Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 1. Әлеуметтану ғылым ретінде





Әлеуметтану қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттейтін ғылым. Әлеуметтану гуманитарлық ғылым болып есептелінеді. Себебі бұл ғылымдағы басты принцип – ол, адамды, тұлғанықадірлеу, жоғары бағалау болып саналады. Әлеуметтану ғылым ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Негізін салған Огюст Конт болып саналады. Ол өзінің негізгі философиялық ілімінде қоғам туралы зерттеулерін «әлеуметтік философия» деп жеке атап бұл салаға ерекше мән берген. Әлеуметтанудың пәніне жататындар: қоғам, қоғамның әлеуметтік жүйесі, әлеуметтік қарым-қатынастар. Әлеуметтанудың пәнін негізгі төрт топқа бөліп қарауға болады: әлеуметтік құрылым, әлеуметтік үдерістер, тұлғаның дамуы, әлеуметтанулық зерттеулер. Р. Мертон әлеуметтанулық білімнің үш деңгейін көрсетеді: макроәлеуметтанулық теориялар, жекелеген теориялар, арнайы теориялар. Әлеуметтанудың қызметі: әлеуметтендіру, танымдық қызмет, практикалық қызмет, білгерлік қызмет.

Қоғамдық бірлестіктер арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтық (топтар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік қабаттар), әлеуметтік демографиялық (еркектер, әйелдер, балалар, зейнеткерлер, жастар, отбасы мүшелері), әлеуметтік- этникалық (ұлттар, ру, тайпалар, ұлттық және этнографиялық топтар), әлеуметтік-кәсіби (еңбек ұжымдары, кәсіби бірлестіктер) және тағы басқалар болып бөлінеді.

Әлеуметтану - адамдардың адамдар арасындағы, яғни қоғамдағы олардың өзара әрекет ету тәртібі, мінез-құлқы туралы ғылым.

Әлеуметтанудың өз объектісі мен зерттеу пәні бар. Әлеуметтану объектісі - әлеуметтік қарым-қатынастар, әлеуметтік үрдістер, әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтанудың категориялары (негізгі ұғымдары): «әлеуметтік топтастық», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық», «әлеуметтік әділдік», «әлеуметтік еркіндік» т.б. «Әлеуметтік топтастық» ұғымы әлеуметтанудың негізгі категориясы деп есептелінеді. Ал, «әлеуметтік» ұғымы неғұрлым жалпы категория болып саналады.

Әлеуметтану заңдары - әлеуметтану категорияларының байланысы. Ол - қоғамның, әлеуметтік топтастықтың және жеке тұлғалардың өзара әрекеттесу және іс-қимыл заңдары. Әлеуметтік заңдар адамдар мен олардың топтарының мінез-құлқын реттейді. Әлеуметтік заңдарға әлеуметтік дифференциация және интеграция (жіктелу мен бірігу), әлеуметтік икемділік «қозғалыс», индивидті социализациялау («әлеуметтендіру»), қоғамды урбанизациялау (латын тілінен «қала» деген сөзден), қоғамдық өмірді интернационализациялау жатады.

Әлеуметтанудың құрылымы жалпы әлеуметтанудан, жеке әлеуметтанудан, микросоциологиядан, фундаменталді (іргелі) және қолданбалы әлеуметтанудан тұрады. Жалпы әлеуметтану бүкіл қоғам деңгейіндегі, ал жеке әлеуметтану қоғамдық қатынастардың саласына ғана қатысты заңдылықтарды зерттейді. Эмпирикалық әлеуметтану негізінен фактілерді жинақтайды, ал теориялық - оларды жүйелеп, жалпы қорытынды жасайды. Іргелі және қолданбалы әлеуметтану білімнің сипатына қарай жіктеледі. Іргелі әлеуметтану негізінен теориялық білімді дамытумен айналысса, ал қолданбалы әлеуметтану практикалық міндеттерді шешеді. [kgl]

 

2- т а қ ы р ы п







Date: 2015-11-15; view: 705; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию