Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Табиғатты қорғау





Қоғамның дамуындағы әр формация табиғатқа әртүрлі деңгейде әсер етті. Алғашқы қоғамдағы адамдар табиғатта тек қана физиологиялық қажеттерін өтеу үшін ғана пайдаланды. Олар негізінен тіршілігін сақтау үшін өсімдік жемісін жинау, балық және аң аулаумен ғана айналысты. Ол кездегі адамның табиғатқа ықпалы онша байқалмайтын. Адамның азғантай әсері табиғатқа айтарлықтай нұқсан келтірмейтін, табиғаттың даму ырғағы ауытқамай жалғаса беретін. Бертін келе малды қолға үйрете бастады. Бұл енді табиғатқа әсерін тигізді. Жайылымдарда мал табындарының топтасуы жабайы аңдарды қоныс аударуға мәжбүр етті. Жер өңдеудің шығуы табиғаттың одан әрі өзгеруіне әкеп соқты.

Егістік үшін жер жырту, ағаштарды кесу, қуаңшылық аймақтарды суландыру, жер бедерін өзгертуі. Мұндай егіншілік ошақтары алғаш рет Қытайда, Солтүстік Үндістанда, Орта Азия т.б жерлерінде пайда болды. Егіншілік ошақтары негізінен өзен жағаларындағы топырағы құнарлы жерлерде, сипаттарға, жазық жоталарда және беткейлерде дами бастады. Табиғатқа аса ірі өзгеріс енгізуге себеп болған қуатты жеке меншік өндіріс құралдары бар капитализм заманы болды. Көп уақыт бойы адам табиғат байлықтарын таусылмайтын пайда көзі деп түсініп келді. Алайда адам қимылының табиғатқа кері әсері байқалып, кейбір пайдалы заттар таусыла бастаған соң, енді оны тиімді пайдалану қажеттілігі туды. Табиғатты қорғау проблемасы, оның байлығын тиімді пайдалану, қорын қалпына келтіру, зиянды заттардан қорғау бағытында жүреді. Табиғат байлығын халықтың мәдени, материалдық қажеттілігіне және болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсаты І орынға қойылды. Қазіргі кезде табиғат қорғау мәселесін зерттеуге арналған ғылымдар жиынтығының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Мұны әзірше “Табиғат қорғау ғылымы” деп атауға болады. Сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында тұрған зор проблемаға айналып отыр. Енді бұл проблеманы шешу жер шарындағы барлық халықтың жаппай атсалысуын талап ететін жағдайға жетті. Техногендік әсерлер және олардың экологиялық регламентациясы

Бақылау сұрақтары:

1 Табиғат байлықтары

2 Табиғат байлықтары түрлері

3 Табиғат байлығына адамдардың әсері

4 Табиғатты пайдалану төлемдері 5 Табиғатты қорғау

 

 

ОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ТӘРТІБІ

Қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктен жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығатын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. Радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі -ШРД. Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсердің ШРД. Бұл нормативті белгілейтін санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау қызметтері белгілігенде негізге алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет. Радиациялық әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді айтады. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды.

Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар:

1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа- бөлшектер ағыны;

2) электрондар мен позитрондардың бета- бөлшектер ағыны;

3) қысқа толқынды электр магниттік гамма – сәулелері.

Альфа бөлшектер ауада небәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық процесстер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін.

Альфа- бөлшектермен салыстырғанда бета- бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1-2 см тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер денені күйдіреді, пигментация немесе денеде жара пайда болады. Рентгендік және гамма- сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, 66 оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы үш сәуле түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа- сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық. Адамды және қоршаған ортаны сақтау мақсатында ең негізгі назар аударатын объектілер болып шекті рауалы деңгейден жоғары сәулелену дозасын беретін радиациялық көздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары, кәсіпорындарда, мекемелерде т.б. жерлерде қолданылатын радиактивті материалдар, аспаптар жатады. Электр магниттік сәуле – энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай өтетін және ауада ұзақ қашықтыққа дейін тарайтын иондалған гамма – сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле. Гамма – сәулелері тірі организмнің клеткалық тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей де өтуі мүмкін, немесе өткен жолында иондануды қоздыруы мүмкін. Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін т.б) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары зақымдалады. Мысалы, альфа- сәулелену беретін көздер- радий, уран, плутоний, Бэта – сәулелену көздері – стронций және иттрий, гамма – сәулелену көзі – цирконий сүйектерде жинақталады. Иондайтын сәуле мөлшеріне қарай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдықтырады. Организм арқылы өткен сәуле мөлшері 100 рентгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рентгеннен жоғары мөлшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруға шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді. Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне ғана тән сәулелену сезімталдықтары бар. Бүкіл денені өлтіретін сәулелену дозасы келесі шамалар деңгейінде: бас арқылы енсе – 2000 радиан, іштің төменгі бөлігі арқылы өтсе – 5000 радиан, көкірек қуысы – 10000рад, аяқ- қол – 20000 рад. Электр магниттік сәулеленуден қорғану үшін құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет. Интернационалдық жүйе (ИЖ) өлшем бірлігінде сәулелену дозасы зивертпен (Зв) өлшенеді (1Зв -100бэр, 1 зиверт 100 бэрге тең). Ішкі және сыртқы сәулелену нәтижесінде адам бір жыл ішінде орта есеппен 0,001 Зв доза алады. Адам өміріне қауіп- қатерсіз 0,35 Зв немесе 35 бэр радиация дозасын қабылдауы мүмкін. Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэтта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде яқуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауыруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдар 50 рентген мөлшеріндегі сәуледен сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды. Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады. Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа-200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр-300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр-500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады. Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең-сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы болады. Екінші кезең – бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңде ламентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы байқалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бұзылады да жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, іш өту, қанның бұзылуы т.б). Төртінші кезең – сәуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байқалады. Егер тамақ не су арқылы радиоактивті заттар адамның ішкі органдарына түссе, онда адамға 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25 –30 г балшық суын ішкізеді. Адсорбент радиоактивті заттарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 литр су беріп құстырып, асқазанын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш айдайтын дәрімен ішек-қарын тазалайды. Адам баласы сәулемен қатар әртүрлі жарақат алса (күйік, сынық т.б) онда ең алдымен жараға әртүрлі микробтар түспейтіндей етіп алғашқы көмек көрсетіледі: құсқысы келіп, басы ауырып, басы айналған сәтте этапирзин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле алғанын біле салып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин береді, сонымен қатар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береді. Егер ішіне қан құйылған жағдайда тез қимыл жасатпай 5% хлорлы кальций ерітіндісін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле ауруымен ауырған адамдар сорпа, әртүрлі жеміс-шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап тұз қосылған су беріп, ауруларды аз-аздап жиі тамақтандыру керек. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоакривті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немқұрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы, атом қаруын 68 сынақтардан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтардың кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде авария болған кезеңде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде. Радиоактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиоактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиоактивтік қалдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұқсат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мұхит түбіне радиоактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарда белгіленген санитарлық нормаға дейін радиоактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар баллондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасының мәселелері миллиондаған адамдарды аттандыруда. Атом электростанциядағы аппараттарға немқұрайды қарауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатқа ұшырауы объективтік шындық. Солардың бірі – Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиоактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 ж –1989ж дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-сы жер бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігін радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланып атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында 69 жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар. Семей ядролық полигоны. 1995 ж Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектографиялық суреттер жер бетіндегі цезий-137 активтілігі 65-100 км/сағ болғанын көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 км/сағ байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 км/сағ құраған. Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жалғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» жән «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғары деңгегті Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған. Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 ж дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әртүрлі халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы апатында тұзды мунараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген. Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өңдеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам иондаушы сәулелер көзін пайдаланатын 800-ден астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000/80 мың кюри/ өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 ж. бірқатар аномалиялар анықталған. «Үміт» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учаскелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілген металл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос» АҚ-да 1998 ж ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорында комиссия құрылып, бұл жағдайдың себептері анықтау мақсатында тергең жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкісінің элеваторынан құяты 200-300 кр/сағ иондаушы сәулелер шығаратын құралдар 70 табылған. Павлодар облысының құрылыс кәсіпорындарында кейбір құрылыс материалдарының түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар иондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға арналған приборлар мен аппаратураларымен қамтамасыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқа радиоактивті ластанған сым кабельдердің шығарылуының 3 фактісі тіркелген. Ғаламдық жауындар. 1995 ж бойында цезий-137 концентрациясы айына 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқыды. Ал жалпы β-белсенділік айына 0,4-0,95 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілген мөлшерден артық емес. Радиоактивті қалдықтар Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метереологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостын сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивті фон әртүрлі болуы мүмкін. Әрі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттін массадан тұратын территорияларда 50-60 мкр/сағ құрайды. Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұнбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды. Космостын сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 ж зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/ куб м жеткен, қалыпты мөлшері 200 Бк/куб м). Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы» заңдарда жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздері қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радиациялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істейді. Қалалардағы ауаның ластануы, жердің азуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр.

Ауанын ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен. Өскемен, Лениногор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды, т.б бұрынғыға қарағанда қазір үлкен деңгейде болып отыр. Арал өңірінің 59,6 млн га жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін тарылып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл салтын 14 млн.куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың 71 ішінде 84 млн. тонна уландырғыш, т.б жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өңдеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метрді алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағ жетіп, халық денсаулығын бұзуда. Қазақстанда АЭС құрылысын салу туралы әңгіме, сонау Кеңес одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 ж бұл мәселе үкімет басқармасында қайта қаралып, оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдін өркениеттің бір бөлігі саналатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар іріктелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағы дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенмен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігін жан-жақты қаралған. Демек, АЭС құрылысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көздерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін-Қазақстан қазір АЭС салуға дайын емес деген қорытынды жасады. Күнделікті тұрмыста да түрлі тұрмыстың техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор қараудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады. Атмосфераның озон қабатынын жұқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупі туғызады. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етеді.

Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көмудің тәртібі туралы ережесі бойынша:

1) Осы ереже жер қайнауына радиоактивті қалдықтарды көмудің тәртібін, оларды жер қайнауына көмуге мемлекеттік органдардан рұқсат алудың рәсімдерін айқындайды сондай-ақ бұл үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.

2) Радиоактивті қалдықтарды көму пунктері: - өз мақсаты бойынша; - сақтау пункті; - көму пункті; радиоактивті қалдықтар пунктерінің жер бетіне қарағандағы орналасқан тереңдігі бойынша: - жердегі (жер бетінде немесе одан жоғары); - жер бетіне жақын (қорғау жапқышының қуаты 10 метрге дейін, қалдықтар жер бетінен төмен орналасқан); - тереңдегі (қалдықтар жер бетінен 10 метрден аса тереңдікте орналасқан) болып жіктеледі.

3) Қазақстан Республикасының ғылым министрлігінің – ғылым академиясының жанындағы атом энергиясы жөніндегі агенттік: 72 радиоактивті қалдықтармен жұмыстар жүргізуге, соның ішінде радиоактивтік қалдықтарды көму жұмыстарына құқық беретін лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға беруді (көму пунктерін жобалау, оларды салу және пайдалануға беру, пайдаланудың өзі, арнайы өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және көму); көмілген радиоактивті қалдықтарды әрі қарай пайдаланудың мүмкіншілігі туралы, уран саласындағы тау-кен және барлау кәсіпорындарына жататын үйінділердегі баланстан тыс радиоактивті кендердің қалдықтарын қоспағанда қорытындылар беру.

4) Қазақстан Республикасының геология және жер қайнауын қорғау министрлігі: радиоактивті қалдықтарды жер бетіне жақын және тереңдегі сақтау (көму пунктерін салуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға жер қайнауын пайдалану құқығын беретін лицензиялар беруді, сондай-ақ так-кен барлау, кен- тау өңдеу жұмыстары үйінділерінің рекультивациясына бөлінетін жер қайнауы учаскелеріне лицензия беруді; мүдделі заңды және жеке тұлғаларға тау-кен үйінділерінен пайдалы минералды компоненттер алу мүмкіншіліктері туралы қорытындылар беруді жүзеге асырады.

5) Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі: радиоактивті қалдықтарды көму (сақтау пункттері жобаларының мемлекеттік экологиялық сараптамасын; лицензия алу ісінде радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму қызметімен байланысты жұмыстарға экологиялық қорытындылар беруді; радиоактивті қалдықтарды көмуге рұқсат беруді; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерінде экологиялық бақылауды жүзеге асырады.

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі: радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін салу жобаларына мемлекеттік санитарлық-гигиеналық сараптама жасауды; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін санитарлық- гигиеналық бақылау жасау; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін санитарлық- төлқұжаттар беруді жүзеге асырады.

7) Қазақстан Республикасының өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитеті: қолданылған жер астындағы кен өндірілген жерлерді, табиғи жер асты белдеулерін пайдалануды; тау кені шығарылатын жерлердің өткелдері, ұңғымалар бұрғылауы және басқа жұмыстар көзделген сақтау (көму пунктерін салу жобаларын); радиоактивті қалдықтарды жарылыс жұмыстарын және күшті улы заттарды қолдана отырып өңдеудің технологияларын; жобалау сатысында арнаулы технологиялық жабдықтарды (қозғалмалы құрама, қысым астындағы ыдыстар, қаптар, электр жабдықтары және басқалар) 73 пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздікті, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалауды келістіруді жүзеге асырады.

8) Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі: радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерінің құрылыс жобаларын келістіруді); радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін бұйымдардың, шикізаттардың және басқа радиоактивті заттардың ұрлану мүмкіншілігінің болдырмау жағынан қорғауды және күзетуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

9) Жергілікті (облыстық, аудандық) атқарушы органдар: ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің учаске бойынша шығындарының есебі, мүдделі тараптардың келісу хаттамалары қосымшасы қоса тіркелген жер учаскесі актін ресімдеуді; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму нүктелеріне жер учаскелерін алу және беру туралы шешімдерді ресімдеуді жүзеге асырады.

10) Шаруашылық қызметінің нәтижесінде радиоактивті қалдықтармен (сақтау, көму, жинау, тасымалдау, зерделеу, зерттеу және т.б) байланысты заңды және жеке тұлғалар: құзыретті органдарды белгіленген нысанда тиісті рұқсат, ал қажет кезінде осындай жұмыстар жүргізуге лицензиялар алу үшін осындай жұмыстарды бастау жөніндегі шешімі туралы құлақтандыруға және осындай органдарға қажетті біліктілік құжаттарын тапсыруға; жер қайнауына радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктері құрылған жағдайда Қазақстан Республикасының геология және жер қайнауын қорғау министрлігінен жер қайнауын пайдалану құқығына лицензия алуға; көзделініп отырған жер алудың экологиялық және басқа зардаптарын және осы аумақ пен оның жер қайнауының келешегін есепке ала отырып жер бөлістерін ресімдеуге; орташа активті және жоғары активті қалдықтарды сақтау (көму және сұйық қалдықтарды сақтау пунктерін салу учаскелерінде жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізуге); радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін экологиялық талаптарға сәйкес салудың жобасын жоғарту); тұрғылықты халықтың және персоналдың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі бойынша барлық шараларды қабылдауға; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктіне оны пайдалануға берген кезде іс-қимыл жасасу және корсервациялау мерзімін ұзартқан соң кезде санитарлық төлқұжаттар ресімдеуге; жыл сайын өкілетті органға радиоактивті қалдықтардың пайда болуы және қозғалысы туралы статистикалық есептің белгіленген нысанасында мәліметтер жіберуге міндетті.

11) Іс-қимылдың осы тәртібі бұзылған кезде жеке және заңды тұлғалар лицензиямен берілген құқықтарында тіпті оның алынуына дейін шектелуі мүмкін. Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы-радиоактивті нуклидтер. Міне осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады. Сонын нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Бақылау сұрақтары:

1 Радиациялық ластану.

2 Радиоактивті қалдықтар.

3 Қазақстан республикасында радиактивті қалдықтарды көму тәртібі

4 Шектеулі рауалы деңгей деген не

5 Радиоактивті қалдықтарды көму пунктері

6 Жергілікті (облыстық, аудандық) атқарушы органдар

7 Шаруашылық қызметінің нәтижесінде радиоактивті қалдықтармен байланысты заңды және жеке тұлғалар

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1425; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию