Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Румыния





Румыния Орталық Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның аумағы шағын 237,5 мың шаршы шақырым. Румыня, Украина, Молдава, Сербия, Венгриямен шектеседі. Халқы – 22,4 млн. адам. Оңтүстік-шығысында Қара теңіз суы шайып жатыр. Астанасы – Бухарест (2,1 млн. адам). Венгрияның жер бедері әркелкі, елдің 2/3-і таулы, таулы-үстіртті, 1/3-і жазықты. Аумағында түрлі ландшафтар кездеседі. Климаты қоңыржай континентті. Негізгі өзені – Дунай, ең ірі көлі – Разеям.

Негізгі нысандары туризмді дамытуға мүмкіндік береді: Қара теңіз жағалауларының жағажайлары, маңызды жағалаулық курорттары: Синая, Бусигени, Предял, Пояна, Брашов, бальнеологияның курорттары: Бэйле-Феликс, Бэйле-Херкунанеэ, Эфори-Норд.

Румын қалаларының қалыптасуы әркелкі. Олардың кейбіреулері даки, грек, римдіктердің бұрынғы тұрақтарының орнында пайда болды: Клуж (бұрынғы Напока), Альба-Юлия (бұрынғы Апулум), Турда (бұрынғы Потаисса). Қалалардың келесі түрлері елдің жазықты аймағында жоспарлы қалыптасқан. Елдің негізгі мәдени-тарихи ескерткіштері: Бухарестте Румынияның ұлттық көркемсурет мұражайы, Әділет сарайы (1864 ж.), шіркеуі (1715ж); Тимишоарада жалған готикалық колонналар (1815 ж. аустрия императоры Франц Иосиф І тұрғызған; Бран сарайы (Дранула туралы аңыз).

Румынияның негізгі туристік-рекреациялық аудандары: Қара теңіз жағалауы, Карпат таулары, Дунай атырауы, қалалар: Клуж, Сибиу, Брашов, Яссы. Ерекше-іскерлік, ғылым, фестивальдің туризм орталығы – Бухарест қаласы.

Қара теңіз жағалауы маңызды туристік аудан. Теңіз жағалауының ұзындығы 250 шақырым. Туризмді дамытуға оның Мидиядан Болгария шекарасына дейінгі 80 шақырым аралығы қолайлы. Мидия мүйісінен Дунай атырауының бастапқы зонасы басталады. Ірі курорттық зоналары: Констанца, Мамая, Эфория, Нептун. Румынияның теңіздегі қақпасы – Констанца (іргетасы б.з.д. VI-V ғ. гректер қалаған).

Румынияның таулы курорттары Карпат доғасы бойымен созылып жатыр. Елдің солтүстігінде Солтүстік Молдава курорттық зонасы басталады. Мұнда минералды су көздері көп, оның ішінде ең танымалы Варта-Дорней бальнеологиялық курорты. Солтүстік Молдавияның тарихи және архитектуралық ескерткіштері: Воронец, Хуморул, Сучевица, Молдавица, Ароре шіркеулері. Солтүстік Молдавадан батысқа қарай таулы туристік зона Мерамурем-Родна атақты курорты Боршамен орналасқан.

Солтүстік Молдава зонасынан оңтүстікке қарай Бистрица және Тротуш өзендерінің аңғарларында табиғи ормандар ішінде көптеген таулы курорттар орналасқан, оның ішінде Борсек бальнеологиялық курорты ерекше маңызды. Лаку-Рошу (қызыл көл) көлінің жағасында аттас курорт орналасқан. Брашовадан 15 шақырым қашықтықта теңіз деңгейінен 1020 м биіктікте Пояна Брашов курорты орналасқан. Әлемдік танымал Прядял, Синая курорттары негізгі туризм орталықтарына айналған.

Дунай атырауы ішкі туризм ауданы болып есептеледі. Оның әсем пейзажы, өсімдік, жануарлар әлемінің алуан түрлілігі саятшылық пен аңшылықты дамытуға өте қолайлы.

Румынияда туризмді дамыту мәселелерімен Туризм министрлігі айналысады. Туризм министрлігіне туризмге оқытудың ұлттық орталығы және туризмді зерттеу және дамытудың ұлттық институты қарайды. Елдегі туризм қарқынды дамуда негізгі рольді географиялық орын және мәдени-тарихи әлеует алады. ЕО елдерімен визалық тәртіпті алып тастау елге келетін туристер санын арттырады.

 

 







Date: 2015-06-07; view: 1249; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию