Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Студенттер» SWOT-талдауы





Мықты тұстары Әлсіз тұстары
-«Алтын белгі» иегерлерін, олимпиада және жарыстардың жеңімпаздарын қабылдаудың жоғары деңгейі; -Абитуриенттерді «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 1-курсқа қабылдаудың артуы; -Оқу процесінде негізгі саясатты анықтайтын және реттейтін ішкі нормативтік құжаттардың болуы; -Маманды даярлаудың біліктілік моделі; -Оқу процесін дербес бағытталған ұйымдастыру; -Студенттің академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндігі; -Университетте білім беру порталының болуы; -Оқу, әдістемелік, материалдық-техникалық базаның болуы; -Жоғары деңгейдегі кәсіптік дайындығы бар мамандарға деген сұраныс; -Оқу қызметін ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету жүйесін енгізу; ЖОО-ның астанада орналасуы студенттер қызметінің түрлі формаларының болуын білдіреді (республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу, еріктілер институтын құру және т.б.); -«АстМУ» АҚ-тың тәрбие беру жұмысын басқару процесін жетілдірудің стратегиялық жоспары; - Саламатты өмір салтын құруға ықпал ететін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес спорттық база -ЖОО-лық БАҚ-тың болуы: «Ару», «Спорт және медицина» журналдары. -Ынталандыру принциптері енгізіледі: студенттерді оқудағы, ғылыми, шығармашылық, спорттық, қоғамдық және басқа да қызмет түрлері үшін рухани және материалдық ынталандыру; -Студенттердің бос уақытына бөлінетін қаржы қаражатының көлемін арттыру; -«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқитын студенттер контингентінің жеткіліксіздігі; -Жатақханадағы орындармен қатмасыз етілудің төменгі пайызы; -Еріктілер қозғалысында студенттер белсенділігінің жеткіліксіз болуы; -Студенттер асханасындағы орындардың жеткіліксіз болуы.
Мүмкіндіктер Қауіп-қатерлер
-Студенттер жатақханасының құрылысы; -Атаулы шәкіртақы тағайындау; -Студенттерді әлеуметтік қорғау механизмін жетілдіру. -Экономикалық дағдарыс, бағалардың өсуі; -Студенттердің және олардың ата-аналарының төлем қабілетілігінің төмендеуі; -Абитуриенттердің базалық даярлық сапасының төмендеуі.

4-СТАНДАРТ «БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ»

4.1.1. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы пәндерінің білім беру бағдарламаларының мазмұны кафедраның оқытушылар әзірлейді және қарастыру мен бекітудің бірнеше кезеңдерінен өтеді: кафедра қызметкерлерінің отырысы, оқу-әдістемелік кеңес, МББК. Білім беру бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы кезеңдер бойынша өтеді, оның әрбір деңгейінде жұмыс берушілер және білім алушылардың өкілдері қатысады. «Медициналық-профилактикалық іс» бойынша МОӘК және ОӘК мүшелері кафедра меңгерушілері, жетекші профессорлар мен доценттер. Қарастыру және келісу кезеңдерінен кейін оқу ісі жөніндегі проректор пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларын бекітеді.

Болон процесіне кіру аясында қазақстандық медициналық білім берудің тиімді моделін құру мақсатында университеттің Ғылыми кеңесі шешіміне сәйкес ББ (3.07.476-2006 ж. ҚР МЖМБС негізінде) студенттерді оқыту біліктілік-бағдарлық тәсілдемемен жетілдірілді.

ББ жаңа элементтері мен басымдықтары жүйелік тәсілдемеге негізделген интеграцияланған оқытуды енгізу; жаңа пәндерді енгізу – коммуникативті машықтар, дәлелдемелі медицина, оқытуды, білім беруді және білімді, машықты, біліктілікті бағалаудың жаңа әдістерін енгізу; оқытудың интерактиті компьютерлік бағдарламаларын енгізу; өз бетінше білім алу рөлін күшейту, таңдау компонентін кеңейту кіреді.

Сондай-ақ бұл бағдарламаның ерекшелігі біліктіліктің негізгі компоненттері (жалпы білімділігі, әлеуметтік-этикалық машықтар); биомедициналық ғылымдарды білу, профилактикалық медицина және қоғамдық денсаулықты басқару машықтары; коммуникативтік машықтар; командада жұмыс істеу машықтары; ғылыми зерттеу машықтары; арнайы машықтар (кәсіпқойлық); экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық машықтар; «Медициналық-профилактикалық іс» мамандарын үздіксіз өзін өзі жетілдіру машықтары оқытудың деңгейлері және әр пән бойынша анықталды. Бұл курстан курсқа болашақ мамандардың кәсіптік дамуы, оқытуда кемел тәсілдемені ұсынады.

Сонымен қатар, ұсынылған бағдарламадағы ТОЖ ұсынылатын пәндер тізімімен толықтырылған, олар таңдау компоненттеріне (элективті пәндер) кіреді. Соған қарамастан пәндерді таңдау негізгі біліктіліктерді толықтыру принципі бойынша құрылады. Біліктілік тәсілдемесі жаңа бағалау мәдениетін құруға әсер етеді, ол білімді бағалаудан түлектің біліктілігін бағалауға ауысуды қарастырады. Осыған байланысты ББ-ға толықтыру ретінде біз біліктілік компоненттері бойынша машықтар мен білімі, білікті білім беру жағдайларында тиімді оқытудың негізгі әдістерін бағалауды есепке ала отырып білім алушылардың білімін жалпы бағалаудың кешенді тәсілін ұсынамыз.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бітірушілерінің білім беру бағдарламасын меңгеруі олардың жоспарланған білім нәтижелеріне жетуге арналған білім алушыларға бағдарлама ұсынатын жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл жиынтыққа салыстырыла тексерілген мақсаттар, міндеттер және «АстМУ» АҚ бағдарламаларының білім нәтижелері және онымен сәйкес:

- бағдарламаның логикалық және теңдестірілген құрылымы;

- сапалы және сандық оқытушы-профессорлар құрамы;

- бағдарламаның және курстың ерекшеліктеріне, нәтижелеріне, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес тиімді білім беру технологиялары;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әдістері;

- «АстМУ» АҚ-тың заманауи және тиімді әрекет ететін инфрақұрылымы;

- бағдарламаның білім нәтижелері тізімін анықтау үшін және нақтылау үшін еңбек нарығымен кері байланыс механизмдерінің болуы.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедраның білім беру бағдарламасын меңгеру үшін келесі әр түрлі ресурстарды және қосымша құралдарды тиімді пайдаланады:

-Интернет-ресурстарға қосылу үшін компьютерлерді пайдалану арқылы жаңа ақпараттық компьютерлік технологиялар (IT әдістер); ақпараттық кеңістікті кеңейту, ақпаратты тарату мен өндеу жылдамдығын арттыру, оны білімге трансформациялау үшін ақпаратты қайта құру және құрылымдандыруды қамтамасыз ету;

-жауапкершілік пен уәкілеттілікті бөлу арқылы команда мүшелерінің жеке жұмыстарының нәтижелерін қосу жолымен жалпы міндеттерді шешуге бағытталған лидердің жетекшілігімен білім алушылардың топта бірлесіп командада жұмыс жасау;

- сәйкес кәсіби қызмет саласында нақты проблемалық жағдайларды талдау ретінде case-study шешудің үздік нұсқауларын іздеу;

-білім алушылардың нақты кәсіби қызметін түрлі жұмыс орындарында мамандардың функцияларын орындаумен рөлдік имитация, ойындар;

-білім алушыларды нақты бір мәселені шешуге қажетті білімді өздігінен «алуға» ынталандыру ретінде мәселелік оқыту;

-студенттерді нақты білім мен оны пайдалану арасындағы байланысты анықтау арқылы білімді меңгеруге мотивациялау ретінде мән-мәтіндік оқыту;

-тәжірибе негізінде және білім алушылармен материалды меңгерудің нақты алгоритмдерін құру арқылы жеке оқыту;

-түрлі салалардан білімді пайдалану, оны нақты шешетін мәселеде жинақтау және топтау арқылы пәнаралық оқыту;

- оқытушының дәрісте және басқа да аудиториялық сабақтарда материалды беруден бұрын жаңа материалдарды оқуға бағытталған студенттердің озық өзіндік жұмысы.

4.1.2. Білім нәтижелерін бағалаудың кешенді сипаты «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша кафедралардың оқу қызметін бағалауды қарастырады, мұнда студенттердің үлгерімі кафедраларда күн сайын (ағымдағы бақылау), пәннің бір бөлімін оқытуды аяқтағаннан кейін (межелік бақылау), пәнді оқытуды аяқтағаннан (қорытынды бақылау) кейін талданады. Кафедра сонымен қатар студенттің қарыздарын өтеу процесін де бақылайды. Сондай-ақ куратор топпен белсенді жұмыс жасайды, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын және нәтижелілігін бақылайды. Студенттердің білімін бақылау нәтижелері бойынша деканат студенттердің ата-аналарына балаларының қалып қойған сабақтары, академиялық қарыздары туралы ақпарат береді. Аталған шара ескерту сипатында болады.

Аралық сессия нәтижелері бойынша стипендия тағайындау туралы шешім қабылданады: тек «өте жақсы» - жоғары стипендия (19 273 теңге), «өте жақсы және жақсы» - әдеттегі стипендия (16 759 теңге) тағайындалады. Ақылы негізде білім алатын студенттер сессияны «өте жақсы және жақсы» бағаларға жапқанда және бос білім беру гранттары болған жағдайда мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауысуға мүмкіндіктері бар.

Студенттердің үлгерім нәтижелері кафедра отырыстарында жүйелі түрде қарастырылып, талданады, сабақтан қалған студенттердің тізімдері әр айдың 1-және 15 күндері деканатқа тапсырылады. Білім беру бағдарламалары процесін және студенттер прогресін мониторингілеу деканаттың негізгі қызметі болып табылады. Ағымдағы сессия біткен соң деканатпен және жиынтық емтихан тізімдемесін алғаннан кейін офис-тіркеушілермен жүйелі түрде толтырылатын «Емтихан сессиясы нәтижелері туралы мәлімет» №34 формасын пайдалану студенттердің үлгерімін талдауға мүмкіндік береді.

Студенттердің үлгерімі туралы мәліметтер ОТ бөліміне рейтингілік ведомосттар, емтихандық ведомосттар және МАК хаттамалары түрінде түседі.

Педагогикалық журналда студенттердің үлгерімін және практикалық/семинарлық сабақтарға қатысуын көрсетеді, сол журналда СОБӨЖ және СӨЖ бақылаулары тіркеледі. Кафедралық журналдарда келесі ақпараттар көрсетілген: дәріс, практикалық/семинарлық сабақтар, СӨЖ, СОБӨЖ тақырыптары, ағымдағы және межелік бақылау нәтижелері, балдық-әріптік, сандық эквиваленттегі емтихан қорытындылары, студенттердің дәрістерге және практикалық/семинарлық сабақтарға қатысуы. Студенттердің үлгерім нәтижелері талданады, орташа балы, абсолюттік үлгерімі, сапалық көрсеткіші есептелінеді, факультет және Ғылыми кеңес отырыстарында талқыланады.

Келесі курсқа көшу GPA бойынша жүзеге асырылады. GPA (Grade Point Average) – таңдаған мамандық бойынша студенттің оқу жетістіктерінің орташа өлшенген бағасы, бір жылдағы академиялық үлгерім деңгейі. Ғылыми кеңес отырысында жыл сайын курстан курсқа көшу кезіндегі GPA орташа балы бекітіледі.

Өзін өзі дамыту және өзін өзі қалыптастыру машықтарын қалыптастырумен оқудан тыс қызмет түрлі формалардағы СӨЖ орындаумен жүзеге асырылады.

Білім алушылардың қоғамдық-маңызды қызметі әлеуметтік-құқықтық және ақпараттық біліктіліктердің қалыптасқандығы негізгі пәндердің теориялары негізінде жүргізіледі: саясаттың, тарихтың, саяси өмірдің әдіснамалық негіздерін білу; ҚР денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік принциптерін білу; ҚР денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелерін білу; «дәрігер-науқас» өзара қатынасын құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін меңгеру; гигенистің деонтология, моральдық және этикалық принциптерін меңгеру; адам тұлғасының және даму әрекеті көріністерінің психологиялық талдауын білу.

Білім алушылардың коммуникативтік біліктіліктері студенттік ортада оқытушылармен, кафедра қызметкерлерімен және деканатпен өзара қарым-қатынастар моделі негіздерін меңгеру арқылы; ұжымда, өндірістік практика кезінде гигиенист пен науқастың өзара қарым-қатынастар моделінің негіздерін меңгеру арқылы; «проблемалық емделушілермен», балалармен және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынастар моделінің негіздерін меңгеру арқылы; бейіндік кафедраларда клиникалық интеграцияланған ойлауды дамытумен жалпы міндетті негізгі пәндер бойынша меңгерген білімді сауатты және еркін пайдалану арқылы; сөйлеудің жалпы мәдениетін, кәсіби терминологияны меңгеру, алқа принциптерін сақтау арқылы қалыптастырылады.

Білім беру нәтижелерін бағалаудың кешенді сипаты аксиологиялық компонент (коммуникативтік машықтар) деп аталатын коммуникативтік біліктіліктерді де бағалауды қарастырады, мұнда вербальдық, вербальды емес, жазбаша, ауызша, топтық коммуникациялар машықтарын бағалау жүргізіледі; дәлелдеу, қорғау, келіссөздер, презентациялар, интервью жүргізу машықтары; топтық жұмысқа қатысу; пікірталастарға қатысу (дебаттарға, келіссөздерге); жариялық презентацияларға қатысу; бақылауға немесе нақты кәсіби машықтарды көрсетуге қатысу.

4.1.3. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының кафедраларында білім беру бағдарламасының және жалпы оқу процесін жүзеге асырудың тиімділігі тек танымдық қызметті күшейту арқылы ғана емес, сонымен қатар барлық ықтимал факторларды пайдаланып, кешенді тәсілмен жүргізіледі. Оқу-танымдық қызметті интегративтік көпфакторлы күшейту ең алдымен оқу процесінің сапасын арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған барлық педагогикалық процесті оңтайландыру мен жетілдіруге, әдістемелік жұмысты оқу процесінің және ОПҚ қызметінің негізгі түрлерінің құрамдас бөлігі ретінде жыл сайын қайта қарауға байланысты (6, 7, 8-қосымшалар).

«Медициналық-профилактикалық іс» пәндері кафедраларындағы әдістемелік жұмыс келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Оқу процесін басқаруды, педагогикалық еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу мен өткізу.

2. Оқу жоспарларын, оқу пәндерінің бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу процесін жоспарлаудың басқа да құжаттарын әзірлеу мен талқылау.

3. Оқу пәндерін оқытудың жеке әдістемелерін, дәрістердің мәтіндерін, сонымен қатар түрлі сабақтар өткізуді ұйымдастыру әдістемелерін әзірлеу мен талқылау.

4. Оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын енгізу, әдістемелік жұмыстың тиімді тәжірибелерін зерттеу мен жалпылау.

5. Пәндерді оқыту процесін әдістемелік қамтамасыз ету.

6. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемелерін жетілдіру.

7. Педагогика, психология және оқыту әдістемесі, оқу процесін ғылыми ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік жинақтарды және ақпараттық бюллетеньдерді дайындау мен шығару.

Білім беру бағдарламалары тұтынушылармен кері байланыс орнату арқылы жүйелі түрде зерттеледі және бағаланады: студенттер, жұмыс берушілер, сонымен қатар білім алушылардың оқу жетістіктеріне талдау жасау жолымен жүргізіледі.

Университетте жүзеге асырылатын бағдарлама бойынша білім беру процестері аясында келесідей нормативтік талаптар негізінде білім алушылардың білімін, машықтары мен шеберліктерін бақылаудың нақты процедуралары анықталған:

- Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің типтік ережелері;

Сонымен қатар Университетте ішкі реттеуші құжаттар әзірленген: ережелер, стандарттар, тәртіптер.

Университетте білім беру қызметін ұйымдастыру оқу-тәрбие процесін және білім беру мазмұнын жоспарлау, оларды өткізу тәсілдерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Зерттеу жұмыстарының, шығармашылық ізденістердің нәтижелері идентификациялауда, басымдықтарды анықтауда, жетілдірулер мен инновацияларды жоспарлау мен енгізу кезінде пайдаланылады.

Негізгі және дипломнан кейінгі медициналық білім берудің үздіксіздігі бакалавр-магистр-PhDдокторанты моделімен қарастырылған.

Университет қызметінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу персоналды, ОПҚ-ны дұрыс таңдаумен қамтамасыз етіледі, мұнда ОПҚ-ны іріктеу шаралары келесілерге бағдарланған:

- кәсіби даярлық пен біліктілік деңгейіне сәйкес келу;

- интеллектуалдық педагогикалық қабілеттер;

- білім алушылардың жоғары кәсіптік, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейін білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасауда «АстМУ» АҚ-тың негізгі міндетін шешу барысында энтузиазм мен креативтіліктің болуы;

- ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде түлектің кәсіби тұлға ретінде қалыптасуын дамыту қабілеттілігі;

- жоғары білім деңгейі;

- Университет және кафедра шеңберінде жүктелген міндеттерді нақты және дер кезінде орындау, «командалық жұмысты» ұйымдастыру үшін берілген уәкілеттіліктерге ие болу (14-қосымша).

Университет ОПҚ-ны қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге ұмтылады және заманауи тиімді ақпараттық инфрақұрылымды (ақпараттық порталды жетілдіру, ғылым, білім беру қызметі саласында ісқағаздар жүргізудің электрондық формаларын құру; электрондық құжат айналымын құру арқылы) құрды, қызметкерлерге өздерінің біліктіліктеріне сәйкес өз бетінше шешім қабылдау құқығын береді. «АстМУ» АҚ ОПҚ біліктілігін арттыру жүйесін жыл сайын жаңартып отырады:

- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедраларының ЖОО-ға жұмысқа алғаш рет орналасқан және педагогикалық жұмыс тәжірибесі жоқ ОПҚ өзінің еңбек қызметінің бірінші семестрінің бас кезінде А¹ бағдарламасы бойынша 144 сағат көлемінде ассистент ретінде алғашқы маманданудан өтеді және өтуге міндетті;

- одан әрі қарай өзінің еңбек қызметінің екінші жылы кезінде А² бағдарламасы бойынша 144 сағат көлемінде ассистент ретінде екінші рет маманданудан өтеді;

- гигиена және эпидемиологияның өзекті мәселелері бойынша 216 сағат көлемінде кәсіби біліктілігін арттыру курстарына міндетті түрде қатысу және курстарды аяқтағаны туралы сертификаттар.

Кафедраның ОПҚ мынадай түрлі конференциялар мен семинарларға қатысты:

- «Healthcare research metods» семинары, 2008 жыл;

- «Іntroduction to Epidemiology and Biostatistics» семинары, 2008 жыл;

- «Тамақтану проблемаларының медициналық аспектілері» семинары, 2008жыл;

- «Медициналық қызметтер сапасы сараптамасының таңдалған сұрақтары» бойынша біліктілікті арттыру, 2009 жыл;

- «Developing assessment methods using multiple choise questions» семинары, 2010 жыл;

- «Электрондық микроскопия курсы» мастер-класы, 2010 жыл;

- «Оқу, ғылыми және жобалық жұмыс барысында деректерді визуализациялау әдістері» семинар-тренингі, 2012 жыл;

- «Экология. Денсаулық. Реабилитология» III Бас Ассамблеясы, 2012 жыл;

- «Денсаулық сақтау секторындағы ғылыми зерттеулер менеджменті» семинары, 2012 жыл;

- «Медициналық ЖОО-да оқыту педагогикасының негіздері» семинары, 2013 жыл;

- «Хром өндірісінің қауіп-қатер тобына жататын жұмысшылардың биологиялық жасы және оларды азайту шаралары»V ғылыми-практикалық конференция, 2013 жыл;

- «Қазіргі заманғы медицина: өзекті мәселелері» 20 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 2013 жыл;

- «Жоғары білім беру сапасының принциптерін қолдану тәжірибесі» профессор Бо Бергманның мастер-класы, 2013 жыл;

- «Инновационные модели управления качеством в системе высшего профессионального образования» I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 2013 жыл;

- «Психрометрический анализ тестовых заданий. Продвинутый уровень» семинары, 2013 жыл;

- «Environmental risk management, its definition of risk acceptability, ranking strategy, reduce and control» мастер-класы, 2013 жыл;

- «Дизайн научных исследований, качественный и количественный метод обработки анализа данных» семинары, 2013 жыл;

- «Применение инновационных технологий в медицинском образовании» мастер-класы, 2014 жыл;

- «Аккредитация: внешний аудит, методика экспертизы- международный и национальный подходы» семинары, 2014 жыл;

- «Problem Based Learning» семинары, 2014 жыл.

Сондай-ақ, ББ жүзеге асырудың тиімділігі студенттерге білім беретін оқытушылардың біліктіліктерін келесідей параметрлер бойынша үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді:

- Оқытушылардың ғылыми қызметі, ғылыми журналдарда, монографиялар мен кітаптарда релеванттық жарияланымдардың болуы;

- Оқытушылар жұмысының сапасы бойынша білім алушылармен және түлектермен кері байланыс орнату (12-қосымша);

- Кәсіптік біліктілікті арттыру жоспары бойынша оқытушылардың белсенділігі;

Оқытушылардың қазақстандық, ресейлік және халықаралық білім беру және ғылыми қауымдастықтарға (кәсіптік және ғылыми қауымдастықтарға мүшелік, ғылыми журналдарды редакциялау және басқалары) енуі.

4.1.4. Түлектерді дайындау сапасы, ОПҚ-ның жоғары әлеуеті, ғылыми зерттеулер, материалдық-техникалық жабдықтау білім беру, ғылыми және клиникалық қызметті тиімді жүргізудің негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Білім беру процесінің сапасын бағалау бітірушілердің МҚА нәтижелерімен анықталады. Бітірушілердің дайындық сапасын бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына тәуелсіз емтихан алушылар, практикалық денсаулық сақтау мамандары тартылады.

ЖОО-ның негізгі нәтижелерінің бірі түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының түлектерін жұмысқа орналастырудың көрсеткіші 92% құрайды, бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

Университетте оқытудың барлық процесі мамандыққа кіріспеден бастап мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дейін түлектердің дайындық сапасымен жұмыс берушілердің, қоғамның қанағаттануына бағытталған.

Түлектерді жұмысқа орналастыру процесі стратегиялық серіктестермен (үздіксіз хат алмасу; түрлі типтегі есептер; ҚР ДСжӘДМ жетекшілік ететін аймақтар әкімдерімен және Университет ректоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалынады; түлектер, және әкімдіктермен, жетекшілік ететін аймақтардың жұмыс берушілері арасындағы шарттар жасасу) ынтымақтастық құруға мақсатталды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру жұмысымен Интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты жетекшілік етеді және жұмысқа орналастыру жұмысы жыл бойы жүргізіледі.

Жетекшілік ететін аймақтардың жұмыс берушілері (Астана қ., Акмола, Солтүстік Қазақстан облысы) әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жағдайында кадрларға сұраныс туралы ақпаратты береді және сұраныстың негізінде кандидатуралар іріктелінеді.

Сауалнамалар жүргізу барысында сауалнамаларға қатысқан жұмыс берушілердің 66,7% Университеттің түлектеріне теориялық және жоғары практикалық дайындығына көңілдері толады, осылайша сұраныс және түлектердің құндылықтары ұлғаяды.

Білім алушылардың қанағаттанушылық деңгейінің артуы білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік процестерді, кітапханалық қамтамасыз етуді және білім берушілерге қызмет көрсетуді жетілдірудің мақсаттылығына, оқу процесіне ақпараттық-коммуникативтік жүйелерді кең көлемде енгізуге негізделген. Университет кітапханасын қамтамасыз ету қазіргі әлем талаптарына сай келеді.

4.1.5. Офис-тіркеушілер және деканат әр студенттің, топтың, курстың үлгеріміне, оқытуға талдау жасайды, бір курстың үлгерімінің жоғарылау немесе төмендеу себептері қарастырылады.

Кафедраларда да қандай да бір пән бойынша білім алушының аттестациядан өтпегендер санын анықтау мақсатында студенттердің үлгеріміне талдау жасалынады, себептерді анықталынады, белгілі бір топ студенттерімен қосымша сабақтар, консультациялар ұйымдастырылады, сабаққа қатысулар (адам/сағ.) есептелінеді және деканатқа тапсыру үшін ақпарат дайындалады.

Студенттердің үлгерім нәтижелері, үлгерім сапасының жоғарылау (өте жақсы және жақсы, %), немесе төмендеу себептері, абсолюттік үлгерім көрсеткіштері (%) кафедра отырыстарында қарастырылып талдау жасалынады. Әр сессияның нәтижелері бойынша «Емтихан сессиясының нәтижелері туралы ақпарат» №34 үлгі толтырылады, соның негізінде қысқы және жазға емтихан сессияларының нәтижелері бойынша жалпы толық есеп дайындалады. Оқу жылы аяқталғаннан кейін (екі сессияның нәтижелері) GPA (GradePointAverage) –студенттің оқу жетістіктерінің орташа өлшенген бағасы, бір жылдағы академиялық үлгерім деңгейі есептелінеді, орташа балл көрсеткіштеріне сәйкес студентті курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.

Студенттердің үлгерімін құрылымдандырылған бағалау (ағымдағы бақылау, межелік, қорытынды) механизмдерін пайдалану, әр пәнді оқып аяқтағаннан кейін студенттердің теориялық және практикалық машықтарының бағаларын, GPA көшу балын біртіндеп жоғарылату, ББ жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде ББ бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттердің үлгерімін құрылымдандырылған бағалау (ағымдағы бақылау, межелік, қорытынды) механизмдерін пайдалану, әр пәнді оқып аяқтағаннан кейін студенттердің теориялық және практикалық машықтарының бағаларын, GPA көшу балын біртіндеп жоғарылату, ББ оны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде бағалауға мүмкіндік береді.

ҚР ЕПҰ ұйымдастырушыларының сауалнамары және пікірлері бітірушілердің білім беру бағдарламасын меңгеру жетістіктері мен үлгерімдеріне мониторинг жасаудың бір формасы болып табылады, сондай-ақ университеттің сапа саласындағы кәсіби білім беру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті дамыту саясатын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылады.

2009 жылдан 2011 жылға дейін сауалнамалар 5 балдық жүйемен жүргізілді, сауалнамалар сұрақтары интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты мен сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау бөлімі бірлесіп әзірледі.

С 2009 до 2011 жылы анкетирование проводилось по 5-ти бальной системе, вопросы анкеты разработаны сотрудниками деканата интернатуры и трудоустройства совместно с отделом менеджмента качества и стратегического планирования.

Date: 2015-11-13; view: 1161; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию