Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дүние жүзі елдерінің жалпы ішкі өнімінің аумақтық дифференциациясында халықаралық туризмнің маңызы
Елдің экономикалық жағдайын макроэкономикалық көрсеткіштер сипаттайды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің ең маңыздысы және негізгісі жалпы ішкі өнім болып табылады. Ол елдің әл-ауқатының және экономикалық даму деңгейінің ең басты индикаторы және басқа да көрсеткіштердің есебін жүргізуде негіз болып қаралады. Жалпы ішкі өнім белгілі бір уақыт кезеңінде, негізінен бір жыл ішінде елде шығарылған тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Жалпы ішкі өнімнің көлемін анықтау үшін негізгі екі тәсіл қолданылады: кірістердің жалпы саны және шығыстардың жалпы саны. Жалпы ішкі өнімнің құрамдас бөлігі ретінде туристік қызметтерді де көрсетуге болады. Жалпы ішкі өнім халықаралық туризмнен түскен кірістер, туристік бизнеске салынатын жанама салықтар, олар: мүлік салығы, лицензиялық төлемдер, кеден салығы, туризм индустриясы қызметкерлерінің еңбек ақысы, ренттік төлемдер (осы туристік рентаны енгізу туралы үнемі сұрақтар қарастырылуда) және кірістер мен пайыздар (фирма пайдасынан, меншік) есебінен құрылады. Жалпы ішкі өнім экономикалық-статистикалық міндеттердің бірқатарын шешуде қолданылады. Осы міндеттердің маңыздыларының біріне экономикалық өсу қарқынын өлшеу жатады. Экономикалық өсу елдегі шығарылатын тауар мен қызмет көлемінің өзгеруін сипаттайды және тұрғын басына жалпы ішкі өнімнің өзгерісін немесе әдетте бір жыл ішіндегі жалпы ішкі өнімнің нақты динамикасымен өлшенеді. Экономикалық өсу қарқын өзгерісіне байланысты (Қосымша 2.1 кесте). Экономикалық өсудің оң және теріс түрлері болуы мүмкін. Қарастырылып отырған мәселе шегінде жалпы ішкі өнімнің оң өсуі, экономиканың өсуіне де әкелетіні ерекше қызығушылық тудырады, ал оның өсуі басқа елдегі жалпы ішкі өнім өсуімен салыстырғанда осы аталған елдің экономикасын қаржыландыру мүмкіндігінің туатынымен түсіндіріледі. Жалпы ішкі өнімнің оң өсуі тұрғындардың тіршілік деңгейінің көтерілуіне және басқа да мәселелерді шешуге жағдай туғызады. Өз кезегінде нақты табыстардың көбеюі төлей алатын сұраныстардың артуына, игіліктер мен қол жетімді мүмкіншіліктер шеңберінің кеңеюіне әкеледі, бұл әсіресе қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін маңызды. Экономика дамуының жалпы қарқыны мен халықаралық туризм өсуінің арасында тығыз байланыс бар. Әдетте халықаралық туризм дамуы экономикалық өзгерістерге әкеліп соғады. Есеп бойынша, баға деңгейінің салыстырмалы тұрақтылық жағдайында нақты жеке тұтыну 1%-ға артуы саяхат шығыны тоқтауына әкеледі, тұтыну 2,5% ға өскен жағдайда туризм шығыны 4%-ға артады, ал тұтыну 5%-ға көбейгенде 10%-ға артады. Кез келген жағдайда тұтыну өсімі 1%-ға төмендесе, әдетте туризм де төмендейді. Бірақ әр ел экономикадағы өзгерістерді әр түрлі қабылдайды және бұл орташа көрсеткіштерден әлдеқайда өзгеше болуы мүмкін. Халықаралық туристік келушілер санының артуы жалпы ішкі өнімнің артуына да септігін тигізеді. 1980-2005 жылдар аралығында халықаралық туристік келушілер саны жылына орта есеппен 4,6 %-ға өсті, ал осы жылдары жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсу қарқынның орташа көрсеткіші 3,4 %-ды құрады. Демек, жалпы ішкі өнімге қарағанда келушілердің саны 35% жылдам өсуде. Жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына халықаралық туризмнің әсері әлі де болса жеткілікті түрде зерттелмеген. Бұл әсерді жалпы ішкі өнімге халықаралық туризмнен түскен үлес-көрсеткіші арқылы бағалауға болады. Жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына халықаралық туризмнің қосқан үлесі туралы қарастырылған сұраққа жалпы ішкі өнімге туризмнен түскен үлес бойынша елдер тобының қорытынды нәтижесінен байқалады. 2004 жылдың сараптама мәліметтері негізінде әлемнің 126 елдері үш топқа бөлінді. Дүниежүзілік туристік ұйымдар мен туризм және саяхат бойынша дүниежүзілік кеңестің ұсынысы негізінде үш сатылы жүйе құрылды. Бірінші топқа – жалпы ішкі өнімге туризмнен түскен үлес 5%-дан аспайтын елдер, екінші топқа – көрсеткіші 5-25 % елдер, үшінші топқа – көрсеткіші 25 %-дан жоғары елдер. Топтастырылған елдердің көрсеткіш нәтижелері 2.2 кестеде берілген (қосымшада). Саны жағынан ең көбі бірінші топ елдері болып табылады (зерттеліп отырған әлемнің 85 елі кіреді). Бұл топтағы елдер бір-біріне ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Бұл топтың бір бөлігін халықаралық туризм әлсіз дамыған елдер (Ангола, Бангладеш, Мьянма, Орталық Африка Республикасы және тағы басқалары) құраса, екінші бөлігін – туристік индустрия дамыған елдер (АҚШ, Франция, Италия, Аустрия, Швейцария және тағы басқалары) құрайды. Экономикасы жоғары деңгейде дамығандықтан және диверсификациялануы нәтижесінде бұл елдерде халықаралық туризмнен жалпы ішкі өнімге түсетін үлес салмағы көп емес. Екінші топты инфрақұрылымы дамыған туристік әлеуеті халықаралық туризмге маманданған елдер (Грекия, Испания, Кипр, Тайланд және тағы басқалары) құрайды. Туризм саласында белсенді саясатты жүргізу салдарынан бұл елдер халықаралық туризмге тәуелді. Үшінші топқа ұлттық экономикасы халықаралық туризмге тәуелділігі жоғары елдер жатады. Бұл негізінен аралдық елдер. Мысалы, 2004 жылы Мальдив Республикасында жалпы ішкі өнімге туризмнен түскен үлес 67 %-дан асқан. Бұл елдерде өндіріс саласының даму деңгейі төмен болуына қарамастан халық басына есептегенде жалпы ішкі өнім көрсеткіштерінің ең жоғары болуы туризм индустриясының дамуы салдары болып табылады. 1990-2004 жылдар аралығында аумақтық айырмашылықтарын сараптаумен қатар ЖІӨ-ге туристік түсім бойынша әр топ құрамына салыстыру жүргізілді. Көптеген елдердің экономикасында халықаралық туризмнің рөлі өсуде, мұны елдердің (Болгария, Венгрия, Польша, Чехия Республикасы, Ресей Федерациясы, сонымен қатар Қытай, Сингапур, Египет) бір топтан табалдырық мәні жоғары басқа топқа ауысуы дәлелдейді. Бұған себеп олардың саяси ерекшеліктерімен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2.4 Дүние жүзі елдерінің төлем балансына халықаралық Date: 2015-06-07; view: 1726; Нарушение авторских прав |