![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Глоссарий. Атом -оң зарядталған атом ядросынан жэне теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек
Атом -оң зарядталған атом ядросынан жэне теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек. Молекула — бұл берілген заттың химиялық қасиеттеріне ие болатын ең кішкене бөлшегі. Химиялық элемент - (ядроның) оң заряды бірдей атомдардың белгілі бір түрі. Жай заттар -бір элементтің атомдарынан құралғаи заттар. Салыстырмалы атомдық массасы Аr -табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасы. Салыстырмалы молекулалық массасы Мr - табиғи изотоптық құрамы бар элемент молекуласының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасы. Моль — бұл 0,012 кг көміртегі 12С изотопында болатын атомдар санына тең құрылымдық бірліктер (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар немесе басқалары) болатын заттың мөлшері. Молярлық масса - зат массасының зат мөлшеріне қатынасындай шама. Стехиометриялық коэффициенттер - химиялық реакция теңдеуіндегі заттардың формуласы алдындағы коэффициенттер. Стехиометрия — әрекеттесуші заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынасын қарастыратын химия бөлімі. Стехиометриялық шама — реакция теңдеуіне немесе формулаға сәйкес келетін заттардың мөлшері. Стехиометриялық есептеулер — химиялық формула немесе теңдеу бойынша жүргізілетін есептеулер және заттардың формулалары мен реакция теңдеулерін қорытып шығару. Химиялық құбылыс - бір заттың құрамы мен қасиетінің өзгеріп басқа затқа айналуын және бұл кезде атом ядросының құрамында өзгеріс болмайтын құбылыс. Термохимия - әр түрлі процестердің жылу эффектісін зерттейтін химия бөлімі. Жылу эффектісі - реакция нәтижесінде бөлініп шыққан немесе сіңіріп алынған жылу мөлшері. Калориметр - химиялық реакцияның жылу эффектісін өлшейтін құрал. Қосылу реациясы - реакция нәтижесінде екі немесе бірнеше заттардан бір жаңа зат түзілетін химиялық реакциясы. Айырылу реациясы - реакция нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзілетін химиялық реакциясы. Орын басу реациясы - жай және күрделі заттардың арасындағы реакция нәтижесінде жай заттың атомы күрделі заттың бір элементінің атомының орнын басатын реакциясы. Алмасу реакциясы - реакция нәтижесінде екі зат өзінің құрам бөліктерімен екі жаңа зат түзіп алмасатын химиялық реакциясы. Қайтымсыз реакция – тура және кері бағытта жүретін химиялық реакция. Қайтымды реакция – тек тура бағытта жүретін химиялық реакция. Заттар массасының сақталу заңы (М.В.Ломоносов) - химиялық реакцияға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың массасына тең болады. Заттың құрам тұрақтылық заңы (Ж.Пруст) - алыну әдісіне қарамастан кез-келген таза заттың сапалық және сандық құрамы әрқашанда тұрақты болады. Көлем қатынас заңы (Ж. Л. Гей-Люссак) - бірдей жағдайда (температура мен қысымда) реакцияға қатысатын газдардың көлемдерінің бір-біріне қатынасы жай бүтін сандардың қатынасындай болады. Авогадро заңы - бірдей жағдайда (температурада және қысымда) әртүрлі газдардың тең көлемдеріндегі молекула сандары бірдей болады. Газдың молярлық көлемі -қалыпты жағдайда кез-келген газдың 1 молі 22,4 литрге тең көлем алады.Газдың молярлық көлемі зат көлемінің сол заттың шамасына қатынасына тең. Бірінші газдың екінші газ бойынша тығыздығы -бір газдың белгілі көлемінің массасының басқа газдың сондай көлемінің массасына (сондай жағдайда алынған) қатынасы. Газдың сутегі бойынша тығыздығы -газ күйіндегі заттың молекулалық массасы оның сутегі бойынша алынған екі еселенген тығыздығына тең. Бойль-Мариотт заңы - тұрақты температура берілген газдың көлемі оның қысымына кері пропорционал болады: pV=const. Гей-Люссак заңы -тұрақты қысымда газдың көлемінің өзгеруі температураға тура пропорционал болады: V/Т=const. Оксидтер -біреуі оттегі болып келетін екі элементтен тұратын заттар. Негіздік оксидтер - негіздер сәйкес келетін оксидтер. Қышқылдық оксидтер - қышқылдар сәйкес келетін оксидтер. Амфотерлі оксидтер - жағдайға байланысты негіздік және қышқылдық қасиет, яғни екі жақты қасиеті бар оксидтер. Талғаусыз немесе индифферентті оксидтер -не негіздік, не қышқылдық қасиеттерді көрсетпейтін және тұздар түзбейтін оксидтер. Қышқылдар – бір немесе бірнеше сетегі атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Негіздер – металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксид тобынан тұратын күрделі заттар. Бейтараптану реакциясы - негіздердің қышқылдармен әрекеттесу реакциясы. Амфотерлі гидроксидтер - диссоциалану кезінде әpi сутегі катионын Н+, әрі гидроксид-ионын ОН− түзетін гидроксидтер. Тұздар – металл атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар Атом – химиялық элементтің қасиеттерін тасымалдаушы, бөлінбейтін ең кіші бөлшегі. Атомның электрондық қабаты - ядроны қоршаған барлық электрондардың жиынтығы. Фотоэлектрлік эффект -түскен жарықтың әсерінен металл беттерінен электрондардың бөлініп шығу құбылысы. Орбитальдың эффективті ядро заряды - электронға әсер етуші ядро заряды. Спиндік квант саны электронның өзіндік қозғалыс моментін анықтайды. Паули принципі - атомда барлық төрт квант сандары мәндері бірдей электрондар бола алмайды. Коваленттік байланыс -электрондық жұптар арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Полюссіз коваленттік байланыс - ортақ электрондық жұптары арқылы түзілген электрондық бұлт немесе байланыстың электрондық бұлты екі атомның ядросына сай кеңістікте симметрия болып таралады. Полюсті коваленттік байланыс - байланыстың электрон бұлты электртерістігі көптеу атомға, яғни электрон бұлты салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады. Байланыс ұзындығы — бұл ядролардың арасындағы ара қашықтығы. Байланыс энергиясы байланысты үзуге кажет энергияның шамасымен анықталады. Қанығу - бұл атомның коваленттік байланыстардың шекті санын түзу қабілеті.
Date: 2015-11-13; view: 2386; Нарушение авторских прав |