Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Болгария





Болгария Республикасы Балкан түбегінің солтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы 110,9 мың шаршы шақырым, халқы – 9 млн-дай адам. Ол Румыния, Югославия, Македония, Грекия, Түркиямен шекараласады. Шығысында 384 шақырым Қара теңізбен шектеседі. София агломерациясында 1200 мың адам тұрады.

Болгарияның жер бедері әркелкі. Қара теңіз жағалауында 400 шақырымға созылған жағажай бар, орталық бөлігінде ендіктік бағытта Стара Планина тауы жатыр (Христо Ботев тауы 2376 м). Оңтүстік батысында Рила таулы массиві (Перемек 2191 м). Олардың аралығында Орталық Болгария таулы үстірті бар. Климаты көбінесе қоңыржай қысы жылы, жазы ыстық. Болгарияның оңтүстігі Балқан тауларымен қоршалған. Болгарияның негізгі байлығы – Қара теңіз. Гректер оны «Понтос Эвкеинос» – «қоңыржай теңіз» деп атайды. Жазда су температурасы +25ºС. Ірі өзендері Дунай, Марица. Болгарияда 500-ден астам емдік су көздері бар, олардың көпшілігі Балқан ойпатында орналасқан (Rogana, Середна-Горе). Ірі бальнеологиялық курорттары: Хисаря, Кюстендил, Сандански, Сапарево, Баня, т.б. бар.

Ежелгі археологиялық қазбаларды Казанлықтан, Свештариден, Варнеден көруге болады. Ортағасырлық болгар мәдениетінің дамуы қалалар архитектурасында өз ізін қалдырды (Плиска, Преслав, Велико Тырново, Несебыр). Велико Тырновода шығыс-православтық көне библиялық күнтізбе сақталған. X ғ. салынған шіркеулер фасадтарының әшекейленуімен, өрнектерімен, фрескаларымен, иконос тастарымен ерекше.

 

 

 

Табиғи-рекреациялық туристік ресурстарға 10 ұлттық бақ: Рила, Тирин, Витоша, Врачано-Балкан, Орталық Балкан, Сините, Камыни, Шумен үстірті, Русенскии жатады. Бірінші ұлттық бақ 1934 ж. ашылған. Қорғалатын аумағында экологиялық туризм жақсы дамыған.

Болгарияда альпинизм, тау туризмі, жаяу туризм, үңгірлерге саяхат, атпен саяхат, салмен, байдарка, каноэмен жүзу, тауда мотоцикл, велосипедпен саяхат, аңшылық, балық аулау, т.б. демалыс түрлері жақсы дамыған. Елде жастар туризмінің екі Приморско және Батах орталықтары бар.

Туризмді көлікпен қамтамасыз етуде автомобиль, теміржол алдыңғы орында. Ұлттық «Эйр Балкан» және бірнеше жеке компаниялар ішкі және сыртқы әуе қатынастарын қамтамасыз етеді.

Туристерді 3-5 жұлдызды отельдерде, жеке пансионаттарда, бөлмелерде, хотельдерде орналастырады.

Туристік аудандастыруда 6 ауданға бөлінген: Қара теңіз, София, Рило-Родоп, Ескі-Планин, Солтүстік-Батыс, Пирин.

Қара теңіз ауданының климаты мамыр-қазан аралығында курорттық мақсатта пайдалануға тиімді. Олардың ерекшелігі толысу қайту құбылысының болмауы, жыртқыш, ұлы аңдар жоқ, теңізге түсу қауіпсіз. Теңіз жағалауында екі үлкен қала Варна мен Бургаса орналасқан. Негізгі жағалаулық курорттары: Каварна, Бальчик, Албена, Алтын құм, Варна, күнсәулелі жағалау, Несебыр, Помория, Боргас, Созопол, Дюны, Приморско.

Варнадан 14 шақырым өте әдемі заманауи курорт Албена орналасқан. Ол тек жағалаулық емес бальнеологиялық та курорт. Мұнда румын патшайымы Иоаннаның сарайы, 600 өсімдік түрі өсетін ботаникалық бақ орналасқан.

Несебир қаласы түбекте орналасқан, оны шіркеу қаласы дейді, қазірге дейін олардың сақталған. Несебир – мұражай қала, ЮНЕСКО әлемдік мәдени мұра тізіміне енген. Бургас қаласы ең ірі әкімшілік, саяси, мәдени, туристік орталық, Бургас шығанағы жағалауында орналасқан, солтүстік, батыс, оңтүстігінен көлмен шектелген (Помория, Атанас, Вая, Мандра). Созопол, «Морская звезда» шағын курорттары, Созопол б.э.д. 610 жылы қалыптасқан ("Созопол" құтқарушы қала").


София ауданы Болгария астанасы маңайын қамтиды. Софияда 250 тарихи және архитектуралық ескерткіштер бар. Оның ішінде 1912 жылы тұрғызылған Александр Невский Кафедральды соборы, Әулие София шіркеуі (VI), Әулие Георгия шіркеуі ерекше орын алады. София маңында бальнеологияның курорттар Момин-Проход, Овча-Купел, Банкя, Горна Баня, Панчарево Княздығы, Алеко, Черный Врых, т.б.

Рило-Родоп ауданында Болгарияның ең биік таулы массиві орналасқан. Ол болгар иконжазу, өнер, ағаш мүсіндер мектебінің орталығы ретінде танымал. Рила шіркеуі ең үлкен кешен, ЮНЕСКО тізіміне енген. Рил массивінің солтүстік беткейінде 1350 м биіктікте таулы климаттың курорт-Боровец орналасқан. Атақты спорттық курорт Маловица (1750м) болгарияның "альпілік жұмағы" деп аталады. Родоп – Болгарияның ірі таулы массиві, онда таулы спорт орталықтары (Хасново, Василь-Коларов, Паппорово), бальнеологияның курорттары – Велинград, Неречен.

Ескі Планинск ауданының орталығы мұражай – қала Велико Тирново, елдің ортағасырдағы астанасы. Қаланың ескі бөлігі ұлттық тарихи мұражай деп жарияланды. Мұнда көптеген мұражайлар, монастырлар бар. Шағын Копривштицада фольклорлық өнер фестивалі әрбір бес жылда өтеді. Дунайдағы Русе қаласы – ірі мәдениет орталығы, онда үлкен опера театрында музыка фестивальі өтеді. Казанлык қаласында шілдеде раушангүл фестивалі өтеді.

Солтүстік-батыс туристік аудан бальнеологиялық және климаттық курорттарға бай (Кюстендил, Берновица). Берновицадан солтүстік батыста Белоградчик қаласы орналасқан, ол өзінің қызықты Магуар үңгірлерімен танымал.

Пирин ауданына Пирин таулы массиві кіреді. Оның көп бөлігі ұлттық баққа айналдырылған. Массивте тау-шаңғы курорттары: Баня, Доброниште, Сандан. Оңтүстік-батыста Мелкин пирамидалары ерекше шатқалдар мен жартастар бар.

Болгариядағы туризмнің қарқынды дамуы ірі туристік кешендердің салынуымен байланысты. (Албена, күнсәулелі жағалау, Боровец, Мальовица). Елде 200-ден астам турбазалар бар. Олардың ішінде ең тартымдылары – Қара теңіз жағалауында.

 







Date: 2015-06-07; view: 1639; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию