Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Су айдындарыныҢ ластануы. Лас суларды тазарту Әдістері





Су ең маңызды экологиялық ресурс және тірі организмдердің басты құрамды бөлігі. Сутектің оттекпен жай тұрақты қосылысы. Сутектің 3 оттектің 6 изотоптарымен судың 36 изотоптың түрі түзіледі. Бұлардың 9-ы тұрақты изотоптардан түзіліп, табиғи судың құрамына кіреді. Су-жер бетінде ең көп таралған қосылыс. Ол барлық гидросфераны құрайды, байланысқан күйінде әртүрлі минералдар мен тау жыныстарының құрамына кіреді. Топырақта, атмосферада болады. Планетадағы судың жалпы мөлшері 1,5∙ 1024 -2,5∙1024, яғни, жер бетінің гектарына шамамен 50 млн. тонна судан келеді. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су болады. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында және топырақта мекендейтін организмдер үшін судың басты көзіне жауын- шашын жатады. Жауын-шашын экологиялық рөлі климаттың басқа параметрлеріне, әсіресе, судың топырақ және суқойма бетімен булану қарқындылығын немесе өсімдіктердің булануын анықтайтын температураның режимге байланысты өзгереді. Жер бетіндегі организмдерді сумен қамтамасыз етуді грунт суы, сондай-ау суқойма суы (ең алдымен жануарларды суару үшін пайдаланылады) маңызды рөл атқарады. Сумен қамтамасызданғандық және жыл ішінде оның өзгеруі-организмдердің орналасу заңдылығын сондай-ау экожүйенің құрамымен құрылымын анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Күн сәулесінің жылу энергиясымен су биосферада тұрақты айналады. Организмдерде су режиміне бейімделудің алуан көріністері қалыптасқан. Сумен бірге организмдер еріген заттектерді алады. Судың маңызды сипаттамасына оның сапасы жатады. Ол ластану сандарымен бірден нашарлауы мүмкін. Экожүйенің сумен қамтамасыз етілуіне антропогендік реттеу мүмкіндігі бар. Ал егер де біз су айдындарына тоқталатын болсақ онда, дүниежүзілік су қоршауының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайшы таптайды:

- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; - химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

- физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады.

Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздың құрамы, еріген бөлшектер, температура әртүрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы Мемлекеттік 76 стандарт 28-74-82 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейінінің ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын суларды өзен- көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері

- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; - өнеркәсіп орындары;

- ауыл шаруашылығын химияландыру; - халық шаруашылығының басқа да салалары Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді.

Оларды қоспалар (ерімейтін, коллойдты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық)-деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58 %, минералдық заттар 42 %-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар- химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйенің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқылды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.

Оның негізгі ластану көздері мыналар:

- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар; - химиялық заттар және тыңайтқыштар;

- тұрмыстық қалдықтар;

- жер асты суымен жалғанатын құбырлар;

- ірі құрылыс учаскелері;

- сүзгі алаңдар, бұрғы скважиналар болып табылады Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда. Өзендердің ішінде Ертіс су алыбы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап т.б ауыр металдар (ластануда) шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады. Іле-Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған ракета полигондары» т.б кен рудаларын байыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары (Ақдала, Шарын массивтері) және Шеңгельді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препораттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, Іле суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды ұшықтыра түсуде. Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепкі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Азия, Кенес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр. Ақтобе облысындағы су айдындарының да экологиялық жағдайы нашар. Мәселен, Елек өзені алиш өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Қорғалжын, Алакөл, Науырызым, Марқакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық жағдайы біршама тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де су айлындары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен ластануда. Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайрам кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстан жиірек ұшырасуда. Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген істер жүргізілуде. Бақылау сұрақтары: 1 Су ресурстарына сипаттама 2 Су ресурстарының ластануы 3 Өнеркәсіпте пайдаланатын суларға сипаттама 4 Қазақстандық су ресурстары

 

 

Date: 2016-02-19; view: 2359; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию