Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Солтүстік Африка елдері – Алжир, Марокко, Тунис





Табиғат жағдайының әртүрлілігіне қарамастан, Африка континентінің жекелеген бөліктерінде, оның этнографиялық өзгешеліне қарап, бірнеше мәдени аймақты бөліп шығаруға болады, олардың әрқайсысы барлығына бірдей сонымен бірге өзіндік қайталанбас сипатқа ие. Осындай бірінші аймақ деп Солтүстік немесе арабтық Африканы атауға болады. Туризмнің дамуына барынша қолайлы жағдайы бар үш елді: (ауа райы, ерекшеліктердің болуы, таралу құралдары). Марокко, Алжир, Тунисті алып қарайық. Бұл елдерде әртүрлі халықтар мен дәуірлердің мәдениетінің араласуының айғағы іспетті тарихи ескерткіштердің саны өте көп.

Африка елдеріндегі туризм туралы статистикалық деректер барынша жұтаң, әйтсе де соңғы кездегі деректер Африка мемлекеттерінің туристік байланыстарының қарқынды дамуынан хабар береді.

Алжир аумағы Атлас тау жүйесiнің орталық бiр бөлiгiн және Сахара шөлінің солтүстiгін алып жатыр. Батысында – Мароккомен, шығысында – Тунис және Ливиямен, оңтүстiгінде – Нигер, Мали, Мавританиямен шектеседi. Солтүстiгін Жерорта теңiз сулары шайып жатыр. Алжир Магриб елдеріне ("Араб батысы") жатады. Алжирдың жалпы ауданы – 2381, 7 мың шаршы шақырымды құрайды. Солтүстiк Алжирдің жер бедерi екi негiзгi үстірттен – Жағалаулы (немесе Тель-Атласпен) және Сахара Атласымен, тауаралық жазықтықтардан тұрады. Биік нүктесі – Ахаггар таулы өлкесіндегі Тахат тауы (3003 м). Сахара аумағын тасты шөлдер – хамадалар және құмдауыт – эргтер алып жатыр. Өзен желiсі нашар дамыған (негiзгi өзені – Шелиф), өзендердің көп бөлігі үнемi кеуiп отырады.

Негiзгi қалалары: Оран, Константина, Аннаба. Астанасы: Алжир қаласы. Негізгі тiлі – араб тілі, сонымен бiрге француз тілі де таралған. Халқы – 31 млн адам, негiзгі бөлігін алжирлықтар құрайды. Тұрғындардың 98%-ы – арабтар мен берберлер. Мемлекеттiк дiні – Ислам, мұсылман – сунниттер – 99%, христиандар мен еврейлер – 1%. Ақшасы – 1 алжирлық динар (AD) = 100 сантимге тең. Валютасы 5, 10, 20, 50, 100, 200 динарлар және тиындар түрінде 5, 10, 20 және 50 сантимдер, сонымен бiрге 1, 5, және 10 динарлар бар. Алжирде несие карталарымен есептесу көп қолданылмайды.

Алжирдың туристік орындары. Елдiң астанасы – ежелгі Алжир қаласы, өзімен аттас айлақ белестерінде амфитеатр орналасқан. Ғимараттардың көпшiлiгi ашық түсті құрылыс материалынан жасалғандықтан, қалаға әсем көрініс береді. Өзіндік араб Касбасы қаланың ескi бөлiктерінде орналасқан. Ол тар көшелердiң таң қаларлық тәртiпсiздiгiмен және бiр қабатты тегіс шатырлы үйлер, мешiттер, тағы басқа ғимараттар шығыс үлгісiнде салынған. Олардың арасында XVII ғ. салынған Сидд Абдаррахман қабір мешiті мен Джами-әл-Джадид мешiті.

Касба – қараңғы тұғырықтар мен тұйық көшелер, құпия қала, Алжирдың жүрегі болып табылады. Ол бөгде және қызығушылығы жоқ адамдарға тек қана керең қабырғаларын көрсетедi. Бірақ XVI ғ. бастап қоныстанған, ескi кварталдар өзгерiссiз сақталынған. Бұл орта ғасырлар әлемi, әрбір қадамда түн мен күн, қараңғы және жарық кездеседі.

Алжир таң ғажайыптарының бiрі, iнжу алқасы– Константина, әлемнiң ең әдемi және ерекше қалаларының бiрі. Елдің солтүстiк-шығысында, Тунис шекарасына жақын орналасқан. Руммель қарқынды өзені жартастарда аралды ойып кестi. Осы аралда Ксантис қаласы салынды. Өзен оған оң және сол, үстi және астында мәңгi серiк ретінде бос кеңістікті қалдырып кетті. Жердің үстiндегі бiздiң қала алыста ұшып жүрген қарлығаштың ұясын еске салады. Көшелердiң бiрi "Тұңғиықты саябақ" деп аталады.


Басқа да назар аударарлық орындардың бірі – Хаммам Мескутин шипалы қайнар бұлағы. Ол барлық ауруларға (тiптi диабетты де қоса) емші деп айтады. 98ºС болатын өте ыстық суы, Исландия гейзерлерiнен кейінгі орында. Туристерге шикi жұмыртқаны өзiмен бiрге алуға, оны бұлаққа пiсiрiп жеуге кеңес беріледi. Қайнар бұлаққа қолын немесе аяғын күйдіріп алған жағдайда, адамдарға жақын маңда дәрiгерлiк медпункт бар. Әрбiр турист бұлақтан аздаған суды алу үшiн келеді, өйткені жергілікті тұрғындар суды ерекше шипалы қасиетімен және әр түрлі аурулардан емдеуге қабiлеттi деп айтады.

Алжирдың көрнекті орындарының ішінен ең алдымен ерекшеленетіні римдiктер, византиялықтар, финикиялықтар, карфагендiктер өмір сүрген ежелгi қалалардың сансыз қираған үйінділері. XVII ғ. салынған құрылыстардың ішінен ерекше көңіл бөлуге тұрарлықтары – Сидд Абдаррахман қабір мешіті және де Джами-әл-Джадид мешiті. Бұл қалада демала отырып, мұсылман архитектурасы ғимараттарының дамығандығын байқауға болады. Осындай көрнекті орындарға жергілікті тұрғындар Джамаа-әл-Джадид деп атайтын Жаңа мешiті, мұнарасы бар Үлкен мешiтті, сонымен бiрге бұл мешiт Сидд Абдрахман қабірі тұрған мешітті, Кетшава мешiтi мен Африкалық Христос Ана базилика ғибадатханасын жатқызады.

Теңiз Алжирге ерекше айқын көрініс береді, оны қаланың кез-келген көшесiнен тамашалауға болады. Теңiз жақтан күннiң сәулесінен жарқыраған Нотр-Дам Дхафрик күмбезiн және де қоладан жасалған Қыз Марияның мүсiнiн байқауға болады.

Алжирдың табиғи көрнекті орындарының бірі – үстірт. Үстірт Тассилин-Аджер деп аталады. Осында ғана жасанды жолмен жасалған, әлемдегі ең үлкен үңгiрлерге баруға болады. Үңгiрлердiң әрбiр қабырғасында алғашқы қауым адамдарының суреттері салынған. Тассилин-Аджерде ерекше өсетiн өсiмдiктері бар көгалдар бойынша серуендеуге болады. Серуен кезінде өте сирек кездесетін бiраз жануарларды кездестiре аласыз.


Тассилин-Аджер үстірті Алжирдың оңтүстік-шығыс бөлігін 72 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Дәл осы жерде алғаш рет 1909 ж. жартас суреттерінің үлкен қоры бар. Өрнектерде және суреттерде жануарлар, климат өзгерісі, адам дамуы (б.з.д. 6000 ж. бастап соңғы суреттер б.з. 1-2 ғ. аралығындағы Сахара адамдарының өмірін бақылауға болады) бейнеленген. Соңғы суреттерде түйе мен жылқылардың қолға үйрету процесі көрсетілген. Алжир жартастардағы суреттер саны 15000-ға жетеді. Тассилин-Аджерге суреттерде бейнеленген адамдар, олардың өмірі мен жануарлары бүкіләлемдік танымалдылық әкелді. Жартастардағы суреттер қазіргі кездегі жансыз шөлдің кезінде айтарлықтай құнарлы болғандығына дәлел. Мұнда жануарлар босып жүрген, адамдар өзен және көл жағасында қоныстанған, сонымен қатар терімшілікпен, балық және аң аулаумен айналысқан көріністері салынған.

«Тас ормандары» Тассилин-Аджер үстіртінде орналасқан, өзiндiк және қызықты геологиялық түзілісі бар. Бұл ерекше «тас ормандары» құмдақ кесектерден пайда болған. Сонымен бiрге бұл жерден (300-ден астам) табиғи тас арка, үңгірмен тағы да басқа әсерлі заттарды көруге болады.

Туристерді ірі сауырағаштар таңдандырады. Кейбiр өсiмдiктердiң жас шамасы бiр мың жылдан асады. Тассилин-Аджерде сирек кездесетiн құмдақ орналасқан. Тағы да бiр табиғи және тарихи ескерткiшке Х ғ. пайда болған Мзаб алқабы жатады. Бұл алқаптың архитектурасы бір жағынан қарапайым болғанымен, екінші жағынан өте ғажайып. Қала қонақтары жергілікті көрнекіліктердің аздаған бөлiгiмен танысқан соң, орта ғасырдың тарихы және архитектурасы бойынша өзіне қажетті көптеген мәліметтер алады.

Алжир аумағында жоғарыда аталған көрнекіліктерінен басқа Джемилаежелгi қаласы сақталған. Рим императоры Нерв кезінде римдiктердің қала құрылысы болып табылатын Джемила қаласы мысал бола алады. Антикалық архитектураға әуесі бар туристерге Джемила қызықты. Мұнда антикалық дәуір талаптарына сай салтанатты қақпалар мен христиан базиликалары, тұрғын үйлер орналасқан. Қалада термальды монша қалдығы мен Капитолий және театрды көруге болады.


ХХ ғ. басында Джимеледе алғашқы археологиялық қазба жұмыстары бастсалды. Құмдақ дауылмен ежелгі қираған үйінділер қалды. Тұрғын үй құрылысына қала тұрғындары ескі тастарды ұрлауда. Қазiргi Джемиледе туристтер үшін жайлы қонақүйлер, түнгі клубтар мен мейрамханалар қарастырылған. Туристерге арнайы Джимела көрнекіліктерін таныстыратын экскурсиялық маршруттар бар. Бiртума базарлықтарды сауда орталығынан немесе жергілікті базардан алуға болады.

Қаланың қираған үйінділері ЮНЕСКО-ның қорғауға алынған тiзiм нысандары қатарына енгiзiлген. Қазіргі күнге дейiн жиылыс алаңы, христиан базиликасы, ғибадатхана, салтанатты арка және ерекше үйлер керемет сақталған. Ежелгi қала рим үлгiсінде салынған қалалар құрылысына жатады. Қала аумағында Септимия және оның жұбайына арналған ғибадатхана орналасқан. Джемилеге қазір көңіл бөлінуде, өйткені құмды дауылдар әсерінен және де жақын маңдағы тұрғындардың құрылыс тастарын ұрлауынан қауіп төніп тұр.

Сахараның солтүстік жағалауында Бискра көгалы орналасқан. Қала аумағында құрма пальмасы кең жайыла өскендіктен Бискраны құрма астанасы деп атап кеткен. Құрма пальмалары қаланы шөл желдерінен қорғап тұрса, оның әдемі әрі шұбар жапырақтары ыстық ауа қысымын азайтады.

Бискраның жергілікті тұрғындарының киімдері де басқа алжирліктердің киімінен ерекшеленеді. Бискра базары туристер арасында аса танымал. Мұнда құрмалардан басқа дәмді әрі жаңа жемістерді және әртүрлі экзотикалық көкіністерді алуға болады. Сонымен қатар жергілікті халықтың туындыларын: темірден жасалған шекемелерді, тоқылған кілемдерді, жүннен жасалған бұйымдарды тамашалауға болады.

Туристер арасында қыста ерекше танымалдылықты жаулап алған – 50ºС күкiрт суы бар моншалар және Гаммам-Салгин термальды ванналары. Бискра – туристерге шексіз құм теңізіне, балшық пен тасты және сирек кездесетін тіршілік көздері көгалдарға жол ашатын Сахараның өзіндік қақпасы.

Константина – ауданның әкімшілік орталығы. Бұл қала Алжирдың солтүстік-шығысында орналасқан және үлкендігі жөнінен үшінші орында. Константадан Жерорта теңіз жағалауына дейін шамамен 80 шақырым. Константина ежелгі Нумид патшалығының астанасы Цирта қаласының орнына құрылған. Б.з.д. І-ІІ ғ. Цирта римдіктердің басып кіру нысаны болған, алайда Нумидия Пуникалық соғыс кезінде римдіктермен одақтасқан. Ю. Цезарьдың билігі кезінде, ақырында римдіктер Циртаны құлатты. ІV ғ. басында қала жойылды. Циртаны қайта қалпына келтірген І Константин болғандықтан, оның құрметіне Константина деп аталып кетті.

Константина ұзақ уақыт бойы облыстың маңызды сауда орталығы болып табылды, ал ХХ ғ. темiр жол орталығына айналды. Қалада жүн, кездеме, тері тауарлары, киім-кишек және т.б өндіріледі.

Константинада тарихи нысандар көп мөлшерде кездеседі. Олар бірнеше мешіттер, мұражай, қисық тар көшелер. Қаланың көрнекті орындары – Массинисса кесенесі, Бен Абдель-Малекс алаңы, Соумма қабірі, рим акведук өтпесінің қалдығы және т.б.

Өте көне қала Бени-Хаммадта 1007 ж. Хаммад империясы негізін қаланған қаланың қалдықтары сақталған. Қаладағы мешіт Алжирдегі ірі мешіттердің бірі.

Кала-Бени-Хаммад өзінің асқан сұлулығымен ерекшелінетін таулы аймақта Мсила қаласынан 36 шақырым қашықтықта солтүстік-шығыста орналасқан. Бұл археологиялық ескерткіш қызықты әрі ислам өркениетін дәл бейнелейді. Қала 7 шақырымдық қорған қабырғалар сынықтарынан, үлкен мешіттен, сарайлар мен мұнаралар тізбектерінен тұрады.

Ежелгi бас қаласының қалдықтары Хаммад өркениетiнің жоғарғы талғамдығын және бiртума архитектурасын көрсететін дәлел. Алғашында қала әскери бекiнiс ретінде, уақыт өте келе ежелгi мемлекеттiң астанасы болды.

Жартас шыңында орналасқан ежелгi әсем әлем маягі сарайын атап өтуге болады. Ол үш жеке резиденциялар мен көптеген павильондар, бақтардан тұрады.

Алжирдың тағы да ұмытылмайтын орындарының бiрі – Мзаб алқабы болып табылады. Ол Алжир астанасынан шамамен 500 шақырым жерде, Сахара шөлінiң солтүстік бөлiгiнде орналасқан. Мзаб алқабы, негізінде қала түрінде құрылған, үлкен көгалы бар әктас алқабы болып табылады.

Мзаб архитектурасы жер бедеріне тамаша үйлесімді тұрғызылған. Ерте замандарда бұл алқапта отбасылық қауымдар өмiр сүрген. Мзаб алқабында алғашқы қалалар бесеу болды. Алғашында Эль-Аттеф салынды, бұл қаланың қалалық ансамблiнің биік жерінде екiншi мұнаралар тұрғызыла бастады. Кейін Бени-Изген салынды, қаланың атауы «Қасиеттi қала» деген мағына білдіреді. Одан кейін Бу-Нура қаласы пайда болды. Алқаптан тыс басқа жерлерде, өздерінің үй шатырларында күн сәулесінің ұзағырақ болуы, тұрғындар үшін мақтан тұтарлық. Келесi Мелика қаласы пайда болды, жергілікті тұрғындардың байсалды ұнамымен танылды. Өзінің ауданы мен тұрғындарының әр түрлi жұмыспен шұғылдануы, Мзабтың астанасы болған Гадая қаласы басқа ауылдардан ерекшеленді. Қазіргі күнге дейін Мзаб алқабы қала құрылысшыларын шабыттандыратын қайнар көзге айналды деуге болады. ІІ-ІІІ ғ. Тимгадтың гүлденуі басталды, осы уақытта оның архитектуралық көрінісі айқындала бастады. Қала бастапқыда қабырғалар қоршаған тiк төртбұрышты алаңда орналасты. Қаланың жоспары римдiк соғыс тұрақтарының үлгiлерiне сәйкес келдi. Осылай Тимгадта қаланың негізгі көшелерiн кесiп өтетiн, қаланы нақты алты блок-кварталдарға бөлетін және негізгі көшелерге кiретін салтанатты қақпалары орналасқан декуман және кардосы болады.

Қала біраз көркейген, Тимгад көшелерiмен өтетiн канализация жолдары осыған дәлел. Уақыт өте келе бекiнiстен тыс базар, ғибадатхана және сауда-қолөнер кварталдары пайда бола бастады. Қазіргі күнге дейін Тимгадта қалалық жиылыстардың қираған үйінділері және сол кездегі қоғамдық орындар мүсiндермен әдеміленіп сақталған. Одан басқа мұнда төрт мың орны бар театр қалдықтары орналасқан. Тимгадта ыстық және мұздай су үшiн су алабы бар термдер сақталған, едендерi өрнектермен әшекейленген. Жергiлiктi археологиялық мұражай көптеген ежелгі рим экспонаттарымен мақтана алады.

Типаса қаласы – Жерорта теңiзінде ежелгi сауда орны болған және Алжирдың оңтүстiгінде орналасқан. Қала ежелгi Карфагенде ірі және әкімшілік орталығы болған. Римдiктердің Пуникалық соғыста жеңіске жеткен соң, ескi Типаса қаласы Мавританияны бағындыруда стратегиялық плацдарм қызметін атқарады. Қалада ежелгі христиандық, финикиялық, византиялық, католикалық сияқты көптеген мәдениет ескерткiштерi бар. тiптен әр түрлi ердiң осыған дейiн көп болады: көне, католик. Олардың ішінен Мавританияда үлкен хан кесенесi мен эр Румидың соборлары ерекшеленеді.

Римдiктердiң болғаны туралы қираған үйінділер мен қалдықтар дәлел: (әулие Сальса, Александр) базилик, екі зират, нимфеум, монша, театрлар мен амфитеатрлар. Типасада римдiк базиликтер табыттармен қоршалған, үлкен тасты табыттар өрнектермен жабылған. Сонымен бірге Типасада 1857 ж. бастап қазіргі қала құрылыстары салына бастады. Ежелгі ескерткiштермен бірге Типаса өзінің құмдақ жағажайларымен әйгілі. Типасаның ежелгi бөлiгi 1982 ж. ЮНЕСКО-ның Бүкiләлемдiк қорына кірген.

Алжир асханасы. Лубиа – ерекше алжирлық тағам, оның хош иісі дерса әсерінен шығады. Дерса – кептірілген өткір чили бұрышынан, сарымсақ және зиреден жасалған дәмдеуіштер қоспасы, Алжир асханасында жиі қолданылатын тұздықтардың бірі. Дәстүр бойынша аздап сiрке суы қосылады. Сонымен бiрге дәстүрлi тағамдарға жасыл зәйтүндегi тауық (месталла) етінен жасалған тағам жатады.

Алжирге келуші туристер саны 1990 ж. төмендеді. 1992-1996 жж. аралығында 1120 мың адамнан 605 мың адамға дейін жетті. Негізгі туристер – Еуропа мен Африкадан келушілер еді. Туристердің көбі әуе және теңіз көліктерімен келді. 1991 ж. туризмнен түскен түсім 84 млн. долларды құраса, 1991-1995 жж. ол 27 млн. долларға дейін төмендеді.

 







Date: 2015-06-07; view: 2722; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию