Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тунис Республикасы





 

Тунис Республикасының ауданы – 163600 шаршы шақырым. Астанасы – Тунис. Басты қалалары: Кайруан, Бизерта, Сус, Сфакс, Гафса. Мемлекеттік құрылымы – республика. Валютасы тунис динары. Халық саны – 8.8 млн-дай адам. Мемлекеттік тілі араб, бербер. Діні ислам. Халық тығыздығы 1 шаршы шақырымға 1800 адам.

Тунис Магрибтің ең кіші (солтүстік батыс Африка) сонымен бірге әлемдегі ең көне мемлекеті. Мұнда әр адым сайын батыстық өмірге көшу мен мәдениетке бейімділік байқалады. Жерорта теңізі жағалауының табиғатының әдемілігі уазистер мен Сахара құмы, римдік қамалдар, берберлер мекендері исламның қызықтырады. Тунис әлемдегі бірінші болып конституциясын қабылданған ислам мемлекеті.

Тунистің алғашқы қалаларының қалыптасуы б.з.б. XII ғ. Африка жағалауындағы финиктер экспансиясының сауда-саттық жорықтарынан басталады (Утики, Карфоген, Бизерты). Римдік кезеңде Тунис жер иелену аймағы ретінде болды. Арабтардың Солтүстік Африканы иеленгеннен кейін (VII ғ. II жартысы) 670 жылы Камоникин Византия қамалдарының орнына, кейіннен ислам дінінің таралуының орталығына айналған алғашқы мұсылман қаласы Кайруан қаласы пайда болды. XVI ғ. Тунис Испания мен Оттоман империясының қолдарында кезек-кезек көшіп отырды, кейін 1574 ж. ғана түріктер Тунисті түпкілікті жаулап алды. XIX ғ. алғашқы еуропаға еліктеулер басталды. Африканы еуропалық державалар жер бөлгенде ел француздар протекторатында қалды (1881 ж.). Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Тунис территориясы шет қалмады. 1956 ж. ел тәуелсіздігін алды, ал 1957 ж. Республика болып құрылды. Мемлекетте араб елдері Лигасының штаб пәтері Палистинаға көмек ұйымы жұмыс жасады.

Тунистің жер бедері тегіс адырлы. Үш зонада солтүстік таулы, орталық дала және шөлді оңтүстік. Батыс географиялық облыстары Вади Меджерда өзенінің Тель-Атласы мен Сахара Атласы салалары, Тунис Сахелі ойпаты және Тунис даласымен бөлінген. Тунис солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 шақырымға созылынқы: жағалау сызығы 1200 шақырым. Ірі шығанақтары – Тунис, Хаммамет, Габес аралдармен қоршалған.

Тунис климаты географиялық орналасуына байланысты климаты әр түрлі болып келеді. Солтүстігіне субтропиктік жерортатеңіздік, ал оңтүстігінде тропикалық шөлді климат тән. Қыста салқын ауа массалары мол жауын-шашын әкеледі. Ауа райы өте құбылмалы. Жазда ауа райы ыстық, құрғақ. Ең жылы мезгіл шілде мен тамыз айлары +25+27ºC, ең суық қаңтар айы – 9-11ºС. Орталық аудандардағы жоғары амплитуда 20ºС-қа дейін артады. Қыста Гафсы атырабында қар жауады, өткінші аяз – 9ºС қа дейін болады. Орталықтағы жаздағы жоғары температура Охотт әл-Джеридте +54ºС-қа жетеді. Жылына бірнеше рет, көбіне жаз айларында екі күн қатарынан Тунисте ыстық шөлдік жел сирокко соғады. Бұл жел тұрғындарға жағымсыз әсер ететін Сахара құмын алып келеді. Бұл кездегі температура +45ºС-қа көтеріледі.

Тунис өзендерінің алаптары жаңбыр суымен қоректенетің уэд типіндегі (шөл дала немесе уақытша толысу сулары) өзендер. Жалғыз тұрақты өзені Вади Меджерда.

Халқы. Тунистің этникалық құрамыбірұлтты елдің99 %-ы арабтар, тау мен даладағы көшпенді берберлер 1% құрайды. Халықтық құрылымы 1957 ж. еуропалықтар мен еврей эмигранттарының келуімен өзгерді. Қазірде Тунис жастары көп (50% халық 15 жастан жас) және ер адамдары басым мемлекет.


Экономикасы. Тунисте ауыл шарушылығы басым тунистіктер жер өңдеу мен ауыл шаруашылық тауарларын сатумен айналысады. Тунистің әлеуметтік қамтамасыз етуі жұмыссыздықты қанағаттандырмайды. Бірақ мемлекетте әлеуметтік-сақтандыру қорлары халықты тегін медициналық көмекпен, ал кедей отбасылар балаларын тегін сүт және тамақтандыру талондарымен қамтып отыр.

Тунистің көрікті орындары жылы жерортатеңіздік климат, жылы теңіз, жағажайлар, тұрғындар қонақжайлылығы мен ең бастысы Еуропаға жақындығы Тунисте туризмді дамытуға жоғары мүмкіндік береді. Тунистің басты төрт туристік аймағына: Сус-әл-Манастир, Хаммамат-Набул. Джарба-Зарсис және Тунис қаласы мен алқабы жатады. Туризмнен түсетін кірістің ¼ -ін Бон мүйісі береді (дәлірек Бон мүйісінің оңтүстік бөлініндегі Хаммамет пен Набул қалалары арасында жіңішке жағажай).

Хаммамет қаласы кішкентай балықшылар ауылынан онжылдық ішінде жүздеген қонақ үйлері бар (кейбірі 1000 орындық) үлкен туристік орталыққа айналуы таңқаларлық. Ерекше назарды ел астанасы Тунис аударады. Тунис қаласы Жерорта теңізінің батыс жағалауында орналасқан. Тунистің көрікті орындарының бірі көне Мадина қаласындағы мешіттер, шайханалар, моншалар мен сауда майдандары (арабша «сук»).

Тунис – ескі ислам мемлекеті. Оған елдегі архитектура туындылары дәлел. Бұған Нумид, Ливия, Африка, Иврика Варбор атанған Тунис 300 жылдай жерортатеңіздік өркениеттен өтті.

Елдің қарқынды дамуы ХХ ғ. 80-жылдарынан басталады. Бірақ тарихта Тунис финиктерден бастап көне Египет, Рим империяларының беделді адамдары демалған курорт. Қазір Тунисте 1200 шақырымдық жағажай жүздеген жаңа қонақ үйлер термалды су көздеріне заманауи емдеу орталықтары салынған.

 

 

 

 

Тунис (негізі б.з.д. IX ғ. қаланған) елдің астанасы (1956 ж.) және өзі аттас көлде орналасқан негізгі айлақ-порт. Бұл заманауи курорт орталығы дәстүрлі мұсылман архитектурасы, көптеген базарлар мен мұражайлар үйлесімін тапқан қала. Тунистің орталығы болып қабырғалармен қоршалған Мадина («көне қала»), мешіттермен қоршалған мәдени орталық Джами эз-Зейтуна (Зитуна, "Олив мешіті") және медреселер саналады. Тунистік Мәдине көлемі жағынан Мароккалық Фес пен Марракеш, египеттік Кайрден кейінгі орында. Хаммамет, Келебин, Минастира курорттарымен салыстырғанда Тунисте туристер саны аз, бірақ нағыз араб Магрибін осында сезінуге болады. Тар көшелер, мешіттер, базарлар мен дүкендер Мәдина қаласының басты көрікті орындары. Мәдина қаласының жоғары бөлігі Касба ("цитадель"), мемлекеттік билік органы, сәнді ғимарат сыртқы істер министірлігі Дар әл-Бей ( Дом бея ).


Жақын жерде ортағасырлық базар орнында ең экзотикалық квартал Сук Эль Сук-Аттарин салынған. Бұнда әлі де әтірлер, бұйымдар сатылады. Түрлі түсті мәрмәрлар мен Дар-Осман (XVII ғ.) сарайындағы жазулар, өнер мұражайы мен Дар бен-Абдаллах (XVIII-XIX ғ.), қалалық Өнер және Ұлттық дәстүрлер мұражайы сақталған. Өзге тарихи ғимараттардың арасында Юсуф – бей (1616 ж.) мен Хамуд-паша (XVII ғ.) мешіттері, Хасанидов Турбет әл-бей мавзолейі, Сади Махреза Мешіті мен мавзолейі (Абу Мохамед Махреза ес Садики), Сент-Винсент-де Поль соборы және қаланың ең көне ғимараты Дар эль-Хаддат. Тунистік Мадина 1981 ж. БҰҰ-ның тізіміне алынған.

Тунис Парламентіне жақын Дар Хуссейн (Бадро) сарайында орналасқан Алаун (Бадро мұражайы) Магрибтегі римдік нақыштар мен түрлі ғасырлық археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған коллекцияларға ең бай әрі үлкен мұражай.

Қаладағы Публистикалық кітапхана ислам әлеміндегі араб әдебиетін жинақтаушы. Тунистің орталық көшесі Мадинаның Баб-эль-Бахар қақпасынан (''Француз қақпасы'' XIII ғ.) әл-Бахира өзеніне дейін. Жабық сауда орындары мен Мадина ауданындағы ұсақ базарлар, аумағында Дах-Дах зообағы мен демалыс бағы орналасқан Бельведер саябағы, Саламмбо мұхиттық мұражайын тамашалауға болады.

Ла Гулетт ауданынан 35 шақырым солтүстікте антик дәуірде мемлекеттің астанасы болған Карфаген қаласының қазірде қираған орыны қалған (б.з.б. 814 ж.). Сахарадан Батыс Азияға баратын сауда жолы, финикиялықтардың сауда орталықтары мен даңқты мемлекеттер осы жерде гүлденген.

Бирса төбесінде біздің заманымызға дейінгі ірі курорттық орын терм Антонима Пия руина жазбалары, көптеген римдік виллалар, 50 мың орындық Капитолия амфитеатрының орыны, 70 шақырымдық акведук суқоймасы, антикалық кезендік Танита мен Баала қазынасы мен ғибадатханалары, антикалық портты қорғаныс қамалдары сақталған. Антика дәуірінің көптеген қамалдары қатты қираған. Көне дәуірлерден византиялық шіркеу таңбалары, Ұлттық мұражай орналасқан Сен-Луи соборы (1890 ж.), Әулие Киприана соборы мен Лавижери мұражайы ғана сақталған. Осылармен бірге Су ғибадатханасындағы Зигван таңбалары (Тунистен 40 шақырым), базар, Меркурия ғибадатханасын көруге болады.


Антикалық рим қызығушыларына көне Рим қаласы Тубурбо-Маус кешенінің таңбалары, Колизей, ғибадатханасын, гимнастикалық залдарды тамашалауға болады. Тунис маржаны – жартас жағасында орналасқан үйлер көк пен ақ түске боялған, жартас үстінде “Рибат” (қамал) орналасқан, ал бақылау шырағы орналасқан төбеден қала түгел көрінетін Сиди-Бу-Саид қалашығы. Тар көшелер мен тас плиталар серуендеуге таптырмас орындар. 1939 ж. орыс теңізшілері салған Александр Невский шіркеуі де осында орналасқан.

Хаммамет ел астанасының оңтүстік-шығысында орналасқан танымал курорт, көне балықшылар порты. Қала орнында кейіннен Хаммамет (“суға шомылатын орын’’) аталған б.з.б. 180 жылы Путпут атты рим колониясы болған.

Мәдина – Үлкен мешіт (X ғ.) пен базары, теңіз жағасында төртбұрышты қорғаныс қамалы бар көне көрікті қала. Қала сәулеті жарасымды, бір-бірінен ерекше архитектурасымен ерекшеленетін, тіпті ұқсас екі ғимарат кездеспейтін дәстүрлі араб стилінде. Мәдина жанында Сиди Бу Хадида, бағында жыл сайынғы халықаралық өнер фестивалы өткізілетін, антик дәуірінің көркемөнер нышандарымен салынған Георга Себастиан үйі бар. Балаларға арналған аттаркционы бар саябақ '' Фабилэнд'', ''1001 түн '' және аквобақ демалыс саябағын, елдің ең үлкен гольф клубы ''Гольф-Цитрусты'', Бақ ішінде орналасқан көптеген жоғары дәрежелі қонақүйлер мен 14 шақырым қашықтықта орналасқан жағажайда шомылуға немесе ''Биоазуар'', ''Рояль Таласса'' (Жерорта теңізі жағалауындағы ең үлкені), ''Нахравес Сентр'' шипажайларын тамашалауға болады. Қаланың оңтүстік бөлігінде заманауи және ең үлкен әрі жас Ясмин Хаммамет ("Хаммамет-Зюд") орналасқан.

Набуль (Набель, көне Неаполис) – Хаммамет қаласынан солтүстікке қарай қыш бұйымдарымен, ұлттық асханасымен, шарап пен жартасты жағажайларымен, археологиялық мұражайымен әйгілі. Набуль Сук әл-Жұма базары орналасқан б.з.б. IV ғасырлық қала.

Келибия – Хаммамет қаласынан 50 шақырым солтүстікте орналасқан кішігірім туристік қалашық. Жеке өзі кішігірім айлақтағы византиялық көркемөнерінен басқа қызғылықты орындары жоқ. Мұнда халықаралық маңызға ие, жаз айларында Италиядағы Трапанидан паромдар келетін теңіз порты бар. Елдің солтүстік жағажайында жартасты, тарихи таңбалы және рифті “Маржан жағалауы” жатыр.

Бизертта (Тунистің солтүстігінен 65 шақырымда) өзінің таңғажайып ормандарымен, сөнген жанартауларымен және сол күйі сақталған қақпасымен (VII ғ.), мәңгі шулы Испан форты (1570 ж.), кіші форттағы мұхиттық мұражайлармен, ақ мәрмәрлы Мучеников алаңы, сегізбұрышты Үлкен мешіт (1652 ж.), Юсеф Дей (1642 ж.) субұрқақ, мавритандық үйлер, сұлу Эшкель өзені (Гараэт Ишкель, Бизерттен 30 шақырымдай) балық базарымен таң қалдырады.

Шемту – римдік театр мен форум таңбаланған, ежелгі мәрмәр кен орындары бар жаңа археологиялық аймақ. Мұнда 1963 жылға дейін Тунис тәуелсіздігін алғаннан соң да жұмыс жасаған Француз әскери-теңіздік базасы болған. Әскери тарихқа қызығушылар француздардың жер иелену дәуірінен бері сақталған көптеген қызыртарды тамашалай алады.

Табарка ("бұтамен жабулы жер") – Крумирия тау массивінің етегінде орналасқан Генуэз қамалы (XVI ғ.), пішініне байланысты Ине аталған жартастар, балық аулаушылар мен жүзгіштерге қолайлы көне финикиялық порт. Тунистін оңтүстік батысында 105 шақырымда Дугга немесе Тугга ауылы орналасқан. Меджера өзені алабында Александр аркасы, Форум жартасты таңбалары (б.з.д. 166 ж.) және Сатурн ғибадатханасы, Желдер алаңы нақышы, Юнан Целиста шамшырағы, католиктік Атебана ғибадатханасы (б.з.д. III-IІ ғ.), терма, Дионис үйі, Бардо мұражайына қойылған ерекше нақыштағы Улисс үйі, 3.5 мың орындық театр (б.з.д. 188 ж.) салынған.

Сус "Інжу жазығын" (Тунистен оңтүстікке қарай 40 шақырым) алғаш б.з.д. ХІ ғ. финикиялықтар Хадрумент, вандалар жаулап алуымен Хунерикополис, ал византиялықтар Юстинианполис деп аталған. Қаланың басты көрікті орындары ортағасырлық берік қорғаныс қамалды және 30 м-лік мұнаралы медресе-қамал Рибат (IX ғ.), Үлкен мешіт мен ерте христиан дәуіріне жататын 25 мың жер асты жолдары (ұзындығы 5 шақырым шамасында). Суса мұражайында ІІІ-ІV ғ. римдік нақыштар сақталған.

Эль-Кеф (Ле-Кеф) – таулы мекенде теңіз деңгейінен 800 м-дей биікте зәйтүн даласында орналасқан кішкене қалашық. Касба биікте орналасқан және оған терассалармен көтеріледі. Сұлу табиғатты және аз уақыт тамашалауға тұрарлық бұл жерде қызықты ескерткіштер аз емес. Қалалық автотұрақтан (қаланың төменгі бөлігіндегі көшелер қиылысынан тұратын тұрақ) Тунис, Бизерт, Табакке маршруттар жүреді. Сустың солтүстігінде 5 шақырымдай дүние жүзіне танымал – Порт әл-Кантаун курорт зонасы бар. Бай әрі заманауи демалыс және қыдыруға арналған кең жиынтықты жасанды Марина шығанағы, сирек кездесетін өсімдіктерге толы Әл-Кантаун ботаника бағы, аквапарк, көптеген сауда орталықтары, «Мирамар-Голф» ойынханасы, «Самара», «Мароккана» би алаңдары, Балмұздақ үйі, «Брау» ерекше сырасы бар сырахана мен яхта клубтары бар. Маңайында ғаламат Сиди-Бу-Мендиль мешіті орналасқан Эргла ауылы қоныстанған.

Сусаның оңтүстік батысында 60 шақырым жерде орналасқан «Киелі қала» Кайруан б.з.д. 670 жылы пайда болған ислам әлемінде Мекке, Мәдина, Иерусалимнен кейінгі әулие саналған төртінші қала. Магриб елдерінде Кайруанга жеті рет бару Меккеге хажылыққа барумен теңестіріледі. Ондағы Карфагеннен әкелінген биіктігі 100 м-дей үш қатар мұнаралы ғаламат мұнара мәрмәр бағанды орман мен Үлкен Сиди Окба мешіті ислам архитектурасының қайталанбас туындысы. Мұхаммед пайғамбардың шаштаразы Абу-Джама-әл-Балави (Сиди Захиб) бөлмесімен бірге Брадобрея мешіті, Меккенің алтын кесесі табылған Бир Барута мәдени ескерткіші, кайруан медресесі, мұсылман жаны жұмаққа өтетін қабір, қала қабырғаларымен қатар орналасқан суландыру алабы (IX ғ.), кілем тоқу орталығы (Кайруан әйгілі өрнекті кілемдер орталығы), Ұлттық ислам өнері мұражайы мен Реккаде сарайының қираған орындары қызығушылық тудырады.

Сусадан оңтүстікке қарай 24 шақырымда Тунистің діни астанасы және қазіргі әлемдік демалыс орталығы Монастир ( финикиялық Рус Пенна, кейіннен – римдік Руспенна) ауылы жатыр. Монастрдың негізгі көне қонақжай орындарына кейін қақпа-бекініс болған VIII ғ. Рабат Хартем қорғаныс қамалы жұрты, Баб-ас-Сур мен Баб-ад-Дэрб қақпалары, мешіт (IХ-Х1 ғғ.), төрт күмбезді тәуелсіз Тунистің алғашқы президенті Хабиба Бургибы мавзолейі, құнды көне жазбалар жинақталған Ислам өнері мұражайы, Фатимид дәуірінің мата мен әйнектен жасалған бұйымдары, Сиди Али әл-Мезери имам мешіті, мұсылмандық салтанатпен жерленген Куббу қабірі кіреді. Мұнда жағажай «қызықсыз», бірақ қонақүй хауызы дизайн мен техниканың соңғы үлгісінде салынған. Монастрдың солтүстігіне қарай 6 шақырымдай жерде үздіксіз ғажайып гольф клубы мен атқа мініп үйрету мектебі бар Сканес қонақүйлер тізбегі созылып жатыр.

Монастрден 45 шақырымдай жерде оңтүстікте Фатимидтер кезіндегі Тунис астанасы, көне портты Махдия қаласы жатыр. Ауданның негізгі ерекшелігі – ақ құмды жағажайлары мен туристердін аздығы. Қызықты орта ғасырға Медина, дүкендер, сұлу жағажай, Мустафа Гамза (1772 ж.) мешіті орналасқан Пляс дю Каир кішкентай алаңы, 921 жылғы мешіттің нақ көшірмесі Үлкен мешіт (1965 ж.), Слимане Гамза мешіті, Ислам өнер мұражайы, Скиф әл-Кала қақпасындағы Ұлттық Махдии мұражайы, Бордж әл-Кебир (XVI ғ.) бекінісі, мұражаймен бірге Салатка қабірі және жер асты жүзу орталығы кіреді.

Тунис астанасынан кейінгі көлемі жөнінен екіншісі Габес бұғазының солтүстік мүйісіндегі Махдидің оңтүстігіндегі Сфакс қаласы. Бұл үлкен шаруашылық қалашығында көптеген туристік нысандар – Мадина қамалымен бірге кең қақпалы Баб эд-Диван ("Әлем қақпасы", XIV ғ.), Джами әл-Азузейн ("Қос кемпір мешіті ", 849 ж.) мешіті мен Сиди әл-Бахри ("теңіз билеушісі") мұнарасы, үш аркалы монумент, Ұлттық дәстүр мұражайы ор наласқан Дар Джеллули (XVII ғ.) сарайы мен Археологиялық мұражай бар. Сфакстен 20 шақырым жерде жаңа көтеріліп келе жатқан туристік аудан пальмалармен қоршалған Керкен архипелагы. Сиди-Фредж (Рамла), Шарги( Үлкен Керкен) мен Гарби (Мелита) аралдарында теңіз жағасында жеке демалуға болады.

Бұғаздағы Габес қаласын римдіктер Такапса атаған. Ұлы шөлде орналасқан ол 300 мың пальмадан тұратын көлемді аймақты алып жатыр. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде көптеген көрікті орындарынан айрылғандықтан, қазір Сахарадағы сафарилері мен турларын ғана тамашалай аламыз. Қала ортасында барлық су каналдары жүйелерін қамтитын " Уэд жүрегі " су қоймасы жатыр.

Джерба аралы антик заманынан танымал. Аралға алғаш тоқтаған Одиссей, аралды "лотофагтар аралы" деп атаған. Қазірдің өзінде курорт антикалық рим жолдары континентімен байланыстырылады. Жағажайлар мен тұнық судан өзге, аралдың көрікті орындарына әлемдегі ескі және дүние жүзі еврейлері қоныстанған Гриб синагогы (б.з.д. VI ғ.) Эр-Рията (бұл жерде көне жазбалар мен олардың бірінің авторы Талмуда-Шимон Бар Ясхаи жерленген ). Хумт Суктағы Бордж әл-Кебир форты ("Үлкен мұнара", XIII ғ.), Сиди Зитуни мавзолейіндегі өлкетану мұражайын, көптеген мешіттерді, соның ішінде ислам дінінің әр тармақтарына бөлінген Джамаа-әл-Горба, Эх Шейх және Мәдинадағы Джамаа Эттрук мешіттері ерекше қызықтырады. Мәдина Хумт Сук лабиринтіндегі ондаған дәстүрлі араб архитектуралық үлгісінде салынған " мензели " үйлер, ал жағалаудағы жартастарда аңыз бойынша ұлы Дрогута Рейс теңіз қарақшысының көмбе байлығы сақталған делінеді.

Теңіз жағаларымен салыстырғанда ішкі шөлді аудандар көп қызықтыра қоймайды. Махдиден батысқа қарай 30 шақырым жерде (Тунистен оңтүстікте 210 шақырым жерде) өзінің колизейі сақталған үш қабатына 40 мың көрермен сыйған, биіктігі 38 м, диаметрі 430 м (б.з.д. 230-238 ж., БҰҰ-ның тізіміне алынған) әл -Джем (римдік Фисдрус) орналасқан. Жабайы жануарлар мен гладиаторлар мекендеген жерасты үңгірі сақталған. Жыл сайын шілде және тамыз айларында колизей алаңында акустикасы тамаша классикалық музыка фестивалы өткізіліп тұрады. Сонымен қатар әл-Джемде ерекше әшекейлер жинақталған археологиялық мұражай орналасқан.

«Оазистер астанасы» деп аталған Таузерде (Тозёр) финикиялықтар базарымен, әлемдегі керемет мұражайлардың бірі Дар Шераит, Блад-әл-Хадхар (XI ғ.) мешітімен, Улед әл-Хадеф қаласының шырғалаң көшелерімен, шөлдегі зообақ және Шотт әл-Джерид құмымен танысуға болады. Гафса мен Таузар арасында бірнеше кинолар түсірілген Мидес, Шебика және Тамерза сұлу оазисті ландшафттар орналасқан. Гафсадан солтүстікке қарай елдегі римдік қамалдағы ансамблмен мақтанатын Сбейтла (көне Сефетула) аркасы, Антонина Пия қақпасы, Диоклетиан аркасы, Форум мен Капитолия таңбаларымен Юпитер ғибадатханасы, Юнион мен Минерв және театрлар, IV-V ғ. христиан шіркеулері мен византиялық қорғаныс қамалдары орналасқан.

Кайруаннан кейінгі елдегі діни орталық саналатын "Сахара астанасы" – Нефта да XV-XVI ғ. салынған 24 алтын күмбезді мешіттер бар. "Шөлдегі қақпа" Дуз барлық жағынан бархандармен қоршалған және жақсы сақталған дәстүрлерімен, "Сахара фестивалі", дәстүрлі базарлар, финик егістігімен (мұнда 800 мыңнан аса финик пальмасы бар деседі) әйгілі. Дуздан тасты және құмды шөл Эль-Хофра ауданына, "Жұлдызды соғыс" киносы түсірілген жабайы ландшафттар сақталған т аулы Матмата (Тунистен 400 шақырым) ауданына, Лукаса мен ертеректе халық тұрақтаған жартастарды көру үшін Сахараға көпкүндік сапарға аттануға болады. Ауданда ондаған " ксар " бекіністер мен Меден, Метамер, Джуам, Татавин, Дуире, Шенини немесе Гермеса секілдіберберлер тұрақтары бар.

Тунистің оңтүстік батысындағы тар темір жол Метлауиге баруға арналған. Бұл шөлде орналасқан кішкене қалашықтан поездбен 1,5 сағаттық Гафсадан 60 шақырым батыстқа қарай темір жол бағытын бастайды. Туристерге таңғажайып жағажайлар ашылады, кейін поезд терең, ондаған үңгірлер бар Сельджа шатқалына аттанады. Жолаушылар поезды маршруты тек қана ірі туроператорлар тапсырысы бойынша жүреді және әрдайым хабарлама жіберіліп, бақыланып отыратынын есте сақтаған жөн.

Туниске келуші туристер саны 1992 ж. 3540 мыңнан, 2000 ж. 5060 мың адамға өскен. Негізгі туристер ағыны – Еуропадан (70%) келеді. Туризмнен түсетін түсім 1996 ж. БТҰ-ның дерегі бойынша 1451 млн. долларды құраған, 1999 ж. 1560 млн. долларға жеткен.

 







Date: 2015-06-07; view: 2384; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию