Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
II.Үй тапсырмасын тексеру
Үй есебінің орындалуын тексеру және шығару жолын талдау.
III .Қайталау
IV .Есептер шығару:
· Параллелограммның қабырғалады 12 см және 15 см. Үлкен қабырғасына түсірілген биіктігі 8 см болса, кіші қабырғасына түсірілген биіктігін табыңыз. Жауабы: 10 см
· Ромбының қабырғасы 17 см және бір диагоналі 16 см. Келесі диагоналін табыңыз: Жауабы: 30 см · Тік төртбұрыштың диагоналі оның бұрышын біреуі 200 болатындай 2 бөлікке бөледі. Бұрыштың екінші бөлігін табыңыз. Жауабы: 800
· NPKM тік төртбұрышының NK диагоналі болатындай бұрыш қояды. МОК бұрышын табыңыз, егер О-диагональдарының қиылысу нүктесі болса. Жауабы: 200
· Ромбының бір диагоналі қабырғасына тең. Ромбының бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 600; 1200 · Ромбының бір диагоналі қабырғасына тең. Ромбының диагональдары мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 300; 600 · Квадраттың диагоналі 4 см. Бұл квадраттың қабырғасы басқа квадраттың диагоналі болып табылады. Екінші квадраттың қабырғасын табыңыз. Жауабы: 2 см
· Квадраттың диагональдарының қиысу нүктесі қабырғасынан 16 см қашықтықта жатыр. Квадраттың периметрін табыңдар. Жауабы: 128 см
· Трапецияның биіктігі 4 см, ал үлкен табанындағы бұрыштары 300 және 450. Трапецияның бүйір қабырғаларын табыңыз. Жауабы: және 8
· Тең бүйірлі трапецияның сүйір бұрышы 600. Бүйір қабырғалары мен жоғары табаны 10 м-ге тең. Трапецияның орта сызығын табыңыз. Жауабы: 15 м
VI. Қорытынды: Сөйлемді аяқта: n Тек екі қабырғасы параллель төртбұрыш..... n Тік бұрышы бар параллелограмм... n Өзара перпендикуляр, тең диагоналдары бар параллелограмм... n Қабырғалары тең тіктөртбұрыш... n Қарама-қарсы екі қабырғасы параллель, тең төртбұрыш... n Тік бұрышы бар ромб... n Барлық қабырғалары тең параллелограмм V. Үй жұмысы: Үшбұрыштар. Тест 2011 1. ВС=7, ЕД=4. АВ және СЕ қабырғалары параллель. АД табанын табу керек. Жауабы: 11 2. Тік төртбұрыштың қабырғалары 3 см және 4 см. Қабырғасы тік төртбұрыштың диагоналіне тең болатын ромбының периметрін табыңыз. Жауабы: 20 см 3. Трапецияның диагоналі оның орта сызығын ұзындықтары 4 см және 6 см болатын кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңыз. Жауабы: 8 см және 12 см Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Сабақ №__ 50 _ Күні:______ Сынып:_ 11___ Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар. Сабақтың мақсаты: Білімділік. Дұрыс көпбұрыштар анықтамасын және қасиеттерін қайталау, есептер шығару дағдыларын дамыту. Дамытушылық: Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру Сабақтың типі: Қайталау сабағы. Сабақтың әдіс – тәсілдері: Творчествалық ізденіс, практика Сабақтың түрі: Топтық сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және топтарға бөліп отырғызу. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушының жан – жақты білімін тексеру: Мына суреттегі көпбұрыштың түрлерін анықта
3. Қайталау. Жаңа сабақты оқушылар өздері жұмыс жасай отырып меңгереді. 1) Оқушылардың әрқайсысы дөңес көпбұрыш сызады. 2) Тең қабырғалы үшбұрыш салады 3) Шаршы салады
Тақтада барлық қабырғалары және бұрыштары тең бесбұрыш, алтыбұрыш алып, қабырғалары мен бұрыштарын өлшейміз.
Анықтама: Барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты дұрыс көпбұрыш деп атайды. Дұрыс n бұрыштың қабырғасын аn деп белгілесек, барлық қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі Pn = n• аn болады. Дұрыс n бұрыштың бұрыштары тең, ал барлық бұрыштарының қосындысы 180˚(n – 2) болғандықтан, оның әрбір бұрышы α = болады. 1 – мысал. Дұрыс он бесбұрыштың бұрышын есептеп табу керек. Шешуі. n = 15 деп алып, α = формуласын пайдаланамыз. Сонда α = •180˚ = 156˚ Жауабы: 156˚ 2 – мысал. Бұрышы 144˚ болатын дұрыс n бұрыштың қабырғалар санын анықтау керек. Шешуі: α = формуласының көмегімен α = 144˚ деп алып, дұрыс көпбұрыштың n бұрыштар санын табамыз: 144˚ = , n = 10 Жауабы: n = 10(он бұрыш) Жаңа сабақты бекіту: 1) бұрыштарының қосындысын; 2) әрбір бұрышын; 3) әрбір төбесіндегі сыртқы бұрышын; 4) бір төбеден шығатын диагональдар санын; 5) барлық диагональдарының санын 6) егер периметрі 24,6 м болса, әрбір қабырғасын табыңдар.
Оқулықпен жұмыс. Есеп: Берілгені: Шешуі: 1) α=140˚ α = 1) 140˚ = n = 9 2) α=150˚ 2) 150˚ = n = 12 3) α=168˚ 3) 168˚ = n = 30 n=? Жауабы: 9; 12; 30. 1.Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1) 10800; 2) 14400; 3) 18000; 4) 28800 болғанда, оның қабырғалары нешеу? 2. Дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрыштарының әрқайсысы 1) 600; 2) 900; 3) 1350; 4) 1500 болса, оның қабырғалары нешеу? Үйге: Дұрыс бесбұрыштың бұрыштары 1; 2;4; 5; 6 сандарына пропорционал. Бесбұрыштың бұрыштарын есептеңдер. Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Сабақ №__ 51 _ Күні:______ Сынып:_ 11 ___ Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шеңбер және дөңгелектің анықтамасын, қасиеттерін қайталау. Есептер шығару дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту. Сабақтың типі: Қайталау Сабақтың түрі: Практикалық Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық Сабақтың жүрісі: I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
Date: 2015-05-05; view: 4050; Нарушение авторских прав |