Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар





1. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің туристік-рекреациялық ресурстарын сипаттаңыздар.

2. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің негізгі туристік орталықтарын атаңыздар.

3. Индонезияның туристік орталық ретінде даму ерекшеліктері қандай?

4. Индонезияның ірі туристік орталығына сипаттама жасаңыздар.

5. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің табиғат ресурстарына сипаттама беріңіздер.

6. Оңтүстік Шығыс Азияда, экватордан солтүстікте орналасқан таңғажайып мемлекеттің туристік әлеуетін бағалаңыздар.

7. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің мәдени-тарихи ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

6.1 Орталық-Шығыс Еуропа елдері: Польша, Чехия, Болгария,

Венгрия, Румыния

Польша

Польша Орталық Шығыс Еуропада орналасқан, Ресей, Литва, Беларусь, Украина, Чехия, Словакия, Германия мемлекеттерімен шектеседі, солтүстік жағалауын Балтық теңізі шайып жатыр. Жер көлемі – 312,7 шаршы шақырым, халқы – 38,7 млн-дай адам.

Польша негізінен жазықта, аумағының ¾ бөлігін ойпат алып жатыр, тек 3%-ы ғана теңіз деңгейінен 500 м биіктікте орналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Батыс Карпат, Татра, Баскид, оңтүстік-батысында Судет (1602 м) таулары орналасқан. Негізгі өзендері: Висла, Одра (Одер).

Польшаның негізгі табиғи нысандары – Беловеж, Август нуы, Татра, Свентокиш, Кркнош және басқа ұлттық бақтар, Балтық жағалауының құмды жағажайлары, таушаңғы курорттары (Бельско-Бяла, Закопане, Крконоше, Бескид), Мазур, Кошуб көлдері. Ұлттық бақтардан басқа елде 650 шағын қорықтар мен резерваттар бар. Одан басқа 7 мың табиғи нысандар қорғауға алынған.

Польша мәдени-тарихи мұраларға бай. Қалалардың архитектуралық келбеті әркелкі: костельдер, Ренессанс дәуірінің ескерткіштері, т.б. бар Польшаның бірнеше мәдени-тарихи нысандары ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген: корольдық Краков, Варшавадағы ескі қала; Замосць бекініс-қаласы, Веичкадағы 700-жылдық тұз қазбалары (320 м тереңдікте, 4 шақырым ұзындықты, 1 шақырым енді аумақты алып жатыр), ортағасырлық Торунь қаласы, Мальборктегі крестшілер қамалы, фашистік концентрациялық лагерь Аушвеу-Биркенау (Освинцимде) бар.

Польшада фестивальдар мен конкурстар өтеді (Шопен, Венявский, қазіргі музыка, эстрадалық әндер, «Варшава күзі», Сопотта, т.б.). Краковта қысқа метражды фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді.

Елде табыну туризмі дамыған. Польша католицизмі Дева Марияға табынады. Көптеген, 500-ден астам киелі жерлердің атауы Құдай Ана атымен аталады. Польшаның ең танымал орындарының бірі – Ченетоховкадағы паулиндер әкесінің қорған-шіркеуі («Қара мадонна»). Туризм түрлері ішінен агротуризм жақсы танымал.

Польшада мынадай туристік-рекреациялық аудандар анықталған: Балтық теңізі жағалауы, солтүстік және солтүстік шығыс аудан, оңтүстік және оңтүстік батыс аудан (Судет және Карпат), Орталық Польша.

Балтық теңізі жағалауы 528 шақырымға созылған, 20-дан астам ірі курорттары бар. Елдің теңіз жағалаулық курорттары болып Свиноуйсьце, Мендзыздрое, Камень-Поморский, т.б. саналады. Олар Помор және Гдань шығанағында шоғырланған. Свиноуйсьце теңіздік бальнеологиялық курорт. Ол арқылы Швециямен паромдық байланыс қалыптасқан. Мендзыздрое-Волин ауданындағы ірі курорт, онда Волин ұлттық қорығы бар. Камень-Поморский минералды су көздері бар курорт. Мельно үлкен курорт Ямно көлін Балтық теңізінің арасында орналасқан. Колобеж – тұздары мен емдік балшықтарымен танымал. Балтық жағалауында Словин ұлттық бағы бар, ол ЮНЕСКО-ның әлемдік биосфералық қорықтар тізіміне енген. Жағалауда туристік базалар дамыған. Гданьск, Сопот, Гдыня қала агломерациясын құрып үш қала деп аталады.

Солтүстік және солтүстік-шығыс ауданға Мазур, Варминь, Сувалк, Илавско-Оструд, Кошуб көлдері кіреді. Осы аймақты «Мың көл» өлкесі деп атайды. Көлдер ландшафты – аласа төбелер, 7 мыңнан астам көлдер, өзендер, қойтастармен сипатталады. XVIII-XIX ғғ. кеме қатынас жүйесі қалыптасып, ол Үлкен Мазур көлдерін біріктіреді. Бұл ауданның табиғи ескерткіштеріне Бебжан батпағы, Сувал-Август көл маңы, Үлкен Мазур көлі, Беловеж нуы, Глазовиско-Баханова қорығы, Цисовая тауы (Сувал Фудзиямасы) «Қызыл батпақтар» (бұғылар мекені), «Табор қарағайлары» қорығы, (мачталық қарағайлар өседі). Ауданда су, велосипед, атты, агротуризм дамыған. Су туризм орталықтары: Венгожево, Гижицко, Миколайки, Руцяне-Нида, Тиш-Снярдва, Мамра, Негоцин, Талти, Нидзск, Белдан көлдері жағалауында орналасқан.

Аумағының бір бөлігі Мазур ландшафт бағының құрамына енеді (50 мың га). Бақтың 1/3 көлдер алып жатыр, айналасында Писк нуы бар. Лукнайно көлі биосфералық қорықшалардың халықаралық тізіміне енген.

Сувальск көл маңы. Сувалки қаласының шығысында Вигер ұлттық бағы мен Вигр көлі орналасқан, ол халықаралық су экожүйесін қорғау бағдарламасына кіргізілген. Көлдің формасы ерекше, тереңдігі бойынша Польшада 2-орында (73 м).

Илавско-Острудское көл маңы туристік ауданның батысында орналасқан. Желкендік орталықтар – Илава және Оструда. Гданьскден 40-60 шақырым қашықтықта Кашуб көлі бар. Осы ауданды «Кашуб Швейцариясы» деп атайды. Крыница-Морска курорты су спортының орталығы.

 

 

Судет және Карпат тау массивтер жүйесі. Крконоше-Судеттің биік жағы. Жартасты зона мұзбасудан кейін қатты кескіленген, карра пайда болған. Крконошта Каменьчик және Шклерка сарқырамалары бар. Осы зонаның курорттары: Цеплице, Сленске-Здруй.

Төменгі Силезия демалыс, агротуризм және экологиялық шаруашылық үшін керемет аудан. Негізгі табиғат байлықтары: Блендне жартасты және Щелинец-Велькидегі қорықтар, минералды су көздері, Клетнодағы аю үңгірі, Мендзыгуждегі Вельчки сарқырамасы. Негізгі курорттары: Поланице-Здруй, Душники-Здруй, Кудова-Здруй, Лендек-Здруй. Таушаңғы және емдік туризм дамыған.

Татра Карпаттағы ең биік таулы массив (Рысы-2499 м). Татраның етегінде орналасқан атақты демалыс пен қысқы спорт орталығы – Закопане. Бұл ауданды тау фольклорының қорығы деуге болады, мұнда талық адамдар фестивалі жыл сайын өтеді. Каспарова-Верха ауданы тау шаңғышыларын қызықтырады, жаяу саяхатшылар үшін бірнеше маршруттар жасалған. Негізгі курорттары: Шавница, Кростенко.

Дунайцаның екі жағалауында екі бекініс бар: готикалық замандағы XIV ғ. Недзице және Чертынедегі бекіністері. Негізгі курорттары – Сондет Бескиді, Маушина, Жегестув, Пивнична, Ломница-Здруй, Крыница. Негізгі нысандары: Бескид ұлттық бағы, ағаш архитектурасының мұражай-қорығы.

Орталық Польшада туристік мүмкіншілік ірі қалаларға шоғырланған: Варшава, Кранов, Вроцлав, Познань және т.б.

Варшава – XVII ғ. басынан Польшаның астанасы. Екінші дүниежүзілік соғыста қала түгелге дерлік қирады. Қалпына келтірілгені – Варшаваның ежелгі ауданы – көне қала. Ең көп ескерткіштері бар Крановте – ежелгі Польша астанасы. 1990-2000 жж. аралығында Польшада туризм қарқынды дамыды. 2000 ж. қонақүй кешенінде 60,853 мың номер болған. 1998 ж. бері туристік ағынның біршама төмендеуі байқалады.

2000 ж. 1 қаңтарда күшіне енген «Польшаның туристік ұйымдары» туралы заң елдегі туризмді басқаруды біршама өзгертті. Қазіргі құрылым бойынша туризмді мемлекеттік басқару экономика министрлігінің қарамағында, оның құрамында туризм Департаменті құрылған, ол Польша туристік ұйымының іс-әрекетін бақылайды. Экономика министрінің шешімімен 2001 жылы Туризм Кеңесі құрылды.

 

Чехия

Чехия – орталық Еуропада Богелия және Моравия, Силезия тарихи аймағында орналасқан мемлекет. Ол Польшамен, Словакия, Австрия, Германиямен шектеседі. 1993 ж. Чехия Чехословакия мемлекетінің құрамынан шығып, тәуелсіздігін алды. Елдің көлемі 78864 шаршы шақырым, халық саны -10,29 млн. адам. Астанасы – Прага (1,215 млн. халқы бар) қаласы.

 

 

 

Чехия Богем үстіртінде орналасқан. Үстірттің етегінде Судет, Карпат, Вершина Снежка (1602 м) Судеттің биік нүктесі орналасқан. Ең төмен нүктесі – Эльба (Лабы) аңғары (117 м).

Чехияның табиғаты алуан түрлі. Оған орманды аласа таулар мен үстірттер тән. Өзендері Солтүстік, Балтық, Қара теңіз бассейндеріне жатады. Ірі өзендері Эльба (357 шақырым) Влатва саласымен және Морава саласымен (329 шақырым). Елдің оңтүстігі мен батысында шағын көлдер мен бөгендер бар. Ел аумағының 12% қорықтар мен ұлттық бақтар алып жатыр.

Көрікті таулы массивтері: Рудалы баулары, Крконоше, Есеники, Бескид дәстүрлі таушаңғы спорт орталығы. Танымал курорттары: Шпиндлеров Млын, Пец под-Снежкой, Гаррахов, Рокитнице над-Изерой. Ерекше жартасты қорық «Чех жұмағы», Турнова мен Ичин аралығында орналасқан «Чех жұмағы» – туристердің ең көп келетін орны. Табиғат ескерткіштерінің қатарына Морава карсты алабы жатады онда шатқалдар, аспандар, опырмалар, жер асты өзендері мен көлдері, 400-ден астам үңгірлер бар.

Негізгі Богема суқоймалары – бөгендер жүйесінен тұрады. Чехияда жанартаулар да бар (Батыс Богелия), ең танымалы, сөнген жанартау кратері Коморни-Хурка. Осы жерде Франтишкове Лазне ауданында, батпақтарда көптеген балшықты вулкандар кездеседі. Ең үлкен желдік эрозиядан пайда болған табиғи қақпа Правчисна. Оның ұзындығы 25 шақырым, биіктігі 21 м. Минералды су көздері туристерді қызықтырады, ал бальнеологиялық курорттар тек Еуропада ғана емес әлемде де белгілі. Елде 40-тан астам курорттар бар, оның ішінде ірілері: «Чех үшбұрышындағы» – Карлов Вар, Марианске, Лазне, Подебрады, Теплице, Яхимов, Ұлы Лосины, Лугачовице, Тршебонь.

Ірі қысқы таулы-спорт орталықтары: Крконоше, Железна Руда, Стахи, Волари Шумавы батыс Чехияда орналасқан. Крконоше – Чехияның маңызды туризм орталығы. Негізгі курорттары: Гаррахов, Шпиндлерув Млын, Пец- подснежской, Янске Лазне. Шпиндлерув Млын атақты 710 м-лік биіктікте Лаба өзенінің жоғары ағысында орналасқан курорт. Курорт бір мезгілде 8 мың туристерді қабылдай алады. Гаррахов курортының орталығында «Bohemia Cristal» шыны зауыты орналасқан.

Чехияның архитектуралық мұралары да өте көп. Елді «бекіністер мен қорғандар» елі деп те атайды. Әр қала мен елді мекен ашық аспан астындағы мұражай деуге келеді, олардың көпшілігі ЮНЕСКО тарапынан қорғауға алынған. Бұл Праганың тарихи орталығы, Чехия Крумлови, Тельчи, Кутной тауы. Бұл тізімге жасыл таудағы Ян Непомуцкий костелі, Валтице-Лединце тарихи кешені, Кромержижа гүл бағы, Ұлы Барбора шіркеуі, т.б.

Ел астанасы әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі, оның айналасында көптеген ескерткіштер бар (Карлштейн XIV ғ., Конопиште, Кршивоклат қамалдары).

Қорғауға алынған аумақтар да туристік нысандар қатарын толықтырады. Олардың ішінде Подыйе ұлттық бағы, Палава облысы. Морава карсты ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне енген.

Еуропа орталығындағы қолайлы жағдайы, әркелкі жер бедері, климаты, экологиялық жағдайы, сулы нысандардың, емдік балшық көздерінің көп болуы, ұлттық бақтар, елдің тарихи-мәдени мұралары, қорық қалалар, конгрестердің өтуі, көрмелер, жәрмеңкелер, музыкалық фестивальдар – Чехияны туристер үшін тартымды етеді. Брнода жылда халықаралық «Go» жәрмеңкесі, аймақтық турагенттіктер мен туроператорлардың «Regiontour» көрмесі, Прагада Орта Еуропалық «Holiday World» жәрмеңкесі, мамыр музыка фестивалі («Прага көктемі»), Карлов Вардағы Курсалондағы курорттар көрсетілімі, т.б. өтіледі.

Чехияда мынадай туристік-рекреациялық аудандар анықталған: астанасы – Прага, Богемия, Моравия. Богемияны туристер ағыны мен орналасу ерекшелігіне қарай Орталық, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік, Шығыс деп бөлінеді. Моравияны Оңтүстік және Солтүстік деп бөледі.

Прага – Еуропаның әсем қалаларының бірі. 1971 ж. астананың тарихи орталығы IX-XVIII ғғ. құрылыстарымен бірге ЮНЕСКО мәдени мұраларының тізіміне еніп, мәдени қоры деп жарияланды. Прага Еуропалық қоғамның «2006 жылғы Еуропалық мәдениет орталығы» атағын алған 9 қаланың қатарында.

Астананың маңызды нысандары Прагоград – қаланың саяси және тарихи орталығы (IX ғ. бекініс ретінде қалыптасқан), президент резиденциясы. Көне мест ратушасы ескі қалада орналасқан, сағатты мұнарада әр сағат сайын қоңырау соғылады, ол 12 апостол мүсіндерінің қозғалысымен бірге көрсетіледі. Бенедиктіктер моностыры Әулие Иржи 1976 ж. қалпына келтірілген, Чехияның ұлттық галереясының бір бөлігі болып табылады. Әулие Вита Кафедральды шіркеуінің орнында роман ротондасы болған. 1344 ж. П.Парлеждің бастауымен готикалық костель құрылысы басталады, ол 6 ғ. бойы жүріп, 1929 ж. аяқталды. Карлов көпірі – Прагадағы ескі көпір, 1357 ж. салынған, архитекторы Петр Парлерж, 30 баролық мүсіндер мен мүсіндер тобынан тұрады. Прага бақтары – Вальдштейн, Вртбовск, Ледебургск.

Батыс Богемия Батыс Чехия аумағынан ежелгі қала Хебтен Карлов Варға дейінгі аралықта алып жатыр. Туристерді Карлов Вардағы «Алтын үшбұрыш», Марианске Лазне, Франтишков Лазне, Локет замогы. Одан басқа көптеген бальнеологиялық курорттар да бар: Яхимов, Кинжварт, Константиново, Лазне, т.б. Чехияның оңтүстік-батысында Шумава тау массиві жатыр, ол өзінің көркем табиғатымен ерекшеленеді, мұнда Еуропадағы ең ежелгі орман сақталған. Жазғы таушаңғы курорттары – Железна Руда, Стахи, Волари. Туристерді қызықтыратын Прахатице, Клатови қорық-қалалары бар.

Карлов Вар Богемияның атақты курорты, оны король Карл IV атымен атаған. Ол 1358 ж. аңшылықта жүріп, бір бұлақтың ерекше қасиетін анықтап, Тепла өзені жағасында бірінші шағын қамал, артынан қала салған. Қазіргі кезге дейін 60-там астам ыстық су көздері ашылған (су температурасы +34º – +73ºС аралығында). Жылына курортқа 85 мың адам дүниенің 70-тен астам елдерінен келеді. Қала архитектурасы XVII-XVIII ғ. құрылыстарымен танымал: Әулие Мария Магдалена шіркеуі, пошта үйі, Аустрия-Венгрия монархия үйі, V Санаторий, Балонналы бақ және емдік-курорттық «Желдиірмен колоннадасы», «Пастер үйі», «Империал» санаторийі, көру құбыры «Диана», т.б.

Марианске Лазне, бұрынғы Мариенбад жасыл желек ортасындағы арал тәрізді, 628 м биіктікте бақтар мен саябақтар арасында орналасқан, ол емдік су көздеріне бай. Марианске Лазне курортында 120 минералды су көздері бар, олардың 40 астамы ішуге, ванна қабылдауға пайдаланылады.

Франтишков Лазне бальнеологиялық курорт, ол туралы адамдар орта ғасырдан бастап білген (1792 ж.). Емдік мақсатта 24 бұлақ сулары пайдаланылады, емдік күкіртті-темірлі балшығы да бар.

Оңтүстік Моравияның орталығы Брно – түрлі көрмелер өтетін орталық, оның ішінде туристік «Go» және «Regiontour» көрмелері бар. Туристерді Брноның тарихи-архитектуралық ескерткіштері қызықтырады. Моравияның солтүстік-батысында биік шыңы Прадед (1492 м) – Есеник таулы аймағы бар. Ірі бальнеологилық курорттары: Блудов, Дарков-Карвина, Годонин, Есеник, Карлова Студанка, Дольни Липова, Лугачовице, Остражска Нова Весь, Слатнице, Теплице-над-Бечвой, Велке Лосини.

Қорғалатын аумақтары: Подыйе ұлттық бағы, Моравский Крас облысы, Палава, Кромержиж қамалы. Моравский Крас жерінде мыңдаған үңгірлер бар, оның ең үлкені 35 шақырымға созылған.

Польшада туризмді Республиканың министрлер Кеңесі басқарады.

Date: 2015-06-07; view: 1675; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию