Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Көрнекі материал: презентация, слайдтар. 1.Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста.- М
5. Әдебиет: негізгі: 1.Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста.- М. Медицина, 2006- 640 б. 2.Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология.- М.-Н. Новгород, 2007-744 б. 3.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 б.
қосымша: 1. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф. Т.Ф. Виноградовой. Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003 2. Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических заболеваний у детей.- Алматы, 2007.- 99 б. 3. Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическими заболеваниям.- М., 2007.- 214 б. 4. Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-2007-815 б. 5. Абылкаирова Г.С. Абралина Ш.Ш. «ОСКЕ бойынша бала жасындағы стоматологиядан бағалау әдісі». Оқу -әдістемелік нусқау 14. 04.2008 ж. (хаттама № 6),
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
ДӘРІСТІК КЕШЕН: 1. Тақырып № 3 Жасына байланысты балалардың ауыз қуысының сілемейлі қабығының құрылым ерекшеліктері. АҚҚҚ-ның зақымдалуы мен ауруларының жіктелуі. 2. Мақсаты: Студенттерге жасына байланысты балалардың ауыз қуысының сілемейлі қабығының құрылым ерекшеліктері. АҚҚҚ-ның зақымдалуы мен ауруларының жіктелуі бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту. 3. Дәрістің тезисі: Баланың жасына байланысты шырышты қабаттың ерекшеліктері. Ауыз қуысындағы патологиялық үрдістерді түсіну үшін, шырышты қабаттың топографиялық айырмашылығын білу, гистологиялық және гистохимиялық ерекшеліктерін, дамуын және эмбрионалдық даму үрдісіндегі осы аймақтардың шектелуін білу қажет. Н.Дамова шырышты қабаттың 3 түрін ажыратады:
Үш жас кезеңін ажыратады, құрылысында айырмашылығы бар және шырышты қабаттың негізгі құрылысы даму динамикасы сипаттайды. І. Кеуделік (туғаннан 10 күнге дейін) нәрестелік кезең (туғаннан 10 күнге дейін) ІІ. Ерте балалық кезең (1-3 жаста) ІІІ. Балалық кезең: біріншілік (4-7 жас) Екіншілік (8-12 жас) Нәрестелік кезеңде шырышты қабат құрылысы ауыздың барлық жерінде ұқсас, бұл эпителийдің және дәнекер тіннің төмен ажыратылуымен байланысты. Эпителиалды жабындысы жұқа, 2-қабаттан тұрады (базалды және шип тәрізді, эпителиалды емізікшелері дамымаған. Ауыздың барлық бөлігіндегі эпителийде гликоген РНН мен мукополисахаридтер көп болады. Базалды мембрана жұқа, анық емес. Шырышты қабықтың өзіндік қабатында борпылдақ жетілмеген дәнекер тін анықталады. Талшықты құрылысы аз ажыратылған, бірақ, коллагендік және эластикалық талшықтардың жедел түрдегі фуксинофилиясы анықталады. Шырышты қабық астындағы қабатта клеткалық элементтердің көбінесе фибрабластардың едәуір құрамы, аздаған гистиоциттар мен лимфоклеткалар аздап кездеседі және жас түрлерінен тұрады. Нәрестенің шырышты қабатының осы аталған ерекшеліктері мықты болмауы мен жеңіл жарақаттануын қамтамасыз етеді. Тіндердің сапалық құрамын және жоғары регенерациялық қабілетін қамтамасыз етеді. Кеуде жасына эпителийдің көлемі ұлғаяды және ауыздың шырышты қабатының әр бөлігінде орналасуына байланысты айырмашылық болады. Шырышты қабаттың шайнайтын бөлігінде паренхиматоз ошақтары, гликоген толығымен жоғалады, шырышты қабаттың базалды мембранасының талшықты құрылысының тығыздалуы байқалады, клеткалық элементтер мен қантамырларының саны азаяды. Арнайы және жабынды шырышты қабатта борпылдақтық сақталады және құрайтын тіндердің ажыратылуы төмен болады. 1- жасқа дейінгі балаларда гликоген мен РНК-ның құрамы өте жоғары болады, шырышты қабаттың барлық бөлігінде колагенді және эластикалық шұғыл фуксинофилия талшықтарда бұл тіндердегі жетілген ақуыздық құрылымның барлығына куә ретінде анасының плацента арқылы берілгендігінің нәтижесі. Бала организмінің жоғары резистенттілігін қалыптастыруда анасының антиденесін, гормондар мен ферменттерді диплацентарлық берілуі. Бала ағзасының жоғарырезистенттілігін арттыруға ықпал етіп,өмірінің бірінші жылында ауыздың шырышты қабатында бактериалдық стоматиттің және саңырауқұлақ ауруларының болуына бөгет жасайды. Ерте балалық кезең шырышты қабатта регионарлы айырмашылық айқын көрінеді. Осы жастағы балаларда гликоген мен РНК құрамы төмен болады, базалды мембрана аздаған борпылдақтығын сақтайды. Шырышты қабықтың өзіндік қабатындағы коллагенді және эластикалық тамшықтар бос орналасқан, жұқа, нәзік құрылысты фуксинофилиясы төмен дәрежеде жетілгенінің күәсі. 1-3 жастағы балаларда шырышты қабықта клеткалалық элементтер жоғары болады, көбінесе дәнекер тіндік емізікшелер аймағында және қан ағзалары аймағында орналасып ағза қабырғасының жоғары өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Біріншілік балалық кезеңінде бала ағзасының зат алмасу үрдісіне байланысты сандық және сапалық өзгерістер болады. Осы кезеңде бала организмінің зат алмасу үрдістерінің сипатына байланысты сапалық өзгерістері болады. Бұл кезеңде, ерте балаллық кезеңмен салыстырғанда, эпителийдің көлемі мен гликоген мен РНК-ның құрамы ұлғаяды, қан тамырларының саны азайып, шырышты қабықтың өзіндік қабатында клеткалық элементтің саны азаяды. Бұл зат алмасу үрдісінің едәуір төмендеуіне байланысты. Екінші балалық кезең: дәнекер тіннің талшықты құрылымының базалды мембранасы тығыздалып, эпителийдің қалындығы ұлғаяды. Гликоген азайып пиронинофилия ұлғаяды. Гистиоцитарнолимфондтық жинау байқалады, алып жасушалар саны азаяды, бұл ағзаның өткізгіштігі төмендегенінің күәсі. Алып жасушалар белсенділігі артады, ол цитоплазматикалық жоғары сульфатталған гепарин жиналып, спецификалық емес қорғаныс факторы ретінде әсер етеді. Лимфоциттардың, плазматикалық клеткалардың, антиденелердің ұлғаюы байқалады. Осы кезеңде шырышты қабаттың әр түрлі ауруларының салдарынан, диффуздық реакцияларға бейімділік азаяды, осының негізінде аллергиялық реакциялар жатыр. 12-14 жастағы балаларда гистологиялық және гистохимиялық айырмашылықтар мынадай өзгерістермен сипатталады, гормоналдық реттелу факторының әсерінен және жасөспірімдік гингивит пен жұмсақ лейкоплакияның көп кездесуімен түсіндіріледі. Т.Ф. Виноградова бойынша балалардың ауызының шырышты қабық аурулары, өзгерістері, зақмдануларының жіктелулері. Ауыздың шырышты қабығы ауруларының жіктелуінің дәрігердің күнделікті жұмысында маңызы бар, өйткені аурудың көптеген нозологиялық түрлерін дұрыс анықтап, дұрыс диагноз қойып, емдеу және профилактикалық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді. Балалардың ауыз қуысы аурулары, өзгерістері мен зақымданулары 1974 жылы ЦИУВ-ң бала жасындағы стоматология кафедрасында проф. Т.Ф. Виноградова және басқа авторлармен ұсынылған. Бұл жіктелуде шырышты қабық аурулары этиологиялық, патогенетикалық және клиникалық мәліметтер комплексін толығымен көрсетеді. Осы жіктелуді қолдана отырып диагноз қоюға болады, немесе қысқаша резюме –эпикриз Date: 2015-12-12; view: 819; Нарушение авторских прав |