Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АВТОМОБИЛЬ ШУЫНЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ





Қала шуылының адамға тигізетін жағымсыз әсері ло шуылдың табиғи қасиеттерінің және психофизиологиялық әсерінің көп қырлылығымен, сонымен қатар оның кумулятивтік қабілеттілігімен түсіндіріледі. Жаңа уақыттағы психоэмоциналдық қысымның өсіп отырған жағдайында және еңбек процестерінің интелектуалдануы жағдайында шуылдың аз деңгейінің өзі ғана адам ағзасына қосымша жүктеме болып табылады. Шудың жоғарылығы есту қабілетінің төмендеуіне, тез шаршауға, еңбектің өнімділігін төмендетуге әкеп соғады, ал тез шаршау және тұрмыстық шу қалыпты демалысқа, ұйқыға, күштің қалпына келуіне кедергісін жасайды. Егер шудың пәрмені белгілі бір шектен асса, онда адамның жүйке жүйесіне күш түсіп, нәтижесінде мидың жүйкелік құрылымының қызметтік қарқыны бәсендейді, еске сақтау мен назар әлсірейді, жұмыстың дәлдігі мен реакцияның жылдамдығы төмендейді, ақпаратты қабылдау мен оны өңдеу қиындайды. Еңбек күнінен кейінгі қалыпты демалыс пен ұйқының жоқтығы адамды біртіндеп бірқатар ауруларға әкеп соғатын созылмалы шаршаудың жиналуын туғызады. Адамға шуылдың зиянды әсерін төмендетуге бағытталған алдын-алу шараларының негізгілерінің бірі жұмыс орындары мен тұрғып жайлардағы шуды шектеу болып табылады. Бұл мәселеге біздің елімізде де, басқа да экономикалық дамыған елдерде үлкен көңіл бөлінеді. Шумен күрес бойынша міндетті орындау үшін шудың рұқсат етілетін дәрежесі мен шу спектрының санитарлық-гигиеналық нормасын сақтау үлкен маңыз атқарады. Шудың рұқсат етілген дәрежесінің сипаты ретінде халықаралық стандарттау ұйымының шешімімен дыбыс деңгейі эквивалентті қабылданған. Біздің елімізде әртүрлі жайлар мен жұмыс орындарында шудың рұқсат етілген шегі бекітілген нормативтік құжаттар жасалған және ол іс жүзінде жұмыс істеуде. Тұрақты жұмыс орнында дыбыс дәрежесі “Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымы мен дыбыс деңгейінің рұқсат етілген гигиеналық нормасымен” бекітілген 85 д БА бірлігімен шектеледі. Қалыпты жұмыс істеу үшін автомобиль көлігі бірқатар жер ресурстары шығынын талап етеді. Автомобиль көлігінің қызметін қамтамасыз ететін автомобиль жолдарының, автокөлік кәсіпорындарының, көлікжайлар мен оларға қызмет көрсететін техникалық станциялардың, жүк станцияларының, автобекеттердің, жанар-жағар май құю станцияларының және т.б құрылыстар салудың кей жағдайларда адамның басқа әрекеттеріне, әсіресе ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін жайлары жиі кездеседі.

Сондай-ақ, қалаларда да үлкен аумақты алаңдар көлікке қажетті құрылысқа толы. Барлық көшелердің жүретін бөлігі, автокәсіпорындары тұрағының орны, автомобильдер тұратын көлікжайлардың алаңының жиынтығы осы кездегі қала аумағының 25-40 % алып тұр. Бірақ, соның өзінде бұл айтылып отырған көлем күн сайын қарқындап келе жатқан автомобильдер легін өткізуге жеткіліксіз болып бара жатыр. Жол тораптарының дамуы автомобильдер парктерінің санынан қалып бара жатыр, яғни автомобильдер санына шаққандағы жолдар көлемі жеткіліксіз болып отыр. Осы жайлардың бәрін талдай келсек мынандай бір қызық көрініс байқалады: көліктің дамуы қаланың өсуіне жол ашады, алайдақаланың өсуі өз кезегінде көлікпен атқарылатын жұмыстың көбеюін туғызады, осыдан келе, қала неғұрлым үлкен болса, оның көп бөлігі көлік пен көлікке арналған құрылысқа толады,- деген қорытынды туады. Автомобиль көлігінің жер ресурстарын пайдалануы тек көлікке арналған құрылыстар салуға ғана байланысты емес, сонымен қатар топырақтың техникалық эрозиясына, оның майларды жұтуына, жер бетіндегі және қабатындағы су ағысының өзгеруіне, топырақтың мұнай өнімдерімен және двигатель жұмысы барысында бөлінетін газдардың әртүрлі құрамдас бөліктерімен ластануына, топырақтын тірі қабатының жойылуына, табиғи ландшафтың талғамдық құндылығының төмендеуіне де байланысты. Ал судың ластануы кез келген ағзаның өміріне зиянын тигізетіні баршаға мәлім. Су клеткалар мен ткандер құрамына кіреді. Тек су барда ғана жануарлар мен өсімдік организмдерінде күрделі реакциялар мен зат алмасу процесі жүре алады. Жер шарының климаты мен ауа-райының жағдайы көбінесе су кеңістігімен және атмосфера құрамындағы су мөлшерімен анықталады. Адам қоғамының даму дәрежесімен бірге судың өнеркәсіпте, өндірісте пайдалануы кеңейе түсті де, осыған орай суды пайдалану және пайдалану барысында оны ластау күннен күнге арта түсті. Әлем бойынша 450 текше метр ағын суды зарарсыздандыру үшін күніне 5500 текше метр таза су жұмсалады екен, бұл адамның басқа қажеттерін өтейтін су мөлшерінен үш есе көп. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен энергетика, коммунальді шаруашылық сияқты су тұтынушы салалармен салыстырғанда автомобиль көлігінің үлесі аса үлкен емес деп айтуға болады. Әдетте судың ластануы көлік кәсіпорындары, жанар-жағар май қоймалары, жанар-жағар май құю станциялары, жөндеу және техникалық қызмет көрсету станциялары, көлікжайлар мен тұрақтар аумағынан еріген қар суы немесе жауын суы аққанда, сондай-ақ автомобиль жолдарынан аққан осындай сулардың ағын суға немесе жер асты суларына құйылуының салдарынан болады. Суды бұлғайтын негізгі ластаушылар қатарына автомобиль жұмысына пайдаланылатын қатты заттар, мұнай өнімдері, әртүрлі тұздар жатады. Олардың құрамы жыл мезгіліне, топырақ тұрпатына, автомобильдер паркі түріне, суды пайдаланудың үлестік салмағына байланысты. Әсіресе, суға құйылған мұнай өнімдерінің зияны аса үлкен, мұнай өнімдері су бетіне жайыла келе үлкен аумақты жұқа қабат болып жатып алады да, суға оттегінің енуіне кедергісін келтіреді. Егер бір тамшы мұнайдың су бетіне жайыла келе диаметрі бір метрлік аумақты қамтитынын есепке алсақ, судың автомобиль көлігінен шыққан мұнай өнімдерімен ластануының жалпы көлемін елестету қиынға соқпайды. Су бетіндегі мұнайлы қабықшаның қозғалысы өте жоғары, ол үлкен қашықтыққа жылжи алады. Сулардың мұнай өнімдерімен ластануын суларға полициклдік ароматтық көмірсутектердің, оның ішінде канцерагенды қасиетке ие бензо-а-пиреннің болуымен байланыстырады. Ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану объектілерінің суының құрамындағы зиянды заттарының рұқсат етілген шегі жасалған. Бұндай объекті суларының құрамындағы мұнай өнімдерінің көлемі 0,1 мг/л мөлшерінен артпауы керек, ал тетра-этил-қорғасын мүлде болмауы қажет. Су обектілерінің ағып келетін сулармен ластануын тазалау қондырғыларын орнату арқылы және суды бірнеше рет пайдалану арқылы азайтуға болады. Бұл жағдайда суды пайдалану процесі тұйық болып қалады. Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз-автомобильдердің жұмыс нәтижесінде пайда болған зиянды газдардың құрамдас бөліктерімен атмосфералық ауаның ластануы, көлік шуылы, тербеліс, электромагниттік сәулелер, жер массивтерінің майлануы, жер беті және жер асты суларының ластануы, автомобиль жолдарының құрылысын салу барысындағы ландшафтың бұзылуы, су және жел эрозиясы, геодинамикалық процестердің күшеюі болып табылады. Автомобильдердің жұмыс рәтижесінде пайда болған газдардың зиянды компоненттері мен автокөліктер шуылының зияны өте зор. Автомобильдердің жұмыс нәтижесінде пайда болған газдар – бұл 200-ден астам элементтер мен қосындылардың қоспасы. Соңғы кезде автомобильдердің жұмыс нәтижесінде пайда болған газдардың ең негізгі зиянды компоненттері болып көміртек тотығы (СО), көмірсутегі (CnHm), (NOx) танылып отыр. Ішкі жану двигателінің бөліп шығарған газдарының құрамындағы улы заттардың болуы бірқатар конструкторлық және реттеуге боларлық факторлардың, пайдаланып жүрген отын мен май түрлеріне, жану процесінің жүруіне, автомобильдің жұмыс жағдайы мен техникалық күтіміне байланысты. Көміртек тотығы (СО), қан гемоглобинімен реакцияға түсе отырып, адам организміндегі тотығу процесін бұзады, бұдан келе қандағы оттегінің қозғалыс жылдамдығы төмендейді. Кей жағдайларда газдың аз мөлшерінен де адамдардың улануы орын алады, бұған ең бірінші жүргізушілер, жол полтциясы қызметкерлері, ірі қалалардағы жаяу жүргіншілер жатады. Уланған адамның басы ауырады, жалпы депрессияға ұшырап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Азот тотығы (NOx) адам организміне түсісімен сумен әрекеттесе отырып, азот және азот тектес қышқыл түзеді, ал бұл қышқыл адамның өкпесінің бүлінуіне, оның жұмысының бұзылуына ұшыратады. Сонымен қатар азот тотығы (NOx) көздің шырышты қабатын, жүрек-тамыр жүйесін бүлдіреді. Азот тотығының (NOx) әсерін ешқандай зарарсыздандыратын затпен жоюға болмайды. Қалдық газдардың құрамында оннан астам көмірсутегі (CnHm) болады. Әсіресе газдар құрамында рак ауруын туғызатын көмірсутегінің болуы адамдар үшін аса қауіпті. Ең толық зерттелген көмірсутегі концерогенді зат - ароматты көмірсутегі – бенз-а-пирен немесе 3,4 бенз-а-пирен. Бенз-а-пиреннің орта есеппен алғандағы ауадағы тәуліктік концентрациясы ірі қалаларда 0,1 мкг/100м3 орнына 3мкг/100м3 -ке дейін жетеді. Үлкен қаланың тұрғыны көшеде ұзақ уақыт болса, 50қорапша шылымның құрамындағыдай бенз-а-пирин жұтады. Сонымен қатар, қалдық газдардан бөлінетін күйе де өте зиянды зат болып табылады. Көміртектен өзге, күйенің өзі де канцерагенді заттарды тасымалдаушы қызметін атқарады. Бензинге этил сұйықтығымен бірге қосылған қорғасынның 70-80% қалдық газдармен бірге атмосфера ауасына түседі. Организмде жинақтала отырып, қорғасын қосындылары қан жасайтын органдардың өзгерісін тудырады, бұл өз кезегінде зат алмасу процесін бұзады. Карбюраторлы двигательдердің бөліп шығаратын газдарының құрамында аз мөлшерде болса да күкірт тотығы болады, бұл зат та ағзаның қан құраушы органдарының бүлінуіне әкеп соғады. Катализаторлық зарарсыздандырғыштармен жабдықталған автомобильдерде күкірт қоспалары су буымен әрекеттескенде күкірт қышқылын бөледі. Улы заттардың әрекеті газдардың ауада жиналып тұрып қалуын туғызатын ауа райының қолайсыз жағдайында тіпті күшейе түседі. Атмосфераның бұлғануының әсері жалпы тіршілік қабаты болып табылатын биосфераның басқа элементтерінің бүлінуін туғызады. Оған мысал ретінде қалдық газдардың құрамындағы ауыр металдардың топыраққа түсуін атауға болады. Ең бірінші бұндай ауыр металға қорғасын жатады. Тәулігіне 90 мың автомобиль жүретін жолдың бойындағы 10 метр қашықтықта орналасқан жердегі топырақ пен өсімдікке, этилденген бензин пайдаланған жағдайда бір метр жерге 2880 грамм қорғасын қонып қалады екен. Бұл қорғасынның жалпы бөлінуінің 40%-і ғана. Өсімдік пен жан-жануарлар организмінде жинақталған қорғасын адам организміне түседі. Қалдық газдар суда ери отырып, суды да ластайды. Газдың суда еру қасиеті оның ерігіштігі, табиғи жағдайы, үлестік қысымы, температурасы сияқты бірқатар жайларға байланысты. Әсіресе, төмен температурада газдың суда еруі өте пәрменді жүреді. Ауа бассейінін ластаудың алдын-алу үшін заңды түрде ауаны ластаудың яғни зиянды заттардың ауаға бөлінуінің рұқсат етілген шегі бекітілген. ПДК (предел допустимой концентрации – рұқсат етілген концентрация шегі) дегеніміз ұзақ уақыт бойы күнделікті адам организміне әсер ете отырып, паталогиялық өзгерістер тудырып, ауру шақырмайтын, сонымен қатар адамның биологиялық бірқалыптылығын бұзбайтын атмосфералық ауадағы химиялық қоспалардың концентрациясы. ПДК елді мекендердегі атмосфера ауасының жағдайын бақылайтын санитарлық қадағалау қызметінің тұрақты түрдегі назарында болады. ПДК-ның өлшемі СН 01.001-01-94 санитарлық нормасында берілген және оның сақталуы қатаң түрдегі міндетті жай. 160 зат пен 35 ауа ластағыш қоспаға норматив тағайындалған. Атмосфералық ауа құрамында бір мезгілде бірнеше заттың болуы жағдайында, олардың жиынтық сомасы мынандай есептеумен алынған бірліктен аспауы керек:

 

С1 /ПДК1 + С2 /ПДК2n /ПДКn ≤ 1

 

Мұнда, ПДК1, ПДК2, ПДКn – зиянды заттардың атмосфералық ауадағы бірліктері, С12n - ауадағы заттардың нақты концентрациясы, мг/м3.

Бақылау сұрақтары:

1 Автомобиль шуының адамға әсері

2 Автокөліктерден су бассейндерінің ластануы

3 Автокөліктерден шығатын газдар, олардың организмге әсері

4 Рұқсат етілген концентрация шегі қалай анықталады

 

Date: 2016-02-19; view: 1416; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию