Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 4. Қоғам жүйе ретінде
Қоғам дегеніміз - тарихи анықталған, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірлесе өмір сүретін ұйымдар бірлестігі. Белгілі социолог Питирим Сорокиннің ойы бойынша «қоғам дегеніміз біл адам емес, ол ең кем дегенде бір-бірімен байланысқан екі адам». Бұл анықтамадағы басты акцент өзара байланыс деген ұғым төңірегінде. К. Маркс «Қоғам дегеніміз – адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп есептейді. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынадай жағдайлар қажет». 1. Адамдар өмір сүруі үшін тұрғылықты жер, территориясының ортақтығы. Әдетте ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді. 2. Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы. 3. Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету және өзін-өзі басқару. 4. Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы». Осы жағдайларды қорытындылай келе қоғамның келесі белгілерін анықтауға болады: территория, адамдар, демографиялық даму, өмір материалдық жағдай жасау, ережелер, байланыс құралдары. Қоғам негізгі төрт жүйеден тұрады: экономикалық жүйе, саяси жүйе, әлеуметтік жүйе және мәдени жүйе. Қоғам екі жағдайда дамиды. Тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз. Тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның сыртқы және ішкі шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Қоғамның дамуына қатысты келесі шараларды мемлекеттік деңгейде жүргізу шарт: ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру; әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау; құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу. Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бір даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді. Қоғам – табиғаттың құрамдас бір бөлігі дедік. Сонымен бірге табиғатпен тепе-тең нәрсе ретінде қарауға болматынын де ескеру қажет: бірінші жағдайда «табиғат» ұғымын шегіне жеткен аса кең мағынада алып, адамның ой-санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүретін объективтік шындықты, бүкіл дүниені білдіру тұрғысында қолданамыз. Бұл тұрғыдан қарағанда, қоғам – табиғаттың бір бөлігі болады. Ал екінші мағынада алғанда, «табиғат» әлдеқайда тар мағынада қарастырылып, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесін, географиялық-табиғи дүниені білдіру үшін қолданылады. Бұл әсіресе адамның тек биологиялық жан емес, ол негізінен әлеуметтік жан екендігін атап көрсету үшін қажет. Адам, қоғам әрине табиғат дамуының нәтижесінде келіп шықты, бірақ адам табиғаттың сапа жағынан жаңа, әлдеқайда жоғары, әлеуметтік формасы екенін естен шығармау қажет. К.Маркс адамның мәні – қоғамдық қатынастардың жиынтығы екендігінде деп анықтағанда, ол адам ең алдымен қоғамның тікелей жемісі екенін атап көрсетпекші болды. Белгілі югославиялық социолог Д.Маркович адамның мынадай үш негізгі ерекшелігін – жасампаздығын, еркіндік-бостандығын және әлеуметтік жан екендігін атап көрсетеді де мынадай анықтаманы ұсынады: адам дегеніміз «өзінің табиғатқа деген жасампаздық қатынасында өзін еркін, әрекетшіл және басқа адамдармен бірігіп әрекет етіп, сөйтіп өзінің биологиялық және әлеуметтік болмысын қамтымасыз ететін cубъект ретінде көрсететін қоғамдық жануар». Демек, «табиғат» және «қоғам» деген екі ұғымды тепе-тең қарауға да, сондай-ақ бір-біріне қарама-қарсы қойып, мүлдем бөліп тастауға да болмайды. Олар біртұтас шындық дүниенің сапа жағынан айырмасы бар екі формасы болады. Ал бұл адам мен қоғамның біртұтас екі негізін – табиғи-әлеуметтік (биоәлеуметтік) негізін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Бұл айтылғандардың теориялық жағымен қатар саяси-практикалық маңызы да бар. Тарихи тәжірибенің көрсетуінше, қоғамның (елдің) әлеуметтік-экономикалық өмірін жоспарлағанда табиғат жағдайларын ескермеу толып жатқан сәтсіздіктерге әкеп соғады. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан алғанда, елдің, мемлекеттің саясатын белгілегенде адамның биологиялық табиғатын шешуші фактор деп қарау, сөйтіп қоғам өміріне табиғат заңдарын қолдану реакцияшыл қорытындыларға негізделген керітартпа әрекеттер тудырады. Социология қоғамның әлеуметтік құрылысымен тығыз байланысты мына бір мәселеге де: қоғам өзгермейтін, қатып-семіп қалған құбылыс па әлде ол өзгеріс, қозғалыс, дамуда болатын тірі әлеуметтік организм бе, ал егер ол дамитын болса, онда оны дамытушы күштер, факторлар қандай деген мәселеге жауап беруді талап етеді. Социологиялық теориялардың басым көпшілігі қоғамдық құбылыстардың өзгерісі мен дамуын мойындайды. Алайда даму деген не, оның мәні мен бағыты қандай, оның қозғаушы күштер неде деген сұрақтарға олар түрліше жауап қайырады. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы теориялардың барлығын қарастыруға мүмкіндігіміздің жоқтығын ескере отырып, біз тек идеалистік көзқарастар мен тұрпайы материалистік теорияларды және қоғам дамуының ғылыми-материалистік ұғымын ғана қысқаша қарастырамыз. Қоғам жайлы идеалистік теориялардың бәріне ортақ нәрсе сол, олар қоғам дамуының қозғаушы күшін идеядан, сана формаларынан іздейді. Объективтік-идеалистік социология қоғамының қозғаушы күшін «жоғары» идеяны немесе абсолюттік идеядан іздейді. Енді бір идеалистік теориялар ол күшті қоғамдың сананың айрықша формаларынан, мәселен «халықтың рухани күшінен», «коллективтік санадан», т.б. іздейді. Қайсы бір идеалистік теориялар қоғамдық дамуды ұлы қайраткер адамдар, олардың идеялары мен қабілеттері, практикалық іс-әрекеттерді шешеді деп түсіндіреді. «Күштеу теориясы» деген идеалистік теория да бар. Бұл теория қоғамдағы өзгерістердің басты күші саяси факторлар, ең алдымен мемлекет деп есептейді, Тұрпайы материалистік теориялардың ішінде ең кең тарағандары: «қажеттіліктің өсу» теориясы, «географиялық материализм» және «демографиялық» теориялар. «Қажеттіліктің өсуі» теориясы қоғам дамуының қозғаушы күші жаңадан туып отыратын қажеттерді қанағаттандыру үшін күресуде деп санайтын батыстық социал-реформистік теорияға жатады. Бұл теория бойынша, үздіксіз өсіп отыратын қажетсіну мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасында ұдайы сәйкессіздік және күрес туып отырады, ал бұл күрес қоғамды ілгері жылжытады. Сырттай қарағанда дұрыс сияқты көрінетін бұл социал-реформистік теорияға үңіле қараса, оның қателігін байқау қиын емес, өйткені қажеттіліктердің өзі, тұтынудың сипаты өндірістен тәуелді екенін түсіну қиын емес: тұтынудың сипаты өндірістен тәуелді екенін түсіну қиын емес: тұтыну қажеттігі өндірістен туады. Демографиялық теория бойынша қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші тұрғын халықтың өсу дәрежесі болып табылады. Адам – басты өндіргіш күш, сондықтан өндіргіш күштердің дамуының белгілі бір дәрежесі тұрғын халықтың сан жағынан өсуіне мүмкіндік қана тудырады, ал негізгі, түпкі қозғаушы күшін өндіріс құрал-техникасының дамуы болып қала бермек. Географиялық материализм теориясы бойынша географиялық орта қоғам дамуының шешуші күші болып табылады. Бұл теория географиялық детерминизм және географиялық поссобилизм болып екіге бөлінеді. Географиялық детерминизм теориясы бойынша, географиялық орта тек қоғамның жалпы даму барысы ғана емес, сондай-ақ қоғамдың құбылыстардың әрқайсысының барысын да айқындайтын шешуші күш болып табылады. Географиялық поссобилизм қоғамның дамуына географиялық ортамен қатар басқа факторлар да есер етеді дейді. Әрине географиялық орта өндірістің дамуына қолайлы немесе қолайсыз жағдайлар тудырады да, ол қоғам дамуына өндіргіш күштердің дамуы арқылы әсер етеді. Сондықтан оның ролін жоққа шығаруға болмайды. Қоғам дамуының қозғаушы күшін нағыз ғылыми-материалистік тұрғыдан түсіну үшін «әлеуметтік өзгеріс», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының арақатынасын дұрыс айқындап алған жөн. Қоғам ұдайы қозғалыста бола отырып, тиісті әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды: құбылыстар мен олардың құрамдас бөліктері бір күйден екінші күйге ауысады, қайсы бір құбылыстар дүниеге келіп, енді біреулер жойылып жатады, т.т. Ол өзгерістер микроқұбылыстар деңгейінде немесе макроқұбылыстар (тұтас қоғам жіне таптар) деңгейінде болуы мүмкін. Өзгерістерді бір-бірінен тек көлемді, деңгейі жағынан ғана емес, сондай-ақ мазмұны ен мәні жағынан да айыруға болады, яғни оларды бір сападан екінші сапаға өту сипаты жағынан да айыруға болады. Күнделікті ойлау-cөйлеу практикасында «өзгеріс», «қозғалыс», «даму» ұғымдару тепе-тең мағынада қолданыла бараді. Өзгеріс дегеніміз қозғалыс, өйткені өозғалыссыз өзгеріс жоқ. Сондай-ақ, қозғалыс дегеніміз алуан түрлі өзгерістер. Алайда өзгеріс, қозғалыстардың барлығы бірдей «даму» бола бермейді. Даму деп философия (әлеуметтік философияда да) материалдық заттар мен құбылыстардың белгіді бір бағыттағы, яғни өткеннен болашаққа қарай өтетін, ескіден жаңаның тууына алып әкелетін сапалақ өзгерістерді айтады. Олай болса, социологияды даму деп кез келген әлеуметтік өзгерістерді түсінбестен, жаңа қоғамдық қатынастар мен құбылыстардың тууына себепкер болатын айтарлықтай терең мазмұнды, сапалық өзгерістерді түсінеді. Қоғам дамуының қозғаушы күштері және әлеуметтік өзгерістердің негізгі формалары жайлы мәселелерді дұрыс түсіну үшін қоғамның әлеуметтік типтері жайлы, атап айтқанда марксизмнің қоғамдық-экономикалық формация жайлы ұғымын білудің маңызы зор. Маркс өзінен бұрыңғы әлеуметтік философия өкілдеріне қоғам жайлы жалпылама пайымдамаларына қарама-қарсы «қоғамдық-экономикалық формация» категориясын ұсынып, оның ғылыми анықтамасын тұжырымдап берді: қоғамдық-экономикалық формация деп өндіргіш күштердің дамуының нақты деңгейімен анықталатын негізгі өндірістік қатынастардың төңірегінде қалыптасқан және өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік формасынан көрінетін, айтарлықтай тұрақты біртұтас қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. [kgl]
5- т а қ ы р ы п Date: 2015-11-15; view: 1225; Нарушение авторских прав |