Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ. В.Н.СУКАЧЕВ ІЛІМІ





Жер бетінің кез келген бөлігінде әрқашан түрлердің бүтін бір жиынтығы тіршілік етеді. Азықтық ресурстар сарқылғанша биомасса ұлғая беретіндіктен, оқшауланған жағдайда өсірілген түр өзінің тіршілік ету жағдайларын тез арада нашарлатып жібереді. Бұдан соң биомассаның солуы басталады. Азақтық ресурстарды үстемелеп бергеннің өзінде де биомассаның құлдырауынан құтыла алмаймыз, себебі қоршаған ортада зат алмасу өнімдері жиналып қалады. Экожүйе концепциясы Жердегі алғашқы организмдер гетеротрофтар болған. Автотрофтар дүниеге келмегенде олар өз мүмкіндіктерін тез-ақ тамамдар еді. Организмдердің аталған екі тобы болған жағдайда ең қарапайым зат айналымы іске асырылады. Автотрофтар органикалық заттарды синтездесе, гетеротрофтар олармен қоректенеді. Соның нәтижесінде органикалық заттар ыдырайды. Егер ыдырау өнімдерін автотрофтар қайта пайдаланса, экожүйені қоныстаған организмдер арасында заттар айналымы пайда болады. Экожүйенің биотикалық және абиотикалық бөліктерін талассыз жүріп жатқан материал алмасуы-қоректік заттар айналымы байланыстырады, ол үшін қажет энергияны күн қамтамасыз етеді. Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын және топырақ пен судағы қоректік заттарды пайдаланып, органикалық қосындылар синтездейді. Бұл қосындылар өсімдік ұлпаларын құрайтын құрылыс материалы қызметін атқарады және өз функцияларын сақтау үшін қажет энергия көзі болып табылады. Олар жинақтаған химиялық энергияны босату үшін гетеротрофтар органикалық қосындыларды бастапқы бейорганикалық компоненттерге-көміртегі диоксидіне, суға, нитратторға, фосфаттарға және т.с.с ыдыратып, осымен қоректік заттардың айналымын аяқтайды. Жоғарыда айтылғандар экол.жүйені былайша анықтауымызға мүмкіндік береді. Экологиялық жүйе берілген танаптағы организмдерді қамтитын және физикалық орта мен энергия ағыны белгілі бір трофикалық құрылым, түр әр алуандылығын және жүйе ішіндегі заттар айналымын тудыратындай әрекеттесетін үздіксіз өзгеріп туратын кез келген біртұтастық болып табылады.

Экожүйенің келесі бір тұжырымдамасы былайша айтылады: экожүйе-тірі организмдердің, жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Экожүйе құрамына организмдер де, обиотикалық орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады, оның әр бөлігі екіншісіне ықпал етеді және де тіршіліктің жердегі қалыптасқан күйінде сақталып қалуы үшін бұлардың екеуі де сөзсіз қажет. Екі бастаудан құралған осы комплекстің біртұтастығына В.Н.Сукачев биогеоценоз туралы ілімінде баса назар аударды. Сукачев дамытқан идеялар графикалық түрде қарастырылады. Биогеоценоздың екі бөліктен (экотоп+биоценоз) құралатындығын мойындаумен қатар, биоценозды табиғатта, шындығында, өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің оқшауланған және дербес топтары түрінде кездеспейтін фиоценоз, зооценоз және микроценоздардың қосындысы ретінде қарастыру орынсыз екенін атап өткен жөн. Экожүйедердегі атқаратын рөлі тұрғысынан қарағанда хемосинтездеуші бактериялар автотрофтар мен гетеротрофтар арасындағы өтпелі топты құрайды. Көмірқышқыл газын жасуша компоненттерінің құрамына енгізу үшін қажет энергияны олар фотосинтез арқылы емес, аммоний, нитрат, сульфид, темір шола тотығына дейін химиялық тотықтыру нәтижесінде алады. Бактериялардың біразы қараңғыда да дами алады, бірақ көпшілігі оттегі қажет етеді. Экожүйенің құрылымы мен қызметінің жобасында берілген биотикалық қауымдастық құрамындағы организмдердің активтілігінің барлық түрлері- физикалық ортамен және бір-бірімен әрекеттесуі көрініс тапқан. Дегенмен, организмдер экожүйеде қандай да бір роль атқару үшін емес, өздері үшін тіршілік етеді. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекетінің арқасында пайда болады. Осыны ескерсек қана оның құрылымы мен қызметін, сондай-ақ экожүйенің сыртқы орта факторларының өзгерістеріне біртұтас заттай жауап қайтаратындығын түсіне аламыз. Осы ойымызды күкіртті ангидридтің әсерінен болатын қарағой ормандарындағы өзгерістер мысалында түсіндірейік. Күкіртті газдың әсерінен қарағой қылқондарында маңызды физиологиялық және мортрометриялық өзгерістер жүреді. Қылқондардың ұштарының сарғаюы, одан соң олардың некрозы байқалады, бұл ақырында қылқондарының едтуір сиреп, ағаштардың басының құрауына және бөрікбасының селдірлігіне әкеліп соғады. Қышқыл жауын-шашындардың әсерінен шөп-бұта қабатының сиреуі, жамылғысы құраған танаптардың пайда болуы байқалады, бұл кезіндегі орман шымылдығының астында, әсіресе топырақ бетіндегі қабатта ауа температурасының жоғарлауын тудырады.

Ауаның газбен ұзақ уақыт ластануы қорағайлы ормандардың созылмалы зақымдалуын тудырып, олардың өсуін баяулатады және абиотикалық факторларға ғана емес, қылқон кеміргіш зиянкестерге қарсыластыруын да әлсіретеді.

Ластану аймағында қылқон кеміргіш қабыршаққанаттылардың тығыздығының артуына құрамында күкіртті газ бар түтіндердің әсерінен өсімдіктердің физиологиялық-биохимиялық қорғаныс механизмдердің әлсіреуі, зиянкестердің популяцияларына поразиттік насекомдар, жыртқыштар, әртүрлі аурулар торапынан көрсетілер қысымның төмендеуі себепші болады. Жалпы алғанда, күкіртті газ қылқон кеміргіш көбелектердің дамуына жағымсыз әсер етеді. Көбелектердің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарының массасы кемиді, оналықтарының репродуктивтік көрсеткіштері және олардың салған жұмыртқаларының тіршілікке қабілеттілігі нашарлайды. Соған қарамастан бұл насекомдардың популяция тығыздығы артады. Экожүйенің гомеостазы Тарихи қалыптасқан экожүйе жай ғана қосынды, яғни оның құрамына кіретін жекелеген организмдердің жиынтығы ретінде қарастырылмауы тиіс. Сыртқы ортаның біршама тұрақтылығы жағдайында өзінің орнықтылығын сақтайтын бұл жүйе сыртқы ортадағы және экожүйенің өз құрамындағы алмастырулар нәтижесінде сан алуан өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Экожүйенің өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі гомеостаз деп аталады. Экожүйенің гомеостазы белгілі бір аралықтарда ғана сақтала алады. Экожүйе теріс кері байланыс ықпалы шеңберінен шығып кеткен жағдайда оң кері байланыс күшіне енеді. Теріс кері байланыстың ықпал ету аймағын гомеостаздық үстірт түрінде кескіндеуге болады. Ауыл шаруашылығы тәрбиесінде егіс өнімділігінің артуы көп жағдайда берілетін тыңайтқыштардың мөлшерімен байланыстырылады. Бірақ, әдетте тыңайтқыштар шамадан тыс берілетіндіктен, гомеостаз жүйесі теріс кері байланыс ықпалының жоғарғы шегінен шығып кетеді, соның салдарынан агроценозда егістік жерлердің тозуына жел соғатын қалпына келмес өзгерістер байқалып кетеді. Экожүйенің энергетикасы Экожүйенің ең маңызды термодинамикалық көрсеткіші-оның іштей реттелгендік түзуге және реттелудің жоғарғы деңгейін, яғни, энтропиясы төмен күйін сақтап тұруға қабілеттілігі. Қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады. Біріншісі-продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.

Екінші-консументтер бұған жануарлар жатады. Үшінші – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады. Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыпталады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады. Мысалы: жасыл өсімдіктер – бірінші трофикалық деңгейді түзсе, - екінші, ал жануарлар тектес қоректілер-үшінші т.б жалғаса береді. В.И.Вернадский биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың табиғатындағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элементтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді жүзеге асырады. Биогеоценоздардағы организмдер тобы өздерінің тәулік, жылдық, маусымдық активтілігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде активті келсе, кейбіреуі керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан және сапа жоғынан да үнемі ауытқып отырады. Биоценоздағы тәулік, маусымдық ауытқулар бірте-бірте бірлестіктерді толық бүлдіруі мүмкін. Осылайша биоценоздардың ауысуын экологиялық сукцессия процесі дейді. Экожүйені сипаттайтын энергияның жалпы ағыны күн сәулесінен және жақын орналасқан денелерден таралатын ұзын толқынды жылу сәулесінен құралады. Сәулелердің екі түрі қосылып ортаның климаттық жағдайын анықтайды. Бірақ экожүйенің тірі компонентерін энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтезге тек күн сәулесі энергиясының шағын бөлігі ғана пайдаланылады. Осы энергияның есебін экожүйенің негізгі немесе бастапқы өнімі түзіледі. Демек, экожүйенің бастапқы өнімділігі фотосинтез процесінде продуценттердің сәулелі энергияны пайдаланып, оны органикалық заттардың химиялық байланыстары түрінде жинақтау жылдамдығы ретінде анықталады. Экожүйедегі энергия ағыны тек эколог қана емес, біздің әрқайсымыз үшін де маңызды нәрсе. Себебі энергияның түр өзгерістерінің негізгі заңдарын игерсек, экожүйелердің неліктен басқаша емес, дәл осылайша қызмет істейтінін түсінеміз. Маңыздылығы бұдан кем түспейтін тағы бір жай, бұндай білім біздің әрекетіміз қоршаған ортаға орны толмастай нұқсан келтіретін шекараларды анықтап алуымызға көмектеседі.

Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе – тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдаланының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А.Тенсли. Ол экожүйені заттектердің айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне оргпникалық молекулалардың сіңімділік түрде белгілі қоры және организмдердің үш функционалды әртүрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы қажет. Продуценттерге өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автотрофтық организмдер жатады. Олар өздерінің тіршілік етуіне қажетті органикалық заттектердіКүн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттектерден немесе бейорганикалық заттектердің тотығуынан өздігінен өндіре алатын тірі организмдер. Автотрофты организмдерге фотосинтезге қабілетті жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады. Консументтер-бұлар гетеротрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық заттектерді қорек (азық) көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер. Бұларға барлық жануарлар (адамды қоса), саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің көбі,паразиттік және жәндікқоректі өсімдіктер жатады.

Консументтер бірінші және екінші реттік болып бөлінеді:

• Бірінші реттік консументтер (фитофагтар) – тек қана өсімдіктекті қоркпен тіршілік жасайтын жануарлар, көптеген жәндіктер (бұғы, піл, қой, қаз, көк шегіртке, өсімдік биті);

• Екінші реттік консументтер (зоофактар) – жануарлармен қоректенетін организмдер, жыртқыштар. Консументтердің тағы бір маңызды тобына детритофактар,немесе сапрофагтар - өлі органикалық заттектермен - өсімдіктермен жануарлардың тіршілігінен пайда болған қалдықтармен, өнімдермен қоректенетін жануарлар (түрлі-түрлі құрттар, бунақаяқтылар) жатады. Олар экожүйені тазалау функциясын атқарады және топырақтың жертезектің, суқоймаларының түбіндегі шөгінділерді түзуге қатысады. Жалпы консументтер экожүйенің коректік тізбегінде тұтынушылардың тобын құрайды. Редуценттер өлі органикалық заттектермен қоректенеді, оларды ыдыратып қайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдырады.

Редуценттер арқылы экожүйе ортасына молекулалық азот, минералды элементтер және көмір қышқыл газы қайтарылып отырады. Редуценттерге негізінде өліктер мен экскременттерде мекендеп, оларды біртіндеп ыдырататын микроорганизмдер (бактериялар, ашытқы микроорганизмдерді, саңырауқұлақтар-сапрофиттер) жатады. Саңырауқұлақтар негізінде өсімдіктердің клеткаларын, ал бактериялар жануарлар өлімтіктерін ыдыратуға қатысады.

Микроорганизмдер басқа да функцияларды атқарады, олар ингибиторлар (мысалы, антибиотиктер) немесе, керісінше, жылдамдатқыш- заттектер (мысалы, кейбір витаминдер) түзеді, олардың экологиялық маңызы өте жоғары,бірақ та осы уақытқа дейін толығымен зерттелмеген. Осы қарастырған топтастыруды салыстырмалы деп есептеуге болады, себебі консументер де, продуценттер де жартылай редуценттердің рөлін атқарады, өмір тіршілігінде олар қоршаған ортаға заттек алмасуында шыққан минералды өнімдерді тастап отырады. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекетіне байланысты. Әртүрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттектердің және судың қорын пайдалануы әртүрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды. Экожүйе деген түсінік белгілі бір дәрежемен, өлшеммен, күрделілігімен немесе пайда болу жолдарымен шектелмейді. Сондықтан жай жасанды (аквариум, бидай еккен дала, космос кемесі), сонымен қатар организмдер мен олардың тіршілік ортасынан тұратын күрделі орта табиғи жүйелер (көл, орман, дала, теңіз, мухит, биосфера) үшін осы экожүйе деген терминді қолдануға болады. Экожүйе бір-бірімен қарым- қатынастағы екі негізгі құрауыштан экотоптан (жансыз бөлігі) және биоценоздан (жанды бөлігі) тұрады. Экотопқа биотикалық құрылымдар: литосфера, гидросфера, атмосфера кіреді. Биоценоз биотопты мекендейтін продуценттердің, консументтердің және редуценттердің қауымдастығы, яғни осы тірі экологиялық құрауыштардың нақты тепе-теңдігімен сипатталатын жүйелі жиынтық. Биоценоз көптеген өсімдік, жануарлар мен микроорганизмдер түрлерінің өкілдерінен тұрады. Олар өздерінің мекендейтін ортасымен тығыз байланыста болады, сондықтан биоценозды экотоптан бөліп қарастыру қиынға түседі.

Осы себептен экотоп пен биоценозды біріктіріп биогеоценоз деп атайды. Биоценоз деген терминді ғылымға неміс биологы К.Мебиус 1877 жылы енгізген болса, В.Н.Сукачев биогеоценоз туралы түсінікті 1942 жылы енгізді. Экотоп пен биоценоз арасында мынадай тығыз байланыстар орын алған: - экотоп шарттары сан алуан болған сайын биоценоздағы түрлер де соншалықты көп болады. Экотоп жағдайларының қалыптан ауытқуы жоғары болған сайын биоценоз соғұрлым түрге жұтаң және ерекше болып келеді, ал керісінше оның кейбір түрлерін құрайтын дарақтардың саны жоғары болады.

Экотоптағы ортаның жағдайы неғұрлым бірқалыпты өзгеретін болса және ол ұзағырақ өзгеріссіз қалыпта тұрса, биоценоз соғұрлым түрлерге бай болады және қалыпты әрі тұрақты сақталады. - Бір-біріне жақын туысқан екі түрдің өзі бір экотопта бірдей экологиялық қуысты алып жата алмайтын болғандықтан, түрге бай тектер, әдетте биоценозда өзінің жалғыз өкілі арқылы қатысады. В.Н.Сукачевтің алғашқы анықтамасы бойынша биогеоценоз – Жер бетінің нақты бір бөлігіндегі біртекті табиғи элементтердің жиынтығы. Биогеоценоз – эволюциялық өзара қалыптасқан, кеңістігі шектеулі, тіршіліктері бір-бірімен байланысты, іштей біркелкі тірі организмдер мен оларды қоршаған абиотикалық ортаның табиғи жүйесі. Экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе анықтамасы. Тіршіліктің ұйымдасу дәрежесі мен негізгі заңдылықтары биологиялық жүйеге келтірілген. Онда тіршілік ұсақ, көзге ілінбейтін нышаннан бастап, бірте- бірте ірілене береді. Жүйенің үлгісі былай: Ген (тұқым қуалаудың бастапқы нышаны) – клетка- дене мүшесі- тірі дене – популяция (бір түрлі организмдер тобы) – сообщества (бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобы). Тірі организмдердің генасы мен клеткасын зерттеу арқылы мысалы, медицина ғылымы, денені немесе дененің жеке мүшелерін түрлі ауру – сырқаудан емдейді, ал биологиялық жүйенің денеден жоғары сатысын зерттеуге гена мен клетка дәрежесі жеткіліксіз. Жүйенің жоғарғы сатысы болып саналатын популяция мен сообществаны экология зерттейді. Бірге өмір сүретін түрлі организмдер мен олоарды қоршаған табиғи орта ажырамайтын байланыста және тұрақты арақатынаста болады. Тірі организмдер бірге өмір сүретін, өзара және табиғаттың өлі (абиотикалық) бөлектерімен қарым қатыныс жасайтын, жанды және жансыз бөлшектері арасында заттар айналымы болып тұратын ортаны экологиялық жүйе деп атайды. Экологиялық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі болып есептеледі де, барлық ғылыми зерттеулер экологиялық жүйеден басталады. Экологиялық жүйе көлемі жағынан түрлі болып, кішкентай шалшық суда, үлкен орманда жеке жүйе қатарына жатуы мүмкін. Көршілес орналасқан экожүйелер арасында белгілі қалыптасқан байланыстар мен зат айналымы болып тұрады. Бірақ қашанда болса жүйе ішіндегі байланыс пен зат айналымынан көп кем болады. Мысалға көл мен орман экожүйелері арасындағы байланыс пен зат айналымын алып қарауға болады. Орманда шөппен қоректенетін жануарлар, оларды азық ететін жыртқыш аңдар, өзара тығыз байланыстары бар ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрт- құмырсқалар т.б) өмір сүреді.

Сондай байланыстар көлдеде бар. Ондпғы фитопланктондар (су қабатында «қалқып» жүретін ұсақ өсімдіктер, негізінен микроскоппен көрінетін балдырлар) мен зоопланктондар (су қабатында өмір сүретін ұсақ жәндіктер) қоректенеді. Оларды балықтар, балықты су жануарлары мен жыртқыш балықтар жеп күн көреді. Былай алып қарағанда орман мен көл арасында байланыс жоқ сияқты. Бірақ, шынында олай емес. Күзде жапырақтар қурап желмен көл суына түсіп, шірігеннен кейін судағы жәндіктерге қорек болады. Суда өмірге келген жәндіктер өсе келе құрлыққа шығып орман тұрғынына айналады. Экологиялық жүйелер арасында бекітілген шекара болмаған соң, жеке жүйелердің ерекшеліктері бірте- бірте азайып, араласып, келесі жүйеге тән қасиеттермен ауысып жатады. Осындай екі экожүйе арасындағы ауыспалы аймақты ЭКОТОН деп атайды. Экологиялық жүйе түрлері Экожүйелер алатын энергия көздері мен құрылымына байланысты екіге бөлінеді. Экожүйе үшін энергия қуаты «Қозғаушы күш» болып есептеледіде, онда болатын табиғи өзгерістер мен зат айналымы энегия қуатының көзіне, санына және сапасына байланысты болады. Энергия қуатының көздеріне қарай экожүйелер төмендегіше бөлінеді. -Энегияны күн сәулесінен алып, табиғаттың басқа көздерінен және адамдардан алмайтын жүйелер. Оған мухиттар мен биік таулар жатады. -Энегияны күн сәулесінен және табиғат көздерінен алатындар. Оған шабындықтар, жағалаудағы шығанақтар, өзендердің құйылыс сағалары т.б. кіреді. Олар күн сәулесімен қатар құнарлы топырақта болатын органикалық заттарды пайдаланып алған энергия қуатын жинап басқаларға береді. Энергияны күн сәулесінен және адамдардан алатын жүйелер. Оған егістіктер мен су қабатында қолдан өнім өсіретін аймақтар жатады. Олар күн сәулесімен қатар, адамдардың сепкен тұқымдарынан, жұмсаған жанар және жағар майлардың энергия қуатын пайдаланады. -Энергияны отыннан алатын жүйелер.

Оған қалалар, өнеркәсіп орталықтары кіреді. Олар күн сәулесінен гөрі жағылған отыннан алатын энергия күшіне мұқтаж. Экожүйелердің құрылымы бойынша бөлінуі өсімдік түрлері мен жер бетінің бедеріне байланысты болады.Құрлықтағы жүйелер өсімдіктер түрлерінеқарай, судағы жүйелер геологиялық және физикалық айырмашылықтарына сәйкес бөлінеді. Адамзат қоғамының өсіп - өркендеуі мен мәдени дамуы осы құрлықтағы экожүйелерде өтіп келеді. Экожүйелердің құрылымы мен саны туралы ғылымда тұрақты қалыптасқан пікір әлі жоқ. Көп ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, солардың ішінен көп тараған, дұрыс деген, аса ірі экожүйенің құрылымы бойынша бөлінуін былай көрсетуге болады:

А. Құрлықтық экожүйелер – тундра (солтүстіктегі ормансыз, мүк басқан дала), тайга – (солтүстіктегі қылқан жапырақтықалың орман), орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропик (жершары экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23, 27 градус қашықтықта жатқан жер) және таулар.

Б. Тұщы сулар экожүйелері – Лентті (Lentis- латынша «тыныш» деген сөз) сулар жүйесі немесе ағынсыз сулар (көлдер, су қоймалары), Лотты (Lotus – латынша «жуушы» деген сөз) немесе ағынды сулар (өзендер, бұлақтар, жылғалар), Батпақты алқап (батпақтар мен онда өсетін ағаштар, өсімдіктер т.б).

В. Теңіз сулары экожүйелері – Ашық мухиттар, жағадағы сулар (Континентальды шельф), Апвеллинг (құрлықтан соққан жел үстіңгі қабаттағы жаға суын теңіз ортасына қарай әкетіп, төменгі қабаттағы сулар жоғары көтеріліп жататын, теңіздің тік жағалауынан үстіңгі қабаттағы жылы суды желмен теңіздің ортасына қарай қуып, олардың орнына төменгі қабаттан көтеріліп жататын құбылыстарды айтады) аудандар, Лимандар (теңіз жағасымен өзен сағасындағы жайылма қолтықтар, су жайылатын жерлер).

Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық жүйелер.Экологиялық жүйе анықтамасы

2 Экотон деген не

3 Продуценттер деген не

4 Консументтер деген не

5 Редуценттер деген не

6 Сукачев В.Н. ілімі

7 Биоценоз, биогеоценоз ұғымдары

 

Date: 2016-02-19; view: 1593; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию