Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып № 5 Зең аурулары. Балалардағы ауыз қуысы сілемейлі қабығының жіті және созылмалы кандидозы. Клиникасы, емі





2. Мақсаты: Студенттерге зең аурулары. Балалардағы ауыз қуысы сілемейлі қабығының жіті және созылмалы кандидозы. Клиникасы, емі бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту

3. Дәрістің тезисі:

Саңырауқұлақты аурулар:

-жедел және созылмалы кандидоз

-Кандидомикоз және т.б.

Сүттік (кандидоз) кандида тұқымының ащытқы тәріздес саңырауқұлақтарымен шақырылады.

Себептері:

- дисбактериозға алып келетің макроорганизмдердің және микробтардың әртүрлі түрлерінің арасындағы физиологиялық тепе тендіктің бұзылуынан клеткалы иммуниттетің бұзылуы.

 

Жиі омырау жасындағы балалар науқастанады.

 

Тағамнан бас тарту, баланың әлсіздігі. Ересек балалар тамақ қабылдағанда ауырсынуына, ауыз қуысының күйдіруіне және құрғауына шағымданады.

Жеңіл формасы - АҚШҚ ақшыл ірімшік тәрізді қақ, жеңіл алынады, ұзақтығы шамамен 7 күн, рецидивтер байқалмайды.

 

Орташа ауырлықтағы формасы – ұртта, тілде, қатты таңдайда тор тәріздес қақ, қақты қырғанда шырышты қабықтың қанайтың беті толығымен жалаңаштанбайды. Ұзақтығы 10-15 күн, рецидивтерімен. Жақ асты лимфаденит.

Инфицирлену көздері:

Медициналық персонал, урогенді кандидозы бар анасы.

Тұрмыстық заттар, ойыншықтар.

Дәрілік препараттарды рациональді емес қолдану. Патогенезінде эндогенді факторлар басты орынды алады:

- иммунды жетіспеушілік (клеткалық иммунитеттің төмен болуы).

- Зат алмасудың бұзылуы

- АІЖ созылмалы аурулары.

- Эндокринді аурулар

- Венерологиялық аурулар

- Жедел және созылмалы инфекциялық аурулар

 

Ауыр түрі - пленка түріндегі қақ АҚШҚ толығымен жауып жатады, жұтқыншаққа, өңешке таралуы мүмкін.

 

Ауыз қуысы бұрышында заедалар.

Қақ алынбайды қырғанда.

Ұзақтығы1айдан көп.

Жақасты, мойын, қолтық асты лимадениті.

Тырнатың, терінің, ішкі ағзалардың зақымдалуы мүмкін.

 

Экзогенді факторлар:

Жергілікті – химиялық және механикалық, тері жабындыларының және АҚШҚ бүтінділігінің бұзылуы.

Жіктелуі:

Ағымы бойынша:

 

1.Жедел кандидоз:

Жедел псевдомембранозды (сүттік).

Жедел атрофиялық

1.Созылмалы кандидоз:

Созылмалы гиперпластикалық

Созылмалы атрофиялық

Емі:

- Комплексті:

- Жергілікті – 1-2 % натрий гидрокарбонатының ерітіндісімен, 2%бор қышқылының ерітіндісімен, 1% йодинол, Люголь ерітіндісімен шаю.

- Күніне 3-4 рет 5%нистатинді мазь, 5% леворинді мазь,5% декаминді мазь,микосептин,амфотерицинді мазімен аппликация жасау.

- Ауыр формасы кезінде - нистатин, леворин, канестен, низорал, ламизил, дифлюкон препараттарын ішке қабылдау.

Жалпы емі:

-Иммунды стимульдеуші (пентоксил, метилурацил,гамма-глобулин, гистоглобулин, Т-активин, левомизол).

-Жалпы қатайтушы терапия

-Гипосенсибилиздеуші

-Көмірсуларды шектеп диета ұстау

Кандидоздың алдын алуы:

Дұрыс ауыз қуысы күтімі.

Санитарлы гигиеналық шараларды және перзентханадағы мезгілді қадағалау.

Фонды патологияны алдын ала анықтау және емдеу.

Тұрғындар арасында санитарлы – ағарту жұмыстарын жүргізу.

 

Ащытқы тәріздес стоматит.

Сүттік – ащытқы тәріздес стоматит, немесе АҚШҚ кандидозы – беткей кандидоздың ең жиі байқалатың көрінісі болып табылады.

 

Тілдің зақымдалуы кезінде шырышты қабықтың құрғауы және қызаруы байқалады, сонымен қатар аралшықтар болып орналасатың пленканың зақымдалуы байқалады. Пленкалар өзара қосылуы мүмкін, тілдің емізікшелері тегістеледі. Зақымдалған аймақ негізінен ауырсынбайды, бірақ қақ тығыздалған кезде, жырықтар пайда болған кезде ауыз қуысының айқын ауырсынуы байқалады. Егде жастағы науқастарда кандидоздың дамуына тіс протездері әсер етеді.


Ауыз бұрышындағы кандидоз(«саңырауқұлақты заеда») негізінен ұзақ уақыт сақталады. Ауыз қуысы бұрышында тығыздалған негізінде шектелген эрозия немесе жырық пайда болады, теріден қатпарланып алынған ақ түсті «бахромамен» қоршалған. Ащытқылы заеданың пайда болуына ауыз қуысы бұрышын жиі сілекеймен сулау әсер етеді, ол дұрыс емес тістиесу кезінде байқалады. Кандидозды хейлит кезінде (еріннің қызыл жиегінің қабынуы) ерін ісінген болып келеді, онда жүлгелер пайда болады.

Сүттіктің бұл түрі көбінесе жаңа туған балаларда жиі кездеседі. Ауыру кезінде ауыз қуысының шырышты қабығы (араң, ұрт, тіл) толығымен ашыған сутке ұқсас ақ қақпен жабылады. Егер, жүктілік кезінде, әйел адамда қынапта ұқсас көріністер немесе жыныс ағзаларында басқа қолайсыз (қышу, күйдіру) сезімдер байқалса, онда суттік (кандидоз)екеніне күмәндану керек. Ереже бойынша, ауыз қуысы кандидозы, дұрыс және уақытылы емінде балаға ешқандай қауып қатер төндірмейді. Бірақ, егер жергілікті дәрілік заттарын қолдану нәтиже бермесе, онда бұл үрдістің себебін және табиғатын анықтау қажет.

 

Саңырауқұлақ(candida albicans)әр адамда, АҚШҚ қалыпты жағдайда да кездеседі. Бірақ қолайлы жағдай туғанда қоздырғыш интенсивті көбееді.

АҚШҚ қалыпты жұмыс істеуі үшін тазарту қажет, қан айналымды жақсарту, қоректендіргіш заттардың жеткілікті мөлшерде болуы, қалыпты микрофлора, тұрақты әлсіз қышқылды орта. Клеткаларда қанттың деңгейі жоғарлаған кезде, рН деңгейі өзгергенде(қышқылды), антибиотиктермен қажетті флора жойылған кезде,иммунитетті төмендететің әртүрлі инфекциялар дамыған кезде саңырауқұлақтар интенсивті дамиды. Осылайша шырышты қа

Инфекциялық үрдістің осындай локализациясы жиі кездеседі, ол экологиялық жағдайға, аллергиялық реакцияларға, сүттіктің негізгі себебі болып табылатың созылмалы ауруларға байланысты болады. Негізінен кандидоз түріндегі саңырауқұлақтариммунитет дефициті кездесетің жерде ғана байқалады. Ағзаның қорғаныс қасиеттерінің жетіспеушілігі ащытқы тәріздес клеткаларының интенсивті бөлінуіне алып келуі мүмкін.


 

Ереже бойынша, кандидоздың түріне байланыссыз, интенсивті көбею үрдісі ұзақ уақыт антибиотиктерді қабылдағаннан кейін пайда болады. Өйткені, олар иммунитетті төмендетеді және ағзаның табиғи микрофлорасын жояды, соның нәтижесінде саңырауқұлақтардың көбеюіне алып келеді. Сүттік, жиі,емделген аурудың нәтижесі болып табылады. Сондықтан, суық тиюден немесе бронхиттен айырылғаннан кейін, жиі науқаста ауыз қуысы шырышты қабығы жөнінде себептер пайда бола бастайды.

Оралді кандидоз астматиктер үшін күрделі мәселе, оларға тұрақты аэрозольді гормондарды қолдану қажет. Бұндай препараттар жергілікті иммунитетті төмендетеді, бірақ бронхиальді астма кезінде тұншығуды жоюда ең жақсы болып табылады. Сондықтан кандидозды стоматит астма кезінде бірге кездеседі.Оральді кандидоздың дамуымен күресуге болады, ол үшін екі негізгі ережелерді сақтау керек: аэрозолмен дем алғаннан кейін ауыз қуысын жылу сумен шаю жәнедәрілік заттың ауыз қуысына емес, төменгі тыныс жолдарына өтуі үшін ингаляцияны үлкен көлемді спейсерлер көмегімен жүргізу. Осындай күрделі емес алдын алулар кандидозды инфекцияның дамуын алын алады.

 

Оралді кандидоздан құтылу үшін тамақ рационынан майлы, тәтті және көмірсулы тағамдарды шектеу қажет.Мұндай тағамдар аурудың дамуын және емдеу мезгілін жоғарлатады. Сонымен қатар суды ішу режимін қарастыру қажет,бұл кезде мөлшеріне емес, судың сапасына назар аудару қажет. Ащытқы саңырауқұлақтары рН жоғары болған кезде интенсивті көбееді және сілтілі ортада өзін жақсы сезінеді. Сондықтан қышқылды шырындарды ішкен жөн (ананасты, грейпфрутты, апельсинді,клюквалы морстарды). Сонымен қатар, саңырауқұлақты клеткалардың жартысын болса да жуу үшін,арасында ауыз қуысын шаю керек. Шаюды антисептиктің әлсіз ерітінділерімен шайған жөн (календула, ромашка, марганцовка, фурацилин және т.б.). Ауыз қуысын күніне 6 реттен аз емес шаю қажет.


 

АҚШҚ сүттігі (кандидомикозды стоматит) жиі жаңа туған балаларда және омырау жасындағы балаларда кездеседі. Бұл жастағы сүттік кезінде баланың омыраудан бас тартуына және тамақтанудың күрделі бұзылыстарына алып келеді. Сондықтан, бұл жастағы балалардың сүттігінің еміне көп көңіл бөлу керек.

Жаңа туған баланың шырышты қабығы өте нәзік және жеңіл жараланады. Сүттік пайда болған кезде, ауыз қуысы шырышты қабығын 2% сода ерітіндісімен (1 стакан бөлме температурасына дейін суытылған қайнаған суға1 шай қасық соданы салып араластырады) сүртудітағайындайды.Үлкен саусақпен ауыз қуысын ашу үшін,баланың иек бөлігіне басасыз да, ауыз қуысын толығымен сода ерітіндісіне малынған тампонмен сүртесіз. Бұл процедураны әр 2-3 сағат сайын қайталайсыз. Кейде, сүттік аймақтарын нистатин ұнтағымен және глицириндағы бура ерітіндісімен өңдейді.

 

Сүттіктің емі үшін жергілікті әсерлі әртүрлі препараттар қолданады. Негізінен, сүттікті емдеу үшін және жақсы терапиялық нәтиже алу үшін саңырауқұлаққа қарсы компоненттері бар препараттарды тағайындайды. Ең кең тараған препараттардың ішіндегі эффективтісі болып Кандид саналады(клотримазол құрамды). Дәрінің шығарылу формасы әртүрлі (ерітінді, крем түрінде).

Профилактика мақсатында баланың бутылкасын және омыраудың ұшын мұқият өңдеу қажет. Стерильді пустышкалар 5 немесе 6 болу керек, жабылған контейнерде. Жиі баланың сүттігі гигиенаны сақтамағандықтан пайда болады. (тамақтандыру алдында сосканы сүртпеу). Бірақ, негізінен, кандидоздың ең басты себебі ол – иммунитеттің төмендеуі және асқазан ішіек жолының қызметінің бұзылуы.

Бала сүттігінің негізгі симптомы – ол АҚШҚ ақшыл дақтар(ұрттың және қызыл иектің ішкі беттері), қызыл иектің қабынуы және қызаруы, кейде қансырау. Егер уақытында анықтамаса және емдемесе инфекция көздің шырышты қабығын зақымдайды. Ал, бұл конъюктивиттің дамуына алып келеді.

 

Омырау жасындағы қыз балада да вульвит дамуы мүмкін. Оны барлық себептер шақыруы мүмкін, ең аяғы, баланы шомылдыратың және бүкіл отбасы қолданатың ванна да шақыруы мүмкін.Қыз баладағы вульвит қауіпті болып келеді, өйткені бұл жаста шырышты қабық өте нәзік болғандықтан қынаптың немесе жыныс еріндерінің бір бірімен жабысуымүмкін. Бұл мәселе тек қана хирургиялық жолмен шешуге болады. Сондықтан анасы баланың жыныс ағзаларына қарап отыру керек: қызарудың немесе бөліністің бар жоғына. Сонымен қатар сүттік фонында жиі басқа өте ауыр және қауіпті инфекциялар дамуы мүмкін.

 







Date: 2015-12-12; view: 1857; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию