Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Венгрия





Венгрия – Орталық Еуропаның оңтүстік-шығысында, Карпат бассейнінде, Дунайдың ені жағалауында орналасқан. Слования, Украина, Румыния, Хорватия, Югославия, Словения, Аустриямен шектеседі. Аумағы – 9303 шаршы шақырым, халқы 10,2 млн. адам (астанасы – Будапешт, 2,1 млн.адам).

Венгрия жазықтағы ел, аумағының 4/5-ін ойпаттар алып жатыр. Дунайдан шығысқа қарай Альфельд Үлкен Орта ойпаты, Кіші ойпат – Кишальфельд, Дунантуль қыраты орналасқан. Елдің ең биік нүктесі – Кекеш тауы (1040 м). Ірі өзендері: Дунай (417 шақырым), Тиса (598 шақырым) елді солтүстігінен оңтүстігіне қарай кесіп отыр. Балатон (600 шаршы шақырым) көлі орталық және оңтүстік-шығыс Еуропадағы ең үлкен көл. Климаттық жағдай туризмді дамытуға өте қолайлы.

Ел тарихы түрлі оқиғаларға бай. Венгрияда түрлі дәуірлердің ескерткіштері сақталып қалған. (Шопрон, Трансданубии, Паннония, Эстергом ХІІ ғ. патша сарайы, т.б.). Тихани шіркеуінде Эндре королы мен оның әйелі Ядрослав Мудрыйдың қызы жерленген. Секешвехервар (латынша "Альба Регия") түріктер шабуылына дейін елдің астанасы болған. Дебренец – "Кальванисттік Рим" – простентрантизм орталығы болып есептеледі. Балатонфюреде 1922 жылға дейін үндінің жазушысы Рабиндранат Тагор өмір сүрген.

Венгрияның туристік-рекреациялық аймағын 7 бөлуге болады: Будапешт және оның айналасы, Балатон, Дунай саласы, Солтүстік Задунай өлкесі, Оңтүстік Задунай өлкесі, Солтүстік Венгрия, Альфельд.

Будапешт және оның маңайы. Аудан туристерді қызықтыратын орталық. Мұнда көптеген архитектуралық, тарихи ескерткіштер өте көп. Будапешт – жас қала. 1873 ж. Пешта, Буды қала аттарымен аталған. Қала Дунайдың екі жағалауында орналасқан. Будапештте Дунайдан өтетін көпірлер ерекше көрініс береді. Ең әдемісі Ланцхид тізбекті көпірі, ең жаңасы Эржебад. Қала сыртында Дунай бірнеше аралдар түзеді, оның ішінде Маргит аралы қолайлы баққа айналдырылған. Негізгі нысандары ішінде ежелгі Римдік Аквинкум мекені, ортағасырлық архитектуралық ескерткіштер, Әулие Иштван шіркеуі (8500 орындық), опера үйі, Ұлттық көркемсурет галлереясы, этнография мұражайы, т.б. бар.

 

 

 

Будапешт бальнеологиялық курорт, қалада ыстық су көздері бар. Ыстық су көздерін кельттер, римдіктер пайдаланған, XVII ғ. салынған суға түсетін орындар сақталған. Будапешт емдеу орындары 123 су көздерінен су алады. Будапештте 1800-ден астам мейрамхана, 100-ден астам қонақ үй, 1800-ден астам басқа орналасу орындары бар. Қаланың көркем көрінісі ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген.

Балатон – Еуропаның ең жылы көлі, әлемдік кластағы курорт, шет елдік туризмнің маңызды орталығы. Балатон көлін "Венгрия теңізі" деп те атайды. Көлемі 600 шаршы шақырым, тереңдігі 3-4 м, жазда суы +24ºС дейін жылиды. Балатон аймағының тағы бір ерекшелігі ашық күндердің көп болуы (жылына 2000 сағат). Балатон жағалауларында 40 астам курорттар орналасқан: Шиофок, Балатонзамади, Балатонфюред, Бадагон. Шифокта 100-ден астам қонақ үй түрлері бар. Болатонфельдварда желкенді спорт сайысы өтеді. Бұл қала курорт ретінде 300 жылдан бері белгілі. Кестхей көл жағасындағы шағын елді мекен "Балатонның астанасы", қызықты Балатон мұражайы, Фештетег сарайы бар. Одан 6 шақырым қашықтықта Хевз ыссы көлі бар.

Дунай саласы Будапешттен солтүстікке қарай бұрылыс жасайды. Осы жердегі таулы үстіртте будапешттіктердің сүйікті демалыс орны. Үш ескі қала Сентендре, Вишеград, Эстергоманың ескерткіштері ішкі және шетелдік туристерді қызықтырады. Мұнда ашық аспан астындағы мұражайда барлық Венгриядан жиналған шаруалар үйлері қойылған. Виниград венгер корольдарының бұрынғы резиденциясы.


Солтүстік Задунай өлкесі бұл жерде Альпі жоталары аяқталады, танымал Шопрон туристік орталығы орналасқан. Шопрон шапқыншылыққа ұшырамаған жалғыз қала. Оның орталығы архитектуралық тарихи ескерткіш. Батысы санаторийлер, демалыс орындарына бай кең бақ. Бальф-Альпі етегіндегі кішігірім елді мекен, Ферте көлінің жағалауында Шопроннан 7 шақырымда орналасқан, минералды суларымен танымал. Оңтүстік Задунай өлкесіндегі мәдени-тарихи ескерткіштердің бірі ескі қала және Венгрияның мәдени орталығы Печ, 1367 ж. мұнда алғашқы университет ашылған. Ескерткіштер шіркеулер алаңы, 2 түрік мешіті, Бельварош шіркеуі, қалалық мұражай. Халқы түгелдей дерлік туризм саласында жұмыс жасайды.

Солтүстік Венгрия. Аудан Дунайдың солтүстігіндегі таулы төбелі аумақты қамтиды: Бержень, Черхат, Матра, Бюкк таулары, Агтелек карсты, Земплен қыраты. Қонақүйлер, санаторилер, демалыс үйлері, балалар лагері, туристік базалар, пансионаттар өте көп. Мұнда каналдар көп, сондықтан Мишкольцты "Свина жағалауындағы Венеция" деп атайды. Қала маңында Таполице курорты бар. Қаладан оңтүстік-батыста Эгер – Венгрияның ескі қаласы орналасқан. Ол түрік шапқыншылығы кезіндегі басты қамалдардың бірі. Эгер барокко және классицизмнің біртұтас ансамблі, өзінің шарап қоймаларымен танымал, оларда токай шараптары сақталады. Эгерден батысқа қарай Матра таулы массиві бар ол тау спорты дамыған курорттарымен танымал: Матрафюред, Матрахаза, Кекешгете, Гаятете, Парадфюрде. Альфельд елдің оңтүстік шығысты алып жатыр. Онда Дебрецен – Пуста даласында ұлттық бақ орналасқан. Дебренец – Венгрияның мәдени орталықтарының бірі. Дебреценде жылда өткізілетін гүлдер карнавалы да туристерді қызықтырады.

Туристерді қызықтыратын басқа да тарихи қалалар бар: Бекешчаба, Дьюла, бальнеологиялық курорт Сольнок. Тиса өзенінің бойында Сегед қаласы бар, ол 1879 жылы толық су тасқынынан түгел қирады, сақталып қалған нысандары Деметриус мұнарасы (ХІІІ ғ.), Серб шіркеуі (1975 ж.), Белоянис алаңының ансамблі онда жыл сайын театр фестивалдары өткізіледі.

Венгрияда туризмді басқару және дамытумен экономика министрлігі айналысады. Үкімет венгер туристік субьектілерінің жұмысына араласпайды, еркіндік берген, тек оларды нормативті құқықтық актілердің күшімен бағыттап отырады. Табиғат жағдайы мен экономикалық дамудың қолайлылығына қарамастан, Венгрия туризмді дамытудың мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр. Оның бір себебі туристік инфрақұрылымның төмендегі, оның түрлерінің толық еместігі. Сонымен қатар Венгриядағы туризм аумақтық және маусымдық шектелген. Венгрияда ішкі туризм нашар дамыған.

Туризмді дамытуда курорттық және бальнеологиялық бағытқа ерекше көңіл бөлінген. Венгрияда 800-ден астам ыстық бұлақ көздері бар. Шетелдік туризмнің тағы бір бағыты конгрестік туризм. Венгрия халықаралық шараларды өткізуден 15-ші орында, ал Будапешт осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде 20-шы орында, Еуропада 15-ші орында. Туризмді дамытуға әсер ететін факторлардың ішінде Венгрияның әлемнің 59 елімен визасыз қатынас жасауға келісім шартының болуы.

 







Date: 2015-06-07; view: 1357; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию