Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 2. Негізгі әлеуметтанулық бағыттар
Әлеуметтанудың дамуы төрт кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде әлеуметтанушылар таптардың экономикалық мүдделерінің қарама-қайшылығына назар аударды (А. Сен-Симон, Ш. Фурье); екінші кезеңде негізгі принциптер мен категориялар анықталды (К. Маркс, М. Вебер); үшінші кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың дамуы басталды (Э. Мэйо, Д. Макгрегор); төртінші кезең әлемдік экономикалық жүйеге, саяси жүйеге зерттеулер жүргізуді қамтиды (Т. Парсонс, Д. Мур). Әлеуметтанудың негізін қалаған француз философы Огюст Конт (1798-1857). Конт қоғамды тек адамдардың бірлестігі деп айтқанға қарсы болды. Ол қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде түсіндірді. Оның көзқарастарына қарағанда қоғам өзін құрастыратын субъектілердің дамуы мен іс-қимылын анықтайды, ол тұлға бола ма, әлде топ болады ма? Негізгі еңбектері «Позитивті философия курсы» және «Позитивті саясат жүйесі» деп аталады. Өзінің қоғам туралы еңбегін көбіне «әлеуметтік философия» деп атаған. Конт сонымен бірге әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген ұғымдарды қолданған. Осы категориялардың көмегімен қоғамның өмір сүру және даму ерекшеліктерін зерттеген. Қоғамның дамуындағы үш сатыны көрсетеді: теологиялық, метафизикалық және позитивті. Теологиялық сатыда адам ойы әрбір әлемдегі іс-әрекеттерді ерекше күш арқылы түсінген. Бұл фетишизм кейіннен политеизммен алмастырылады. Адам өзін қоршаған әлемді абсолютті қылғысы келгендіктен, оны құдаймен байланыстырады. Бұл сатыда мифтік сана басым. Осы сатының соңына қарай монотеизмге жақындайды. Осы кезеңдегі қоғамның дамуына миф керек болды, ол адамгершілік пен саясатты қалыптастырды. Метафизикалық сатыда, адам қоршаған ортаны бейнелермен емес нақты ұғымдармен түсіндіреді. Ғылымның дамымағанынан абстракті түрде болды. Құбылыстарды табиғат, космос, материя, рух арқылы түсіндіреді. Адамға қоршаған ортаны түсінуіне көмектескенмен нақты жауаптар алуға қол жеткізген жоқ. Позитивті сатыда адам санасы өзінің тұжырымдарында таза ғылыми негізден шығады. Алдыңғы екі саты өзінің заңдарын толық және ашық етті. Әрине ол заңдар да құбылыстарды бақылауға қажет. Ақиқатты ғылым бақылау мен алдын алудан тұрады деп түсіндіреді. М. Вебер әлеуметтанудың дамуына үлкен үлес қосқан неміс әлеуметтанушысы. Еңбегі: «Протестанттық этика және капитализм рухы». Көсемділік, бюрократия және әлеуметтік іс-әрекет теорияларын қалыптастырған. Әлеуметтік іс-әрекетті төрт түрге бөлген: мақсатты-рационалды, яғни адамның алдына қойған мақсатына, арманына жетуге бағытталған іс-әрекеттері. Құндылықты-рационалды іс-әрекеттерге белгілі бір әлеуметтік топтың (діни, ұлттық, әдет-ғұрып, мәдени т.б.) мүшесі, өкілі ретінде жасайтын іс-әрекеттер, олар белгілі бір мақсатқа байланысты емес. Үшінші іс-әрекеттің түріне аффекті іс-әрекеттер жатады. Ол адамның эмоционалды сезіміне негізделген және дәстүрлі іс-әрекеттер. Адамның күнделікті өмірде жасайтын, әдетке негізделген іс-қимылдары жатады. Эмиль Дюркгейм. Еңбегі: «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтанулық әдіс». Э. Дюркгейм әлеуметтік факт теориясын қалаған. Әлеуметтік фактінің бірі ретінде адамның өзіне өзі қол жұмсауын қарастырған. Ол: аномиялық, альтруисттік және эгоисттік. Әлеуметтану ғылымы Қазақстанда ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап оқытылды. Қазақстандағы әлеуметтік ойлардың негізін қалаушылар болып Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және абай Құнанбаев саналады. Отандық әлеуметтанудың ерекшелігі: қоғамды тұтас алып зерттеу және оның рухани-адамгершілік сипатына көңіл бөлу. Бұл ерекшелік жалпы Шығысты Батыстан бөліп қарауға әкеледі. Өзінің қоғам туралы көзқарастарын ол «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттік билеушінің нақыл сөздері» және «Азаматтық саясат» трактаттарында кеңірек баяндайды. 948 жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» - әл-Фарабидің ең кемел туындыларының бірі саналады. Ол бұл еңбегінде қала тұрғындарының бақытты өмірге қол жеткізуіне жағдай жасаған жоғары билік өнеріне көбірек көңіл бөледі. Трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой қозғайды. Ол ең әуелі өзі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады. Қалаларды жік-жікке бөле келіп, ол кемел де үлгілі құрылым ретінде «ізгі қаланы» таңдайды, оған жақын келетін және тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын «қажеттілік қаласы» деп қарайды. Фараби әрі қарай «алыс-беріс қаласы» (саудагерлер мен алыпсатарлар мекені), «бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын» (ұры-қарылар, арамтамақтар мекені) бөліп ажыратады. «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат» екендігін атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкіндік қайырымды қала тұрғындарында көбірек болатындығын дәлелдейді. Қайырымды қаланың билеушілері қала тұрғындарының мүддесі үшін қызмет етсе, қайырымсыз қала билеушілері алдымен өз мүддесін көздейді. Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз - қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер. [kgl]
3- т а қ ы р ы п Date: 2015-11-15; view: 1542; Нарушение авторских прав |