Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Й тапсырмасын тексеру





1.Үй есебінің орындалуын тексеру

2. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

4.Есептер шығару

1.DABC пирамидасында AD қыры биіктігі болады, АС=18, AB=12, AD=5, CAB=900 болса, BDC жағының DM медианасының ұзындығын табыңыз. жауап: A)

2.DABC пирамидасында AD қыры биіктігі болады, АС=18, AB=12, AD=5, CAB=900 болса, пирамиданың төбесінен табанының медианаларының қиылысу нүктесіне дейінгі қашықтықты табыңыз.

жауап: C)

3.Тік бұрышты параллелепепипедтің табан қбырғалары 5см және 12 см, параллелепепипедтің диагоналі табнымен 600 бұрыш жасайтын болса, көлемін табыңыз. жауап: D)780

4. АВСDА1В1С1D1 тік параллелепипед табанында параллелограмм, АВ=4 см, АD=6 см, ВАD=600. АD және В1С1 қырлары арқылы табанына 450 бұрышпен көлбеген жазықтық жүргізілген болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз. жауап: А)40

5.АВСDА1В1С1D1 тік параллелепипед табанында ромб, ромб қабырғасы а-ға тең, ВАD=600. В1D диагоналі табан жазықтығымен 450 жасаса, толық бетінің ауданын табыңыз.

жауап: D) а2(4+ )

5. Бекіту

Көпжақты бұрыштардың қандай қасиеттерімен таныстыңдар?

6. Үй тапсырмасы: 1.2. тақырып. Сұрақ 1-3.

 

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Цилиндр – айналу денесі. Цилиндрдің қимасы..

Мақсаты:

1. Цилиндр және цилиндрдің қималары туралы ұғыммен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

 

ΙΙ. Жаңа тақырып

Цилиндр деп бір жазықтықта жатпайтын екі дөңгелектен және осы дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын, параллель көшіргенде дәл беттесетін, барлық кесінділерден құралатын денені атайды.

Дөңгелектерді цилиндрдің табандары деп, ал дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды.

Цилиндрдің табандары тең.

Цилиндрдің табандары параллель жазықтықтарда жатады.

Цилиндрдің жасаушылары параллель және тең болады.

Егер цилиндрдің жасаушылары табан жазықтықтарына перпендикуляр болса,

онда оны тік цилиндр деп атайды.

Цилиндрдің радиусы деп оның табанынң радиусын атайды.

Цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.

Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетін түзуді атайды.

Цилиндрді осіне параллель жазықтықпен қиғанда қимасы тік төртбұрыш болады.

Цилиндрдің табанына параллель жазықтық оның бүйір бетін табан шеңберіне тең болатын шеңбер бойымен қиып өтеді.

ΙΙΙ. Есептер шығару

№11, №12, №13, №14

ΙV. Қорытынды

Дөңгелек цилиндр (цилиндрдің жасаушысы, цилиндрдің табаны, цилиндрдің бүйір беті) деген не?

Цилиндрдің радиусы, цилиндрдің биіктігі, цилиндрдің осі, цилиндрдің осьтік қимасы деген не?

Тік цилиндр деп қандай цилиндрді айтады?


 

V. Үйге тапсырма беру: §5, т 5.1-5.2, №, сұрақ 1-5, №15-16

 

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы.

Мақсаты:

1. Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданының формуласымен таныстыру. Формуланы пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Дөңгелек цилиндр (цилиндрдің жасаушысы, цилиндрдің табаны, цилиндрдің бүйір беті) деген не?

Цилиндрдің радиусы, цилиндрдің биіктігі, цилиндрдің осі, цилиндрдің осьтік қимасы деген не?

Тік цилиндр деп қандай цилиндрді айтады?

 

Жаңа тақырып

Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын

S=CH= 2

формуласымен есептеп шығарады, мұндағы R –цилиндрдің радиусы, ал Н –оның биіктігі

Цилиндрдің толық бетінің ауданы

Sт.б.. =Sб.б.+2Sтаб= 2 +2 =2

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №24, №25, №26

Өздіктерінен: №28

Қорытынды

Цилиндрдің жазбасы қандай фигура болады?

Цилиндрдің бүйір бетінің формуласы?

Цилиндрдің толық бетінің формуласы?

 

V. Үйге тапсырма беру: §5, т 5.3, №, сұрақ 1-5, №20-21

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған призмалар.

Мақсаты:

1. Цилиндрге іштей және сырттай сызылған призмалармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Цилиндрдің жазбасы қандай фигура болады?

Цилиндрдің бүйір бетінің формуласы?

Цилиндрдің толық бетінің формуласы?

 

Жаңа тақырып

Цилндрге іштей сызылған призма деп табан жазықтықтары – цилиндрдің де табан жазықтықтары, ал бүйір қырлары цилиндрдің жасаушылары болып табылатын призманы атайды.

Цилиндрге жанама жазықтық деп цилиндрдің жасаушысы мен осы жасаушыны қамтитын осьтік қимаға перпендикуляр жазықтықты айтады

Цилиндрге сырттай сызылған призма деп табан жазықтықтары – цилиндрдің де табан жазықтықтары, ал бүйір жақтары цилиндрге жанасатын призманы атайды

 

Есептер шығару

№31, №32, №33

Қорытынды

Цилиндрге іштей сызылған призма деп қандай призманы атайды?

Цилиндрге жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?

Цилиндрге сырттай сызылған призма деп қандай призманы атайды?

 

Үйге тапсырма беру: §5, т 5.4, №, сұрақ 1-5, №20-21

 

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Конус - айналу денесі. Конустың жазықтықпен қимасы.

Мақсаты:

1. Конус және конустың қималары туралы ұғыммен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру таныстыру

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Цилиндрге іштей сызылған призма деп қандай призманы атайды?

Цилиндрге жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?


Цилиндрге сырттай сызылған призма деп қандай призманы атайды

Жаңа тақырып

Конус деп дөңгелектен – конустың табанынан, бұл дөңгелектің жазықтығында жатпайтын нүктеден конустың төбесінен және конустың төбесін табанындағы шеңбердің нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған денені айтады.

Конустың төбесін табанындағы шеңбердің нүктелерімен қосатын кесінділер конустың жасаушылары деп аталады.

Егер конустың төбесін табанының центрімен қосатын түзу табан жазықтығына перпендикуляр болса, онда оны тік конус деп атайды.

Конустың биіктігі деп оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды.

Конустың төбесі арқылы өтетін жазықтықпен қиғанда қимада бүйір қабырғалары конустың жасаушылары болып табылатын, тең бүйірлі үшбұрыш шығады.

Конустың табан жазықтығына параллель жазықтық конусты дөңгелек бойымен, ал бүйір бетін центрі конустың осінде жататын шеңбер бойымен қиып өтеді.

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №8, №9, №10

Өздіктерінен: №11

Қорытынды

Дөңгелек конус, конустың төбесі, конустың жасаушысы, конустың табаны, конус бүйір беті деген не?

Конустың биіктігі, конустың осі, конус осьтік қимасы деген не?

Тік конус деп қандай конусты айтады?

 

Үйге тапсырма беру: §6, т 6.1-6.2, №, сұрақ 1-5, №12, №13

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Конустың жазбасы мен бетінің ауданы.

Мақсаты:

1. Конустың жазбасы мен бетінің ауданының формуласымен таныстыру. Формуланы пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Дөңгелек конус, конустың төбесі, конустың жасаушысы, конустың табаны, конус бүйір беті деген не?

Конустың биіктігі, конустың осі, конус осьтік қимасы деген не?

Тік конус деп қандай конусты айтады?

 

Жаңа тақырып

Конустың бүйір бетінің ауданын

S= C =

формуласымен есептеп шығарады, мұндағы R –конустың радиусы, ал –оның жасаушысы

Конустың толық бетінің ауданы

Sт.б.. =Sб.б.+Sтаб= + = ( + )

 

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №21, №22, №23

Өздіктерінен: №24, №25

Қорытынды

Конустың жазбасы қандай фигура болады?

Конустың бүйір бетінің формуласы?

Конустың толық бетінің формуласы?

 

V. Үйге тапсырма беру: §6, т 6.3, №, сұрақ 6-7, №27, №28

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған конустар.

Мақсаты:

1. Конусқа іштей және сырттай сызылған пирамидалармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Конустың жазбасы қандай фигура болады?

Конустың бүйір бетінің формуласы?

Конустың толық бетінің формуласы?

 

Жаңа тақырып

Конусқа іштей сызылған пирамида деп табаны конус табанындағы шеңберге іштей сызылған көпбұрыш, ал төбесі конустың төбесі болып табылатын пироамиданы атайды.

Конусқа жанама жазықтық деп конустың жасаушысы арқылы өтетін және осы жасаушыны қамтитын осьтік қима жазықтығына перпендикуляр жазықтықты айтады

Конусқа сырттай сызылған пирамида деп табаны – конустың сырттай сызылған көпбұрыш, ал төбесі конустың төбесімен дәл келетін пирамиданы атайды.

 

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №32, №33, №35

Өздіктерінен: №36

Қорытынды

Конусқа іштей сызылған пирамида деп қандай пирамиданы атайды?

Конусқа жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?

Конусқа сырттай сызылған пирамида деп қандай пирамиданы атайды?

 

Үйге тапсырма беру: §6, т 6.4, №, сұрақ 6-7, №37, №38

 

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Қиық конус. Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы.

Мақсаты:

4. Қиық конус және кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласымен таныстыру және формуланы пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

1. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

2. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Конусқа іштей сызылған пирамида деп қандай пирамиданы атайды?

Конусқа жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?

Конусқа сырттай сызылған пирамида деп қандай пирамиданы атайды?

 

Жаңа тақырып

Конустың табанына параллель және оны қиып өтетін жазықтық одан кіші конус қиып түсіреді. Қалған бөлігі қиық конус деп аталады.

Радиустары R1, R2 және жасаушысы болатын қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы:

S= (R1+ R2)

 

 

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №39, №40, №41

Өздіктерінен: №42

Қорытынды

Қиық конус деп қандай конусты атайды?

Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?

Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы?

 

Үйге тапсырма беру: §6, т 6.5, №, сұрақ 1-7, №343, №44

 

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Сфера мен шардың қасиеттері. Шармен сфераның жазықтықпен қимасы.

Мақсаты:

1. Сфера мен шардың қасиеттерімен, шармен сфераның жазықтықпен қималарымен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қиық конус деп қандай конусты атайды?

Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?

Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы?

 

Жаңа тақырып

Шар деп берілгент нүктеден берілген қашықтықтан артық емес қашықтықта жататын кеңістіктің барлық нүктелерінен тұратын денені атайды. Бұл нүкте шардың центрі деп, ал берілген ара қашықтық шардың радиусы деп аталады.

Шардың шекарасы шардың беті немесе сфера деп аталады. Шар бетінің екі нүктесін қосатын және шардың центрінен өтетін кесінді диаметр деп аталады. Кез келген диаметрдің ұштары шардың диаметрлік қарама-қарсы нүктелері деп аталады.

Шар да айналу денесі. Ол жарты дөңгелекті ось ретінде диаметрден айналдырғанда шығады.

Шарды жазықтықпен қиғандағы кез келген қимасы дөңгелек болады. Бұл дөңгелектің центрі шардың центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.

Шардың центрінен өтетін жазықтық диаметрлік жазықтық деп аталады.

Шардың диаметрлік жазықтықпен қиғандағы қимасы – үлкен дөңгелек деп, ал сфераның қимасы үлкен шеңбер деп аталады.

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №16, №17

Өздіктерінен: №18

Қорытынды

Шар (шардың беті немесе сфера) деген не?

Шардың радиусы, шардың диаметрі деген не?

Шардың қандай нүктелері диаметрлік қарама –қарсы нүктелер деп аталады?

Шардың жазықтықпен қиылысуынан қандай фигура шығады?

Қандай жазықтық шардың диаметрлік жазықтығы деп аталады? Үлкен дөңгелек деген не?

 

Үйге тапсырма беру: §7, т 7.1-7.2,, сұрақ 1-8, №19

 

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Сферға жанама жазықтықтар.

Мақсаты:

1. Сферға жанама жазықтықтармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Шардың жазықтықпен қиылысуынан қандай фигура шығады?

Қандай жазықтық шардың диаметрлік жазықтығы деп аталады? Үлкен дөңгелек деген не?

 

Жаңа тақырып

Сфераның А нүктесінен өтетін және А нүктесіне жүргізілген радиусқа перпендикуляр жазықтық жанама жазықтық тдеп аталады. А нүктесі жанасу нүктесі деп аталады.

Жанама жазықтықтың сферамен бір ғана ортақ нүктесі – жанасу нүктесі болады.

Сфераға жанама жазықтықта жататын және жанасу нүктесі арқылы өтетін түзу осы нүктеде сфераға жүргізілген жанама деп аталады.

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №20, №21

Өздіктерінен: №22

Қорытынды

Қандай жазықтық сфераға жанама жазықтық деп аталады?

Жанама жазықтықтың сферамен неше ортақ нүктесі болады?

Қандай түзу сфераға жанама деп аталады?

 

Үйге тапсырма беру: §7, т 7.3,, сұрақ 9-11, №23, №24

 

Сабақ №__ Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Дөңгелектің, сфера мен шардың бөліктері.

Мақсаты:

1. Дөңгелектің, сфера мен шардың бөліктерімен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қандай жазықтық сфераға жанама жазықтық деп аталады?

Жанама жазықтықтың сферамен неше ортақ нүктесі болады?

Қандай түзу сфераға жанама деп аталады?

 

Жаңа тақырып

Шардың жазықтықпен қиып түсірген бөлігін шар сегменті деп атайды.

Шар сегменті:

1) Сегменттік бет деп аталатын сфераның бөлігімен;

2) Шар сегментінің табаны деп аталатын дөңгелекпен шектелген

3) Сферані жазықтықпен қиып түсірілген бөлігін сфералық сегмент, ал сфера мен жазықтықтың қиылысу шеңберін сфералық сегменттің табаны деп атайды.

4) Шар сегментінің және сфералық сегменттің биіктігі деп сегменттің табаныныа перпендикуляр радиустың шар сегментіне тиісті кесіндісін атайды.

5) Шар белдігі (қабаты) деп оның параллель екі қимасының арасындағы сфера бөлігін атайды.

6) Шар қабатының биіктігі деп бір табанының нүктесінен екінші табанының жазықтығына түсірілген перпендикулярды айтады.

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №25, №26

Өздіктерінен: №27

Қорытынды

1) Қандай фигура «шар сегменті» деп аталады? Шар сегментінің қандай элементтерін білесіңдер?

2) Қандай фигура «шар секторы» деп аталады?

3) Қандай көпжақ «шарға іштей сызылған» деп аталады?

 

Үйге тапсырма беру: §7, т 7.4,, сұрақ 12-13, №28

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған көпжақтар.

Мақсаты:

1. Іштей және сырттай сызылған көпжақтармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

 

Жаңа тақырып

Егер көпжақтың барлық төбелері шардың бетінде жататын болса, онда оны шарға іштей сызылған көпжақ деп атайды.

Егер көпжақтың барлық жақтары шардың бетін жанайтын болса, онда оны шарға сырттай сызылған көпжақ деп атайды.

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №29, №30. №31

Өздіктерінен: №32

Қорытынды

Қандай көпжақ шарға іштей сызылған көпжақ деп аталады?

Қандай көпжақ шарға сырттай сызылған көпжақ деп аталады?

 

Үйге тапсырма беру: §7, т 7.5,, сұрақ 14, №33, №34

 

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Шар бетінің және олардың бөліктерінің аудандары.

Мақсаты:

1. Шар бетінің және олардың бөліктерінің аудандарымен таныстыру және оларды пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қандай көпжақ шарға іштей сызылған көпжақ деп аталады?

Қандай көпжақ шарға сырттай сызылған көпжақ деп аталады?

 

Жаңа тақырып

Радиусы R сфераның ауданы мына формуламен есептеп шығарады:

S=4πR2

Шар секторының бетінің сфералық бөлігінің ауданы мына формуламен есептеп шығарылады:

S=4πRН,

мұндағы Н-сегменттің биіктігі

 

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №35, №36, №37

Өздіктерінен: №37

Қорытынды

Сфераның ауданын қандай формуламен есептеп шығарады?

 

Үйге тапсырма беру: §7, т 7.6,, сұрақ 15, №38, №39

 

Сабақ №____

Күні:______

Сынып:_ 11___

 

Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың айналу денелері тарауы бойынша алған білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, үй тапсырамасын тексеру.

 

 

1 нұсқа 2 нұсқа
  1.Конус табанының диаметрі d, осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы α. Конустың бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.   2. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы оның табанының ауданынан үш есе үлкен. Цилиндрдің биіктігінің табан радиусына қатынасын табыңдар.   3.Дұрыс төртбұрышты призманың табан қабырғасы 4 см, биіктігі 2 см. Призманы сырттай шар сызылған. Шар бетінің ауданын және шардың көлемін табыңдар.   1. Конустың жасаушысы а, осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы α. Конустың бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.   2. Шар центрінен 12 см қашықтықта қима жүргізілген. Қима дөңгелегінің радиусы 5 см. Пайда ботлған шар сегментінің сфералық бөлігінің ауданын табыңдар.   3.Тіктөртбұрыштың қабырғалары 4 см және 5 см. Тіктөртбұрышты оның кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дененің бетінің ауданын табыңдар.  

 

 

Үй жұмысы.

Тақырып 5-7, Қайталау

 

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Есептер шығару.

Мақсаты:

1. Оқушылардың айналу денелері тарауы бойынша алған білім, біліктілік, дағдыларын пайдаланып есептер шығару.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

Бақылау жұмысын талдау

1).Бақылау жұмысында қиындық туғызған есептерді талдау

2). Қатемен жұмыс жасау

 

Есептер шығару

1) Конустың остік қимасы тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш, гипотенузасы 12 см болса, конустың толық бетінің ауданын табыңыз.

A)37p B)38p C)40p D)36( +1) p E)41p

 

2) Конустың осьтік қимасы тең бүйірлі үшбұрыш, қабырғалары 16 және бұрышы 1200 болса, толық бетінің ауданын табыңыз.

A)64(3+2 )p B)185p C)186p D)191p E)200p

3) Қиық конустың табандарының аудандары 25p және 64p, осьтік қимасының ауданы 52 болса, толық бетінің ауданын табыңыз.

A)150p B)154p C)149p D)148p E) 151p

4) Цилиндрдің осіне параллель қимасы одан см қашықтықта. Егер қиманың ауданы 8 см2 және табанынан 600 доға қиса, онда цилиндрдің толық бетін табыңыз.

A)40p B)54p C)55p D)24p E)42p

5) Шардың центірінен 12 см қашықтықтағы жазықтықпен қимасының ауданы 25p болса, шардың бетінінің ауданын табыңыз.

A)675p B)674p C)676p D)679p E)671p

 

6) Жазықтық сфераны қияды. Қиылысу сызығындағы нүктеден жүргізілген шардың диаметрінің ұзындығы 4 және ол жазықтықпен 450 жасаса, қиылысу сызығының ұзындығын табыңыз.

A)9p B)10p C)5p D)4p E)3p

Қорытынды

Қандай айналу денелерін білесіңдер?

Үйге тапсырма беру:

Қайталау

 

 

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Көлем туралы жалпы мағлұматтар. Кавальери принципі.

Мақсаты:

· Көлемнің негізгі қасиеттерімен таныстыру.Кавальери принципімен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

· Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

· Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

 

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Көлемнің негізгі қасиеттері:

1.Әрбір фигураның теріс емес санмен өрнектелетін көлемі бар болады.

2. Тең фигуралардың көлемдері де тең

3.Егер фигура ортақ нүктелері жоқ бірнеше бөлікке бөлшектенсе, онда оның көлемі бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең болады.

4. Көлемдердің өлшем бірлігі ретінде қырының ұзындығы е-ге тең кубтың көлемі алынады, ол е3 деп белгіленеді.

Теорема. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның үш өлшемінің көбейтіндісіне тең.

V═авс, мұндағы а, в, с –тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері.

Қыры а болатын кубтың көлемі а3-қа тең, мұндағы а – кубтың қыры.

Кавальери принципі: бізге F1 және F2 фигуралары мен α жазықтығы берілсін. Егер α жазықтығына параллель әрбір жазықтық фигуралардың бірін қиып өткенде екіншісін де қиып өтсе және берілген фигураларда пайда болған қималардың аудандары тең болса, онда берілген фигуралардың көлемдері тең болады.

4.Есептер шығару

№9, №10, №11

5.Бекіту

7) Көлемнің негізгі қасиеттері атаңдар.

8) Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?

3) Кавальери принципін тұжырымда

6. Үй тапсырмасы: 8.1-8.2. тақырып. Сұрақ 1-3. №12-13

 

 

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_ 11 ___

Тақырыбы: Призманың көлемі.

Мақсаты:

· Призманың көлемі формуласымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

· Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

· Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс

Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

 







Date: 2015-05-05; view: 3193; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.22 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию