Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып № 10 Балалардың самай–төменгі жақ буынының аурулары. Жіктелуі, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және кешенді емі
2. Мақсаты: Студенттерге балалардың самай–төменгі жақ буынының аурулары. Жіктелуі, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және кешенді емі бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту. 3. Дәрістің тезисі – Балалардағы және жас өспірімдердегі ЕДОА және СТЖБ анкилозын емдеу диспансеризация негізінде құрылады және өзіне емдік шараларды – оперативті кірісулер және ұзақ уақытты ортодонтиялық емді енгізеді. Осы шараларды барлық аурулар анықтайғаннан кейін және өсуі аяқталғанша, тісжақ жүйесі түзілгенше жалғастырады. Осы ауруларды емдеудің мақсаты: - СТЖБ қозғалысын қалпына келтіру және шайнау қызметін қалыптастыру. - Төменгі жақты орталық жағдайға ауыстыру және ұстап тұру. - Сыртқы тыныс алу қызметін қалпына келтіру. - Жоғарғы жақта және төменгі жақта тіс қатарларының пішінін ортодонтиялық түзету. - Басқа бет сүйектерінің екіншілік деформациясының пайда болуын немесе дамуын алдын-алу /жоғарғы жақ, шықшыт сүйек /. - Беттің төменгі 1/3 бөлігінің контурын түзету ЕДОА немесе СТЖБ анкилозы бар науқастарды уақыт өте келе беттің басқа сүйектерінің екіншілік деформациясы /жоғарғы жақ шықшыт сүйек/ болады. Ол төменгі жақтың артта қалуымен белсенділеді. Сондықтан ерте жаста хирургиялық ем жүргізгенде оны төмендетеді. Кей жағдайда тісжақ жүйесінің көптеген анатомиялық және функциональды өзгерістерін толық жояды. Хирургиялық емге оперативті кірісулер кіреді ол СТЖБ –қызметінің анатомиялық бұзылыстарын жойып, қызметін қалпына келтіреді. Төменгі жақтың бұтағының остеотомиясын қанқалың шығуын жүргіземіз. Балаларда СТЖБ –ға операция барлық опреациядағыдай наркозбен жүргізіледі. Келесідей өтеді: төменгі жақ бутағының жоғарғы 1/3 аймағында буындың және тәждік өсінділерін және барлық сүйектік өсінділерді жоямыз. Содан төменгі жаққа дұрыс қойып береміз. Баланың бөлмесінде арқасына жатқызады. Төменгі жақтың блоктарының жүйесі арқылы жук массасы дұрыс жағдайда ұсталады, 200-1000 г. Бұндай төсекті режимді науқас 3-4 тәулік сақтайды. Осыдан кейін ауырлықты алып, науқастың төменгі жағын Вебер немесе Ванкевич тіс қызылиектасты шендеуші арқылы дұрыс жағдайда бекітеміз. Шендеуштер жақтың вертикальды қозғалысын жасатады және оперативті буын жаққа ығусуын болдырмайды. Науқас шендеушті 1-1,5 жылға дейін қолданады. Операциядан кейінгі кезеңде физиоем, миогимнастика жүргізіледі. Операцияның функциональды нәтижелерін 6-8 айдан кейін бағалайды. Көрсеткіштер бойынша науқасқа толық көлемді ортодонтиялық ем жүргізіледі. Мұндай емдеу әдістерін бурын 9-10 жастағы науқастарда, буынның біржақты зақымдалуында қолданған. 9 жастан жоғары буындардың біржақты және екіжақты зақымдалуы бар науқастарда басқа операциялар жүргізіледі- төменгі жақ бутақтарына остеотомия. Ол СТЖБ бір уақытты пластикасымен, әртүрлі транспланттармен немесе эндопротезбен жүргізіледі. Қазіргі уақытта біруақытты сүйек пластикасының остеотомиясы әртүрлі жастағы балаларда СТЖБ бір жақты және екі жақты зақымдалуында қолданады. Бұл жағдайда, операцияның бірінші түрі сияқты, басында төменгі жақ бұтағының остеотомиясын жүргізеді. Онда сүйек өсінділерін және өсіндісін алып, жақты дұрыс жаққа жылжытады. Ал бұтақтың дитсальды бөлімінде, бундың өсіндіде және буын басындағы ақауларды сүйек трансплантаты немесе эндопротезбен ауыстырады. Бұрын пластикалық материал ретінде аралас кортикальды аллотрансплантаттарды қолданған. Бірақ соңғы жылдары қатерлі вирусты инфекциялардың / ВИЧ, гепатит және т.б./ таралуына байланысты сүйек аллотранспланттарын қолдану. Жоспардың екінші бөліміне қошті. Себебі реципиенттер инфицирленуі мүмкін. Бүгінгі күні сүйектін аралас аллотранспланттарды қолдану шектелді және аутотіндермен немесе биоинертті материалдан жасалған эндопротезбен ауыстырылды. Сүйек аутотіндерінің ішінен ең көп тарағаны –науқастың мықын сүйегінің бұдырынан жасалған транспланттар. Жақ-бет хирургиясында қолданылатын эндопротездерді биоинертті металлдардан /көбінесе титан/, акрилат негіздегі композиттер, көміртекті материалдардан жасалады. Титанды эндопротездерді көбінесе 30 жастан жоғары науқастарда қолданады. Балалар және жас өспірімдік жаста акрилді және көміртекті композитті протездерді қолданады. Операцияның бұл түрінде операциядан кейінгі кезеңде науқасқа жақаралық бекітілу жүргізеді. Оның мерзімі трансплантаттың /эндопротез/ сүйекпен бекуіне байланысты. Ол 2-4 аптаға созылады. Бекіткішті шешкеннен кейін науқасқа функциональды ем тағайындалады. Ал 3-4 айдан кейін ортодонтиялық ем жүргізіледі. Иектің контуралы пластинасын екі жақты зақымдалуда 14-16 жаста жүргізіледі. Хирургиялық емнің екінші әдісін қолданғанда науқас күрделі, ауыр операцияға 1 рет қана ұшырайды. Осы операциядан кейін балаларда 3-4 жылдан кейін төменгі жақтың сызықты параметрлерінің қалыптыдан қалып қою белгілері болады. Бұны компрессионды –дистракционды аспаптармен компенсирлейміз. Аппараттарды салу және шешу операциясының техникалық қиындығы жоқ. Жақ-бет хирургиясының тәжірибесіне компрессионды- дистранционды остеогенез, эндопротездеу ұғымының кіруі екіншілік операцияның жастық көрсеткіштер бойынша қолдануын кеңейтті. СТЖБ аурулары себебінен болған балаларға ортодонтиялық ем жүргізу, мақсаттары: 1/ Төменгі жақтың жоғарғы жақпен дұрыс бекуін қамтамасыз ету. Мұнда жақтың ем қандай қозғалысы болмауы керек. 2/ жақтың жаңа жағдайында шайнау және мимикалық бұлшықеттердің миостатикалық рефлексін құру. 3/ Төменгі жақтың жаңа жағдайда ығысқанынан кейін тіс қатарларының дезоклюзиясының деформациясының дамуын болдырмау. Операция техникасы дұрыс жүргізілсе және операциядан кейінгі ағымы жақсы болса, төменгі жақтың қозғалысы қалпына келеді, беттің төменгі 1/3 бөлігінің контуры жақсарады. Бала өскен сайын, жақтың операция жасалмаған бөлігі үлкейіп, деформация болады. Сау бөлігінің фронтальды бөлімі қалындайды. Ауыз қуысы жағынан жоғарғы жақтың деформациясы пайда болуынан оклюзионды жазықтық өзгереді. Бұл науқастарда төменгі жақта операция жасаған жақта дистальды тіреу жоқ. Сондықтан хирургиялық ем жүргізу керек- операция жасалған жақта төменгі жақта дистальды тіреумен сүйек бұтақтарына пластика жүргізеді. 13-14 жастан жоғары науқастарға төменгі жақтың контурлы пластикасын жүргізеді. Егер науқас 13 жастан кіші болса, контурлы пластиканы үлкен жасқа дейін қоя тұрамыз. Осы әдісті таңдағанда науқас екі рет күрделі оперативті жағдайға кіріседі: біріншілік операрация- төменгі жақтың бұтақтарының остеотомиясы және қайталама – төменгі жақтың бұтақтарының пластикасы. Операция аралық кезеңде науқасқа тұрақты белсенді ортодонтиялық ем жүргізіледі. Осы әдістерді емдеуде 9-10 жасқа дейінгі балаларда қолдану. Науқасқа күрделі, ауыр операция жүргізгенде емделеді. Соңынан сауыктыру кезінде және артынан науқастарға ұзақ ортодонтиялық ем және жүйелік функциональды ем жүргізеді. Белсенді диспансерлі бақылауды операциядан кейінгі кезеңде физиологиялық өсу соңғы тоқтағанша жүргізіледі.
Date: 2015-12-12; view: 1451; Нарушение авторских прав |