Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Израиль





 

Израиль(израиль-халықтың этнонимінен шыққан) – Таяу Шығыста, Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстік-шығысында Сириямен, солтүстігінде Ливанмен, оңтүстігінде Иорданиямен, оңтүстік-батысында Египетпен шектеседі. Батыс жағалауын Жерорта теңізінің суы шайып жатыр. Израиль мемлекеті өзінің тәуелсіздігін 1948 жылы 14 мамырда жариялады. Елдің іргетесы жарты ғасыр бұрын пайда болғанымен оның аумағы әлемдік өркениеттің белгісі болып саналды. Бұл жер қантөгіс соғыстар аренасы мен ежелгі әлемнің ұлы империялардың, арабтардың, крестшілердің, түрік-османдардың және Британ патшалығының қақтығысқан аймағы. Мемлекеттің аумағы (20 770 шаршы шақырым), екі дүние бөлігінде орналасқан – Азия және Африка, ал Шығыс мәдениеті батыс мәдениетімен араласады. Мұнда Библия және үш ұлы дін – иудаизм, христиан және исламның негізі қаланды. Құндылықтар саны жөнінен бұл мемлекетке ешбір ел тең келмейді. Сондықтан қазірде Израиль – ең ірі әлемдік туристік орталықтардың бірі. Мұнда библиялық қасиетті орындар, тарихи және мәдени ескерткіштер мен қазіргі заманғы люкс класы бар отельдері, Қара теңіздің керемет жағажайларымен ерекшеленеді, ал биіктіктен таулы шаңғылы курорттардың аппақ қары және шөлдер көрінеді.

Израиль млн-ған адамдардың табынушылық орны болып саналады, олар қасиетті орындарға құлшылық етуге келеді. Дәл осында XIX ғасырдың ортасында Томас Куктің әйгілі агенттігі алғашқы туристік саяхаттар ұйымдастырды. Иерусалим қаласы – иудистерді, христиандарды, мұсылмандарды бірдей қызықтырады. Бір мысалда айтылғандай: «Он әдемі әлем бар – оның тоғызы Иерусалимде орналасқан, тек біреуі ғана одан сыртта. Иерусалимді көрмеген пенде, ешқашан да әдемі қаланы көрмеген деген сөз». Дүние жүзінде Иерусалимдей қала табу қиын, өйткені мұнда әскери қақтығыстар көп болады. Мұнда Гроба Құдайының ғибадатханасы, Зар Қабырғасы, Омар мешіті және т.б. бар. Сондай-ақ Израильдегі тарихи-мәдени құндылықтарға Хевронды жатқызуға болады: патриарх Абрахамның қабірін; Вифлеемдегі: Иисус Христостың туған жерін; Рождество Христова ғибадатханасы (330 жыл), Иерихондағы: синогогтар (VI ғ.); Хишам Халиф сарайын (VIII ғ.); қасиетті Георгия монастырын; Искушения тауын; Кумран үңгірін; Наблустағы: патриарх Иосифтің Иудейлік қабірін; қасиетті Мария құдығын; Тель-Авивтегі: ескі қала (Яффо); алмаздық биржа және гауһар тастар мұражайы. Неот – Кидумимде ерекше энтузиастердің қолымен жасалған библиялық табиғи ботаникалық саябақ-қорығы орналасқан.



Израильдің Жерорта теңізі – курорттарға өте бай. Эйлатеде Қызыл теңізде күн сәулесі жылына 359 күн бойы жарқырап тұрады, ал судың температурасы типті қыс айында +21ºС-тан төмен түспейді.

Тұзды көл Өлі теңізі өзінің емдік қасиеттерімен ерекшеленетін ірі курортты орталық, мұнда релаксациялық әдемілікті қайта қалпына келтіру бағдарламалары бар. Библиялық кезеңде бұл теңізге – Тұзды теңіз, Арабия және Дала теңізі деген атаулар берген. Өлі теңіз Үлкен риф тектоникалық құрылымында орналасқан. Кіші Азия мен Рифке дейін жайылып, одан әрі Хермон тауынан Эйлат – Акаб шығанағынан оңтүстікке және Қызыл теңіз арқылы Африкаға дейін созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 394 м төмен жатқан Өлі теңіз жер шарындағы ең төменгі гипсометриялық аквальді жүйені құрайды. Судағы тұз мөлшері мұхиттан 5 есе жоғары, 23-28%. Тереңдеген сайын судың құрамындағы минералды заттардың концентрациясы көбейеді. Хлор, бром, натрий сульфаты, калий, калций және магний. Өлі теңіздің тұздарын өндіріп, оны Израильде және басқа елдерде пайдаланады. Өлі теңізде шомылу тіпті керемет. Теңізге барлығы түсе алады, тіпті жүзу білмейтіндердің өздері де батпайды. Өлі теңіздің қасиеті көптеген туристерді қызықтырады. Теңіздің батыс жағалауындағы қазіргі заманғы курорттар тіпті қыста да теріні әр түрлі сырқаттан емдеу мақсатында табиғи емдік сулары пайдаланылады.



Өлі теңіздің мынадай көрнекіліктері бар – кибуц Калия, Драгот жартасы, Мицпе Шалем, Эйн-Геди жағалауы, қонақ үйі мен минералды бұлақтары, Курман, Масада қонақ үйлері және мейрамханалары бар. Емдік-курорттық орталық Эйн-Бокек, Неве Зоар. Өлі теңіздің минералдарынан сабын, косметикалық және одан басқа заттар алынады. Кейбір мәліметтер бойынша Содам және Томорр қалаларының қалдықтары Өлі теңіздің оңтүстік шығыс бөлігінде судың астында жатыр. Содам үңгірінің маңында адам пішінін көрсетіп тұратындай тұзды бағана бар. Библиялық аңыз бойынша бұл Лот әйелі, ол «артқа қарап тұзды бағанаға айналған» делінеді. Өлі теңіздің қонақүйлері қызмет көрсетудің озық үлгісін ұсынады. Израилдың курорттары «Хамей Тверия», «Эйн-Геди», «Леса Кармель», «Херодс-Виталис» және тағы басқа белгілі демалыс орталықтары туристерге жан-жақты қызмет көрсетеді.

Израильде Таяу Шығыстағы жалғыз таулы курорт – Рамат Шалом орналасқан.

Елдің табиғи ресурстары өте ерекше. Израильдің флорасында 2,5 мыңнан астам өсімдіктердің түрлері бар. Мұнда маслиналар, платан, мирт, лавр жапырағы, мәңгі жасыл емен өседі. Неот-Кедумим ботаникалық саябағында Библияда аталған көптеген сирек кездесетін өсімдіктер кездеседі. Фаунасында сүтқоректілердің 100 түрі, 600-ден астам құс түрлері мекендейді. Мемлекетте табиғатты қорғау мақсатында қатаң тәртіптер еңгізілген, ол саябақтарды қалпына келтіру және табиғи ортаны сақтау үшін жасалынған шара. Ландшафттың ерекшелігі және жануар дүниесінің әртүрлі болуы Израильге кішігірім аумақты, бірақ келушілерге ашық көп түрлі ұлттық саябақтар құруға мүмкіншілік береді.

Табиғи ортаны қорғау басқармасының қол астында 100-ден астам ерекше қорғауға алынған аумақтар бар, олардың көлемі шамамен 1000 шаршы шақырым, 20 ұлттық бақта арнайы демалыс орталықтары орналасқан. Ұлттық парктер мен қорықтарды жылына шамамен 2 млн-ға жуық туристер келіп тамашалайды. Туристер қызығушылықпен Хамат-Гадер арнайы ферма – питомник аллигаторына экскурсия жасайды. Енді туризмнің дамуындағы негізгі фактор – бұл су ресурстарының жіктелуі болды. Заңға сәйкес, елдегі бүкіл су қоры ұлттық құндылық болып есептелінеді. Израильде теңіз суын тұщыландыру мақсатында бірнеше қондырмалар орнатылған. 1953-1964 жж. ұзындығы 21 шақырым, көлемі – 12 шақырым, ал тереңдігі – 45 м. Бұл көл Иордан өзенінің суымен тұщыландырады. Киннерт көлі мен оның жағалауындағы Тверия тауы әлемдегі ірі туристік орталықтардың бірі.

Туризмнің негізгі бағыты – туризм инфрақұрылымының дамуы (орналастыру орындары – қонақүйлер, туристік базалар, көңіл-көтеру – аттракциондар, сулы бақтар); жоғары мамандандырылған гидтерді дайындау; турагенттіктер, туроператорлар; шетелдік және Израильдік компаниялармен бірлестік орнату. Израильге жылына 2,36 млн-дай адам саяхат жасайды. Туристердің көп бөлігі Еуропадан келеді. Америкадан Израильге жыл сайын 559 мың адам саяхаттайды. Ал Азия – Тынық мұхиттық аймақтан және Таяу Шығыстан жылына – 111 және 105 мың адам келеді. Туристердің көп бөлігі Израильге келу үшін әуе көлігін қолданады (1,6 млн. адам). Ал теміржол (472 мың адам) және теңіз көлігі (277 мың адам) біршама төмен. Израильде қонақ үй базасы 37,03 мың нөмер 81,17 мың орынға арналған. Израильде туристерді орналастыру орындары орташа есеппен 58% құрайды. Туризм елдегі түсетін негізгі маңызды қаражат көзі. Жылына туризм 3 млрд. доллар кіріс әкеледі. Израиль туризмді экономикадағы маңызды сала деп есептейді.

Израильде сыртқы туризм дамыған. Шет елге жылына 2,5 млн. израильдықтар (халықтың 45%-ы) саяхаттайды. Орта есеппен бір израильдық турист саяхатқа 1240 доллардай ақша жұмсайды.

Израилдың емдеу курорты жетекші мемлекеттер және жетекші клиникалармен байланыс жасайды, қажет болған жағдайда күндізгі және сырттай бөлімде кеңестер бере алады, сонымен қатар стационарлы тексерілу мен емдеу жұмыстарын да сапалы атқарады.

Израилде демалу – Жерортатеңіздік үздік туристік қызмет көрсету, құмды жағажайлар, Қызыл және Өлі теңіздердің емдік сулары да бар. Әлемнің әр тарапынан Израилге келетін туристер саны артып отыр. Израил – киелі жер және тарихи ескерткіштердің, дүние жүзіндегі ұмытылмас оқиғалардың сахнасы. Бұнда Иерусалим әлемдік үш діннің тоғысқан орталығы, көптеген монастыр, шіркеу, синагогтар мен мешіттердің ортасы. Назарет – Иисус Христос дүниеге келген қала және қазір онда Таяу Шығыстағы ірі сабор Благовешения ғибадатханасы және туристерді қызықтыратын Негев шөлі, ондағы ежелгі набатайлық қалалардың қазба жұмыстары, Рамон кратері мен Соломон патшаның мыс найзасы тағы басқа кереметтер баршылық. Израилдың тарихи және архитектуралық көрнекіліктерін тізіп шығу мүмкін емес, себебі бұл ел әлемдік өркениеттердің бесігі.

Израилдың үш курорттық зонасы – Жерортатеңізі, Қызыл және Өлі теңіздерінің жағалауларында шоғырланған. Тель-Авив, Нетания, Кейсария, Герцлия, Хайфа, Эйлат – осы қалалар мен курорттардың барлығы туристердің мол қызығушылығын туғызып келеді.

Иерусалим – туристерді қызықтыратын мәңгі қала. Бұнда үш діннің керемет ескерткіштері бар. Мұсылмандардың мешіттері Мұхаммед пайғамбардың аспанға көтерілген жеріне салынған. Қаланың батысында қазіргі Иерусалимнің көрікті орны – Яд ва-Шемнің мұражайы бар, ол Холокостағы шейіт болғандарды еске алу мақсатында тұрғызылған.

Акко – қаланың ең негізгі көрікті жері – Госпитальдердің шіркеуі. Әсіресе, жер астына салынған асхана залын атауға тұрарлық және сол тоннель арқылы теңіз айлағына тура шығуға болады. Сонымен қатар, Аккода Аль-Джаззар мешіті бар, мұнда Мұхаммед пайғамбардың шашы мен сақалы сақталынған. Хайфа оның ең көрікті орны – Бахай ғибадатханасы, ол бахаизм дінінің орталығы.

Тверия – бүкіл еврейлер үшін қасиетті орындардың бірі. Тверидан оңтүстікке қарай дәстүрлі Ярденит шоқындыру орны бар, ал қаладан солтүстікке қарай Капернаум, онда Христос тұрып өзінің үгіттерін жүргізді.

Назарет – бірнеше табынатын орындарымен ерекшеленеді, атап айтсақ, Грот Иосифтің ұстаханасы, Христос пен Бездна оқыған Синагога және басқалары бар. Израилде субтропикалық климат басымырақ болып келеді. Тель-Авивте ыстық және ылғалды, ал Иерусалимде таулы ауа мен ыстық болып келеді.

 






Date: 2015-06-07; view: 860; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию