Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырақтың маңызы мен қасиеттері





Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.

В.В. Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ- зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент-ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады. Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен су ертінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті.

Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары. Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мысалы, қазыргі Тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу типіне тән құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ылғалды климат жағдайында, қылқанжапырақты ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктермен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В. Докучаев «топырақ-ландшафтың айнасы» деген. Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуан түрліліктің кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады. Жер ресурстарына әсер ету-құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың, радиациялық және су балансының өзгеруі, олай болса климаттық параметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады. Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі – қатты және химиялық ағыстардың артуы. Аталған құбылыстармен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына байланысты. Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық параметрлерінің өзгеруімен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтаң өзін- өзі реттеуші жүйе ретінде тіршілік етуінің бірден-бір шарты болып табылады. Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретінде ең алдымен ерекше органикалық зат гумус пен тірі ағзаларды атауға болады. Аталған заттардың топырақтағы мөлшерінің кемуі құнарлылықпен қатар, оның өзін-өзі реттеуі мен тұрақтылығын да төмендетеді. Топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларға көп энергия жұмсауды (топырақты өңдеу, қоректік заттардың мөлшерін толықтыруға байланысты тыңайтқыштарды қолдану, арам шөптермен, зиянкестермен күреске жұмсалатын барлық энергияны қосқанда) қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсер етеді. Қарапайым шаруашылықта топырақтың тек табиғи құнарлығы пайдаланылып, қарапайым өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Бұл кездегі жұмсалатын энергия жылына 2 ГДж/га құрайды. Кейін жоғары интенсивті егіншілікке жұмсалатын энергия мөлшері 12-15 ГД/ж-ға дейін жетті. Реймерстің мәліметтері бойынша (1990) қосымша жылына 15 ГД/ға энергия жұмсалғанда топырақ пен орта үшін зиянды (интенсивті эрозия, су қоймаларына химиялық заттардың шайылуы, судың эвтрофикациясы және т.б.) құбылыстар орын алды Тағы бір айта кетерлік маңызды қағида-әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігі оны алу үшін көп энергия жұмсауды қажет етеді. Мысалы, ХХ ғасырдың басынан бері өнім бірлігіне жұмсалатын энергия мөлшері 8-9 есе артқан. Жерлердің бұзылуының деградациясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың 80 теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қолдануы және т.б. (1-сурет)

 

Date: 2016-02-19; view: 2418; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию