Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары





Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда-«бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе желдің әсерінен бұзылуы. Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде бірішісінде-ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді.

Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар-жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.

Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процестердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін тыңайтқыштардың 1,5-2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден, өсімдіктер топырақты Шектен тыс мал жаю Қышқылдық жауын- шашын Урбанизация процесі Агротехника -ны дұрыс жүргізбеу Пестецидтер Топырақ эрозиясы Құрғату мен суландыру Ашық әдіспен кен өндіру Топырақ деградация- лану факторлары тамырларымен бекітіп тұрады. Екіншіден, өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікте әскрі айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман өсіру осыған негізделген. Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына, кеңістіктің ашықтығына(ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды және құмдақ) көп ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтылығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді. Аталған факторлар далаларда, шөлейттер мен шөлдерде, әсіресе құмды топырақ грунттары таралған жерлерде болады. Бұрынғы ССРО-ның территориясында жел эрозиясы («шаңды дауыл») 60-70- жылдарда кеңінен таралған еді. Әсіресе, тың жерлерді игеру кезеңінде жыртылған жеңіл топырақтар зақымданған. Олар іс жүзінде шамамен 6-7 млн. Га жерде жойылған. Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге, әсіресе, шымтезекті жерлерге тән. Бұл топырақтар материалдың байланысының төмен болуымен сипатталады. Мұндай эрозиялық процестер («қара дауылдар») Украина мен Белоруссия территориясында байқалған. Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады. Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кеңінен таралған. Топырақты өңдеуден басқа эрозиялық прцестердің болуына, әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды кесу, өсімдік жабынын жою, мал жаю, туризм және т.б. әсер етеді.

 

Эрозиямен күресу жолдары:

1. Айтарлықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынынң зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясының да болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ержелерін сақтау және рекреациялық қысымды төмендету болып табылады.

3. Егістік жерлерді қорғау іс-шаралары:

• ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы дақылдар;

• (жүгері, картоп, қызылша) топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет;

• Жиектік жыртуды жүргізу (рельефтің горизонттарымен);

• өңдеуден оңай бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;

• шағын егістік танаптарын табиғи ландшафтармен кезектестіру;

• танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;

• топыраққа жасалатын қысымды кемітетін техниканы пайдалану. Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет.

Бақылау сұрақтары:

1 Жер қоры.

2 Топырақтың маңызы мен қасиеттері.

3 Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары.

4 Су эрозиясы

5 Эрозиямен күресу жолдары

 

 

Date: 2016-02-19; view: 4872; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию