Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 6. Әлеуметтік икемділік (мобильность)





Әлеуметтік икемділік немесе мобилділік латын тілінен аударғанда жылжу, ауысу деген мағына береді. «Әлеуметтік икемділік (мобилділік)» терминін 1927 жылы американдық ойшыл Питирим Сорокин ұсынды. Ол адамның немесе топтың төменнен жоғары көтерілуі, әлде жоғарыдан төмен құлдырау, не болмаса бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін дәлелдеген.

Әлеуметтік икемділік дегеніміз әлеуметтенудің барысында адамның статусы мен рөлінің өзгеруі, яғни адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуінің кез келген түрі. Әлеуметтік икемділіктің түрлері: Тігінен, көлденең, жеке немесе ұжымдық болады. Тігінен икемділік дегенміз адамның әлеуметтік мәртебесінің не жоғарлауы, не төмендеуі (мысалы: бастық болу, немесе жұмыстан шығып қалу). Көлденең икемділік дегеніміз мәртебесін өзгертпей, орын ауысуды айтамыз (мысалы: бір мекемеде бухгалтер болып жұмыс істеген адамның, басқа мекемедегі бухгалтерлік қызметке ауысуы). Жеке икемділік дегеніміз бір адамға қатысты айтылса, ұжымдық икемділік топқа қатысты айтылады (мысалы: қазіргі қоғамдағы өзге елден келіп жатқан қазақтар, бұл ұжымдық ауысу болып табылады).

Әлеуметтік өмір әрдайым бір қалыпты, түзу жолмен жүрмейді. Адам үшін құламай түзу жолмен жүру міндетті емес және ол мүмкін емес те, сондықтан әлеуметтанушылар түзу жолдан сүрінсе де қайта тұрып жүре алатын адамдарды қолдайды.

Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатып-семіп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды; ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Бұл өзгеріс, қозғалысты социологияда «әлеуметтік мобильдік» деп атайды. «Әлеуметтік мобильдік» категориясын да социологияға тұңғыш енгізген П.Сорокин болды.

«Әлеуметтік мобильдік» дегеніміз адамның бір әлеуметтік тпотан екіншісіне өтуінің кез келген түрі. Ол төменнен жоғары көтерілу әлде жоғарыдан төмен құлдырау не болмаса бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту болуы мүмкін. Мысалы, ерінің немесе әйелінің ажырасып, басқа отбасы құруы,бір қызметтен дәл сондай екінші қызметке ауысу т.б. горизонталь бойынша болатын өзгеріс (қозғалыс).

Вертикаль бойымен жүретін әлеуметтік өзгеріске деңгейі түрліше бір әлеуметтік топтан екіншісіне өту (мәселен, қызметінің көтерілуі, атағының өсуі, идеяның үстем идеяға айналуы т.б. жатады).

Әлеуметтік мобильдік жекеше (жеке адамдікі) немесе коллективтік болуы мүмкін. Коллективтік әлеуметтік мобильдік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бұл соңғы экономикалық салада немесе саяси-идеологиялық салада болуы мүмкін.

Әлеуметтік өмір әрдайым бір қалыпты, түзу жолмен жүре бермейді, кейде дұрыс жолдан ауытқып кететін ауытқымалы мінез-құлық – аномия орын алуы мүмкін.

Мінез-құлық нормаларының қағазға жазылмаған (моральдік) және қағазға жазылып бекітілген (құқықтық) ережелерінен ауытқып кететін теріс мінез-құлық көріністер орын алатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай мінез-құлық көріністері «девиациялық» (ауытқушы) мінез-құлық деп аталады. Ол оң және теріс сипатты болуы мүмкін. Ерлік, жанқиярлық, көзсіз, батырлық, т.б. құптарлық сипаттағы (оң) мінез-құлық көріністері болса, ал автобуста билетсіз жүру, ұрлық, кісі өлтіру т.б. теріс мінез-құлықтарға жатады.


Ғалымдар ауытқымалы мінез-құлық көріністерінің себептерін ашып көрсетуге түсіндеруге тырысады. Мұндай бірнеше түсіндірмелер бар.

Біреулер (Ч.Ламброзр), адамдардың түрліше мінез-құлық білдіруінің себебі олардың биологиялық ерекшеліктерінде десе, басқа біреулер (Х.Шелдон) ауытқымалы мінез-құлықтың себебі дене құрылысының ерекшелігінде дейді, үшінші біреулер жыныстық хромосомдарының бұзылуынан (Прайс) іздейді. Ал Зигфрид Фрейд адамның ақыл-ой кемістігі, азғындығы, есалаңдығы (психопат) теріс мінез-құлықтарды тудыратын себептер деп дәлелдейді.

Ауытқымалы мінез-құлықтың социологиялық түсіндірмесі жоғарыда келтірілген себептердің әсерін жоққа шығармайды, бірақ ауытқымалы мінез-құлықтардың басты себептерін әлеуметтік-мәдени факторлардан іздейді.

Ауытқымалы мінез-құлық қоғам мүшелерінің көпшілік топтарына тарап, қоғамның негізін шайқалтуы мүмкін жағдайлар да кездеседі. Мұндай қоғамның күйі әлеуметтік аномия, яғни қоғамның деформациялануы, тәртіпсізденуі деп аталады. Мұндай жағдайлар көбінесе әлеуметтік дағдарыстар, терең реформалар, соғыстар мен революциялық төңкерістер, басқа да ірі әлеуметтік дүмпулер кезінде болады.

Қоғамды мұндай әлеуметтік ауытқудан құтқарудың екі жолы бар. Бірі – ешқандай ымырасыз батыл қимылдап, жағдайды тез реттеу жолы, екіншісі – асығыстық жасамай, қоғам өмірін қалыпқа келтірудің дұрыс стратегиялық әліс-тәсілдерін іздеп тауып, қоғам мүшелерінің талап-тілегін, мүддесін ескере отырып, ақыл-парасатпен шешу жолы. Қазақстан Республикасы осы екінші жолды қалап алды. Қоғам өмірін реттеудің қай жолы қолданылмасын, оны әлеуметтік ұйымдар мен қоғамдық бақылау органдары іске асырады.

«Әлеуметтік ұйым» көп мазмұнды кең ұғым. Ең кең мағынада алғанда, бұл ұғым жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен институттардың әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтымасыз ететін, өмірде орын алып отыратын конфликттер мен проблемаларды шешіп отыру жүйесін білдіреді.


Әлеуметтік ұйымның қызметі екі тәсілмен іске асады: формальды және формальды емес тәсілмен. Формальды әлеуметтік ұйымның жұмысы тиісті қоғамдық мекемелер тағайындаған ережелерді, құқықтық тәртіпті сақтау жолымен реттеледі. Формальды емес ұйымдар күнделікті өзара әрекеттесу барысында туып, қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауытқымалы мінез-құлық нормаларын орындаудан көрінеді. Бұл екі ұйым әлеуметтік топта және қоғамда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтымасыз етеді.

Қоғамда орнатылған тәртіп бұзылмау үшін, ауытқымалы мінез-құлықтарды болдырмау үшін әлеуметтік бақылау жасалады, яғни тағайындалған мінез-құлық нормалары мен ережелер жиынтығын орындату ұйымдары әрекет етеді. Бұл үшін үгіттеу, сендіру әдістерімен қатар зорлау әдістері де қолданылады.

Әлеуметтік бақылаудың жұмысы бірнеше негізде жүргізіледі: тиімті топқа қатысы ортақ, жалпы мінез-құлық мәдениетін, мінез-құлық нормаларын тәрбиелеу жолымен қалыптастыру, адамның жеке басының ерекшеліктерін ескеру, формальды және формальды емес әлеуметтік мекемелер жүйесі негізінде.

Әрбір қоғам сондай-ақ адамдардың теріс мінез-құлықтары мен әрекеттерін байқаудың формальды және формальды емес әдіс-тәсілдерінен тұратын белгілі бір бақылау схемасын жасайды. [kgl]

 

7- т а қ ы р ы п







Date: 2015-11-15; view: 907; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию