


Науқастарда тістеген кезде ауырсыну пайда болады. Эмальді-дентин шекарага өтетін тіс сауытында жарықшақ пайда болады, тістің қозғалмалығы 1 дәрежелі, перкуссия кезінде ауырсынады. ЭОМ зерттеу өткізген кезде – пульпа реакциясы төмендеген.

Егер ЭОМ динамикалық зерттеу пульпаның өлгенін көрсетсе, консервативті ем жүргізіледі (улпаның терең немесе өмірлік ампутациясы). Егер улпа өмірлік қабілетін жоғалтпаған болса, диспансерлік бақылау жүргізеді (реабилитацияның 3-ші кезеңі).

3Түр. Толық қалыптасқан түбірі бар тістің пульпасының некрозымен тістің соғылуы.

Тістің түсі өзгерген, кейде қызыл иекте жыланкөз пайда болады, ЭОМ-да улпаның өлуі. Эндодонтикалық ем және диспансерлік бақылау жүргізеді.

Класс 2. Тіс сауытының асқынбай сынуы.

Жарақаттың бұл түрі жиірек кездеседі, эмаль мен дентиннің үлкен құрылымдық өзгерістері пайда болады.

1Түр. Түбірдің әр түрлі қалыптасу дәрежесіне байланысты эмаль деңгейіндегі тіс сауытының сынуы.

Эмальді-дентин шекарасы деңгейінде визуальді эмаль жарықшағы немесе медиальді бұрышының немесе дистальді бөлігінің бөлініп қалуы.

Емі: бір жұма бойы тіске тыныштық жасау, өткір шеттерін егеу, тістің сынған бөлігін құрамында фторы бар лакпен жабу, динамикада ЭОМ. Егер жарақаттанған тістің реакциясы қалыпты болса, косметикалық эффект үшін жанындағы тұрған тісті егеу керек. Түбірлік жүйе қалыптасқанға дейін диспансерлік бақылау қажет.

2Түр. Тіс сауытының эмаль мен дентин аймағында қуыстың ашылуынсыз және қалыптаспаған түбірлік жүйемен сынуы.

Қараған кезде дентинді әртүрлі деңгейлерде қоршайтын тіс сауытының сынуы анықталады. Әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен науқастарда ауырсыну сезімі болады, тістің перкуссиясы ауырсынумен, рентгенограммада периодонтальді қуыстың кеңеюі анықталады.

Емі: ЭОМ –ның бақылауымен эндодонтикалық кірісулер немесе улпаның температуралық тітіркендіргіштерден және инфекциядан жедел түрде қорғанысын тағайындау мәселелері шешіледі. Соңғы жағдайда дентинге кальмецинді немесе гидрооксикальциді салған соң жарақаттанған тіс темір сауытпен қапталады. Ол тістің түбірі толық қалыптасқанға дейін тұрады.


Егер тістің түбірі қалыптасса, сауыт 1-1.5 айдан кейін алынады. Осыдан кейін тісті қалпына келтіреді.

Класс 3. Тіс сауытының асқынып сынуы.

Бұндай сынулар кезінде тістің улпасы улкен кеңістікте немесе бір ғана нүктеде ашылуы мүмкін. Механикалық және температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен ауырсыну пайда болады. Тістің түсі қалыпты, ұлпаның некрозы кезінде – өзгерген. ЭОМ қатал көрсеткіштер бойынша ғана және абайлап өткізіледі. Емнің 3-ші кезеңі маңызды.

1Түр. Тіс қуысының нүктелік ашылумен және толық қалыптаспаған түбірлік жүйемен тіс сауытының сынуы.

Емі: Егер жарақат алған соң бірнеше сағат өтіп кетсе, ұлпаны құрамында калиі бар препаратпен жабу және жасанды сауыт салу әдісін қолданады. Егер бала медициналық көмекке тәулік өткен соң немесе бірнеше күннен кейін қаралса, өмірлі кампутация әдісін қолданады.Түбірлік жүйенің қалыптасуын динамикалық бақылайды және ұлпаның өмірге қабілеттілігін тексереді.

2 Түр. Тіс қуысының аздаған ашылуы бар және толық қалыптаспаған түбірлік жүйемен тіс сауытының сынуы.

Бұндай сынулар кезінде өмірлік ампутациялар (түбірлері қалыптаспаған болса) немесе ұлпаның өмірлік экстирпациясы тағайындалады.

3Түр. Ұлпаның некрозы, тіс қуысының ашылуы, тіс сауытының сынуы, түбірдің өсуінің аяқталмауы нәтижесінде.

Емі түбірінің өсуі тоқтамаған және өсу аймағы сақталған тістердегі периодонтит сияқты.

Түр. Тіс сауытының эмаль деңгейіндегі және дентиннің сынуы тіс қуысының ашылуына әкеледі және толық қалыптасқан тамырының ұшын зақымдайды.

Эндодонтикалық ем көрсетілген.

Диспансерлік бақылау 1,5-2жыл көлемінде.

Класс 4. Тіс сауытының толық сынуы.

Мұндай сыну әдетте, тіс түбірінің ұшы толық қалыптаспаған тістерде болады. Ондайда ұлпаның өмірлік экстирпациясы, кейіннен ортопедиялық ем тағайындалады.

Класс 5. Сауыт-түбірлік ұзына бойы сынуы. Бұндай сынықтар өте сирек кездеседі және тістің ауыр жарақаттарына жатады. Бұл кезде сынық сызығы эмальдан, дентиннен өтіп, тіс цементінде қамтиды. Егер тіс біршама үгітілген болса, ол толықтай алынап тасталады. Басқа жағдайларда жергілікті анестезиямен тіс түбірінің эндодонтикалық емін жүргізеді.

Класс 6. Тіс түбірінің сынуы түбірдің кез келген анатомиялық ұзындық деңгейінде болуы мүмкін: басынан, бас бөлігінің, орталық және сауыттық бөлімі. Бұл жарақат жиірек үлкен жастағы балаларда қалыптасқан түбірі бар алдыңғы тіс аймағында кездеседі.

Тіс түбірінің сынуын нәтижелі емі келесі қағидаларға негізделеді: тіс сынықшаларының арасын максимальды азайту; тісті жақсылап тұрақтандыру; жалпы жағдайын жақсарту үшін керекті іс шаралар өткізу; антибактериальды ем тағайындау. Тіс жағдайын диспансерлік бақылау жүргізіледі, оның қозғалмалылығы бақыланады. Егер рентгенограммада сынықшалардың арасындағы кеңістік ұлғаятын болса, эндодонтикалық ем жүргізіледі: 1-түрінде тек үлкен сынықшалардың арасын, ал түбірдің басы алып тасталады; 2,3 түрлерінде түбірдің сынықшаларының екі бөлігін штифтпен қосады.

Класс 7. Тістің шығуы. Бұндай жарақаттар тіс тінінің құрылымы зақымданбайды, тек айналасындағы тіндер зақымдалады (периодонтальды байлам, альвеола, қызыл иек тіндері).

1-түр. Тістің шайқалуы. Бұл кезде 1дәрежелі тістің ққозғалуы, перкуссияда аздаған ауырсыну анықталады. Ұлпа реакциясы қалыпты, ретгенограммада түбірдің жоғарғы ұшы аймағында периодонтальды саңылаудың қалың даған.

Тағайындалады: 1) бір жұма тамақты жарақааттанған тіспен тістемеу

2) егер пальпацияда тістің қозғалуы мен ауырсынуы болса, емді аяқтауға дәрігерге келу;

3) тісті окклюзиядан шығару.

Диспансерлік бақылау кезінде (1-2жыл) тістің тамырлы-нерв шоғырының өмірге қабілеттілігін бақылайды

2 түр. Тістің шығу алды жағдайы. Бұл кезде тістің түсі өзгермеген, қозғалмалылығы 1-2 дәрежелі, перкуссида ауырсыну, ЭОМ- ұлпа өлуі мүмкін. Емі: жеңіл жағдайларда тағаындалулармен және диспансерлік бақылаумен шектеледі, көрсеткіштер болса тісті 2-4аптаға бекіту, ұлпа өлген жағдайда- тісті бекіткен соң эндодонтикалық ем жүргізу.

3түр. Интрузивті тістің шығуы немесе тістің кіріп кетуі(вколочение). Мұндай жағдайларда альвеоланың бүтіндігінің бұзылуы байқалады. Қараған кезде істің қысқаруы немесе сауыттың толығымен жойылуы анықталады. Тіс ығысқан, ұлпаның жыртылуы және өлуі болады. Түбірдің өсуі аяқталмаған тісте өсу аймағының зақымдануы болуы мүмкін. Рентгенограммада тістің кіріп кетуі анықталады(вколочение), альвеоланың сынуы анықталады, периодонтальды саңылау болмайды.

Емнің нұсқаулары: 1) Тісті жұлу

2) Хирургиялық жолмен тістің алғашқы қалпын қалыптастыру, мүмкін реплантация;

3) Тісті диспансерлік бақылау(1,5-2жыл). Тісті толық шығарған соң эндодонтикалық ем.

4түр. Экструзивті тістің шығуы немесе тістің шұңқырдан шығуы. Бұл кезде тістің түбірі зақымданбаған бірақ мойын аймағындағы бөлігі орнынын шыққандықтан жалаңаштанады. Тістің түсі өзгермеген, қозғалғыштығы 1-4 дәрежелі. Бала медициналық көмекке кешм қаралған жағдайда тіс аномалиялық қалпында бекітіледі. Тамырлы нерв шоғырының үзілуіне байланысты ЭОМ-да ұлпа реакциясы жоқ. Рентгенограммда тіс түбірін жоғарғы ұшы аймағында периододнтальды саңылау кенеттен ұлғайған.

Емі: тіс алғашқы қалпында орнатылып, бекітіледі. Егре тіс бекітілсе, 4-6 аптадан кейін эндодонтикалық ем жүргізіледі. Диспансерлік бақылау жүргізіледі.

5 Түр. Тістің жанына шығуы. Бұндай жарақатта тіс жанына ығысады (медиальді, дистальді, вестибулярлы немесе таңдайлық). Тамырлық нервтік шоғыр жыртылады, ұлпа некрозы болуы мүмкін. Рентгенограммада тіс түбірі зақымдалмаған, альвеола сынуы болуы мүмкін, периодонтальді саңылаудың тіс ұшында немесе түбірінің бүйірлік бетінде ығысу анықталады.

Емі төртінші түрдегі сияқты.

Класс 8. Тістің толық шығуы. Тістің альвеоладан толық түсіп қалуы. Өте сирек кездеседі, әсіресе орталық күрек тістер аймағында. Тістің сапалы реплантациясы ұсынылады. Сүт тістері жарақаты кезіндегі стоматолог дәрігердің емдік тактикасы (Виноградова Т.Ф. және әріптестері 1987ж)

Реплантация ерекшеліктері:

1. Тұзды ерітіндімен (жиі физиологиялық ерітінді) тістегі кір шайылады, ол жылы тұзды ерітіндіге салынады.

2. Тістің антисептикалық өңдеуі өткізілмейді

3. Тіс шұңқыры қырылмайды, тек ондағы қан шайылады

4. Шыққан тістің эндодонтикалық емі жүргізіледі (егер тістің түбірі қалыптаспаса және жарақаттан кейін бір сағаттан аз уақыт өтсе, эндодонтикалық емді жүргізбей қоюға болады деп есептеледі). Кей авторлар бала қаралған күні тіс шұңқырын тұзды ерітіндімен шаюды, ал тіс каналының пломбасын 2-3апта –ткеннен кейін ұсынылады, бірақ тіс шұңқырдан тыс неғұрлым аз уақыт болса, қабыну үрдісінің даму мүмкіншілігі төмендейді.

5. Тіс реплантациясы. Түбірлік жүйесі қалыптаспаған тістерде түбір ұшының реакциясы болмайтынын есте сақтау керек.

6. Тісті 4-6 апта аралығында бекіту.

Кіші жастағы балаларда жиі алдыңғы тістері жарақаттанады. Олардың ішінде тістің шығуы үлкен үлес алады. Бұл сүт тістерінің түбірінің қысқа болуымен түсіндіріледі, әсіресе олардың физиологиялық сорылуы кезінде. Тіс сауытының және сүт тістерінің түбірінің сынуы сирек кездеседі.

Ем бойынша тағайындаулар:

Тістің шығу алды жағдайы – тіс репозициясы, 5-6 күн аралығында тыныштандыру. Қатты тағамды тістеуге болмайды. Көрсеткіштер бойынша тісті пластмасты шинамен немесе каппамен бекіту. Арнайы ем қажет емес.

Тістің шығуы (интрузивті немесе экструзивті) – аз мөлшерде кіріп кетуде немесе тістің шығуында арнайы ем қажет емес. Альвеола, ауыз қуысының шырышты қабығының жыртылуында сүт тістері алынып тасталады. Кей әдебиеттерде сүт тістерінің реплантация жасау мүмкіншілігі айтылады. Біздің ойымызша сүт тістерінің реплантациясы тиімсіз.

Тіс сауытының сынуы – егер тіс қуысы ашылмаса, диспансерлік бақылау жүргізіледі. Тіс қуысы ашылса, эндодонтикалық ем тағайындалады.

Тіс түбірінің сынуы – жоғарғы бөлімі сынғанда немесе сүт тісінің ортаңғы 1/3 бөлігі сынса, тіске тыныштық жағдай және диспансерлік бақылау жүргізіледі. Егер тіс сауыты сынса, сүт тісі алынып тасталады.

 

 







Date: 2015-12-12; view: 1577; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.022 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию