Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық маңызы





Халықаралық туризм дамуының орталығы (ядросы) әлемде халықаралық туристік бағытының 4/5 келіп жататын Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка алға шығады. Халықаралық туризм бойынша әлемдік туристік кеңістікке Азия-Тынық мұхиттық аймақ (АТА), Орталық – Шығыс Еуропа мен Латын Америкасы қосылады. Азия-Тынық мұхиттық аймақ (АТА) Солтүстік Американы жоғары сұраныстағы әрі болашағы зор даму аймағы болып табылады, оның кейбір туристік макрокөрсеткіштері басымырақ. ДТҰ болжамы бойынша, 2020 жылға АТА-да барлық туристік келушілердің 25% тіркеледі. Туризмнің әлемдік нарығына Оңтүстік және Орталық Африка, Оңтүстік Америка елдері шықты. Негізгі туристік ағындардың қайта келуі мен біруақытты аяқталуы Еуропа, Солтүстік Америка экономикалық дамыған елдерінде сонымен қатар қоныстану мен инфрақұрылымы жоғары дәрежесімен сипатталатын АТА елдерінде жүреді. Дамыған елдерге барлық туристік келуші – 57 %, дамушы елдерге – 30% және өтпелі экономикалық елдерде 13% өтеді. Сауда экономикасының түрленуімен көптеген елдерде жеке кіріс және экономикалық өсім байқалды, әсіресе Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың Оңтүстігінде туристік ағын географиясында өзгерістер болды.

Көптеген зерттеушілер туристік ағынның заңдылықтар қатарын төмендегідей бөледі:

- көрші елдер арасында артықшылықпен жүзеге асырылатын ішкі аймақтық сапарларға көңіл бөлінуде;

- негізгі ішкі туристік ағынның солтүстіктен оңтүстікке бойлық бағытта таралуы;

- көп өлшемде қабылданатын барлық аудандардағы туристік ағынын ұйымдастыру үлгілері;

- қабылдаушы елдер туристерінің келуі және туристің шығуының алшақтық арасындағы тікелей тәуелділікті сақтау.

 

Кесте 2.1

Әлемнің жеке аймақтарының туристер үшін қызығушылық

тудыратын факторлар сипаты

аймақтар Тартымдылығының арту факторлары
Оңтүстікамерикандық: Бразилия
  1. Амазония бойымен өткізілетін экологиялық турлар;
  2. Экзотикалық табиғат;
3. ел астанасының қазіргі заманғы архитектурасы және дизайны.
Еуропалық: Франция, Англия Германия, Финляндия Швеция
  1. тарихи және мәдени орындардың жоғары концентрациясы;
  2. жеңілдетілген визалық тәртіп;
  3. жоғары деңгейдегі сервис.
Жерортатеңіздік: Кипр Израиль     Тұтас аймақ
  1. салық салудың тиімді жүйесі;
  2. қазіргі заманғы банктық жүйе;
  3. ұйымдастырылған телекоммуникация құрылымы;
  4. оффшорлық компания құрудың жеңілдетілген түрі;
  5. мемлекет тарапынан компанияның банктегі есепшоттары жайлы мәліметтін құпияда ұсталуы;
  6. зиярат ету туризмінің артуы;
  7. емдеу орталықтарының көптігі;
  8. төрт теңіз турлары;
  9. жастар лагерінің болуы;
  10. іскерлік қатынастың артуы;
  11. туризм инфрақұрылысының дамығандығы;
  12. қызмет көрсетудің жоғары деңгейі;
  13. ыңғайлы климат;
  14. туристік маусымның ұзақтығы;
  15. теңіз жағалауындағы демалыс және көрікті табиғатты қараудың үйлесімі.
Азиаттық Біріккен Араб Әмірліктері   Тұтас аймақ
  1. электроника және тұрмыстық заттар бағасының төмендігі;
  2. жоғары деңгейлі сервис;
  3. минималды салықтар;
  4. визалық тәртіптің жеңілдетілуі;
  5. экзотикалық табиғат және мәдениет;
  6. саяси тұрақтылық;
  7. Аустралияға ұшқан туристер үшін ыңғайлы транзиттік жол;
  8. қыстағы «жағажайлық» демалыстың басты бағыты.

 


Жалпылама бағыт туристік ағымдар, әлемдік жағдайдың халықаралық туризмдегі мерзімділігі болып табылады. Халықаралық туристік география әлемнің Еуропа мен Солтүстік Америка аймағымен негізінде көрсетіледі. Ішкі аймақтық туризм Еуропада барлық туристік келушілердің басым бөлігін осы аймақта 30%-ға жуық тек 10% әлемнің басқа аймақтарынан Еуропаға келуші туристердің үлесіне тиеді. Еуропадағы туристік ағымдардың басым бөлігі – Германия, Ұлыбритания, Франция, Дания елдерінің үлесінде.

Америкалық туристік нарық туристік ағыны қозғалысының басқарушы рөлін алады. Солтүстік және Оңтүстік Америкаға туристер Еуропадан келеді. Еуропалық туристердің көпшілігі Канадаға барады.

Аймақаралық айырбаста Еуропадан кіретін туристер ағынының 5%-ы Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдар елдеріне және Африкаға 2,5% келеді. Еуропадан келушілер нарығының аз үлесін Таяу Шығыс (1,5%) пен Оңтүстік Африка 0,7%-ын алады.

Солтүстік Америка елдері арасында туристерді негізгі үш ағынға бөлуге болады. Ірі ағын Америка Құрама штаттарынан Мексикаға қарай (жылына 20 млн. адам), екінші орынды қарқындылығы бойынша Канададан АҚШ-қа шыққан ағым алады, содан кейін АҚШ-тан Канадаға шығатын ағын жалғасады. Еуропа көп жылдар бойы Америкамен аумақаралық туризмдік айыбаста негізгі басым бағыттаушы болып табылады. Аталған аймаққа 21%-дан астам американдықтар келеді. Американдықтар арасында көп саяхаттау жағынан екінші орында Азия-Тынық мұхиттың аймақтағы Жапония, Қытай, Сингапур, Филиппин және Тайланд ерекшеленеді.

Басқа әлемдік туристік аймақтар мен аудандарға америкалық туристердің келу қарқыны төмен. Америкалық туристік ағымның пайыздық үлестің 0,5%-ға жуығын Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия алады.

Туризмнің өсуі туристердің бағытталатын негізгі елдердің экономикалық сәттілігімен тығыз байланысты. Оның есесіне, халықаралық туризм базасы әлдеқайда кең. Сонымен қатар, бұл төрт ел халықаралық туристік ағымның үштен бірін жүйелендіреді. Туристік ағымның өсуі есебінен әлем елдері қатарында халықаралық туризмнен кірген кірістер өсті.


Халықаралық туризм әлемдік экономикада маңызды рөлдердің бірін алады. ДТҰ мәліметтерімен сәйкес халықаралық туризм әлем елдерінің 83% басты экспортты салаларының 1/5 мен шетел валютасының 38% елдің негізгі көзі деп табылады. Соңғы он бес жыл ішінде туристік сала түрленіп және қызмет көрсету жағынан қызмет шеңбері әлемде ірі екендігін дәлелдеді, бүгінгі күнде де туризм әлемдік экспорт тауарлары құрылымында, соның ішінде химиялық өнеркәсіп өнімдері, машина құрастыру, жанармай өнімдерін шығарудан төртінші айқындаманы иеленіп отыр.

Туризмнің жоғарғы деңгейімен дамушы елдерде туристік қызметтің үлестік салмағы экспорт бағасында орта әлемдік көрсеткішке көтерілді және 10-16% құрады. Мысалы, Франция – 10,3%, АҚШ – 10,9%, Италия – 5%, Аустрияда – 15,7% болды. Туристік сектормен дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш мәні 27-28%-ға жетеді: Испания (27,6%), Түркия (28,7%), Португалия (32,7%), Грекия (38,0%).

Кейбір аралдық және жоғары мамандандырылған елдердің туризмінде халықаралық туризмнен кірген кіріс кейбір тауар мен қызмет экспортынан түскен іс-әрекеттер әлдеқайда жоғарылады. Бұл көрсеткіш Кариб алабы елдерінде біршама мәнге ие.

Халықаралық туризм қызметі дамушы елдер қатарында ¼ астам, ал кей жағдайда ½-ден жоғары тауар мен қызмет экспорты кірісін құрайды. Мәселен, Мадагаскарда оның үлесі 22%, Тунисте 25,6%, Танзания 30,6%, ал Малдив Республикасында 74% келеді.

Шетелдік туризм үлесіне дамушы елдердің көпшілігінде тауар экспорты мен қызмет кірісі 4-6% құрайды: Конго Демократиялық Республикасында (4,0%), Папуа-Жаңа Гвинеяда (4,05%), Чилиде (4,5%), Панамада (6,7%).

Халықаралық туризм көптеген елдер мен әлем аймақтары үшін кірістің басты көзі болып табылады. 2004 жылы 80-нен аса ел мен аумақ халықаралық туризмнен 1 млрд-тай үлес жинады.

ДТҰ мәліметтеріне сәйкес 2005 жылы халықаралық туристік келушілер саны 806 млн-дай адамды құрады. Еуропаға 441,5 млн турист келді, яғни әлемнің барлық туристерінің 54,8 %-ын құрады. Азия-Тынық мұхиттық аймақ, Америка аймағын қоса алғанда (133,3 млн-дай келуші – 16,6%) 155,4 млн турист көрсеткішімен екінші орынды алды. Африкада – 36,7 млн-дай адам және Таяу Шығысқа 39,1 млн-дай турист келді.


Әлемде біршама туристердің келу ағыны бойынша Франция алда. 2005 жылы оған келушілер 76 млн-дай турист болды. Келуші туристер нәтижесі бойынша екінші орынды Испания (55,6 млн. адам), одан кейін АҚШ (49,4 млн. адам) алды. Келушілер жағынан он ел ішінде төртінші орын алатын Қытай АҚШ-тан 2,6 млн-дай туристерімен қалып келеді.

 

Кесте 2.2

Әлемдік экспорт, халықаралық туризмнен түскен табыс көрсеткіштері

көрсеткіштер        
Әлемдік экспорт көлемі, млрд 60,7 128,3 315,3 1993,6
Халықаралық туризм үлесі, млрд 2,1 6,4 19,1 103,5
Экспорт бағасында туристік істер үлесі, % 3,4 5,0 6,1 5,2

 

жалғасы

көрсеткіштер          
Әлемдік экспорт көлемі, млрд 3432,3   7800,0 7538,0 7903,0
Халықаралық туризм үлесі, млрд 260,1 458,0 473,0 459,0 474,0
Экспорт бағасында туристік істер үлесі, % 7,6 6,5 6,1 6,1 6,0
World Development Indicators, 1998; Tourism Highlights, 2000; Tourism market trends, 2003 есептеулері бойынша

 

 

ДТҰ болжауынша, алдағы 10-15 жылда әлемдік туризмнің жылдық өсімі 4-5% құрайтындай орнатылады. Саяхаттың көптеген белгілі үлесі (ақшалай қызметпен сәйкес) болашақта ішкі туризмге өтеді. Ішкі және халықаралық сапарлар қатынасы әлемде орта есеппен 10:1 болады деп күтіліп отыр. Халықаралық туристер пайыздық есеппен халықаралық туризмге Еуропада 14%, Солтүстік және Оңтүстік Америкада тек 8%, әлемде орта есеппен 7%-ды құрайды деп болжам жасалуда. Осыған орай, 2020 жылға халықаралық туристік сапарлар саны 1995 жылдағыдан 564 млн-нан 1,6 млрд-тай үлеске дейін өседі.

 

Кесте 2.3

2005 жылғы туристердің келуі бойынша алдыңғы қатардағы елдер

Елдер Келген туристер саны, млн адам Орны
       
Франция 73,0 76,0    
Испания 46,8 55,6    
АҚШ 48,5 49,4    
Қытай 27,0 46,8    
Италия 36,5 36,5    
Ұлыбритания 25,4 30,0    
Мексика 19,0 21,9    
Германия 17,1 21,5    
Түркия 9,6 20,3    
Австрия 17,5 20,0    
Tourism Highlights, 2001 P2; Tourism Highlights, 2006 Р5

 

Кесте 2.4

2020 ж туристердің келуі бойынша әлемнің алдыңғы қатарындағы

елдер (болжам)

Елдер Келуші туристтер саны, млн адам Әлемдік туристік ағым үлесі, % Орташа жылдық өсуі, 1995-2020 жж.,%
Қытай 137,1 8,6 8,0
АҚШ 102,4 6,4 3,5
Франция 93,3 5,4 1,8
Испания 71,0 4,4 2,4
Синган (Қытай ЕӘА) 89,3 3,7 7,3
Италия 52,9 3,3 2,2
Ұлыбритания 52,8 3,3 3,0
Мексика 48,9 3,1 3,6
Ресей 47,1 2,9 6,7
Чехия Республикасы 44,1 2,7 4,0
Барлығы 708,8 44,2 ----
Синган (Қытай ЕӘА) –Ұлыбританияның бұрын иелігінде болған Гонконг, қазіргі таңда Қытайдың Ерекше Әкімшілік Ауданы. [Социально-экономическая география зарубежных мира, 2001. С.501]
Tourism; 2020 vision, 1998 – Р.10

 

 

2020 жылы Қытай жер шарының әр он бірінші туристін қабылдайды деп болжануда. ДТҰ зерттеушілері АҚШ екінші орында қалады, ал Франция бірден үшінші орынға ауысады деп санайды. 5-ші орынға Италия мен Ұлыбритания біріктіріліп, Сянган (Қытай) жоғары көтеріледі. Ең белгілі бағытта ондық қатарына 47,1 млн-дай туристпен 2020 жылы Ресей де кіреді, ал елден басқа елге кетуші туристер саны 1,54 есе көп болады деп болжанады. 1.5-кестеде шығу туризмі бойынша көшбасшы елдер көрсетілген.

 

Кесте 2.5

Туристер шығуы жағынан 2020 ж әлем елдерінің үздіктері (болжам)

Елдер Туристер шығу саны, млн адам Әлемдік туристік ағымның үлесі, %
Германия 163,5 10,2
Жапония 141,5 8,8
АҚШ 123,3 7,7
Қытай 100,0 6,2
Ұлыбритания 96,1 6,0
Франция 37,6 2,3
Нидерланды 35,4 2,2
Канада 31,3 2,0
Ресей 30,5 1,9
Италия 29,7 1,9
Барлығы 788,7 49,2
Tourism; 2020 vision, 1998 – Р.10

 

Халықаралық көптеген туристік ағымдар Нидерланды, Германия, Ұлыбритания, Канада және Жапонияда күтіліп отыр, елдің бір тұрғыны жылына 1,5-2 рет шекарадан тыс сапарға шығады. Басқа елдердің үлесіне шығу ағымының көлемі бойынша бірінші ондыққа кіретін туристік ағымдық бірліктен төмен.

ХХІ ғ. халықаралық туристік кеңістік құрылымын дамытудың бұрынғы бағыт-бағдарын сақтау кезінде халықаралық туристік келушілер әр өлшемді таралу бағытында әлем аймағы бойынша орталық – шеткі құрылымның толығымен сақталуы кезінде өзгеруді жалғастырады.

 

 







Date: 2015-06-07; view: 1641; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.017 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию