Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылым жүйесіндегі туризм географиясының орны





 

Ұзақ уақыт бойы туризм географиясы ғылым жүйесінде белгісіз орында болды. Егер оның географияға жататыны белгілі болса, онда географиялық ғылымдардың жалпы құрылымында оған берілген орын ұзақ жылдар пікірталастық пән ретінде қала берді. Оны бірде көлік географиясына, бірде саяси географияға немесе тұрғындар географиясына, сондай-ақ мәдениет географиясы мен қызмет көрсету саласының географиясына да жатқызды. Осыған ұқсас таластар соғысқа дейінгі кезеңге жатқызылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі әлемде географияны жіктеу, бөлу процесі күшейді, жаңа «туындаған» және «енгізілген» ғылыми пәндер шыға бастады. Осы ағынмен және туризм географиясының дамуының ішкі логикасына сәйкес көптеген елдерде әлеуметтік-экономикалық география жеке пән ретінде белсенді түрде бекітіле бастады. Сол кезеңге оның игеретін пәні нақты анықталды, зерттеу бағдарламасы айқындала түсті. Туризм географиясы саяхаттық-географиялық проблемалардың теориялық мәселелерімен айналысты.

Туризм географиясының бөлініп шығуы оның басқа пәндерден өз бетімен оқшауланды деген сөз емес. Керісінше, туризм туралы қазіргі заманғы ой ғылыми білімдердің қарама-қарсы бағытталған жіктелуімен тығыз байланысты кірігу процесімен қалыптасты. Туризм географиясының басқа ғылыми білімдердің салаларымен және тармақтарымен араласуының күшеюі көріне бастады. Бірінші кезекте, бұл жерде ішкі интеграция – туризм географиясының тығыз байланысқан көптеген жеке ғылымдары географияның екі «бағаналық» бұтағы – әлеуметтік-экономикалық география (тұрғындар географиясы, қызмет көрсету географиясы, көлік географиясы, мәдениет географиясы және т.б.) және физикалық география (ландшафттану, геоморфология, құрлық гидрологиясы, климатология, биогеография) туралы айтылып тұр.

Туризм географиясының басқа қоғамдық-географиялық пәндермен кірігуі, сөзсіз, қалыптасу және даму үрдістері, морфологиялық құрылым, саяхат қызметінің ұйымдастырылуының аумақтық жүйесінің әр түрлілігі мен таралғандығы туралы білімнің тереңдетілуіне себепші. Осылардың жетістіктеріне сүйене отырып, туризм географиясы саяхатшылық қызметтің аумақтық ұйымдастырылуының факторларын, саяхатшылардың мінез-құлқындағы кеңістікті-уақытша таңдауды игереді, саяхат өнімдеріне деген сатып алушы сұранысының аумақтық біртексіздігінің себептерін орнатады, сондай-ақ саяхатшылық кәсіпкерліктердің әр түрлі орналасуының заңдылығын және ел мен аудан шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының саяхатқа тигізер әсерін зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық географияның зерттеу тәсілдері туризмнің даму бағыттарын өңдеуде, рекреациялық аудандардың сыйымдылығын анықтауда, туристік сұранысты және туристік ағым географиясын болжауда, экономиканың саяхаттық секторын тиімді қалыптастырудағы мәселелерді шешуде, туризм нарығындағы елдердің бәсекелестік қабілеттерін негіздеуде қолданылады. Саяхат ауыртпалығына табиғи кешендердің тұрақтылығын зерттеу, туристік ресурстарды бағалау, массалық саяхатшылықтың дамуымен байланысты қоршаған ортаны қорғау сұрақтары туризм географиясын жаратылыстану-географиялық пәндермен байланыстырады. Физикалық географияның зерттеу әдістері табиғи ландшафттарды саяхатшылық ауыртпалықтың аумақты дифференсациаланған нормаларын бекітуде, табиғатты қорғау шараларын жасауда, экожүйенің деградациясын болдыртпауда және рекреациялық аудандарда экологиялық жағдайды оңтайландыруда пайдаланылады.


Туризм географиясының қоғамдық- және жаратылыстану-географиялық пәндермен өзара бірігуі дамуға жаңа жолдар ашады. Өз кезегінде соның шегінде көтерілген мәселелер жалпы географиялық сипатқа ие болды және ие бола бермек.

Рекреациялық география жалпы географиялық ғылымдар алдына көптеген сұрақтар тізімін қойды. Олар екі жүйенің: қызметтік (өндірістік кешен, рекреациялық жүйе, техникалық жүйе және т.б.) және аумақтық қызметтік жүйе (аумақтық өндірістік кешен, аумақтық рекреациялық жүйе, геотехникалық жүйе және т.б.) ерекшеліктеріне, сондай-ақ олардың география шегінде меңгерілуіне қатысты. Рекреациялық-географиялық мәселе түсініксіз аппараттардың: көлем, кеңістік, географиялық кеңістік, аумақ, жалпы жүйе, географиялық жүйе, аумақтық жүйе сияқты түсініктердің мазмұндары мен қатынастарының анықталуын талап етті.

Біздің заманымызда туризм географиясы географиялық ғылымдардың әдістемелік негізін жүйелі түрде қарастыра отырып, ондағы гуманитарлық және әлеуметтік бағыттарды белсендіре отырып, географиялық білімнің жалпы бірігуі үшін қосымша талаптар жасайды. Туризм географиясы әлеуметтік-экономикалық және физикалық географиялар арасын байланыстырушы маңызды фактор бола отырып, күшті интеграциялық әлеуетке ие. Ол, өз кезегінде, географиялық ғылымдардың орнығуына айтарлықтай үлес қосады.

Туризмнің өзімен пәнаралық сипаттағы жаңа мәселелер алып келетін адам және қоршаған орта тіршілігінің көптеген қарама-қайшы процестерінің негізінде туындаған, күрделі, көп факторлы және көп құрылымды табиғаты саяхатшылық зерттеулерді кешенді түрде қарастырылуын талап етеді. Бұл туризм географиясының тек танымның басқа географиялық салаларымен емес, сондай-ақ оларды кооперациялаудың тиімді механизмдерінің пайда болуымен географиялық емес ғылыми бағыттармен арақатынасының өзгеруіне әкеледі.


Туризм географиясы ғылымдардың пәнаралық кешенінің шегіндегі сыртқы интеграция процесіне белсенді тартылады. Ол жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдарының жалпы білімін мазмұндайды және олардың тәсілдері мен ақпараттарын қолданады. Сонымен қатар, оның әр түрлі ғылыми салалармен және бағыттармен интеграциялану дәрежесі бірдей емес. Кейбір ғылымдарда туризм мен демалыс мәселелерімен айналысатын арнайы пәндер (немесе олардың қалыптасуы жүріп жатты) пайда бола бастады. Олармен туризм географиясының белгілі бір түрде ғылыми бірлестігі жасалынды. Медициналық ғылымдарда мұндай бөлім болып курортология табылды. Ол табиғи курортты факторларды (минералды сулар, емдік балшықтар, климат ерекшеліктері) және олардың адам ағзасына әсерін зерттейді, сондай-ақ олардың емдік және сауықтыру мақсатта қолданылу тәсілдерін анықтайды.

Туризм географиясы мен экономикалық ғылым арасындағы байланыс өте тығыз, соның ішінде туризм экономикасы және статистикасы секілді пәндермен қатынасы ерекше. Туризм экономикасы шегінде шаруашылық саласы ретінде саяхаттан бөлініп шығатын процестер оқытылады, өндіріс, айырбас, сыртқы және ішкі нарықтағы туристік өнімдерінің бөлінуі және сұраныс салаларындағы жасалатын және дамитын экономикалық қатынастар игеріледі. Туризм экономикасы, жалпы экономикалық теория аналогиясы бойынша, микроэкономикаға, яғни шаруашылық субъекттің – туризм кәсіпкерліктер мен фирмалар экономикасы, және макроэкономикаға бөлінеді. Макроэкономика үшін берілген жағдайда нарықтық шаруашылықтың дамуына деген көзқарас, мұнда саяхат салааралық кешен ретінде, ал оның қызметтік параметрлер тізімімен – экономикалық өсіммен, жұмыссыздықпен, бағаның жалпы дәрежесінің динамикасымен, пайыздық мөлшерлемемен, валюталық бағаммен, экспорт және импортпен, елге және шыққан капитал қозғалысымен, сондай-ақ туризм саласының экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекет жүргізетін жалпы экономикалық саясатпен байланысты қарастырылады. Осымен, туризм экономикасын зерттеудің екінші дәрежесінде ол туризм географиясымен әсерлеседі.


Туризм статистикасы статистикалық көрсеткіштер жүйесінде көрініс табатын саяхаттағы массалы құбылыстар мен үрдістермен байланысты болып келеді. Ғылыми пән ретінде ол туризм қызметінің шарттары мен нәтижелерін суреттейді, әр түрлі статистикалық тәсілдер көмегімен шаруашылықтың осы саласының дамуының әлеуметтік-экономикалық заңнамаларын шығарады және талдайды. Туризм статистакасы рекреациялық ресурстарының саны мен сапасын; көлемін, құрылымын, динамика, сондай-ақ туристік ағымдар бағыттарын; пайдаланушы саяхат шығындарының және халықтың туристерге қызмет көрсетуге деген сұранысының құрамы мен құрылымын; туризм индустрия кәсіпкерлігінің өндірістік қызметін орнықтыру жүйесін; туризм кәсіпкерліктердің қаржылық қатынастарын; туризмге бағытталған инвестициялардың тиімділігін сипаттайды.

Туризм географиясы туризм статистикасының көрсеткіштер жүйесін, мәліметтер базасына сәйкес статистикалық зерттеу тәсілдерін топтау тәсілі, көрсеткіштерді жалпылайтын тәсіл және т.б. кеңінен қолданады. Туризм географиясы оқшауланған, елдік, аумақтық және ғаламдық дәрежеде туризм саласында кешенді зерттеулер қорытындысында статистикалық мәліметтерді құрайтын саяхат статистикасының территориялық бөлімімен өте тығыз байланысты. Туризм географиясы туризм менеджментімен және маркетингімен де өзара қатынаста. Менеджмент ғылым ретінде басқару еңбегінің табиғатын, себептері мен салдарын, адамдармен біріккен еңбектері өнімді және тиімді болатын факторлар мен жағдайларды оқытады. Менеджмент басқару туралы білімді реттестіреді. Соларға сүйене отырып, географтар туризм индустриясының аумақтық-ұйымдық және аумақтық-өндірістік құрылымын сипаттайды. Туризм географиясымен бірге туризм менеджментінің интеграциялық процесі туризм географиясының зерттеу аумағына әлемдік саяхатшылық нарықтың дамуының қазіргі кезеңдерін сипаттайтын жаңа кеңістікті көрсетілген құбылыстардың қосылуымен тездетілді. Географтар жаһандану жағдайында туризм трансұлттық компаниялардың аумақтық-өндірістік ұйымдастырылуының, саяхатшылық индустриясының аумақтық құрылымының өзгерістеріне қызығушылық таныта бастады. Мұның барлығы бір ғылыми пәннен – саяхатшылық географиясынан басқасына – саяхатшылық менеджментіне ауысу шекараларының біртіндеп жайғастырылуына себепші болады. Интеграцияланудың жоғарғы дәрежесі саяхатшылық географиясынан, нақтырақ саяхатшылық елтаным мен географиялық саяхатшылық өлкетаным, саяхатшылық аумақ маркетингі арасынан саяхатшылық менеджменттің құрылымды бөлігі мен аумақтарды басқару тұжырымдамасы ретінде көрінеді. Маркетинг арқасында кешенді саяхатшылық елтанымдық және өлкетанымдық сипаттар логикалы түрде аяқталады және белгілі бір құрылымды маңызға ие болады.

Туризм географиясы әлеуметтану ғылымымен, соның ішінде 1920 жылдары бос уақыт әлеуметімен тығыз байланысты. Халықтың демалу мәселелері шетелдік әлеуметтануда кеңінен көрінеді. Батыста олар айтарлықтай көбірек, тереңірек, жүйелі түрде өңделеді: көптеген және әр түрлі масштабты зерттеулер жүргізіледі, әр түрлі әлеуметтік тұжырымдамаларға негізделіп жасалады. Батыстық бос уақыт әлеуметтану мектебі – бұл бос уақытта жеке тұлғаның және әлеуметтік топтың мінез-құлқын, демалыста, ойын-сауықта, сөйлесуде, сана-сезімін дамытуда, сондай-ақ бос уақыт орындарын құруда қанағаттану қажеттіліктерінің тәсілдерін оқытатын әлеуметтанудың бір саласы. Ол рекреациялық көші-қонды, қазіргі қоғамдағы бос уақыттың әлеуметтік рөлін, бос уақыт тұжырымдама мәселелерін, таза батыстық уик-эндтер феноменін және т.б. зерттейді.

Туризм географиясы туризм индустриясының саяхаттаушы туристер, экскурсанттар, тұлғаларына, жұмысшыларына сауалнама жүргізуде әлеуметтану тексерісінің әдістемесімен бірігеді. Сонымен қатар саяхатшылықта кездесетін экономикалық-географиялық процестерді талдайтын әлеуметтік материалдар да қолданылады.

Туризм географиясының «сыртқы әлеммен» байланысы әр түрлі және кең болып келеді. Туризм туралы ғылыми білімді талдау туризм бойынша жеке пәндерді өзара тартумен ғана шектелмейді. Психология, антропология, мәдениеттану, информатика сияқты адамзат тіршілігін туризм саласын меңгерген, бірақ әлі саяхатшылықтың салалық «бағыттары» бітпеген ғылымдар интеграция процесіне енгізілген. Мұның барлығы туризмді игеруде көптеген ғылымдардың күші қажет болған саяхатшылық туралы қатаң түрде оқытылуды әзірлеу туралы өзекті сұрақтың қойылуын жасайды.

Туризм туралы жаңа ғылымға деген жақын көзқарасты көптеген шетелдік ғалымдар ұстанды. Батыста туризмді теориялық меңгеру саласында танылған Дж.Джафари (Висконсин шт. Университет, АҚШ) туризм туралы білім аумағындағы пәнаралық сипаттамаларды атап көрсетеді. Әлем елдерінің қатарында университеттің география факультеттерінде туризмді ғылыми меңгеру туризм индустриясы үшін мамандар дайындау жүйесі ретінде географиялық білім ордасы сияқты пайда болды.

Туризм географиясы жеке зерттеу нысаны бар өзіндік географиялық пән ретінде жуырда ғана танылды. Танымал Кеңестік географтар басқа салалы әлеуметтік-экономикалық-географиялық пәндер аналогы бойынша туризм географиясын әлеуметтік және экономикалық географиясының саласы деп атады. Осыған байланысты саяхатшылық географиясының мазмұнын тану оның «аналық» ғылымы – әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның зерттеу нысаны мен пәнін анықтаумен басталуы тиіс. Бірақ бұл сұрақ 200 жылдан астам уақыт бойы М.В. Ломоносов «экономикалық география» терминін енгізгеннен бері – күрделі және пікірталасты болып келеді.

Әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның таным пәні аумақтық (кеңістікті) табиғи қоғамдық жүйе (ТҚЖ) болып табылады. ТҚЖ түсінігі ойкуменаның кеңістікті-уақыттық бөлігі дегенді білдіреді, онда табиғи ортамен тығыз ажырамас қатынастағы қоғамдық өндіріс процесіне қосылған тіршілік қоғамының барлық сфералары өзара қатынасқан және өзара шарттасқан. ТҚЖ қоғам өмірінің кеңістікті-уақыттық ұйымының айтарлықтай интеграцияланған формасын білдіреді.

Қоғамдық географияның туындаған ғылымдар – саяси, медициналық, әскери және басқа географиялар – тіршілік қоғамының жеке сфераларындағы кеңістікті (аумақтық) ұйымдастыруды оқытады. Осы пәндердің әр қайсысының жеке зерттеу пәні болады – иерархиялық құрылымдық пән сәйкесінше аумақтық (географиялық) жүйені зерттейді. Туризм географиясы әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның салалық пәні ретінде осындай жағдайларға сәйкес болып келеді.

Туризм географиясының пәндік мағынасы туралы сұрақ рекреациялық географияның батыстағы ғылыми мектептерде рекреациялық географияға байланысты демалыс географиясы және бос уақыт географиясы деген түсініктер болуымен байланысты өзектілігі айқындала түседі. Дегенмен туризм географиясы және рекреакциялық география әр түрлі пәндермен байланысты, олардың арақатынасы толығымен анықталмаған, ғылым қоғамының басты назарында болып қала бермек. Бір кездерде туризм – рекреакцияны географиялық игеруде тек құрал ретінде пайдаланды. Сонымен қатар ол адамзат тұрмысында автономды және тұтас сфера ретінде танылу үшін және эконом-географтардың назарына кеңінен жаңа сипатта ену үшін өзіндік жеткіліктіліктің барлық қажетті белгілерін көрсете алды.

Туризм географиясының зерттеу нысаны мен пәнін анықтау – бұл туризмге жақын рекреация түсінігін, сондай-ақ демалыс және бос уақыт – рекреациялық және туристік үрдістер мен құбылыстарды меңгеруде қолданылатын категорияларды бөліп қарастырғанда ғана шешілетін мәселе. Олардың арақатынастарын, мазмұнды сипаттамаларын, қолдану аумақтарын нақты анықтау керек.

Демалыс – айтарлықтай тәуелді түсінік. Оның мағынасы басқа сөздермен – еңбек – үйлескенде ғана анықталады. Үйреншікті қатынаста бұл екі сөз байланыстырылған түрде қолданылады, мұнда демалыс еңбек қызметінде пайда болған жағдайды білдіреді.

Ғылыми әдебиеттерде қарама-қарсы категориялар – «еңбек» және «демалыс» – диалектикалық бірлікте қарастырылған. Еңбек демалыссыз мүмкін емес, сондай-ақ демалыстың еңбексіз болуы мүмкін емес. Бұл «еңбек – демалыс» деген қатаң полярлық формула адамның әлеуметтік биологиялық маңызынан шығады. Оның ағзасы көп биоэнергиялық шығынды қажет ететін әрбір жігерленуден, қысымнан, белсенділіктен кейін маужырау болатын релаксация фазасындағы биологиялық категория. Қозу мен үзілістің (еңбек пен демалыс) кезектілігі, яғни адамзат тіршілігінің дискретті сипаттамасы отандық физиологтардың эксперименттік зерттеулерінің негізінде дәлелденді. Биоэнергия шығынының қабынуын қажет етпейтін «абсолюттік» еңбек ағзаның әлсізденуіне, соңында, оның өліміне алып келеді. Осы жолда табиғи кедергі болып шаршау табылады, ол пассивті және активті демалыстар негізінде ғана алдын алады немесе тоқтатылады. Патологиялық болып табылатын қарама-қарсы жағы да бар – «абсолютті» демалыс. Үнемі маужыраған ағза төзімділігін жоғалтады, адам өмірге деген қызығушылығын жоғалтады, енжарлықты сезінеді. Мұның барлығы – шаршаудың көрінуі, ол тек еңбек етуден ғана емес, сондай-ақ көп мөлшерде демалудан да болуы мүмкін. Өмірлік ритмді қалыпты ұстау үшін ағзаға ерекше түрдегі жаттығу – еңбек қажет.

«Еңбек – демалыс» деген жұпты категорияларды қолдану адамның биологиялық өмір сүруінің формаларының бірі ретінде демалысты анықтауға мүмкіндік туғызды. Демалысқа қарағанда, бос уақыт түсінігі әлеуметтік мағынаға ие, ол адамның қоғамдық және рухани маңызын көрсетеді. Оның мағыналық толықтырылуы тарихи-мәдени контекстке тәуелді және қоғамдағы әрекет етуші құндылықтар жүйесімен бірге өзгереді. Бос уақыт сипаттамасы салт-дәстүрмен және әдет-ғұрыппен, әлеуметтік нормалармен, ережелермен, эстетикалық елестетулермен орныққан адамдардың тіршілігінің жасалуымен анықталады.

Бос уақыттың классикалық гуманистикалық концепциясы рухани идеал ретінде өзінің бастауын ежелгі грек философиясынан алады. Ол Аристотель еңбектерінде дамыды. Бос уақыт – ғылыммен айналысу үшін және өнерден ләззат алу үшін қажетті нәрсе, ол адамды өнегелі етеді, адамның сана-сезімін және рухани қабілетін толықтырады. Бос уақыт қуанышы – қол қусырып отыруда емес, тұлғаның ішкі ортасын жетілдіру мен дамытуда. Бұл, Аристотель бойынша, бос адамның өмір сүруінің жоғарғы мақсаты мен құндылығын құрайды.

«Жаңа гуманизм» түсініктерін ХХ ғасыр философиясы ашты. «Адамды іздеудемін» деп адамның жеке тұлғасын Афина көшелері бойынша қолында шаммен іздеп жүрген, танымал Диогеннің айтқаны белсенді түрде қайтадан жанданды. «Еңбек қоғамын» ауыстыруға «уақыт қоғамы» немесе «бос уақыт қоғамы» келді. Шетелдік ғылыми әдебиеттерде адам өзін бос уақытпен қалай тез қамтамасыз етсе, солай өзінің еңбегінен жұмыс орнында тез шектеледі. Еңбек шығыны дәстүрлі түрде еңбек сүйгіштікпен ерекшеленетін елдер мен тұрғындарда айтарлықтай байқалады. Алдымен Германия және Жапонияда жаңа генерация соғыс және соғыстан кейінгі кезеңнің жоғарғы ұрпағының дәстүрлі құндылықтарынан бас тартты. 1980-ші жылдардан бастап мәдениетті қоғам бос уақыттың гедонизациялануына – өмірден ләззат алуға асықты.

Қазіргі кездегі ғылымдағы қоғамдық өмірді гуманизациялау үрдістерінің әсерінен бос уақыт түсінігін толық түсіну тенденциясы жасалынады. Соның ішінде бұл батыстық әлеуметтік мектептер үшін тән. Оның көптеген өкілдері адамда жұмыстан кейін қалатын уақыт артықшылығы дегенде басқа да міндеттерді – табиғи физиологиялық қажеттіліктерді (тамақ, ұйқы және т.б.), яғни бос уақытты қанағаттандыру мақсатында үй шаруасы және басқа да тұрмыстық тапсырмаларды орындау.

«Рекреация» термині «қалпына келу» деген мағынаны беретін «recreatio» деген латын тілінің сөзінен шыққан. Бұл мағына қазіргі күні рекреация түсінігіне енгізіледі. Ол көбіне «еңбек процесінде шығындалған адам күшін қалпына келтіруге кеткен демалыс» ретінде аанықталады.

Рекреация өте кең мағыналы болып келеді. Ол қысқа уақытты рекреациялық белсенділік жыл сайынғы еңбек демалысы мен демалыстар, сондай-ақ апта сайынғы демалыстар арасындағы ұзақ уақытты рекреациялық іс-әрекеттерді қамтиды. Бірінші жағдайда рекреация адамның күнделікті өндірістік қызметінің шегінен аспайды, ал екінші жағдайда – әдетті өмір салтын ұзақ ауыстыруды білдіреді. рекреацияның екі түрі де адамның әлеуметтік дәрежесіне тәуелсіз оның қалыпты өмірі үшін қажетті.

Қазіргі уақытта өндірістік күйзелістерді, жүйке-психикалық жүктемелердің көптігі, біркелкі еңбектен шаршауларды, геподинамияны бейтараптандыру сфералары ретінде рекреация рөлі артуда. Адамға күш пен энергияны қалпына келтіру үшін қалыптасқан жағдайларды және қызмет, олардың кезектілігін, жүктемелерін, түрлерін, формасын ауыстыру қажет. Қанағаттандырылмаған, басып тасталған рекреакциялық қажеттіліктер ағзаның физиологиялық жағдайына кері әсер ете, психикалық көңіл-күй бұзылуының кең таралған себептерінің біріне айналады. Рекреация халықтың денсаулығымен тікелей байланысты болғандықтан, рекреациялық әсерлер медициналық ғылымдарды игерудің дәстүрлі пәні болып табылады.

Бұрынғы түсіндірулерге қарағанда, рекреация түсінігінің қазіргі мазмұны көптеген әлеуметтік толықтыруларды қосады. Оның әлеуметтенуіне рекреациялық географияның КСРО мектебі үлкен үлесін қосты. «Рекреациялық қызмет» деген түсінік «адамның физикалық күшін қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын, сондай-ақ оның жан-жақты дамуын және басқа қызмет салаларымен салыстырғанда, адамдардың әр түрлі жүріс-тұрысына қатысты сипатталатын бос уақыттағы адам қызметі» ретінде анықталады. Бұл дефиницияда рекреациялық қызмет әлеуметтік сипаттамасы жасалады және оның маңызды ерекшеліктері көрінеді. Біріншіден, белгілі бір бос уақыт түріне байланыстыру. Екіншіден, оның өзіндік құндылығы (өзіндік мақсаты). Еңбек пен тұрмыстық жаттығуларға қарағанда, бос уақытта рекреакциялық қызмет басқа қызмет түрлері сияқты адам үшін жеткен жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ өздігінен маңызды болып табылады, себебі адамның физикалық және психикалық күшін жасаудағы қажеттіліктердің көп бөлігін қанағаттандыру рекреакциялық қызмет процесінде емес, оны қорытындылағанда көрінеді.

Туризм (франц. tourisme, tour сөзінен – серуен, іссапар дегенді білдіреді) көп жақты құбылыс. Бұл – халық көші қонның әр түрі де, бизнес те, әлемдік шаруашылық және ұлттық экономика саласы да, мәдениаралық өзара әрекет сферасы да бола алады. Міне, сондықтан ғасырлық тарихы бойына ол жалпыға ортақ анықтама иеленген жоқ. Туризмнің анықтамасы В.Унцикер және К.Крапф швейцариялық ғалымдар ұсынды, содан соң туризм саласындағы ғылыми эксперттердің Ұлтаралық бірлестігі дамыта түсті. Ол жүйелі қарастыруға тіректенді және туризм түсінігін адамдардың тұрақты тұратын және жұмыс орнынан жақсы орындарға орналасу және келу уақытында шығатын қатынастар мен құбылыстардың өзіндік құны ретінде қорытындылады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдерде қазіргі кездің ажырамас бөлігіне айналған туризм көтеріліс басталды. Бүгінде миллиондаған адамдар өмірі туризм саласына қатысады. Туризм қозғалыс шынайы жаппай сипатқа және жаһанды пәрменге ие болды. Адам өмірінің үлгісін өзгертетін туризм құндылықтарының жалпы мәдениеттік тәртібі орнады. Туризм саласы өмір сүру сапасының әлеуметтік критериилері мен бағыттары сананың ортасына айналды.

Қазіргі қоғамда туризмнің маңызды орны көптеген ұлтаралық құжаттарда көрініс тапты. Туризмнің әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық мазмұны Туризм Хартиясында, саяхатшы Кодексі және Туризмнің жаһанды әдептік кодексінде бекітілген, онда туристік қызметтің гуманитарлық аспектісі ерекше көрсетіледі, барлық ұлттардың өмір сүру сапасын жоғарлату құралы ретінде және әлем мен ұлтаралық өзара түсіністікті бекітудің маңызды факторы ретінде туризм рөлінің маңыздылығы ескеріледі.

Рекреацияға қарағанда, саяхат түсінігі әлеуметтік мағынасы бойынша экономикалық компоненті күшейтілген жағдайда бос уақыт категориясына мағыналас болып келеді, сондықтан турист көбіне «бос уақыт өнеркәсібі» деп атайды. Сонымен қатар екі сәт ерекше аталады: біріншісі – дамыған елдердегі халықтың бос уақытын туристік өсімді толықтырылуы, екіншісі – туризмнің адамға бағытталған экономиканың мақсатты дамып келе жатқан саласына айналуы. Көптеген тек дамыған емес, сондай-ақ дамып келе жатқан елдерде туризм тікелей мемлекеттік қызмет саласына енеді. Оларда күрделі түрде ұлттық туристік бағдарламалар енгізіледі, туризмге жан-жақты мемлекеттік қолдаулар жасалады.

Туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы, оның масштабтығы, ауқымдылығы және маңызы – бұлардың барлығы туризмде қарастырылып отырған «демалыс», «бос уақыт», «рекреация», «саяхатшылық» түсініктерінен тұрады. Мазмұнындағы ерекшеліктен басқа туризм мен рекреация түсініктемелер көлемімен ажыратылады. Рекреация, көрсетілгендей, күнделікті тіршілікте қысқа уақытты рекреациялық белсенділікті көрсетеді. Туризм керісінше, күнделікті, жұмыс күндерін кез келген осы тектес құбылыстарды жоққа шығарып отырады. Осы негізде туристік қызметпен себептері ұқсас сауықтыру, мәдени-танымдық, ойын-сауықтық және басқа да жаттығулар қарапайым адамдарға мәлім мазмұнда ғана жүзеге асырылады.

Қарастырылып отырған түсініктер тағы бір ерекшеліктермен ерекшеленеді, қызмет барысындағы сапарлар (іссапар бойынша) саяхатшылықтың ажырамас бөлігі болып табылады, ал рекреация адам қызметінің мамандандырылған түрлерін қоспайды. Дүниежүзілік Туристік ұйым (ДТҰ) съездерге, қандайда бір ұйымның жалпы жиналыстарына, ғылыми конгрестер мен конференцияларға, өндірістік семинарлар мен жиылыстарға, жәрмеңкелерге, көрмелерге қатысу үшін сапарларды, сондай-ақ басқа да қызметтік іссапарларды саяхатшылыққа жатқызады. Қысқа уақыт ішінде іскерлік саяхатшылық саяхатшылықтың келешекті және жоғары табысты секторына айналды. Ұлтаралық туристік айырбаста оның үлесі, кейбір бағалаулар бойынша, 10-нан 20-ға дейінгі пайызды құрайды.

«Демалыс», «бос уақыт», «рекреация», «туризм» түсініктерін шектеу туризм географиясының зерттеу нысаны мен пәні туралы басты сұрақтың шешімін қабылдауды жеңілдетеді.

Туризм географиясы облысындағы танымал теоретик С.Р. Ердавлетов көрсеткендей, мұндай кең түсініктеме рекреациялық және туристік кеңістіктер бір-бірімен түйісетіндігін көрсетеді. Сәйкесінше, рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу нысаны – рекреациялық кеңістік немесе ойкуменаның рекреациялық жүйесі болып табылады. Бұл екі туыс пәндердің тану пәні рекреация және туризм сөздерінің түсініктері секілді екі жаққа бөлінеді. Рекреациялық география халықтың рекреациялық қызметінің территориялық ұйымдастырылуын меңгереді. Туризм географиясының зерттеу пәні адамдардың туристік қызметтердің аумақтық ұйымдастырылуы болып табылады. Айтылғандарды қорыта келе туризм географиясын адамдардың туристік қызметті ұйымдастырудың аумақтық жүйесінің және кеңістікті заңнамалар ерекшеліктерінің дамуы туралы әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның салалық пәні ретінде айқындауға болады.

Бұл анықтамада туризмнің өзіндік ұйымдастырылу ұстанымына маңызды назар аударылады. Туризм географиясының алдында көптеген міндеттер тұр, соның ішіндегі бастысы – гнесеологиялық (танымдық) және құрылымдық (білімділік). Туризм формалары мен мерзімділігін, оның территорияға және оның шаруашылық кешенінің қалыптасуына әсерін, кеңістікті дифференциаланған саяхатшылық сұраныстарын және саяхат өніміне деген ұсыныстарын зерттелуін ескере отырып туризммен айналысу үшін аумақтардың жарамдығын географиялық игерудің маңызы өте зор. Туризм аумақтарын тұрақты және қауіпсіз дамыту стратегияларын негіздеуде, туризмнің кешенді аумақтық ұйымдастырылған жүйелерін басқару негіздерін игеруге және олардың дамуын болжамдауда географ-ғалымдар зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар қоғамдық-географиялық зерттеулер әр түрлі рангтердегі аумақтарды қамтуы мүмкін.

 

 







Date: 2015-06-07; view: 2116; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.019 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию