Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БӨЛІМ. Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық әрекетін есепке алу және талдау





Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық әрекетін есепке алу және талдау.

Тақырып 7.1: Кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің есебі мен статистикасы.

Жоспар:

1. Геологиялық барлау жұмыстарындағы шаруашылық әрекет есебінің мәні мен түрлері.

2. Геологиялық барлау жұмыстары статистикасының негіздері.

 

§1. Геологиялық барлау жұмыстарындағы шаруашылық әрекет есебінің негіздері.

Есептің жақсы қалыптасқан жүйесі – бұл нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорынды тиімді басқарудың қажетті шарты.

Нарықтық бәсеке жағдайында кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің есебі жоспарлаумен тығыз байланысты. Шынайы жоспар объектінің жағдайын сипаттайтын, есеп мәліметтерінің негізі ретінде қолданған кезде ғана құрылуы мүмкін.

Есеп мәліметтерін талдау ұйымның әрекетін бақылауға, өндіріс резервтерін табуға, қалыпты жұмысқа кедергі келтіретін себептерді анықтауға, оларды жою шараларын белгілеуге мүмкіндік береді. Мәнісі мен жүзеге асыру әдістері бойынша есеп сенімді, уақытыл және қарапайым болу керек. Шаруашылық есептің үш түрін ажыратады:

  • оперативті-техникалық;
  • статистикалық;
  • бухгалтерлік.

Оперативті-техникалық есеп өндірістік үрдістердің көрсеткіштерін оларды орындау барысында немесе тікелей олар аяқталған соң бекітеді. Ол мыналарды қамтиды:

  1. әр объект бойынша (ұңғыма, тау-кен қазбасы, құрылыс және т.с.с.) жек ежұмысшы немесе әр бригада орындаған, физикалық көріністегі жұмыстардың барлық түрлерінің көлемдері;
  2. жұмыстардың атқарылған түрлеріне, жеке үрдістерге (мысалы, ұңғыманы айналдыра қорғауға) немесе операциялар тобына (мысалы, бұрғылау снарядын көтеріп-түсіруге) кететін уақыт шығындары;
  3. жабдықтардың жұмысына; тоқтап тұруға; артық жұмысқа және т.с.с.

Оперативті-техникалық есеп геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге оперативті бақылау құралы қызметін атқарады. Ол өнімділік нормаларының орындалуын және жалақының есептелуін, жұмыстардың құнын анықтаудың есебі үшін негіз болып табылады.

Оперативті-техникалық есеп арнайы құжаттамада бейнеленеді. Оперативті-техникалық есептің негізгі бастапқы құжаттары мыналар болып табылады:

  • Өлшеу актісі
  • Аралас және айлық рапорттар
  • Атқарылған жұмыстың наряды
  • Материалдардың қозғалыс карточкалары
  • Диспетчерлік рапорт

Атқарылған геологиялық барлау жұмыстарын өлшеудің актілері мен анықтамалары әр айдың соңында немесе қандай да бір объектіде (тау-кен қазбасында, бұрғылау ұңғымасында, ғимаратта) жұмыстар аяқталған соң, жұмыстардың атқарылған көлемдерін өлшеудің негізінде құрылады.

Рапортта жұмыстардың атқарылған көлмдері, шарттары мен жұмыс уақытының шығындары бекітіледі. Мысалы, бұрғылау жұмыстары бойынша рапортта бекітіледі:

  • партияның (экспедицияның) атауы;
  • жұмыстарды жүргізу айы;
  • ұңғыманың нөмірі;
  • бұрғыланған метрлердің саны;
  • кесімді және мерзімді төленетін жұмыстарға бөлінген, жұмыс уақытының шығындары;
  • себептері көрсетілген, тоқтап тұрулардың уақыты;
  • түнгі уақытта атқарылған, вахта-сағаттардың саны;
  • ППР және апаттарды жоюға кететін уақыт шығындары.

Сонымен қатар (рапорттан басқа) әр ұңғымада бұрғылау журналы жүргізіледі, онда әр ауысым ішіндегі барлық негізгі мәліметтер енгізіледі. Ай аяқталған соң немесе ұңғыманы бұрғылау аяқталған соң бұрғылау журналында, станоктың айлық өнімділігін, кәсіптер бойынша жұмыс уақытының, өнімділік нормаларын орындаудың шығындарын, керн шығысының орташа пайызын, материалдардың меншікті шығынын және өзге көрсеткіштерді анықтау үшін негіз болып табылатын, қорытындылар көрсетіледі.


Тау-кен қазбасын үңгілегенде жұмыстардың көлемдері әр ауысымды бекітпейді және бұл жағдайда жұмысшылар бригадасына ай басталғанға дейін бірнеше күн бұрын наряд беріледі, онда жұмыстардың түрлері, жұмысшылар мен бригадирдің тектері, олардың кәсіптері мен тарифтік разрядтары жазылады. Нарядтың екінші бетінде жұмысты орындау бойынша нақты мәліметтер тіркеледі. Бұрғылау, тау-кен және т.б. жұмыстарға берілетін рапорттар мен нарядтар айдың аяғында оларды толтырғаннан кейін (олардың мөлшерлеуші өңдеген соң) бухгалтерияға тапсырылады, ол жалақыны есептейді және түрлері мен бөлікшелері бойынша жұмыстардың құнын анықтайды.

Статистикалық есеп жалпы партия, экспедиция бойынша көрсеткіштерді тіркейді:

  • атқарылған жұмыстардың физикалық және ақшалай көріністегі көлемдері;
  • қызметкерлердің кәсіптері, категориялары бойынша шығындалған адам-ауысым мен адам-сағаттардың саны;
  • жабдықтардың болуы мен қолданылуы;
  • қызметкерлердің штаты мен оның қозғалысы (шығып кеткендер мен келгендер саны);
  • өнімділік нормасын орындау;
  • жалақы қорлары; қызметкерлердің категориялары мен басқа техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша орташа жалақы.

Статистикалық есепті оперативті-техникалық есептің және партияның жеке құрамының есебінің мәліметтері негізінде партияның (экспедицияның) экономисті немесе жоспаршысы жүргізеді. Статистикалық есеп ҚР статистика бойынша Ұлттық Агенттінің бекітілген формалары бойынша құрылады (айлық, тоқсандық және жылдық болады).

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның барлық ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың жағдайы мен қозғалысын бейнелейді; ақша қаражаттарымен және материалдық құндылықтармен жүргізілетін барлық операцияларды тіркейді, соның ішінде:


  • қызметкерлере жалақыны есептеу және төлеу;
  • атқарған жұмыстары үшін қосалқы өндірістермен және өзге ұйымдармен есеп айырысу;
  • жабдықтармен және материалдармен жабдықтаршылармен есеп айырысу;
  • банктермен, бюджетпен және т.б. есеп айырысу.

Материалдық құндылықтардың қозғалысы ақшалай және натуралдық көріністе тіркеледі. Барлық бухгалтерлік операциялардың өз құжаттамасы бар. Оперативті-техникалық және бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бухгалтерлік баланс құралыдаы, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын, негізгі және айналым құралдарының пайдаланылуын сипаттайды. Бухгалтерлік есептің негізі оперативті-техникалық есептің, соның ішінде наряд-тапсырмалардың, атқарылған жұмыстарды өлшеу актілерінің мәліметтері, сонымен қатар мерзімді жүргізілетін мүлікті тізімге алу, яғни мүліктің іс жүзінде болуын есеп мәліметтерімен салыстыру және акт жасау болып табылады. Бухгалтерлік есеп бас (аға) бухгалтердің жетекшілігімен бухгалтерия жүзеге асырады, ал бухгалтерлік есептің формалары мен оны тапсыру мерзімдерін ҚР Қаржы министрлігі анықтайды.

 

§2. Геологиялық барлау жұмыстары статистикасының негіздері.

Қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстары туралы жаппай мәліметтерді жинауды, өңдеуді, талдауды және жариялауды мақсат еткен, тәжірибелік әрекеттің саласын статистика деп түсінеді; статистика деп қоғамды құбылыстардың қандай да бір саласын сипаттау немесе қандай да бір көрсеткішті территориалдық бөлу үшін қызмет етқаратын сандық материалды атайды; статистка деп ерекше ғылыми пән және жоо және ооқ тиісінше оқу пәні аталады.

Статистиканың танымдық маңызы мынадан тұрады:

1. статистика зерттелетін құбылыстар мен объектілердің сандық және мазмұндық сипатын береді, шындықты бағалаудың ең сенімді тәсілі қызметін атқарады;

2. статистика экономикалық қорытындыларға дәлелді күш береді, жеке теориялыұ ережелерді тексеруге мүмкіндік береді;

3. статистика құбылыстардың арасындағы өзара байланыст ашу, олардың нақты формасы мен күшін көрсету қабілетіне ие болады.

ПҚК геологиясы мен іздеу, материалдың өндірістің кез келген өзге саласы сияқты, қоғамдық өндірістің негізгі бөлігі ретінде, уақытылы және сапалы статистикалық есепті қажет етеді; сонымен қатар геологиялық барлау өндірісінің мәнін бейнелейтін, маңызды техникалық-экономикалық көрсеткіштер есептеледі және талданады.

 







Date: 2015-06-08; view: 1351; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию