Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 7. Тұлға және әлеуметтену
Адам. Индивид. Тұлға. Адам дегеніміз бұл биологиялық ұғым. Индивид адамда өзіндік сананың қалыптасуымен пайда болатын сипат. Ал тұлға бұл сапалық жағынан жинақталған ұғым. Біз адам ретінде өзімізді табиғаттағы басқа тіршілік иелерінен бөліп қараймыз. Дүниеге келген сәтте біздің биологиялық ерекшеліктеріміз басым болады. Ал өсе келе біздің өзіндік санамыз, яғни өзін-өзі тану басталады. Бұл кезде біздің жеке мінез-құлқымыз, тәртібіміз ерекшеленеді. Сөйтіп біз индивидке айналамыз. Яғни бұл біздің әлеуметтік ерекшеліктерімізді білдіреді. Ал тұлға мәселесі әлеуметтануда нақты анықтама тапқан жоқ. Бұл тұлға мәселесін күрделендіреді. Тұлғаны психологиялық, әлеуметтанулық, саясаттанулық, құқықтық жақтардан қарағанда әр түрлі мағынада көрсетіледі. Әлеуметтанулық жағынан қарағанда тұлғаға бірнеше қасиеттер беріледі: өз ісіне жауапты, саналы, парасатты, белсенді, еркін және т.б. Әлеуметтанушылардың ойынша «өмір дегеніміз – театр, ал адам - артист». Егер осы принцип арқылы қаралса, бұл жағдай көбіне индивидке қатысты. Себебі индивид әлеуметтік сипат ретінде өзінің статусына қатысты әлеуметтік рөлдерді орындайды. Ал тұлға ол «артист» емес, «режиссер» болуы шарт. Себебі ол өзіне берілген рөлдерді жәй ғана орындаумен шектелмейді. Ол өзінің рөлін борыш деп санайды, соған жауапкершілікпен қарайды. Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады. Тұлға – бұл адамның қоғамдық бет пердесі. Сондықтан тұлға ретінде қалыптасуда әлеуметтенудің рөлі зор. Әлеуметтену немесе әлеуметтендіру мәселесі туындайды. Себебі адамды, яғни жаңа туған баланы тәрбиелегенде, оны тіршілік иесі ретінде емес, тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Оның санасында тұлғалық қасиеттерді туғаннан, тіпті тумай тұрып қалыптастыру керек. Әлеуметтену дегеніміз – адамның қоршаған ортасына бейімделуі. Қоғам қазіргі таңда үнемі өзгеру үстінде. Сондықтан адам немесе индивид жаңадан қалыптасқан принциптер мен құндылықтарды меңгере отырып, бейімделуі қажет. Қоғамның ағысына бейімделе алмай қалғандар маргиналдар деп аталады. Жеке мәртебе – адамның өзін қоршаған аз оптың ішінен (отбасы, достары, көршілер, студенттік топ және т.б.) өзінің қасиеттеріне қарай алған орны. Мәртебе туа біткен және жүре пайда болған деп бөлінеді. Туа біткен мәртебеге ұлты, жынысы жағынан белгілері жатса, жүре пайда болған мәртебеге еңбегі, меншігі, білімі жағынан алған орнын айтамыз. Мәртебелердің сәйкессіздігі деген мәселе туралы айтатын болсақ, адамдар көптеген әлеуметтік топтың мүшелері болып табылады. Әрбір әлеуметтік топта ол адам әр түрлі орында болуы мүмкін. Айталық, отбасында кенже мәртебесін иеленген бала, басқа ортаға түскенде үйдегі еркелігін жасай алмауы мүмкін. Осыған байланысты ол балада басқа топқа үйрене алмаушылық туады, себебі отбасында берілген жеңілдіктер келесі топта жоқ, тіпті ол кенже бала топтың ең соңгы мүшесі болып та шығуы ықтимал. Сондықтан кез келген топқа түскенде, сол топқа бейімделуі тиіс. [kgl]
8- т а қ ы р ы п Date: 2015-11-15; view: 713; Нарушение авторских прав |